Мектеп директорларына !!!




Скачать 55.04 Kb.
НазваниеМектеп директорларына !!!
Дата конвертации11.02.2016
Размер55.04 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://aktoo.narod.ru/objwl/2012/3/o120414a.doc
МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫНА !!!

14.03.2012 ж.


2012 жылғы жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын, жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру іс-шараларын жоспарлау мақсатында 2012 жылдың 16 сәуір күні № 34 каб. төмендегідей мәлімет берулеріңізді сұраймыз.


________ мектеп бойынша жазғы демалысты 2012 жылы демеушілер (спонсор) есебінен ұйымдастыру туралы мәлімет




Мектеп

Ата-аналар есебінен ашылатын мектеп жанындағы лагерь (тамақтанатын)

Демеушілер есебінен қала сыртындағы лагерлерінде демалатын оқушылар саны (дәлелдеуші құжаттар ҚББ-не тапсырлады)

Демеушілер туралы мәлімет

Кезең

Оқушы саны

Кезең

Оқушы саны










І




І







ІІ




ІІ













ІІІ










БАРЛЫҒЫ:


















ҚҒӘО директорының орынбасары Тажимишев А. А.


14.02.2012 жыл Мектеп басшыларына!

Хабарландыру!

18 сәуір (2012 жыл) күні №47 орта мектепте «Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру» тақырыбында практикалық семинар өтеді. Соған қазақ мектептерінен қазақ тілі мен әдебиетінің 1 мұғалімі қатысуы міндетті.

Тіркелу: сағат 8.30-9.00 Басталуы : сағат 9.00

Әдіскер А.Тамашева

14 . 04. 2012 ж.


Мектеп басшыларына !

Хабарландыру!

20 сәуір күні № 11 орта мектепте Ілия Жансүгіров байқауының қалалық кезеңі өтеді.

Басталуы : 9.30.

14 . 04. 2012 ж.


Мектеп басшыларына !

Хабарландыру!

Сәуірдің 26-27 күндері № 23 ОМЛ - де XIII Республикалық «Абай оқуларының» қалалық кезеңі өтеді.

Басталуы : 9.30.

26 сәуір күні I және III бағыттар , яғни «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» және «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» бөлімдері өтеді.




27 сәуір күні II бағыт «Көңілім әнді ұғады» - Абай мен Шәкәрім әндері мен күйлерін орындаушылардың конкурсы өтеді.



Әдіскер А.Тамашева


ҚР жалпы білім беретін ұйымдарының оқушылары арасында XIII Республикалық Абай оқуларын дайындау ережелері

Қалалық «Абай оқуларына» республикалық байқау ережесіне сай мектепішілік байқаудың жеңімпаздары ( 7- 11 класс ) қатыстырылады.Байқау үш бағыт бойынша өтеді. Әр мектептен 1 бағытқа 1 оқушы ғана қатыса алады. Байқау қорытындысы бойынша әр бағыттан 1 орын алған оқушылар облыстық Абай оқуларына жолдама алады.

Байқаудың мақсаты: мектеп оқушылары арасында Абай және Шәкәрім шығармалаларын насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын,тұлғалық сезімін,мәдениетін дамыту,оқушыларды Абай поэзиясына, ұлы ойшылдың мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихи танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана - сезімдерін , өмірлік айқындамаларын қалыптастыру.

Абай оқулары 3 бөлім бойынша өткізіледі:

I бағыт: «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» - Абай мен Шәкәрім өлеңдерін жатқа оқу конкурсы (ұлылардың шығармаларын көбірек жатқа білетін оқушыға жоғары баға қойылады); ( Оқушы жаттаған өлеңдерінің тізімі мен мәтіндері жазылған папканы өз кезегінде алып шығып, жюрилерге ұсынады )

II бағыт: «Көңілім әнді ұғады» - Абай мен Шәкәрім әндері мен күйлерін орындаушылардың конкурсы;

III бағыт: «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» - жас дарындар конкурсы ( өз шығармаларын орындау: өлеңдер, әндер, күйлер).

Сұраныстар №61 кабинетке әдіскер А.Тамашеваға 21 сәуірге дейін қабылданады.




Сұраныс үлгісі:



р/с

Қатысатын бағыты

Оқушының аты-жөні (толық жазылады)

класы

Дайындаған пән мұғалімі


















Ескерту: «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы» - Абай мен Шәкәрім өлеңдерін жатқа оқу бағытында

1.Қазақ тілінде оқитын оқушылар үшін:

Жатқа оқитын өлеңінің саны -50-ден кем болмау керек, өлең саны одан кем болса, қатыспай - ақ қоюға болады.

2.Орыс тілінде оқитын оқушылар үшін:

Жатқа оқитын өлеңінің саны 25- тен кем болмау керек, қатысушының жатқа айтатын өлең саны одан кем болса, қатыспауға болады.

  1. «Көңілім әнді ұғады» бағыты бойынша

Абай мен Шәкәрім әндері мен күйлерін ең жақсы орындаған қатысушының айтқан әні музыкалық сүйемелдеусіз де тыңдалатыны ескерілсін

А.Тамашева




14.04.2012 ж.

Мектеп басшыларына!

Хабарландыру!


Республикалық Махамбет оқуларының қалалық кезеңі 28 сәуірде №16 орта мектепте сағат 9.30. -да өткізілетіндігі хабарланады.


Махамбет оқуларының ережесі


Махамбет оқулары 3 бөлім бойынша өткізіледі:


1 бөлім. «Ел құтқарар ер едім...» - Махамбет, Төлеген Айбергенов,Фариза Оңғарсынова шығармаларын жатқа оқу конкурсы.

Қатынасушы өзі жатқа білетін шығармалардың тізімін және өлеңдердің мәтіні жазылған папканы өз кезегінде алып шығап, жюрилерге ұсынады (ақын шығармаларын көбірек жатқа білетін оқушыға жоғары баға қойылады).


2 бөлім «Ұлы арман» - Махамбеттің күйлерін, Төлеген Айбергеновтің, Фариза Оңғарсынованың өлеңдеріне шығарылған әндерді орындаушылардың конкурсы.


3 бөлім. «Тартынбай сөйлер асылмын...» - жас дарындар конкурсы (өз шығармаларын орындау: өлеңдер, әндер, музыкалық шығармалар)


Қалалық «Махамбет оқуларына» республикалық байқау ережесіне сай мектепішілік байқаудың жеңімпаздары (5 - 11 класс оқушылары) қатыстырылады.Байқау үш бағыт бойынша өтеді. Әр мектептен 1 бағытқа 1 оқушы ғана қатыса алады. Байқау қорытындысы бойынша әр бағыттан 1 орын алған оқушылар облыстық Махамбет оқуларына жолдама алады.

Сұраныстар №61 кабинетке әдіскер А.Тамашеваға 18 сәуірге дейін қабылданады.




Сұраныс үлгісі:



р/с

Қатысатын бағыты

Оқушының аты-жөні (толық жазылады)

класы

Дайындаған пән мұғалімі


















А.Тамашева


Похожие:

Мектеп директорларына !!! iconМектеп директорларына
Жалпы орта білім беру мектептерінің қала оқушылары арасында қалалық деңгейде 2011 жылғы 29 сәуірде дәстүрлі қалалық «і яссауитану...
Мектеп директорларына !!! iconМектеп директорларына
Жалпы орта білім беру мектептерінің қала оқушылары арасында қалалық деңгейде 2011 жылғы 22 сәуірде қалалық «іі махамбет Өтемісұлы...
Мектеп директорларына !!! iconМектеп директорларына
Жалпы орта білім беру мектептерінің қала оқушылары арасында қалалық деңгейде 2011 жылғы 5 сәуірде дәстүрлі қалалық «xіі абай Құнанбаев...
Мектеп директорларына !!! iconМектеп директорларына !
Ббж кбари педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыру мақсатында 2007 жылдың сәуір айының 9-ы мен 13-і аралығында физика пәнінен...
Мектеп директорларына !!! icon08. 02. 12 Мектеп директорларына!
Ақпан айының 29-ы күні қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының мәжіліс залында қаланың жалпыға бірдей білім беретін мектептерінің...
Мектеп директорларына !!! iconАудандық, (қалалық) білім бөлімдерінің бастықтарына, облыстық мамандандырылған дарынды балалармен жұмыс жүргізу бойынша мектеп директорларына
Дарынды балаларды қолдау және олардың дарындылығын дамыту жағдайларын жасау мақсатында дарынды балалармен жұмыс аясындағы Халықаралық...
Мектеп директорларына !!! iconБілім негізі – бастауыш мектеп
Мектеп қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани...
Мектеп директорларына !!! icon6. 02. 2008 Орыс және аралас мектептердің директорларына !
...
Мектеп директорларына !!! iconМм «Оқу-тәрбие кешені №9 орта жалпы білім беретін мектеп»
Мм «Оқу-тәрбие кешені №9 орта жалпы білім беретін мектеп» мектеп жанындағы лагерде аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға ыстық...
Мектеп директорларына !!! iconАнкета сауалдама сұрақтардың тізімі жазылған пікір анықтау парағы. Әкімшілік мектеп өндірісті рационализациялауға бағытталған басқарудың ең тиімді принциптерін құруға талпынған мектеп.
Бұл мектептің негізгі ережелері А. Файольдің «жалпы және өндірістік басқару» жұмысында жасылған
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница