2 бөлiм. Көлiк қызметiн мемлекеттiк реттеу мен басқару жүйесi




Скачать 340.16 Kb.
Название2 бөлiм. Көлiк қызметiн мемлекеттiк реттеу мен басқару жүйесi
страница1/4
Дата конвертации06.02.2016
Размер340.16 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.kazcargo.kz/upload/files/o_transporte_kz.doc
  1   2   3   4
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 09.03.2011 18:10:32


Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы

Қазақстан Республикасының 1994 ж. 21 қыркүйектегі № 156-XIII Заңы

(2011.06.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Заң күшi бар «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң актiлерi туралы» ҚР Президентiнiң 1995 ж. 23 наурыздағы № 2147 Жарлығын қараңыз

 

Осы Заңның күшіне енуі туралы ҚР Жоғарғы Кеңесiнiң 1994 ж. 21 қыркүйектегі № 157-XIII қаулысын қараңыз

 

1 бөлiм. Жалпы ережелер

(1 - 4 баптар)

2 бөлiм. Көлiк қызметiн мемлекеттiк реттеу мен басқару жүйесi

(5 - 8 баптар)

3 бөлiм. Көлiк қызметiнiң негiзгi ережелерi

(9 - 14 баптар)

4 бөлiм. Көлiктегi қауiпсiздiк және жауапкершiлiк

(15 - 24 баптар)

5 бөлiм. Қорытынды ережелер

(25 - 26 баптар)

Түпнұсқада мазмұны жоқ

 

Осы Заң Қазақстан Республикасы көлiгiнiң құқықтық экономикалық және ұйымдық қызметiнiң негiздерiн айқындайды.

 

1 бөлiм. Жалпы ережелер

 

ҚР 28.12.98 ж. № 338-1; 09.07.04 ж. № 596-II (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III (бұр.ред.қара) Заңдарымен 1-бап өзгертілдi; 2006.29.12 № 209-III ҚР Заңымен 1- бап жаңа редакцияда (бұр. ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілдi

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Клиент (жүк жөнелтуші, жүк алушы, жолаушы, кеме жалдаушы) - тасымалдаушымен жасалған шартқа сәйкес көлікті пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға немесе мемлекет (атқарушы билік органының атынан).

Көлік кәсіпорны - жүктерді, жолаушыларды, теңдеме жүкті тасымалдау, көлік құралдарын сақтау, оларда техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөнінде шаруашылық-коммерциялық қызметпен айналысатын заңды тұлға, ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іс-әрекет жасайды.

Қазақстан Республикасының көлігі - оның аумағында тіркелген теміржол, автомобиль, теңіз, ішкі су, әуе, қалалық электр, соның ішінде метрополитен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы магистральдық труба-құбыр көлігі.

Тасымалдаушы - ақыға немесе жалданып жолаушыларды, теңдеме жүкті, жүктерді және почта жөнелтілімдерін тасымалдау жөнінде қызмет көрсететін әрі осыған белгіленген тәртіппен берілген лицензиясы немесе рұқсаты бар, меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде көлік құралдарын иеленуші жеке немесе заңды тұлға.

Тікелей аралас қатынас - бірыңғай көлік құжаты бойынша әртүрлі көлік түрімен жүктерді, жолаушылар мен теңдеме жүктерді тасымалдау.

Уәкілетті мемлекеттік орган - көлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, Қазақстан Республикасы көлік кешенінің қызметін үйлестіру мен реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

 

28.12.98 ж. № 338-1 ҚР Заңымен; 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен; 2006.29.12 № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред.қара) 2-бап өзгертілдi

2-бап. Көлiк туралы заңдар

Қазақстан Республикасының көлiк туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

Труба-құбыр көлiгi қызметiне байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының тиiстi заңдарымен реттеледi.

Тасымалдау шарттары, көлiк құралдарын пайдалану, адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін көлік құралдары мен олардың өмірлік циклінің процестерін техникалық реттеу саласындағы қауіпсіздікті (бұдан әрі - қауіпсіздік) қамтамасыз ету тәртібі тиісті көлік түрлерінде қолданылатын, белгіленген тәртіппен бекітілетін және көлік қатынастарының барлық қатысушылары үшін міндетті болып табылатын нормативтік актілерде айқындалады

 

28.12.98 ж. № 338-1; 09.07.04 ж. 596-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2006.07.07. 168-III (бұр. ред. қара); 2010.15.07. № 340-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 3-бап өзгертілдi

3-бап. Көлiк құралдарына меншiк туралы

Магистральдық темір жол желілері, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары, кеме жүретiн су жолдары, шамшырақтар, сондай-ақ кемелердiң қауiпсiз жүрiсiн реттейтiн және оған кепiлдiк беретiн құрылғылар мен навигациялық белгiлер, әуе қозғалысын басқару органдарының аэронавигациялық құрылғылары, әуе кемелерiнiң ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге байланысты телекоммуникациялар желiлерi, инженерлiк желiлер, сондай-ақ метрополитен мемлекет меншiгi болып табылады.

Әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарының аэронавигациялық құрылғылары Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда мемлекет меншігінде және (немесе) жеке меншікте болуы мүмкін.

Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталғандарды қоспағанда, кiрме жолдар мен тар табанды желiлерi, сондай-ақ автомобиль жолдары мемлекеттiк меншiкте де, жеке меншiкте де болуы мүмкiн.

 

ҚР 28.12.98 ж. № 338-1 Заңымен 4-бап өзгертілдi

4-бап. Көлiк жерлерi. Көлiк мұқтажы үшiн жерлер мен

Республикадағы көлiк жерлерi болып:

- жердi пайдаланушыларға көлiк объектiлерiне деп бөлiнген жерлер;

- жолдар мен желiлердi салуды және пайдалануға берудi жүзеге асыратын көлiк, жол және басқа ұйымдарға бөлiнген көлiк жолдары мен желiлерiне арналған жерлер танылады.

Көлiкке жер бөлу мен су көлiгiне суларды беру кезiнде туындайтын жер және су қатынастары, оларды пайдаланудың тәртiбi жер, су және көлiк заңдарымен реттеледi.

Опырылып құлауға, көшкiндеуге, су шайып кетуге, сел тасқыны болуға және басқа қатерлi табиғи құбылыстар әсерлерiне бейiм аудандардағы көлiк құрылыстарының және басқа объектiлерiнiң сенiмдi пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында қорғау аймақтар белгiленедi.

Көлiк кәсiпорындары мен тасымалдаушылар өздерiне берiлген жерлердi оларды беру мақсаттары мен шарттарына сәйкес пайдалануға, өндiрiстiң табиғат қорғау технологияларын қолдануға және аумақта өз қызметi салдарынан экологиялық ахуалдың нашарлауына жол бермеуге мiндеттi.

 

2 бөлiм. Көлiк қызметiн мемлекеттiк реттеу мен басқару жүйесi

 

2006.29.12 № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-бап өзгертілдi

5-бап. Көлiк қызметiн мемлекеттiк реттеу

Көлiк қызметiн мемлекеттiк реттеу құқықтық қамтамасыз ету, лицензиялау, техникалық реттеу, салық салу, несие беру, қаржыландыру және баға белгiлеу, инвестициялық, бiртұтас әлеуметтiк және ғылыми-техникалық саясат жүргiзу, Қазақстан Республикасының заңдарын көлiк кәсiпорындарының орындауына бақылау және қадағалау жасау жолымен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының заңдарында көзделгеннен өзге реттерде мемлекеттiк органдардың көлiк кәсiпорындарының шаруашылық қызметiне араласуына, сондай-ақ көлiк кәсiпорындарының пайдалану қызметкерлерiн басқа жұмыстарға қатыстыруға құқығы жоқ.

 

28.12.98 ж. № 338-1; 09.07.04 ж. 596-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2011.06.01. № 378-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 6-бап өзгертілдi

6-бап. Көлiктi мемлекеттiк басқару

Көлiктi мемлекеттiк басқаруды Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмiмен құрылған және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiткен Ережеге сәйкес iс-әрекет жасайтын уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асырады.

Уәкiлеттi мемлекеттiк органның негiзгi мiндеттерi:

Қазақстан Республикасының көлiк саласындағы экономикалық мүдделi қорғау;

көлiк саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

Қазақстан Республикасындағы көлiк қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу және мемлекеттiк стандарттарды әзiрлеуге қатысу;

көлiктiң барлық түрлерiн дамытудың бағдарламалары мен тұжырымдамаларын әзiрлеу, инвестициялық, ғылыми-техникалық және әлеуметтiк саясатты қалыптастыру және жүргiзу;

республика экономикасы мен халқының тасымалдауға және соларға байланысты қызметтерге деген қажеттерiн қамтамасыз ету үшiн жағдайлар жасау;

көлiк қызметiн пайдаланушылар құқықтарының сақталуын бақылау және қадағалау;

мемлекеттiң және халықтың тасымалдау қажеттерiне болжамдар әзiрлеу;

Қазақстан Республикасы көлiк кешенi қызметiнiң жұмысын үйлестiру және мемлекеттiк реттеу iсiн жүзеге асыру болып табылады.

 

ҚР 28.12.98 ж. № 338-1 Заңымен 7-бап жаңа редакцияда

7-бап. Көлiк қызметiн лицензиялау

Көлiктегi лицензиялануға тиiс қызмет түрлерiнiң тiзбесi заң актiлерiмен белгiленедi.

Екi және одан көп көлiк құралының иелерi - жеке және заңды тұлғаларға лицензия беру кезiнде әрбiр жеке көлiкке лицензияның бар екенiн растайтын құжат ресiмделедi.

 

28.12.98 ж. № 338-1; 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 8-бап өзгертілдi

8-бап. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың көлiк саласындағы өкiлеттiгi

Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың көлiк саласындағы өкiлеттiгi «Қазақстан Республикасында жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және басқа да Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.

Қалалық жолаушылар таситын көлiктiң тұрақты маршруттарында жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру кезiнде тасымалдаушылар жергiлiктi атқарушы органдармен немесе олар осы маршруттарға қызмет көрсетуге уәкiлеттiк берген органдармен шарт жасасуға тиiс.

 

  1   2   3   4

Похожие:

2 бөлiм. Көлiк қызметiн мемлекеттiк реттеу мен басқару жүйесi icon2 бөлiм. Көлiк қызметiн мемлекеттік реттеу мен басқару жүйесi
Р 2012 жылғы 13 қаңтардағы №542-iv заңы қара (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледі)
2 бөлiм. Көлiк қызметiн мемлекеттiк реттеу мен басқару жүйесi iconI бөлiм Банкiлердi құрудың және олардың қызметiнiң негiздемесi мен шарттары
Бөлiм. Банктердің және банк холдингтерінің құқықтық мәртебесiн өзгерту және қызметiн тоқтату ерекшелiктерiнiң шарттары
2 бөлiм. Көлiк қызметiн мемлекеттiк реттеу мен басқару жүйесi iconҚазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру туралы
Ескерту. Тақырыбына және кiрiспеге өзгерту енгiзiлдi ҚР Үкiметiнiң 2008. 07. 31. N 725 Қаулысымен
2 бөлiм. Көлiк қызметiн мемлекеттiк реттеу мен басқару жүйесi iconI бөлiм Банкiлердi құрудың және олардың қызметiнiң негiздемесi мен шарттары
Банк осы Заңға сәйкес банк қызметiн жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға
2 бөлiм. Көлiк қызметiн мемлекеттiк реттеу мен басқару жүйесi iconТөтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесi туралы
Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Қазақстан Республикасының мүдделi орталық және жергiлiктi атқарушы...
2 бөлiм. Көлiк қызметiн мемлекеттiк реттеу мен басқару жүйесi iconҚазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы
Бөлiм. Банктердің және банк холдингтерінің құқықтық мәртебесiн өзгерту және қызметiн тоқтату ерекшелiктерiнiң шарттары
2 бөлiм. Көлiк қызметiн мемлекеттiк реттеу мен басқару жүйесi iconМемлекеттiк статистика туралы Қ аза қ стан Республикасыны ң
Осы Заң статистика қызметi саласындағы құқықтық қатынастарды реттейдi, уәкiлеттi органның және статистика қызметiн жүргiзушi мемлекеттік...
2 бөлiм. Көлiк қызметiн мемлекеттiк реттеу мен басқару жүйесi iconАстана қаласының Инвестиция және сыртқы экономикалық байланыстар департаментi
Инвестицияны тарту саласында, сондай-ақ Астана қаласының Қазақстан Республикасынын қалаларымен және аймақтарымен, жақын және алыс...
2 бөлiм. Көлiк қызметiн мемлекеттiк реттеу мен басқару жүйесi iconТехникалық байқау операторларына механикалық көлiк құралдарының және оларға тiркемелердiң мiндеттi техникалық байқаудан өтуі туралы куәлiк бланкiлерiн беру
«Батыс Қазақстан облысы бойынша көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi
2 бөлiм. Көлiк қызметiн мемлекеттiк реттеу мен басқару жүйесi iconӘлеуметтiк-экономикалық даму болжамын әзiрлеу ережесiн бекiту туралы
Республикасындағы мемлекеттiк жоспарлау жүйесi туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 18 маусымдағы n 827 Жарлығына...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница