Диссертациялық жұмыс Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының «Аналитикалық зертханасында» жүргізілді




НазваниеДиссертациялық жұмыс Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының «Аналитикалық зертханасында» жүргізілді
страница3/4
К М Булатова
Дата конвертации06.02.2016
Размер0.64 Mb.
ТипДиссертация
источникhttp://kiz.kz/user_content/upload/Zashita/Avtoreferat_Yusaevoy D.A.doc
1   2   3   4




5 Күнбағыстың қарапайым және үш линиялы будандарының будандық деңгейін зертханалық бақылау

Тұқымның сорттық сапасын анықтау үшін қолданылатын егістіктің апробациясы мен грунттық бақылауы өсімдіктің бүкіл онтогенезі процесі кезіндегі морфофизиологиялық белгілердің көпшілігін талдауға негізделген және сорттық тазалық пен егудің сорттық сәйкестіктерін едәуір сенімді бағалауға болады.

ШҚ АШҒЗИ «Майлы дақылдар» бөлімінің стационарында егістікке бақылау жасау мақсатында егістің әртүрлі пунктінен (5 жерден) алынған Казахстанский 1 және Солнечный 20 қарапайым будандары мен үш линиялы Сункар және Казахстанский 465 будандарының буданды деңгейі (сілтілі және қышқылды ортада фракцияланған гелиантинин) анықталды (6- кесте)


6-кесте – Егістіктің 5 пунктінен алынған күнбағыстың қарапайым және үш линиялы будандарының буданды деңгейі (сілтілі және қышқылды орталарда)


пункт

 №


Солнечный 20

қарапайым буданының будандық деңгейі (%)

пункт

 №


Казахстанский 1 қарапайым буданының будандық деңгейі (%)

сілтілі ортада

қышқылды ортада

сілтілі ортада

қышқылды ортада

1

63,6

86,4

1

66,6

88,7

2

72,7

95,2

2

54,5

91

3

66,6

91

3

63,6

91

4

77,7

95,2

4

63,6

89

5

81,8

91

5

51,5

91

пункт№


Казахстанский 465 үшлиниялы буданының будандық деңгейі (%)

пункт №


Сункар

үшлиниялы буданының будандық деңгейі (%)

сілтілі ортада

қышқылды ортада

сілтілі ортада

қышқылды ортада

1

77,7

98,9

1

88,8

83,3

2

77,7

98,9

2

88,8

88,8

3

88,8

98,9

3

88,8

94,4

4

88,8

98,9

4

88,8

88,8

5

77,7

93,3

5

77,7

94,4


Электрофорез әдісінің 2 түрлі жүйелерінде будандардың будандық деңгейін алдын – ала бағалау нәтижесі тұқымдағы гелиантининді рН қышқылды ортасында фракциялау, дәл осы үлгілерді сілтілі ортада фракциялауға қарағанда,басым көпшілігінде жоғары көрсеткішті көрсетті. Келтірілген мәліметтерді сараптай келіп айтарымыз, сілтілі ортадағы гелиантининді фракциялау біршама жоғары шешімді қабілеттілігін көрсетеді. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде Қазақстан селекциясындағы күнбағыстың сорттарын белок қоры гелиантинин арқылы идентификациялауға, олардың биотиптерін бөліп алуға және полиморфтылығын анықтауға, селекциялық зерттеуге болатыны анықталды.

Сілтілі ортада фракциялау жолымен алынған гелиантинин спектрларының өздігінен тозаңданатын линиялар тазалығына биохимиялық бақылау, будандасу деңгейін тек қана күнбағыстың қарапайым будандарында ғана емес, сондай-ақ күрделі үшлиниялы будандарды да анықтауда жоғары шешуші қабілеттілікті көрсететіндігі дәлелденді. Бұл жерде біздің берген талапнамамыз "Күнбағыстың F1 ұрпағының будандасу деңгейі мен өздігінен тозаңданатын линиялар тазалығы мен біркелкілігін бағалау тәсілі", тіркелген №2008 (0043) 21.04.2008ж. дәлел болып табылады.

Қазақстан Республикасында пайдаланылуға жіберілген отандық күнбағыстың сорттары мен будандарының, ата-аталық түрлерінің егістікте тексерулер сорттық отаулар мен фитосанитарлық тазартулар міндетті түрде жүргізіледі.

Өздігінен тозаңданған линиялардың тазалығын гелиантинин құрамының типтілігі бойынша зертханалық әдістермен бақылауды енгізу – күнбағыстың оригинал тұқымдарының сапасын анықтауда едәуір шығындар мен уақытты қысқартады, тексерудің дәлдігін арттырып, тұқымдық материалды бағалау жұмыстарын жыл бойына жүргізуге мүмкіндік береді. Біз ұсынып отырған күнбағыстың будандары тұқымшаруашылығының дәстүрлі қолданылуын жетілдіру үлгісі 7- кестеде келтірілген.


7-кесте – Биохимиялық бақылаулар негізінде күнбағыстың будандарының біріншілік тұқымшаруашылығының жетілдірілген үлгісі


Будандардың ғылыми-зерттеу мекеме–оригинаторлары


Ата-аналық түрлердің аналық, суперэлиталы және элиталы тұқымдары

Тұқымның сапасы мен типтілігін сақтау шаралары.

Фертильді аналық түрлері және олардың стерильді аналогтары

Тозаңның фертильділігін қалпына келтіруші аталық түрлері

1.Гелиантининнің электрофоретикалық суреттері бойынша линиялардың тазалығы мен типтілігін бағалаудағы зертханалық әдістер

2.Сорттық отаулар мен фитосанитарлық тазартулар (типті емес, ауру және фертильді өсімдіктерді жұлу)

3. Егістікті тексерулер .

Будандық тұқымдардың өнеркәсіптік өндіріс аймағы - мамандандырылған тұқымшығару шаруашылықтары

Күнбағыс будандарының тауарлық егістері


1.Гелиантинин спектрлары бойынша тұқымның F1буданының буданды деңгейін анықтаудың зертханалық әдісі

2. Грунттық бақылау.

3.Егістердің апробациясы.


6 Күнбағыстың сорттары мен будандарының, өздігінен тозаңданатын линиялары тұқымдарының биохимиялық көрсеткіштері және олардың басқа шаруашылыққа бағалы белгілерімен байланысы

Ауылшаруашылығы дақылдары дәніндегі бос аминқышқылдарының деңгейі көптеген дақылдардың өсу мерзімінің ұзақтығы (Перуанский Ю.В., 1992, Bulatova K.M., 2000, Булатова К.М., 2006.) және олардың қоршаған ортаның стресті факторларына төзімділігінің көрсеткіші болып табылатыны белгілі. Зерттеулерде күнбағыс үлгілері дәніндегі бос аминқышқылы - пролиннің құрамы бойынша талдауы, сортар мен будандардың және линиялардың бір-бірінен өзара айырмашылығы бар екенін көрсетті. Жалпы алғанда, дәндегі бос аминқышқылы 36,4 мг/% - нан 127,6% - ға дейін ауытқыды. Оның ішінде сорттардағы бос пролин деңгейі 36,4 % - дан 75,2% - ға дейін, будандарда 36,4%-дан 63,2%-ға дейін, аналық линияларда 48,4 %-дан 127,6 % -ға дейін, аталық линияларда 45,6 – дан 62 % - ға дейін ауытқыды (6-сурет).





6-сурет – Күнбағыстың сорттары мен будандары, линияларының дәніндегі бос амин қышқылы - пролиннің деңгейі


Бұл жерден қорытындылайтынымыз, бос пролин деңгейі жоғары Скороспелый 40, Флагман, Родник, Сибирский 91 және Сибирский 97 сорттары (66,0; 66,8; 69,2; 72,8; 75,2;) және Казахстанский 341, Казахстанский 5 будандары (60,8; 63,2 мг %), сондай-ақ, ВКУ 101А, ВКУ465А, ВКУ 181А, ВКУ 457А , ВКУ 25В, ВКУ 138В ата- аналық линиялары (64,0; 82,0; 99,4; 127,6; 61,0; 62,0мг %) ерте пісетін топқа жатады және бұл үлгілердің вегетациялық кезеңінің ұзақтығы бойынша жоғары екендігін дәлелдейтін бос пролиннің деңгейі осы көрсеткіштерге сай болуы мүмкін

Одан ары қарай зерттеулерде күнбағыстың 70 инбредті аталық линиялары мен 69 аналық линиялары және экологиялық сорт сынақтың 34 сорттары мен будандарының дәніндегі белок пен бос пролин деңгейі анықталды. Алынған мәліметтер бойынша кластерлі және корреляциялық талдаулар әдістерімен математикалық өңдеулер жүргізілді.

Кластерлі талдау әдісі арқылы жасалған мәліметтер бойынша 69 аналық линиялар 4 кластерге бөлінген (7 сурет) яғни, әр кластерде 10 – нан 33- ке дейінгі үлгілерден тұрады. 1 кластердегі үлгілер саны – 11, мұнда белок пен бос пролин құрамы және даму кезеңінің ұзақтығы ең жоғарғы деңгейдегі үлгілері жинақталған; 2 кластердегі үлгілер саны – 15, мұндағы белок пен бос пролин құрамы төмен (17,3; 43,4 сәйкес) және өсу мерзімінің ұзақтығы орташа пісетін үлгілері жинақталған. Ал 3-ші кластерде үлгілер саны -33; 4 кластердегі үлгілер саны -10, бұл кластерлердегі белок пен бос пролин құрамы (18,0% және 70,2 мг/%; 18,0% және 88,2 мг/% сәйкес) және даму кезеңінің ұзақтығы бойынша ерте пісетін үлгілері жинақталған.





1 2 3 4

7-сурет – Биохимиялық көрсеткіштер мен өсу мерзімінің ұзақтығы бойынша күнбағыстың өздігінен тозаңданатын аналық линияларының топтасу дендрограммасы


Биохимиялық көрсеткіштер мен өсу мерзімінің ұзақтығы бойынша күнбағыстың аталық линияларының кластеризациясы 6 кластерден, яғни әр кластерде 4-17-ге дейінгі үлгілерден тұрады. 1-ші кластердегі үлгілер саны 4, белок құрамы ең төмен деңгейде болғанымен (16,5%) бос пролин құрамы жағынан ең жоғарғы деңгейдегі (55,4%) үлгілері жинақталған. 2-ші, 3-ші және 4-ші кластерлерге белок пен бос пролин құрамы бойынша (19,9 және 26,9; 20,2 және 33,2; 20,6 және 22,3 сәйкес) және өсу мерзімінің ұзақтығы кеш пісетін үлгілері жинақталған. Ал 5-ші және 6-шы кластерлерде белок пен бос пролин құрамы (19,6 және 20,0; 18,5 және 26,5; сәйкес) және өсу мерзімінің ұзақтығы өте ерте пісетін үлгілері жинақталған.

Күнбағыстың өздігінен тозаңданатын аталық линияларындағы бос пролиннің деңгейі аналық линиялармен салыстырғанда біршама төмен екендігін көрсетсе, есесіне белок құрамының деңгейі жағынан аталық линиялар біршама жоғары екендігі байқалады.

Күнбағыс селекциясының перспективасында негізгі мақсаттардың бірі - әр гектардан жоғары белокты өнім алу. Өсімдік майын алуға бағытталған күнбағыстың дәнінде едәуір белок мөлшері болады екен, яғни аналық линияларда 17,3% - дан 18,3% - ға дейін ауытқыса, аталық линияларда 16,5% - дан 20,6% - ға дейін жетті. Яғни өздігінен тозаңданатын инбредті бастапқы ата-аналық линиялардың ішінде аталық линиялар дәніндегі белоктың деңгейі жоғары екендігі байқалды.

Бірнеше биохимиялық көрсеткіштер қатары бойынша күнбағыстың экологиялық сынақтағы сорттары мен будандарының кластеризациясы 7 кластерден, яғни әр кластерде 2-ден 8-ге дейінгі үлгілерден тұрады. (8 - кесте,). Барлық кластерлер де орналасқан үлгілердің барлығы да өсу мерзімінің ұзақтығы бойынша ерте және орташа пісетін түрлерге жатады екен (82 және 96 күн). Майлылықтары бойынша 45,8 %- дан 51,4% - ға дейін ауытқыды. 3-4 –ші кластерлерде орналасқан орташа пісетін үлгілерде (97-98 күн) белок пен пролин мөлшері (15,9% және 41,1%; 15,9% және 42,7 %; сәйкес) болды. 6-7 кластерлерде орналасқан ең ерте пісетін (93, 78 және 82 күн) үлгілердегі белок пен пролин мөлшері және де 1000 дән салмағы бойынша да жоғары деңгейді көрсетті (18,3 %; 18,4% және 70,7; 61,2 %; 60,2% және 90,2; сәйкес).


8-кесте – Биохимиялық көрсеткіштер бойынша күнбағыстың экологиялық сынақтағы сорттары мен будандарының кластеризациясы

№ кл

Үлгілер саны

Өсу мерзім. ұзақ,күн

Май лылы ғы %

Күнжаралығы%

Табиғи тығыз. гр/л

1000 дән салмағы, гр

Өнімділігі ц/га 

Белок %

Пролин мг/%


1

6

93

51,4

22

476

58,2

29,3

18,1

41,1

2

8

96

45,8

23,1

454

54,5

32,2

15,9

41,1

3

5

98

52,4

20

410

68,1

27,8

15,9

42,7

4

4

97

50,7

23

435

52,2

29,8

15,7

35

5

7

95

51,4

20,7

435

67,2

24,8

16,7

43,4

6

2

78

48,5

20

435

70,7

16,9

18,3

61,2

7

2

82

47,1

23

400

90,2

16,1

18,4

60,2


Зерттеулердің нәтижесінде бос пролин құрамының деңгейі күнбағыстың тез пісетін және мың дән салмағы селекциясында және басқа да шаруашылықтың құнды көрсеткіштері қатарында перспективті биохимиялық маркер ретінде қолдануға болатынын көрсетті.

Күнбағыстың экологиялық сынақтағы сорттары мен будандарының биохимиялық көрсеткіштер бойынша корреляциялық талдауларында алынған мәліметтер бойынша өсу мерзімінің ұзақтығы мен дәндегі белок және бос пролин мөлшерлерімен кері байланыста (r=-0,5; - 0,65, сәйкес), ал майлылығы мен өнімділігі арасында оң байланыс (r=0.6) белгіленді. Майлылығы мен бос пролин арасындағы корреляция теріс болса (r =-065), өсу мерзімінің ұзақтығымен оң корреляцины көрсетті (r= 0,6). Бұл жерде күнбағыстың кеш пісетін түрлерінде ерте және тез пісетін түрлеріне қарағанда майлылығы жоғары деген қорытынды жасауға болады. 1000 дән салмағы мен табиғи тығыздығы арасында теріс корреляция (r=-0,62) табылса, 1000 дән салмағы мен өнімділігі арасында оң байланыс бары анықталды (r=0,75). Өнімділік пен пролин екеуінің арасындағы теріс корреляциясы (r=-0,64) күнбағыстың кеш пісетін түрлеріне қарағанда ерте пісетін түрлерінде өнімділігі төмен болатындығы дәлелденді. Майлылығы мен күнжаралығы арасындағы кері байланыстың жоғары деңгейі линиялық материалдарда байқалды (r =-0,81), сондай-ақ, осы линияларда дәндегі бос пролин деңгейі мен 1000 дән салмағы арасындағы оң корреляцияда байқалды.

1   2   3   4

Похожие:

Диссертациялық жұмыс Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының «Аналитикалық зертханасында» жүргізілді iconДиссертациялық жұмыс Қазақ Ұлтық Аграрлық Университетінде жүргізілді
Диссертация «19» қараша 2010 жылы Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының жанынан құрылған бд 55. 05....
Диссертациялық жұмыс Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының «Аналитикалық зертханасында» жүргізілді iconДиссертация 12 мамырда 2009 ж сағат 14 00 «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты»
Диссертациялық жұмыс: Қазақстан республикасының ауыл шаруашылық министрлігі «ҚазАгроИнновация» АҚ «Қазақ өсімдік қорғау және карантин...
Диссертациялық жұмыс Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының «Аналитикалық зертханасында» жүргізілді iconАбдуллаев Әбибулла Асанбайұлы Жаздық қатты бидайды сандық белгілерінің селекциялық және генетикалық көрсеткіштері арқылы сұрыптау тиімділігі
Диссертациялық жұмыс Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында орындалған
Диссертациялық жұмыс Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының «Аналитикалық зертханасында» жүргізілді iconКурс зу-11-1 № Циклы тк № Пәндердің атауы
Постреквизиттер: Егіншілік және өсімдік шаруашылығы, топырақты эрозиядан қорғау, жерді
Диссертациялық жұмыс Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының «Аналитикалық зертханасында» жүргізілді iconОңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты
Тоо «юго-западный Научно-исследовательский институт животноводства и растениеводства»
Диссертациялық жұмыс Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының «Аналитикалық зертханасында» жүргізілді iconТопырақ жабынының қазіргі кездегі жағдайы, топырақ құнарлылығын сақтау және қалпына келтіру
...
Диссертациялық жұмыс Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының «Аналитикалық зертханасында» жүргізілді iconАқан Жұнысов, Солтүстік Қазақстан өсімдік және мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының доценті Руслан Шәріпов
Ылдан-жылға құс басы көбейіп, бұл саладан өндірілетін өнім көлемі де өсіп келеді. 2000 жылдан 2012 жылға дейін құс басының саны 70...
Диссертациялық жұмыс Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының «Аналитикалық зертханасында» жүргізілді icon1. Зерттеу тақырыбының өзектілігі және оның жалпы ғылыми, жалпы мемлекеттік бағдарламалармен (практикалық және ғылым мен техника дамуының сұраныстарымен) байланысы
Д. 14. 31. 03. Диссертациялық кеңесте қорғалатын ҚҰлбарақов сәмен Оразғалиұлының 10. 01. 02 – қазақ әдебиеті мамандығы бойынша филология...
Диссертациялық жұмыс Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының «Аналитикалық зертханасында» жүргізілді iconАлтаева НҰрсҰлу Закирияевна Ақмола облысының уран өндіретін өңірлерінде тіршілік ететін тышқан тәріздес кемірушілерді цитогенетикалық зерттеу
Диссертациялық жұмыс «Астана медицина университеті» АҚ Радиобиология ғылыми орталығында және Қр бғм жалпы генетика және цитология...
Диссертациялық жұмыс Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының «Аналитикалық зертханасында» жүргізілді iconДиссертация Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады
Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Тарих, құқық және экономика институтының «Тарих, саясаттану...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница