Диссертациялық жұмыс Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының «Аналитикалық зертханасында» жүргізілді




НазваниеДиссертациялық жұмыс Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының «Аналитикалық зертханасында» жүргізілді
страница1/4
К М Булатова
Дата конвертации06.02.2016
Размер0.64 Mb.
ТипДиссертация
источникhttp://kiz.kz/user_content/upload/Zashita/Avtoreferat_Yusaevoy D.A.doc
  1   2   3   4


ӘОЖ: 633.85:631.52/.53 Қолжазба құқығында


ЮСАЕВА ДАМИРА АНАРБЕКҚЫЗЫ


Физиологиялық және биохимиялық әдістерді күнбағыс селекциясы және тұқым өндірісінде пайдалану


06.01.05.- селекция және тұқым шаруашылығы


Биология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін

алу үшін дайындалған диссертацияның

авторефераты


Қазақстан Республикасы

Алмалыбақ, 2010

Диссертациялық жұмыс Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының «Аналитикалық зертханасында» жүргізілді.


Ғылыми жетекші: биология ғылымдарының докторы,

Булатова К.М.


Ресми оппоненттер: биология ғылымдарының докторы, Құдайбергенов М.С.


биология ғылымдарының кандидаты, Лесова Ж.Т.


Жетекші ұйым: Қазақ Ұлттық аграрлық университеті


Диссертацияны қорғау 2010 жылы «3» желтоқсанда сағат «1400 де» Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми – зерттеу институтының жанынан құрылған БД 55.05.01 диссертациялық кеңесінің мәжілісінде өтеді. Мекен-жайы: 040909, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алмалыбақ ауылы, Ерлепесов көшесі, 1.


Диссертациямен Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми –зерттеу институтының кітапханасында танысуға болады.


Автореферат 2010 жылдың «3» қарашасында таратылды.


Диссертациялық кеңестің

ғылыми хатшысы, биология

ғылымдарының докторы К.М.Булатова

Тақырыптың өзектілігі. Күнбағыстың шаруашылыққа құнды белгілері бар жаңа, жоғары өнімді сорттары мен будандарын шығару және өндіріске енгізу - Қазақстандағы өсімдік майының нарқын шешудегі өзекті мәселе болып табылады. Қазіргі таңда дәстүрлі селекцияның мәселелері мен дән сапасының бағасы жеткілікті түрде қаралғанымен, селекциялық материалдарды бағалаудағы биохимиялық тестілерді пайдалану, селекциялық линиялардың тазалығын тестілеу мен бірінші ұрпақ будандарының тұқымын будандық деңгейде анықтау - Қазақстандағы селекция және тұқымшаруашылығы жұмыстарына қажетті деңгейде енгізілмеген. Селекциялық материалдарды сатылы бағалау жүйесін зертханалық негізде, жедел тәсілдері бойынша зерттеу, отандық сорттар мен будандардың, сыртқы және ішкі сауда нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін және селекциядағы тиімділігін арттырады. Қазіргі таңда күнбағыстың өздігінен тозаңданатын линияларының тазалығы мен будандардың будандық деңгейін анықтайтын морфологиялық маркерлердің ақпараттығы шектеулі болғандықтан, селекцияда биохимиялық маркерлерді қолданудың болашағы үлкен. Күнбағыстың ұлттық ген қорын құру - қолда бар коллекциялардың генетикалық әртүрлілігін бағалауды және олардың ДНК фрагменттері мен белоктық деңгейдегі генетикалық маркерлерін пайдалана отырып, идентификациясын жасауды талап етеді. Соңғы жылдары ауылшаруашылығы дақылдарының тұқымшаруашылығында тұқымдар сапасын бақылау мәселелерін шешуде биохимиялық әдістер, оның ішінде дәндегі белок қорының электрофорезі кеңінен қолданылады. Сондықтан дәнді дақылдар белогының жоғары полиморфты топтарының электрофорезі – сорттардың түн нұсқасының тазалығын және біркелкілігін, сорттық популяциялардың генотиптік құрамын анықтауда, сортаралық будандардың будандық деңгейін анықтауда сенімді әдіс болып табылады.

Зерттеу жұмыстары 2006-2008 жылдары 01.03.01.16. «Күнбағыс селекциясы мен тұқым шаруашылығының тиімділігін арттыру мақсатындағы биохимиялық тестілер мен белоктық маркерлер» (Мемлекеттік тіркеме № 0106РК00731) және 2009-2011 жылдардағы 01.01.08.09.01. «Күнбағыс, мақсары, рапс және қытайбұршақ дақылдарын молекулалық маркерлеу негізінде физиология-биохимиялық әдістермен бағалау» (Мемлекеттік тіркеме № 0109РК01351) атты жобалары ауқымында жүргізілген.

Зерттеу жұмысының мақсаты. Күнбағыс селекциясы мен тұқым шаруашылығын физиологиялық және биохимиялық тәсілдер негізінде жетілдіру.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • Күнбағыс дақылының дәніндегі белок қорын бөліп алудың тиімді жолдарын анықтау, белоктық сынамаларды дайындау және электрофорез әдісі арқылы фракциялау, белоктық спектрлар компоненттерінің тіркеу жүйесін жетілдіру;

  • Биохимиялық маркерлер негізінде күнбағыс сорттарының полиморфтық деңгейін аныктау;

  • Күнбағыс будандарының ата-аналық түрлерінің дәндегі белок қоры - гелиантинин спектрлары бойынша біртектілігін, тазалығын анықтау;

  • Күнбағыс будандары тұқымының будандық деңгейін бақылау үшін биохимиялық тәсілін жасау.

  • Ата-аналық линиялардың биохимиялық қасиеттері мен шаруашылыққа бағалы белгілері бойынша ұқсастық-өзгешелік деңгейлерін анықтау.

  • Өздігінен тозаңданатын линиялардың, сорттардың және будандардың биохимиялық көрсеткіштерін зерттеу, селекция үшін олардың құнды өзара байланыстарын анықтау.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалықтары. Күнбағыстың тәжірибелік селекциясы үшін сорттар мен будандарды, коллекциялық үлгілерді дифференциациялау әдістері ұсынылды, биохимиялық көрсеткіштер бойынша белоктық спектрлары негізінде күнбағыс дақылының ген қорын зерттеу басталды және тәжірибелік селекция үшін маркерлік белгілер алынды. Қазақстанда бірінші рет күнбағыстың сорттары мен будандарына, линияларына идентификациялау жүргізілді және биохимилық маркерлерді қолданудың кезеңдері анықталды.

Зерттеу жұмысының тәжірибелік құндылығы. Күнбағыстың бастапқы тұқым шаруашылығына биохимиялық бақылау сатылары енгізілді. Электрофорез әдісімен күнбағыс дәнінің белок қоры - гелиантининді бөліп алудың және фракциялаудың тиімді жолы анықталынды, белоктық спектрлардағы компоненттерді тіркеу жүйесі жасалды.

Күнбағыс селекциясының сорттарын, будандарын және, линияларын белок қоры – гелиантининнің спектрлары бойынша идентификациялау мүмкіндігі көрсетілді. Олардың полиморфтылық деңгейлері анықталынып, биотиптерді бөліп алуға және полиморфты сорттарға селекциялық зерттеулер жүргізуге болатындығы көрсетілді.

Сілтілі ортада фракциялау жолымен алынған гелиантинин спектрларының өздігінен тозаңданған линиялар тазалығына биохимиялық бақылау, күнбағыстың қарапайым будандарында будандасу деңгейі анықталды. Осыған орай "Күнбағыстың F1 ұрпағының будандық деңгейі және өздігінен тозаңданатын линияларының тазалығы мен біркелкілігін бағалау тәсілі", тіркелген № 2008 (0043) 21.04.2008ж. талапнамасы ұсынылды.

Күнбағыс селекциясында ерте пісушілік көрсеткішінде - бос пролин деңгейі және ауруға төзімділігін болжау үшін пероксидаза ферментінің белсенділігі биохимиялық маркер болып табылатыны анықталды.

Қорғауға ұсынылған негізгі қағидалар.

  • Күнбағыс дақылының дәніндегі белок қорын бөліп алудың және фракциялаудың қолайлы жағдайлары мен компоненттерді тіркеу жүйесі;

  • Күнбағыс сорттарының полиморфтылық деңгейі;

  • F1 күнбағыс тұқымының будандық деңгейін анықтаудағы гелиантинин спектры;

  • Күнбағыстың шаруашылық-құнды белгілерінің биохимиялық маркерлері (тезпісушілік, ауруларға төзімділігі, өнімділік элементтері);

  • күнбағыстың бастапқы тұқым шаруашылығына биохимиялық бақылауларды енгізу сатылары

Жұмыс нәтижелерінің талқылануы және жариялануы. Диссертацияның негізгі нәтижелері ауылшаруашылығы дақылдарының генетикасы, селекциясы, биохимия және биотехнологиясының мәселелері бойынша өткізілген республикалық журналдар мен жинақтарда және халықаралық конференцияларда оның ішінде: «Ауылшаруашылығының бәсекелестікке қабілетті өнімдері өндірісінің ғылыми негіздері» халықаралық ғылыми-теориялық конференциясында (Өскемен, 2005); ҚазАТУ-дың 50 жылдығына арналған (Астана, 2007) «Сәкен тағылымы – 3» және «Сәкен тағылымы – 4» (Астана,2008) атты республикалық ғылыми-теориялық конференцияларында, «Егіншілік және өсімдік шаруашылығының өзекті мәселелері» атты (Алмалыбақ, 2009) жас ғалымдар мен аспиранттардың IV халықаралық конференциясында жарияланған.

Диссертация тақырыбының зерттеу жұмыстары нәтижелерінен алынған деректер бойынша 6 ғылыми еңбек, оның ішінде 3 мақала және 4 тезис Қазақстан Республикасы Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті бекіткен басылымдарда жарық көрді.

"Күнбағыстың F1 ұрпағының будандасу деңгейі мен өздігінен тозаңданатын линиялар тазалығы мен біркелкілігін бағалау тәсілі" атты патентін алу үшін талапнамасы берілді, тіркеме №2008/0043.1.

Ізденушінің жеке еңбегі. Зерттеу жұмыстары 2004-2010 жылдар аралығында ЖШС «Егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының аналитикалық зертханасында жүргізілді. Ізденуші тәжірибе бақылауларын жүргізуде және зертханалық талдау барысында ұдайы көрсеткен көмектері мен құнды кеңестері үшін автор ғылыми жетекшісі б.ғ.д., Булатова К.М. аналитикалық зертхананың және ШҚАШҒЗИ «Майлы дақылдар» бөлімінің қызметкерлеріне үлкен алғысын білдіреді.

Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс 98 бетке Microsoft Word 7.0 for Windows жүйесінде компьютерде терілді, оның ішінде кіріспеден, әдебиетке шолудан, 6 тараудан, қорытындыдан, селекциялық іс-тәжірибеге ұсыныстардан тұрады. Диссертацияда 30 сурет, 27 кесте, 218 пайдаланылған әдебиеттер тізімі келтірілген.


НЕГІЗГІ БӨЛІМ


2 Зерттеу жүргізудің жағдайлары, нысандары мен әдістемелері

2.1 Тәжірибе аймағының топырақ-климат ерекшеліктері

Зерттеу жұмыстары 2005-2009 жылдар аралығында ізденушінің тікелей қатысуымен зертханалық жағдайда ЖШС «Егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының аналитикалық зертханасында анықталды. Егістіктегі сынақ жұмыстары «Күнбағыс селекциясы мен тұқым шаруашылығының тиімділігін арттыру мақсатындағы биохимиялық тестілер мен белоктық маркерлер» (мемлекеттік тіркеу № 0106РК00731) атты тапсырманы бірлесе орындаушылар: ШҚ АШҒЗИ «Майлы дақылдар» бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілді.

Шығыс Қазақстан АШҒЗИ – тау бөктерінде орналасқан, тәжірибелік учаскенің топырағы күнбағыстан жоғары өнім алуға қолайлы, ылғалды-физикалық қасиеттері бар, жоғары потенциалды құнарлылығымен ерекшеленетін жай қара топырақ болып табылады. Аймақтың климаттық жағдайы бірқалыпты-ылғалды континентальді. Жылдық жауын-шашын түсімінің орташа мөлшері 490 мм, оның ішінде қыс айларында (қараша-наурыз) 162 мм, жаз айларында (сәуір-қараша) 328 мм түседі. Ауаның орташа температурасы каңтар айында -18,80 С, ең төмен температура -480 С және ең жоғары температура +80 С, ал жаз айларында (шілде де) 19,60 С-тан 410 С -қа дейін болады. Зерттеудің 2005-2007 жылдарында көпжылдық мәліметтермен салыстырғанда ауа-райының температурасы біршама жоғары болғандықтан жауын-шашын түсімі мол болса, 2008 жыл керісінше ыстық ауа райы құрғақшылыққа әкеп соқтырды. Жалпы зерттеу жылдарындағы ауа –райы күнбағыс, көпжылдық шөптер үшін анағұрлым қолайлы болды.

2.2 Зерттеу нысандары «ШҚ АШҒЗИ» Майлы дақылдар бөлімінің күнбағыс селекциясының 2006 жылғы экологиялық сынақ питомнигінің 34 сорттары мен будандары және 9 қарапайым және күрделі будандары мен олардың бастапқы ата-аналық линиялары, 64 инбредті аталық және 74 аналық линиялар, 10 бастапқы аталық және аналық линиялар, және Краснодар, Сібір тәжірибе стансаларының 6 сорттары пайдаланылды.

2.3 Зерттеу әдістері

Күнбағыстың белок қоры – гелиантининді бөліп алу 2 жолмен жүргізілді: Galili G., M. Feldman (1983) және G.Danno (1981) әдісімен. Электрофорез сілтілі ортада өзгертілген Laemmli әдісімен (1970) (Булатова К.М, 1985) және қышқылды ортада Попереля Ф.А әдісімен (2002) жүргізілді. Дәндегі жалпы белок құрамы Lauber К. (1976) әдісімен Перуанский Ю.В., Савич И.М., Хван А.И. (1979) өзгертілген әдісімен, дәндегі бос аминқышқылы – пролин құрамы колориметриялық түрде Бейтс (1973) әдісімен анықталды. Өскіндердегі экстракцияланған пероксидаза ферментінің электрофорезі 7,5% полиакриламидті гельде жүргізілді. Катодты изоформдардың көрінуі және қатынасты электрофоретикалық жылжымалылықты санау Кабжанова С.Б., Перуанский Ю.В. (1975) әдістерімен жүргізілді. Пероксидазаның жалпы белсенділігі Бояркин (1951) әдісімен анықталды. Мәліметтердің математикалық өңдеулері, оның ішінде UPGMA кластерлік әдісі, Statistica V 5.0 бағдарламасы бойынша есептелді.

3 Зерттеу нәтижелері мен талдаулар

3.1 Күнбағыс тұқымының белок қоры – гелиантининнің құрамы

Зерттеу кезеңдерінің сатыларында күнбағыс тұқымының белоктық сынамаларының дайындалуында сілтілі ортада гелиантинин спектрларын фракциялауда алдын-ала ацетон және гексанмен майсыздандырылған күнбағыс тұқымының, сондай-ақ, трис НCl буферімен тікелей экстракцияланғаннан кейінгі гелиантинин спектрларының салыстыруларында бір бірінен айтарлықтай айырмашылықтар болмайтынын және идентификациялау мақсатында алдын ала майсыздандырудың қажеті жоқ екені көрсетілді. Гелиантинин компоненттерінің анық ажыраулары үшін акриламид пен метиленбисакриламидтің қатынасы 46, яғни 12% полиакриламидті гелі ұсынылды. Спектрдегі әрбір жеке белоктық сызықтың тіркелуі қатынасты электрофоретикалық жылжымалылығымен (ҚЭЖ) анықталды. Спектр А, В және С аймақтарына бөлінген. - А аймағында ҚЭЖ 20 -34 компоненттер қатарынан, В аймағы ҚЭЖ 39 - 58 компоненттер қатарынан, С аймағы ҚЭЖ 62 -94 компоненттер қатарынан тұрады. А және В аймақтарының компоненттері 11S типтегі қышқылды глобулиндер қатарына жатса, С аймағының компоненттері – сілтілі глобулиндерге жатады.

3.2 Күнбағыс сорттарын идентификациялаудағы гелиантинин полиморфизмі Ауылшаруашылығы өндірісінде отандық селекция ғылымының сорттары мен будандарын пайдалану аса маңызды, себебі, бұл еліміздің өндірістік мәселелерін шешу болып табылады. Тұқымшаруашылығында полиморфты сорттардың түрішілік гетерогенділік көрсететінін міндетті түрде ескеру қажет және шаруашылық – құнды белгілерімен көрінетін биотиптерді сортішілік сұрыптауды селекцияда қолдануға болады. Күнбағыс дәнінің белок қоры - гелиантининнің электрофоретикалық спектрларының талдауы сорттың өзіндік ерекшелігін көрсетті. Спектрлар арасындағы айырмашылық қышқылды ортада да сілтілі ортада да (А және В аймақтары) көрінді.

Сілтілі ортада фракцияланған гелиантинин құрамының талдауы бойынша ЖШС «ШҚ АШҒЗИ» күнбағыс селекциясының Жайна, Гулбагыс, Белоснежный, Заря және Скороспелый 40 сорттарының барлығы да (2-4 биотиптен тұратын) гетерогенділік көрсетті (1- сурет). Скороспелый 40 сорты 3 биотиптен тұрады (65:20:15). Жайна сорты да пайыздық қатынасы 47,7; 24,4 және 25,9 % 3 биотиптен тұрады. Гулбагыс сортыда полиморфты болып табылды, оның пайыздық қатынасы 48,2; 31,0 және 20,8 %, Заря сорты 4 биотиптен тұрады (45,8;25; 20,8; 8,3%) , Белоснежный сорты 2 биотиптен тұрады (51,0; 49,0%).




I II III III III II I I I II I II I I I II К III IV I II I III

Жайна Гулбагыс Белоснежный Заря Скороспелый40

48

25

25

31

21

48

51

49

46

25

21

8

65

20

15


1-сурет – Күнбағыс сорттарының жекелеген дәндерінің гелиантинин спектрлары бойынша биотиптік құрамы (%)

  1   2   3   4

Похожие:

Диссертациялық жұмыс Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының «Аналитикалық зертханасында» жүргізілді iconДиссертациялық жұмыс Қазақ Ұлтық Аграрлық Университетінде жүргізілді
Диссертация «19» қараша 2010 жылы Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының жанынан құрылған бд 55. 05....
Диссертациялық жұмыс Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының «Аналитикалық зертханасында» жүргізілді iconДиссертация 12 мамырда 2009 ж сағат 14 00 «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты»
Диссертациялық жұмыс: Қазақстан республикасының ауыл шаруашылық министрлігі «ҚазАгроИнновация» АҚ «Қазақ өсімдік қорғау және карантин...
Диссертациялық жұмыс Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының «Аналитикалық зертханасында» жүргізілді iconАбдуллаев Әбибулла Асанбайұлы Жаздық қатты бидайды сандық белгілерінің селекциялық және генетикалық көрсеткіштері арқылы сұрыптау тиімділігі
Диссертациялық жұмыс Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында орындалған
Диссертациялық жұмыс Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының «Аналитикалық зертханасында» жүргізілді iconКурс зу-11-1 № Циклы тк № Пәндердің атауы
Постреквизиттер: Егіншілік және өсімдік шаруашылығы, топырақты эрозиядан қорғау, жерді
Диссертациялық жұмыс Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының «Аналитикалық зертханасында» жүргізілді iconОңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты
Тоо «юго-западный Научно-исследовательский институт животноводства и растениеводства»
Диссертациялық жұмыс Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының «Аналитикалық зертханасында» жүргізілді iconТопырақ жабынының қазіргі кездегі жағдайы, топырақ құнарлылығын сақтау және қалпына келтіру
...
Диссертациялық жұмыс Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының «Аналитикалық зертханасында» жүргізілді iconАқан Жұнысов, Солтүстік Қазақстан өсімдік және мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының доценті Руслан Шәріпов
Ылдан-жылға құс басы көбейіп, бұл саладан өндірілетін өнім көлемі де өсіп келеді. 2000 жылдан 2012 жылға дейін құс басының саны 70...
Диссертациялық жұмыс Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының «Аналитикалық зертханасында» жүргізілді icon1. Зерттеу тақырыбының өзектілігі және оның жалпы ғылыми, жалпы мемлекеттік бағдарламалармен (практикалық және ғылым мен техника дамуының сұраныстарымен) байланысы
Д. 14. 31. 03. Диссертациялық кеңесте қорғалатын ҚҰлбарақов сәмен Оразғалиұлының 10. 01. 02 – қазақ әдебиеті мамандығы бойынша филология...
Диссертациялық жұмыс Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының «Аналитикалық зертханасында» жүргізілді iconАлтаева НҰрсҰлу Закирияевна Ақмола облысының уран өндіретін өңірлерінде тіршілік ететін тышқан тәріздес кемірушілерді цитогенетикалық зерттеу
Диссертациялық жұмыс «Астана медицина университеті» АҚ Радиобиология ғылыми орталығында және Қр бғм жалпы генетика және цитология...
Диссертациялық жұмыс Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының «Аналитикалық зертханасында» жүргізілді iconДиссертация Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады
Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Тарих, құқық және экономика институтының «Тарих, саясаттану...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница