Скачать 72 Kb.
|
«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының құжаттамасын қаржы орталығының органдарын қоспағанда, мемлекеттік органдарға беру үшін ағылшын тілінен мемлекеттік және орыс тілдеріне аудару» мемлекеттік қызметтер СТАНДАРТЫ 1. Жалпы ереже 1. Мемлекеттік қызметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығын дамыту комитеті (бұдан әрі – Комитет) мына мекенжай бойынша көрсетеді: Алматы қаласы, Д. Қонаев көшесі, 181. 2. Мемлекеттік қызметтер көрсету нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызметтер «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының негізінде көрсетіледі. 4. Осы Мемлекеттік қызметтер стандарты (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz Интернет-ресурсында («Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері» бөлігінде), Комитет үйінің холында орналастырылған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған. Қосымша ақпаратты Комитеттің тегін анықтама қызметтерінде 8 (727) 244-95-00 телефоны арқылы алуға болады. 5. Мемлекеттік қызметтердің аяқталу нысаны қаржы орталығының қатысушысына (бұдан әрі - қаржы орталығының қатысушысы) мемлекеттік органдарға беру үшін қағаз және электрондық тасымалдауыштағы құжаттама аудармасын беру болып табылады. Осы Стандарттың 16-тармағында көзделген жағдайда қаржы орталығының қатысушысына мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту туралы жазбаша нысанда дәлелді жауап беріледі. 6. Мемлекеттік қызметтер қаржы орталығының қатысушыларына көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің мерзімі: 1) мемлекеттік қызметтерді көрсетудің мерзімі өтініш берген күннен бастап жеті жұмыс күні болып табылады; 2) құжаттарды өткізу кезінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижелерін алу кезінде күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты 15 минут. 8. Мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі. 9. Комитеттің жұмыс кестесі: сенбі мен жексенбі, заңнамалық актілерде белгіленген демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, күн сайын дүйсенбі – жұма күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін (сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін үзіліс). Мемлекеттік қызметтер алдын ала жазылусыз және жедел қызметтерсіз көрсетіледі. 10. Комитет үйінің екінші қабатында орналасқан, Комитеттің жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс істейтін № 203 кабинет мемлекеттік қызметтер көрсету орны болып табылады. Үстел, қажетті құжаттардың үлгілері бар тұғыр және күту үшін креслолар орналасқан Комитеттің холы күту орны болып табылады, дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қызметтер көрсету үшін жағдайлар көзделген, Комитеттің кіреберісі пандуспен жабдықталған. 2. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі 11. Мемлекеттік қызметтерді алу үшін қаржы орталығының қатысушысы еркін нысанда лауазымды тұлғаның қолы қойылған, қаржы орталығы қатысушысының мөрі басылған мынадай мәліметтері бар өтініш береді: қаржы орталығы қатысушысының атауы, орналасқан мекенжайы және байланыс телефондары; аударылған құжаттама берілетін мемлекеттік органның атауы; ағылшын тілінде ұсынылған құжаттардың аударылуы қажет етілетін тіл (мемлекеттік және (немесе) орыс тілі); қосымшадағы беттер саны. 12. Өтінішке аударуға жататын қағаз және электрондық тасымалдауыштағы мына өлшемдерге сай құжаттама беріледі: тілі - ағылшын; қарпі - Times New Roman; қаріп мөлшері - 14. 13. Құжаттарды уәкілетті құрылымдық бөлімшенің сарапшысы Комитеттің мына мекенжайдағы үйінде қабылдайды: Алматы қаласы, Д. Қонаев көшесі, 181, № 103 кабинет. 14. Құжаттарды тапсыру кезінде мемлекеттік қызметтердің тұтынушысына Бас прокурордың 2007 жылғы 30 мамырдағы № 20 бұйрығымен бекітілген Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу ережесінде көрсетілген нысандағы талон беріледі. 15. Қаржы орталығының қатысушысына қағаз және электрондық тасымалдауыштағы аударылған құжаттаманы беру мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: Алматы қаласы, Д. Қонаев көшесі, 181, № 203 кабинет не өтініш берушінің өтінішінде көрсетілген мекенжай бойынша пошта арқылы жіберіледі. 16. Аударуға жататын, бірақ мемлекеттік органдарға беруге арналмаған құжаттаманың ұсынылуы мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартуға негіздеме болып табылады. 3. Жұмыс қағидаттары 17. Комитеттің мемлекеттік қызметтерді ресімдейтін мемлекеттік қызметшілері өз қызметтерінде: 1) қарапайымдылық танытып, өз лауазымын асыра көрсетпеуі және пайдаланбауы, сыпайы және әдепті болуы; 2) құжаттарды қарау кезінде төрешілдік пен әбігерлік көріністеріне жол бермеуі, олар бойынша белгіленген мерзімде қажетті шаралар қабылдауы; 3) қаржы орталығының қатысушысы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуі; 4) мемлекеттік қызметтерді тұтынушының құпиялы ақпаратын жеке мақсаттарға пайдалануға жол бермеуі тиіс. 4. Жұмыстың нәтижелері 18. Тұтынушыға мемлекеттік қызметтер көрсетудің нәтижелері осы Стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді. 19. Мемлекеттік қызметтердің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жұмысын бағалауға негіз болатын мақсатты мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының бұйрығымен бекітіледі. 5. Шағымдану тәртібі 20. Комитеттің мемлекеттік қызметтерді ресімдейтін мемлекеттік қызметшілерінің іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы түсініктемені, шағымды дайындауға көмек алу үшін тұтынушы мына мекенжайға: Алматы қаласы, Д. Қонаев көшесі, 181, № 202 кабинет, Комитеттің мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының бастығына хабарласа алады, телефон нөмірі: 8(727) 244-95-00, электрондық поштасының мекенжайы: krfca@nationalbank.kz. 21. Мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижесімен келіспеген жағдайда шағым Комитет төрғасының атына, осы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген жұмыс кестесіне сәйкес Комитетке беріледі, телефон нөмірі: 8(727) 244-95-00, электрондық поштасының мекенжайы: krfca@nationalbank.kz. Егер тұтынушы қабылданған шараларға қанағаттанбайтын болса немесе мәселенi жоғары тұрған сатының қарауы талап етiлсе, онда өтініш беруші шағымды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының атына не оның орнындағы адамға жазбаша түрде жолдай алады. Шағымдар 050040, Алматы қаласы, «Көктем-3» шағынауданы, 21-үй мекенжайы бойынша поштамен жіберіле немесе қолма-қол беріле отырып, жазбаша түрде қабылданады. 22. Қызметтер жөнсіз көрсетілген жағдайда шағым Комитет төрғасының атына, осы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген жұмыс кестесіне сәйкес Комитетке беріледі, кабинеттің нөмірі 205, электрондық поштасының мекенжайы: krfca@nationalbank.kz. 23. Егер мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижесімен келіспеген жағдайда, тұтынушы заңнамен белгіленген тәртіпте сотқа арыздануға құқылы. 24. Тұтынушының қалауы бойынша шағымға қосымша құжаттар және материалдар қосыла алады. 25. Шағым берілген жағдайда тұтынушыға Бас прокурордың 2007 жылғы 30 мамырдағы № 20 бұйрығымен бекітілген Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу ережесінде көрсетілген нысандағы талон беріледі. Шағым Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңнамасында көрсетілген тәртіпте және мерзімде қаралады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты 8(727) 244-95-00 телефоны арқылы ала алады. 26. Мемлекеттік қызметтер туралы өзге ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz Интернет-ресурсында орналастырылған. _______________ «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының құжаттамасын қаржы орталығының органдарын қоспағанда, мемлекеттік органдарға беру үшін ағылшын тілінен мемлекеттік және орыс тілдеріне аудару» мемлекеттік қызметтер стандартына ҚОСЫМША Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні
________________ |