Министерство здравоохранения рк




НазваниеМинистерство здравоохранения рк
страница5/5
Дата конвертации06.02.2016
Размер0.68 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://general.kaznmu.kz/wp-content/uploads/2012/02/Жүйке-27.06.10.doc
1   2   3   4   5
1. Науқаста патологияның қандай түрі дамыды? Инсульт дамыды. Оны жүйкелік зерттеулер кезінде анықталған белгілер (жұмсақ таңдай парезі, нистагм, гемигипестезия ж.б.) дәлелдейді.
2. Оның мүмкіндік себебі қандай? Пирамидалық және экстрапирамидалық жүйенің бұзылыстарының көріністері бар ма? Жиі инсульт дамуының себебі —ми бөлігінің ишемиясымен немесе қан құйылуымен жүретін мый қанайналымының бұзылысы .Науқаста пирамидалық жүйенің өткізгіш жолдарының зақымдану белгілері бар.
3. Әріптермен белгіленген әйгіленімдерді сәйкес медициналық сөздермен сипаттаңыз. Осы әйгіленімдердің пайда болуының мүмкіндік себептері қандай?

(а) афония — сыбырлап сөйлеудің сақталуымен дауыстың жоғалуы (кеңірдектің тыртығы , өспесі, оның бұлшықеттерінің салдануы, невроздар кезінде байқалады );

(б) парестезия — тітіркендіру болмаса да жансыздануды сезу, дене жыбырлауы, дене шаншуы (қанайналым бұзылысының нәтижесінде сезімталдық жолдарының жергілікті зақымдануы, токсикозда, суық тигенде орын алады);

(в) регургитация — жұмсақ таңдай бұлшықетінің шала салдануына байланысты қуысты ағза құрамындағы заттардың физиологияға кері бағытта жылжуы. (қазіргі жағдайда- ауыз қуысындағы тағамның мұрынға түсуі) ;

(г) шала салдану — ерікті қозғалыстың күші мен (немесе) тереңдігінің төмендеуі (сәйкес бұлшықеттің жүйкеленуі бұзылысы салдарынан дамиды);

(д) нистагм — көз алмасының еріксіз ырғақты екі фазалы (тез және баяу фазамен ) қозғалысы (симптом полиэтиологиялық, мысалы, орталық салдануда, пирамида жүйесі құрылымының бұзылысында байқалады);

(е) гемигипестезия — сезімталдықтың бір жақты төмендеуі (афферентті серпін өткізгіштігінің бұзылысының нәтижесі);

(ж)  гипотония — бұлшықет межеқуатының төмендеуі (мысалы, әлсіз салдануда);

(з) гипорефлексия — рефлекстердің төмендеуімен сипатталатын жағдай (негізінен жұлындық жүйке серпінінің өткізілуінің бұзылысы);

(и) тремор — бүкіл дененің немесе оның бөліктерінің еріксіз, стереотипті, ырғақты тербелмелі төмен амплитудалы қозғалыстары (маскүнемдік, истерия, паркинсонизм, мишық зақымдануында байқалады).

2 есеп

  1. Науқаста патологияның қай түрі туралы ойлауға болады? Көрсетілген бұзылыстар мыйдың қай артериясының зақымдануынан болуы мүмкін? Науқаста ишемиялық инсульт болуы мүмкін, кенеттен пайда болатын жүйкелік бұзылыстармен көрініп, 24 сағат бойы сақталады. Жүйкелік симптомдар ортаңғы мый артериясының немесе оның тармақтарының зақымдануымен байланысты.

  2. Көрсетілген патологияға алып келген қандай қауіп-қатер жайттарын осы науқаста анықтауға болады? Инсульттің қауіп-қатер жайттары: егде жас, ер адам, гипертензия, гиперхолестеринемия

  3. Осы науқастағы неврологиялық бұзылыстардың даму тетігі қандай? Инсульттің ең жиі себебі мый тамырларының атеросклерозы, артериялық гипертензия және гиперхолестеринемия болып табылады.

3 есеп

  1. Науқастағы әйгіленімдер жиынтығының шығу тегі қандай? Науқаста сәтсіздіктерде және ренжігенде, ауру көріністерін көрсетуге бейімделген истериялық түрде жауап беру қалыптасқан.

  2. ЖЖӘ-нің дерттерінің қай түрінде осындай бұзылыстар жиі дамиды? Мінезінің истериялық қасиеті және бөлек психо-астениялық (өз-өзіне сенімсіздік, күмәнданғыш) белгілері бар науқаста өмірлік қиындықтар, маңызды шешімдер қабылдау кезінде истериялық невроз дамыды. Берілген науқастың жабысқақ әйгіленім кешенінде өзін –өзі ерекшелеп көрсету және қиындықтан қашу сезімі бар. Бұл жүйке әрекеті әлсіз тұлғаларға тән қасиет.

4 есеп

  1. Жүрек аймағының ауыруының, тахикардия мен артериялық гипертензияның дамуына қандай себептер әкелді? Бұл науқасқа бір жағынан- өзінің мүмкіндіктеріне қарсы тұру, екінші жағынан – өзіне деген талаптардың жоғары болуы тән. Жүрек аймағындағы ауыру сезімі, тахикардия, артериялық гипертензия дамуы ОЖЖ жүйесіндегі тежелу үрдісінің күйзелісіне және зорығуына негізделген. . Бұл қозу үрдісінің басымдылығымен қатар жүреді

  2. Науқаста жүйке жүйесі патологиясының қай түрі дамыған? Науқаста өзінің күші мен мүмкіндіктерін ескермей жеке жетістікке үнемі сәйкессіз жетуі нәтижесінде құрылатын неврастения дамыды . Невроздың бұл түрі ЖЖӘ күшті, бірақ ұстамсыз тұлғаларда жиі дамиды.


2 Тақырып. «Жүйке жүйесінің қимылдық қызметінің бұзылысы. Гипокинезиялар Гиперкинезиялар, құрысулық синдромы. Қояншық ауруының этиологиясы және патогенезі. Менингиттің патогенезі».

3 тапсырма.

«Мый қабықшасының тітіркенуі синдромы патогенезінің» кестесін толтырыңыз




Әйгіленімдер

Патогенезі

Бас ауыруы

Мый қабықтарын жүйкелендіретін үшкіл жүйке ұштарының, парасимпатикалық және симпатикалық талшықтарының тітіркенуі

Құсу

IV қарынша түбінде орналасқан кезбе жүйке қабылдағыштарының немесе сопақша мидың ретикулярлы құрылымындағы құсу орталығының тітіркенуі

Терілік гиперестезия, дыбыстық және жарықтық тітіркендіргіштерге сезімталдықтың жоғарылауы

Жұлын-мый түйінінің жасушалары және артқы түбіртектердің тітіркенуі

«жатқан ит» менингеалдық қалпы, (қолдары кеудеге жиналған, аяқтары іш аймағына тартылған, басы шалқайған, кеудесі шығыңқы, іші тартылған)

Бұлшықеттердің рефлекторлы тоникалық жиырылуы :бастың артқа шалқаюы шүйде бұлшықеттерінің илікпеуіне байланысты

Науқастың басын алға еңкейту барысында қатты ауыру сезімінің пайда болуы

Мойын жазатың бұлшықеттерінің межеқуатының жоғарылауы

Керниг симптомы (алдын ала тік бұрыш жасап бүгілген тізе және жамбас буындарын жаза алмауы)

Бұлшықеттердің межеқуатының дерттік жоғарылауы

Брудзинскийдің жоғарғы симптомы (арқасымен шалқасынан жатқан науқастың басын кеудесіне жақындатуға талпынғанда, оған жауап ретінде тізе буыны еріксіз бүгіледі)

Бұлшықет гипертонусы


4 тапсырма Ситуациялық есептерді шешу .

1 есеп

  1. Селкілдек-тырысқақ ұстамасы дегеніміз не? Селкілдек ұстамалары аз уақытқа жиырылу мен бірінің артынан бірі жүретін, бұлшықеттердің бөлек топтарының босаңсуымен сипатталады. Жиі үлкен мый жарты шарының қатты қозуы немесе пирамида жүйесі құрылымы зақымдануы нәтижесінде дамиды. Жайылған клоникалық тырысулар конвульсия деп аталынады. Тоникалық тырысулар – бұлшықеттердің аса ұзақ жиырылуы, осының нәтижесінде дененің және аяқ-қолдардың әртүрлі мәжбүрлі қалыпта «қатып қалуы». Қыртыс асты құрылымдары қатты қозғанда дамиды. Клоникалық компонент басым болғанда аралас сипаттағы байқалатын тырысулар клонико-тоникалық деп аталады.

  2. Тырысулар дамуының негізінде не жатыр? Тырысулар дамуының себебі болып мый жарақаттары, инсульттер, жұқпалар, сыртқы және ішкі уланулар, зат алмасу бұзылыстары - гипогликемия, ҚСҮ бұзылысы немесе электролиттер алмасуының бұзылысы болуы мүмкін → иондық сорап қызметінің бұзылуы, натрий мен кәлций иондары кіруінің күшеюі, калий шығуының бұзылуы,калийдің жоғарылауымен кальций мен магний төмендеуімен нейрон аралық ортада иондар құрамының өзгеруі, қоздыратын нейромедиаторлар әсерінің жоғарылауы, ал тежегіштердің әлсіреуі → нейронның гиперактивациясы → ДКҚО→ тырысулар

  3. Берілген науқаста тырысулар дамуының мүмкін болатын себебі қандай? Берілген науқаста анамнез жоқ, бірақ бар мәліметтер тырысулар және дененің сол жақ бөлігінде қозғалыстың бұзылысы мый тінінің зақымдануына күмән тудырады. Артериялық қысымның жоғары болуы мый қанайналымының бұзылысына алып келуі мүмкін (инсульт).

2 есеп

1. Науқаста бар әйгіленімдерді сәйкес медициналық терминмен белгілеңіз.

  • Ауырмайтын күйіктер - анестезия

  • Тағамды жұтудың қиындауы – дисфагия

  • Мұрынмен сөйлеу – салданулық дисфония

  • Қабақтың түсуі – птоз

  • Ауыру сезімталдығының төмендеуі – гипоалгия

  • Жұмсақ таңдайдың түсуі – жұмсақ таңдайдың шала салдануы

  • Рефлекстердің болмауы – арефлексия

2. Көрсетілген бұзылыстар дамуында мүмкін болатын тетіктер? Жүйке жүйесінің кез келген бөлімінде жарақаттық зақымданулар, дегенерациялық сипаттағы созылмалы аурулар (мысалы, сирингомиелия), бас мыйы және жұлынның қатерлі өспелері, мый қанайналымының бұзылысы. Тетіктері: қабылдағыштардан мый қыртысына бағыттылған жүйке серпіндерінің жартылай немесе толық үзілуі.

3. Берілген науқаста жүйке жүйесінің қай құрылымдық-қызметтік деңгейінде дерттік үрдіс дамуы мүмкін а) сезімталдықтың бұзылуы, б) қозғалыс бұзылыстары? Мый жүйкелері (IX, X) ядроларының деңгейінде немесе жұлынның өткізгіш жолдарында

4. Жүйке жүйесі қызметінің бұзылысының сипатын және ағымы ерекшеліктерін ескере отырып, берілген бұзылыстарды шақырған мүмкін болатын дерттік үрдістер және олардың себептері туралы ойыңызды құрастырыңыз. Жүйке жүйесі бұзылыстарының әрқилылығы, аурудың созылмалы ағымы ОЖЖ-нің дегенеративті сипаттағы ауруының дамуы туралы ойлауға мүмкіндік береді. (мысалы, сирингомиелия)

3 есеп

  1. Аурудың патогенезі қандай? Вильсон-Коновалов ауруы – гепатоцит мембраналары арқылы мыс тасымалдануына қажетті фермент түзілуін қадағалайтын тектің ақауы нәтижесінде бауыр, ми, көздің тор қабатында, бүйрек, буын, қалқанша маңындағы бездер жасушаларында мыс жиналуымен сипатталатын аутосомды-рецессивті ауру . Нәтижесінде мыстың өтпен шығуы төмендейді. Сонымен қатар, церулоплазмин деңгейінің төмендеуі және оған мыстың қосылуы байқалады.

  2. Жүйкелік әйгіленімдердің патогенезін түсіндіріңіз.

Бауырда мыстың жиналуы→ гепатоциттердің зақымдануы → мыстың қанға түсуі → мида, қасаң қабықта, бүйректе, буындарда, қалқанша маңы бездерінде мыстың жиналуы → осы ағзаларда МАТ үрдістерінің әсерленуі → бауыр беріштенуі, артрит, катаракта, моторлы және жүйкелік бұзылыстар, гемолиздік анемия.


Сынамалық тапсырмалар жауаптарының эталоны


1-A

6-C

11-B

16-A

21-C

26-A

31-В

36-Е

41-B

46-E

2-E

7-D

12-B

17-D

22-E

27-A

32-E

37-A

42-B

47-A

3-C

8-B

13-A

18-C

23-D

28-E

33-E

38-A

43-E

48-A

4-E

9-B

14-С

19-E

24-E

29-D

34 –A

39-B

44-A

49-A

5-A

10-A

15-D

20-E

25-A

30-D

35-А

40-A

45-Е

50-E


1   2   3   4   5

Похожие:

Министерство здравоохранения рк iconМинистерство здравоохранения и социального развития Республики Карелия
«Республиканский центр по профилактике и борьбе со спид и инфекционными заболеваниями»
Министерство здравоохранения рк iconМинистерство здравоохранения рк
Кеуде қуысын пальпациялау оның ауыруын, серпімділігін және дауыс дірілін анықтау үшін жүргізіледі
Министерство здравоохранения рк iconМинистерство здравоохранения российской федерации приказ
Документ утратил силу в связи с изданием Приказа Минздрава РФ от 12. 08. 2003 n 403
Министерство здравоохранения рк iconМинистерство здравоохранения рк
Патофизиология -2 модулінің міндеттері: несептік-жыныстық жүйенің патологиялық жағдайларының негізгі синдромдарының патогенезін түсінуді...
Министерство здравоохранения рк iconМинистерство здравоохранения рк
Анемия – қанның белгілі қөлемінде гемоглобиннің және эритроциттердің, жиі олардың сапалық өзгерістерімен қабаттасатын, мөлшерінің...
Министерство здравоохранения рк iconМинистерство здравоохранения рк
Патофизиология-2 модулдің міндеттері: тыныс алу жүйесінің зақымдануының негізгі әйгіленімдері мен синдромдарының патофизиологиялық...
Министерство здравоохранения рк iconМинистерство здравоохранения рк
Басқарудың басқарылатын бөлігі бұл жағдайы ойланған нәтижеге әкелетін басқару жүйесігің бөлігі
Министерство здравоохранения рк iconМинистерство здравоохранения российской федерации
Учебно-методическое пособие предназначено для студентов врачебных и медико-биологических факультетов и врачей различных клинических...
Министерство здравоохранения рк iconМинистерство здравоохранения рк
Модулдің мақсаты: іргелі және клиникалық пәндерді біріктіру негізінде студенттерді асқорыту жүйесі дерттерінің патофизиологиялық...
Министерство здравоохранения рк iconМинистерство здравоохранения республики казахстан карагандинский государственный медицинский университет
...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница