Министерство здравоохранения рк




НазваниеМинистерство здравоохранения рк
страница4/5
Дата конвертации06.02.2016
Размер0.68 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://general.kaznmu.kz/wp-content/uploads/2012/02/Жүйке-27.06.10.doc
1   2   3   4   5
Мед.қызметкер Д., 59 жаста, ауруханаға түсердің алдында, таңертең төсектен тұрған кезде тепе-теңдігін ұстай алмай үнемі солға қарай құлай беретіндігін байқаған. Оған төсекке жатуға көмектескеннен кейін ол қатты бас айналу мен жүрек айнуын сезген. Екінші рет көмекке шақырғанда, ол өзінде афония (а) дамығанына көңіл аударды. Бір сағат өткеннен соң ол денесінің оң жақ жартысында парестезия (б) (жалған сезім) дамығанын байқаған. Сұйық тамақ ішу барысында (жүрек айнуына байланысты қатты тағамды қабылдамаған) жиі регургитация (кері лықсу) (в) дамыған.
Неврологиялық зерттеу барысында: сол жақ жұмсақ таңдайдың парезі(шала салдану) (г); жанына қарағанда — көлденең нистагм (д), әсіресе сол жаққа қарағанда айқын байқалады; сол жақ беттің және дененің гемигипестезиясы (е); сол жақ аяқ-қолдың — бұлшықеттік гипотониясы (ж) мен гипорефлексиясы (з); саусақ-мұрындық және табан-тізелік, сол жақ аяқ-қолдың дірілі (и). АҚ 195/106 мм с.б.б., сол жақ жүрек шекараларының 1,5 см кеңеюі, пульсі 90 екендігі анықталды.
1. Науқаста патологияның қандай түрі дамыды?
2. Оның мүмкіндік себебі қандай? Пирамидалық және экстрапирамидалық жүйенің бұзылыстарының көріністері бар ма?
3. Әріптермен белгіленген әйгіленімдерді сәйкес медициналық сөздермен сипаттаңыз. Осы әйгіленімдердің пайда болуының мүмкіндік себептері қандай?

2 есеп

Науқас А., 72 жаста, денесінің сол жақ бөлігінің әлсіздігіне шағымданып аурухананың қабылдау бөліміне түсті. Бұл көріністер тамақ қабылдау кезінде кездейсоқ пайда болған. Науқас сол аяғымен және сол жақ қолымен қозғалта алмаған, сөйлеу қабілеті қиындаған. Анамнезінде науқастың артериялық гипертензиямен, ЖИА-мен ауыратыны және холестериннің деңгейі жоғары екендігі анықталды. Зерттеу барысында: АҚ 190/100 мм.с.б.б., сол жақтық айқын гемипарез, сол жағында Бабинский рефлексі оң. Мыйдың компьютерлік томографиясында қан құйылу көріністері жоқ.

  1. Науқаста патологияның қай түрі туралы ойлауға болады? Көрсетілген бұзылыстар мыйдың қай артериясының зақымдалуынан болуы мүмкін?

  2. Көрсетілген патологияны дамытқан қандай қауіп-қатер жайттарын осы науқаста анықтауға болады?

  3. Осы науқастағы неврологиялық бұзылыстардың даму тетіктері қандай?

3 есеп

Науқас Ч., 20 жаста, институт бітіруші түлек ауруханаға мынадай: ұйқысының нашарлығына, ашуланшақтыққа, жылаңқылыққа, тәбетінің болмауына, көңіл-күйінің тұрақсыздығына, бас ауыруы сияқты көптеген шағымдармен келіп түсті. Қарап тексергенде: соматикалық статусы қалыптыдан өзгермеген. Анамнезінен белгілі болғаны көрсетілген өзгерістер соңғы 10 ай көлемінде дамыған. Осы кезеңде тұрмысқа сәтсіз шығу, жолдамамен жіберілген жаққа кету қажеттілігі сияқты науқаста өте қиын өмірлік жағдайлар болған. Бөлімшеде жатқан уақытта үнемі медициналық қызметкерлерге көңілі толмайтындығына шағымданып, өзіне ерекше көңіл бөлуді талап еткен. Әрбір тамақ қабылдағаннан кейін (жиі науқастардың және қызметкерлердің көзінше) құсқан.

  1. Науқастағы әйгіленімдер жиынтығының шығу тегі қандай?

  2. ЖЖӘ-нің бұзылыстарының қай түрінде осындай бұзылыстар жиі дамиды?

4 тапсырма

Науқас С., 42 жаста, оқу оған қиындыққа түскенімен, ол өмірдің негізгі мақсаты жеке табыстарға жету, қоғамдағы өз орнын табу деп есептейтін жанұяда өскен. Институтты аяқтағаннан кейін ұйымдастыру қабілеті мен білімінің жеткіліксіздігіне қарамай, цех бастығы қызметіне қол жеткізді. Цех бастығы қызметін атқару барысында көптеген қиындықтарға тап болып, бұл өз кезегінде әкімшілік пен ұжым жағынан ескертпелер мен сөгістер алды. Дәл осы кезеңде бас ауыруы, жүрек аймағындағы ауыру сезімі, ұйқысыздық, тез шаршағыштық, жұмысқа қабілетінің төмендеуі пайда болған. Қарап тексергенде: АҚ – 170/90 мм.с.б.б., пульсі - 90 рет мин, ошақты неврологиялық әйгіленімдер анықталмаған.

  1. Жүрек аймағының ауыруының, тахикардия мен артериялық гипертензияның дамуына қандай себептер әкелді?

  2. Науқаста жүйке жүйесі патологиясының қай түрі дамыған?


ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология: Оқулық: – Алматы; «Эверо», 2007. – Б. 596-616

  2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008. С. 456-457, 462-464, 465-470

  3. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 568-578, 576 -585, 599-605.

  4. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2009

  5. Патофизиология. Основные понятия: Учебное пособие под/ред А.В. Ефремова М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008, С. 229-247

  6. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга - М.: Томск., 2006.- С.654-678, 200-206, 688-704

Қосымша

  1. Патофизиология для внеаудиторной самостоятельной работы студентов //Под ред. Ударцевой Т.П. – Алматы:КазНМУ им. С.Д.Асфендиярова, 2006. –С.241-254.

  2. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 131-135.

  3. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – C. 324-326, 351-359

  4. А.С. Никифоров., Е.И. Гусев. Частная неврология.-М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008. С.32-51


Бақылау (сынамалық тапсырмалар)

Сынамалық тапсырмалардың нұсқасы патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы, 2007.- Б 447-465 негізделіп жасалған.


2 тақырып. «Жүйке жүйесінің қозғалыс қызметінің бұзылысы. Гипокинезиялар. Гиперкинезиялар, құрысулық синдромы. Қояншық ауруының этиологиясы және патогенезі. Менингиттің патогенезі.»


Сабақтың мақсаты:

Төмендегі бұзылыстардың даму және пайда болуының патофизиологиялық тетіктеріне түсінік қалыптастыру.

  • жүйке жүйесінің қозғалыс қызметінің бұзылысы.

  • тырыспа селкілдек синдромы

  • нейрожұқпа кезіндегі мый қабықшасының бұзылуы синдромы.

Оқыту міндеті:

Тақырыпты меңгерген студент орындай алады:

  • Жүйке жүйесінің қозғалыс қызметінің бұзылысының этиологиясын және патогенезін түсіндіруді

  • Құрысу синдромының патогенезін түсіндіруді

  • Менингеалдық синдром патогенезін түсіндіруді

  • Тәжірибе жүргізіп және оны қорытындылауды.

  • Ситуациялық есептерді қорытындылауды


Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Қозғалыстың нейрогенді бұзылыстары. Гипокинездік жағдай. Шала салдану мен сал ауруы туралы түсінік, этиологиясы, патогенезі.

  2. Гиперкинездік жағдай. Құрысулық жағдай туралы түсінік, этиологиясы, патогенезі.

  3. Қояншық ауруының этиологиясы және патогенезі

  4. Нейрожұқпаның этиологиясы және патогенезі.

  5. Менингиттер, менингеалдық синдромның патогенезі


Оқыту әдістері және сабақ беру:

Ауызша сұрау, сынамалау, шағын топтармен жұмыс жасау: тәжірибелерді орындау, «мылқау» кестелерді толтыру, ситуациялық есептерді шешу.


Тәжірибелік жұмыс

1 тапсырма.

Ақ тышқандарда «камфоралық қояншық ауруының» туындауына жүйке жүйесі қызметінің әсерін зерттеу.

Әдісі. Тәжірибе үшін үш ақ тышқан алынады. Олардың біреуінің бұлшық етіне 0,15 мл 5% кофеин ерітіндісін енгізеді. 10 минут өткеннен соң үш тышқанның бұлшық етіне 0,15 мл 20% камфордың майлы ертіндісін енгізеді. Кофеин енгізбеген бір тышқанға эфирлі наркоз беріледі. Жануарларда қимыл бұзылысы дамуын және оның әр тышқанда камфора енгізгеннен кейін туындау мерзімін, айқындалу дәрежесін белгілей отырып бақылау. Әртүрлі қимыл-қозғалыс бұзылыстары дамуының бірізділігіне мән беріңіз.



2 тапсырма.

Бақалардағы «камфоралық қояншық ауруының» көрінісіне жоғарғы және төмен температураның әсерін зерттеу.

Әдісі. Екі бақаның жұлын мый сұйығының лимфалық қапшығына 20% майлы камфораның ерітіндісі енгізіледі (20 г дене салмағына 0,1 мл). Бір бақа бөлме температурасындай суы бар ыдысқа, ал екіншісі 35-37С дейін қыздырылған суы бар ыдысқа салынады. Құрысу түріндегі қимыл-қозғалыс дамуының бұзылысы бақа денесінің температурасы жоғарылаған кезде ғана болатынына мән беріңіз.

Алынған мәліметтерді талдап, байқалған бұзылыстардың даму тетіктеріне қорытынды жасаңыз.

3 тапсырма.

«Мый қабықшасының тітіркену синдромы патогенезінің» кестесін толтырыңыз




Әйгіленімдер

Патогенезі

Бас ауыруы




Құсу




Терілік гиперестезия, дыбыстық және жарықтық тітіркендіргіштерге сезімталдықтың жоғарылауы




«жатқан ит» менингеалдық қалпы, (қолдары кеудеге жиналған, аяқтары іш аймағына тартылған, басы шалқайған, кеудесі шығыңқы, іші тартылған)




Науқастың басын алға еңкейту барысында қатты ауыру сезімінің пайда болуы




Керниг симптомы (алдын ала тік бұрыш жасап бүгілген тізе және жамбас буындарын жаза алмауы)




Брудзинскийдің жоғарғы симптомы (арқасымен шалқасынан жатқан науқастың басын кеудесіне жақындатуға талпынғанда, оған жауап ретінде тізе буыны еріксіз бүгіледі)





4 тапсырма Ситуациялық есептерді шешіңіз

1 есеп

Орта жастағы ер адам жедел жәрдем ауруханасына ес-түссіз жеткізілді. Науқасты алып келген мейірбикенің айтуы бойынша, науқас бірден құлап, селкілдек-тырысқақ ұстамасы басталды. Зерттеулер барысында: науқастың санасы шатысқан, дене қызымы 38С, АҚ 170/90 мм с.б.б., пульсі мин.105 рет, тыныс жиілігі мин. 18 рет, денесінің сол жағының қимыл - қозғалысы төмендеген, Бабинский рефлексі екі жақтан анықталды.

  1. Селкілдек-тырысқақ ұстамасы дегеніміз не?

  2. Тырыспа-селкілдектің даму негізінде не жатыр?

  3. Берілген науқастағы құрысу ұстамасының даму себебі қандай?

2 есеп

Науқас И., 42 жаста, оң қолының үдемелі әлсіздігіне, ауыру сезімінсіз күйіктеріне және жарақатына, сәл сыдырылған терісінің ұзаққа созылған іріңді жараларына шағымданып жеткізілді. Бұндай өзгерістерді алғаш рет 5 жыл бұрын анықтаған. Соңғы жарты жыл ішінде қатты тағамдарды жұтуы қиындап, сонымен қатар дауыстың мұрындық тембрі пайда болғандығы анықталды. Невропатологтың зерттеуі барысында қабағының төмен түсуіне байланысты оң көз ойығының тарылғаны, беттің оң бөлігінің ауыру сезу қабілетінің төмендегені, жұмсақ таңдайдың салбырауы, жұту рефлексінің болмауы, оң жақтағы дауыс байламының шала салдануы, оң саусақтың сүйекаралық бұлшық еттерінің атрофиялық өзгерістері, оң қолында периостальдық рефлексінің болмауы, оң жақтық бөліктік-ажырау түрі бойынша ауырулық және жылу мен суық сезімінің жоғалуы, аяқтарында «тірі» шеміршектік рефлекстердің сақталуы анықталды.

1. Науқастағы медициналық терминдерге сәйкес әйгіленімдерді табыңыз.

2. Берілген бұзылыстар дамуының мүмкіндік тетіктері қандай?

3. Жүйке жүйесінің құрылымдық-қызметтік ұйымдастырылуының қай деңгейінде берілген науқаста дерттік үрдіс дамуы мүмкін: а) сезімталдықтың бұзылысы, б) қозғалыстың бұзылуы?

4. Жүйке жүйесінің қызметі бұзылысының сипатын және ауру ағымының ерекшеліктерін ескере отырып, көрсетілген бұзылыстардың себептерін және мүмкін болатын дерттік үрдіс туралы ойыңызды құрастырыңыз

3 есеп

16 жасар бозбалада ауруханаға түсерден 3 ай бұрын қолдың үдемелі дірілі және түрткі тәрізді қозғалысы пайда болды. Туысқандарының айтуынша, кезеңдермен күлкі ұстамасы және жұтынудың қиындауы байқалған. Неврологиялық зерттеуде бет еттерінің қимылдауы, дизартриялық сөйлеуі, дірілдеу, екі қолының қатып қалуы және тырысулық қозғалысы байқалады. Тесікті шамның жарығымен тексергенде көзінің қасаң қабығында Кайзер-Флейшер жүзігі анықталды. Қанда церулоплазминнің азаюы және бауырда мыстың көбеюі анықталды. Науқасқа гепатоцеребральды дистрофия (Вильсон-Коновалов ауруы) аңғарымы қойылды.

  1. Аурудың патогенезі қандай?

  2. Неврологиялық симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз.


ӘДЕБИЕТ:

Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология: Оқулық: – Алматы; «Эверо», 2007. – Б. 596-616

  2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008. С. 460-464

  3. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 576-592

  4. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2009

Қосымша

  1. Патофизиология для внеаудиторной самостоятельной работы студентов //Под ред. Ударцевой Т.П. – Алматы:КазНМУ им. С.Д.Асфендиярова, 2006 – С.241-254.

  2. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – C. 329-342

  3. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга - М.: Томск., 2006.- С. 681-688

  4. А.С. Никифоров., Е.И. Гусев. Частная неврология.-М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008. С.455-459; 120-124


Сынамалық тапсырмалардың нұсқасы патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазақ тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы, 2007.- Б 447-465 негізделіп жасалған.


АУДИТОРИЯДАН ТЫС ӨЗІНДІК ЖҰМЫСҚА (СӨЖ) АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР


1 тақырып. «Комалық жағдайлардың патофизиологиясы»

Мақсаты: команың этиологиясы мен патогенезін өз бетінше оқу.


Тапсырмалар:

  1. Оқу материалын мына сұрақтар бойынша қарастыру:

  1. Кома, анықтамасы, кома түрлері

  2. Неврогендік, эндокриндік, уыттық, гипоксиялық, жарақаттық комалардың патогенезі.

  1. Патогенездің сызбанұсқасын құрастыру

  2. Сынамалық тапсырмаларға жауап беру



СӨЖ орындау түрі: Өз бетінше берілген әдебиет бойынша материалды оқу, тақырыптың мультимедиялық қойылымымен жұмыс істеу, сынамалық тапсырмаларды шешу, патогенездің сызбанұсқасын құрастыру


Орындау және бағалау критерийлері: «Білімді бағалау ережелері мен критерилері» 2.11 бөлімін қараңыз


СӨЖ тапсыру мерзімі:«Жүйке жүйесі» модулі бойынша мерзімдік бақылау


1 тапсырма. Бүйрек жеткіліксіздігі кезіндегі кома патогенезінің сызбанұсқасын құрыңыз

2 тапсырма. Уремия кезіндегі кома патогенезінің сызбанұсқасын құрыңыз

3 тапсырма. Жедел тыныс және жүрек жеткіліксіздігі кезіндегі кома патогенезінің сызбанұсқасын құрыңыз

4 тапсырма. Менингит кезіндегі кома патогенезінің сызбанұсқасын құрыңыз

5 тапсырма. Сынамалық тапсырмаларға жауап беріңіз.

1. Берілген сана бұзылуының анықтамаларының қайсысы команы белгілеу үшін дұрыс болып табылады?(2)

  1. Сыртқы тітіркендіргіштерге жауаптың жартылай, бірақ айқын тежелуі

  2. Сергектік деңгейінің төмендеу жағдайы

  3. Сергектік деңгейінің төмендеуінен естің анық болмау жағдайы

  4. Сыртқы тітіркендіргіштерге сәйкессіз серпілістермен сипатталатын психикалық жағдай

  5. Сергектік деңгейінің төмендеуімен бірге мидың интегративті қызметі ретінде естің шектен тыс тежелу жағдайы

2. Ступорға тән (3)

  1. Сыртқы тітіркендіргіштерге жауап қайтарудың толық тежелуі

  2. Сыртқы тітіркендіргіштерге жауап қайтарудың жартылай тежелуі

  3. Жауап қайтару үшін күшті тітіркендіргіштің әсері қажет

  4. күші жоғарғы тітіркендіруді тоқтатқаннан кейін де, оған жауап қайтару тоқтамайды

  5. күші жоғарғы тітіркендіруді тоқтатқаннан кейін де, оған жауап қайтару бірден тоқтайды

3. ОЖЖ барлық нейрондарының зақымдануы нәтижесінде дамитын команың жиі себептері болып табылады (2)

  1. мый инфаркты

  2. Организмде зат алмасу бұзылысы

  3. Менингит

  4. Токсемия

  5. Эпилепсия

4. Бас мыйы құрылымының жергілікті зақымдануы нәтижесінде дамитын команың жиі себептері болады (3)

  1. мый жарақаты

  2. мый тініне қан құйылу

  3. мый өспесі

  4. Гипертензия

  5. Бүйрек жеткіліксіздігі

5. Әдетте токсемия команы мыналардың салдарынан дамытады(3)

  1. Ауыр анемиялардың

  2. Гипогликемиялардың

  3. Нейрондарда энергия түзілуінің төмендеуінің

  4. Нейротрансмиттердің әсерлері мен түзілуінің төмендеуінің

  5. Нейрондардың трансмембраналық потенциалының дертінің

6. Зат алмасуының бұзылуы нәтижесінде дамитын кома қабаттасады (2)

  1. Гипертермиямен

  2. Гипотермиямен

  3. Гипоксиямен

  4. Гипергликемиямен

  5. Гипогликемиямен

7. Су-тұз алмасуы бұзылуынан дамитын кома байланысты (3)

  1. Гипонатриемияға

  2. Гипернатриемияға

  3. Гипокальциемияға

  4. Гиперкальциемияға

  5. Гиперхлоргидрияға

8. Гиперосмостық диабеттік кома патогенезінің негізгі жайты болып табылады (3)

  1. Гипергликемия

  2. Жасуша сыртында осмостық қысымның жоғарылауы

  3. Жасуша гипогидратациясы

  4. Гипогликемия

  5. Қанда сүт қышқылының жоғарылауы

9. Команың патогенезінде маңыздысы (4)

  1. гипоксия және мый нейрондарында қажым тапшылығы

  2. Улану

  3. Қышқыл-сілтілік үйлесімділіктің бұзылысы

  4. Электролиттік тұрақтылықтың бұзылысы

  5. Гематоэнцефалдық тосқауылдың бүтіндігінің бұзылысы

10. Кома кезінде орталық жүйке жүйесінің бұзылыстары дамуының бірізділігі

  1. психикалық мазасыздық, сананың шатасуы, сопор, сананы терең жоғалту

  2. сананы терең жоғалту , сопор, сананың шатасуы, психикалық мазасыздық

  3. сананың шатасуы, сананы терең жоғалту, сопор, психикалық мазасыздық

  4. психикалық мазасыздық, сопор, сананың шатасуы, сананы терең жоғалту

Е) сананы терең жоғалту, сананың шатасуы, сопор, психикалық мазасыздық

11. Диабеттік команың дамуында маңызы бар (4)

  1. гиперосмостық дегидратация

  2. кетоз

  3. гипогликемия

  4. ацидоз

  5. гиперазотемия

12. Кетоацидоздық диабеттік кома патогенезінің негізгі тізбегі болып табылады (1)

  1. айқын гипергликемия

  2. гиперкетонемия және теңгерілмеген ацидоз

  3. жасушааралық сұйықтықтың және қан гиперосмиясы

  4. жасушалардың айқын дегидратациясы

  5. сүт қышқылының көп жиналуы

13. Гипогликемиялық комаға тән (3)

  1. қанның гиперосмиясы

  2. қанның гипоосмиясы

  3. тегіс салалы бұлшықеттердің межеқуатының төмендеуі

  4. құрысулар

  5. ылғал тері

14. Диабеттік комаға тән (4)

  1. кетоз

  2. гипергликемия

  3. қанның гипоосмиясы

  4. қанның гиперосмиясы

  5. Куссмауль тынысы

15. Уремиялық кома патогенезінде маңыздысы (4)

  1. уремиялық уытты заттардың жиналуы

  2. гипоосмолялды гипергидратация

  3. ацидоздың дамуы

  4. гиперкалиемия, гипермагниемия, гиперсульфатемия, гиперфосфатемия

  5. организмнің дегидратациясы


«ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ» МОДУЛІ БОЙЫНША МЕРЗІМДІК БАҚЫЛАУ

Мақсаты:

  1. Студенттердің аудиториялық және аудиториядан тыс жұмыстарының өткен тақырыптар бойынша білімдерін бағалау

Бақылаудың мақсаты:

  1. Өткен материал бойынша білімдерін бекіту


Студенттер білімін бақылау сұрақтары:

  1. Жүйке жүйесі ауруларының жалпы этиологиясы мен патогенезі

  2. Нейрожұқпа туралы түсінік. Менингиттің этиологиясы мен патогенезі.

  3. Мый қабықтарының зақымдану синдромының патогенезі.

  4. Ишемиялық инсульттың этиологиясы мен патогенезі.

  5. Геморрагиялық инсульттың этиологиясы мен патогенез.

  6. Инсульт кезінде нейрондардың зақымдалу патогенезі.

  7. Жоғарғы жүйке қызметінің бұзылысы, невроздар.

  8. Қозғалыстың нейрогенді бұзылыстары. Гипокинездік жағдайлар. Шала салданулар және салданулар, түсінігі, этиологиясы мен патогенезі .

  9. Гиперкинездік жағдайлар. Құрысулар, түсінігі.

  10. Эпилепсияның этиологиясы мен патогенезі

  11. Сезімталдықтың бұзылыстары, түрлері, даму тетіктері

  12. Ауыру сезімі, анықтамасы, түрлері, ауыру сезімінің этиологиясы мен патогенезі .




      1. СЫНАМАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР

  1. Жүйке жүйесінің бүлінісін туындататын сыртқы этиологиялық жайт

  1. әлкогөлдік уыттану

  2. нейрондардың бауырлық комада зақымдануы

  3. мый ишемиясы

  4. гипогликемия

  5. уремия кезінде нейрондар зақымдануы

  1. Жүйкелік өткізгіштермен жүйке жүйесіне түседі

  1. стрептококктық экзотоксин

  2. менингококк

  3. пневмококк

  4. ішек таяқшасы

  5. құтыру вирусы

  1. Нейрон ішілік қосындылар түзетін вирустар

  1. цитомегаловирустар

  2. энтеровирустар

  3. құтыру вирустары

  4. ұшық вирусы

  5. полиомиелит вирусы

  1. Жұлындық трансмиссивті энцефалопатия себебі

  1. цитомегаловирустар

  2. энтеровирустар

  3. құтыру вирустары

  4. ұшық вирусы

  5. приондар

  1. Жүйке жүйесінің төзімділігін қамтамасыз етеді

  1. қарсы жүйелер

  2. аэрогемдік тосқауыл

  3. нейрондардың төмен дәрежедегі жасушаішілік регенерациясы

  4. жайылмалы қозу

  5. глиалдық жасушалардың төмен белсенділігі

  1. Тежелудің тапшылығы – бұл:

  1. трофогендер тасымалдануының бұзылуы және патотрофогендердің түзілуі

  2. нейронға афференттік серпіндер түсуінің азаюы

  3. ОЖЖ төменгі бөліктерінің ОЖЖ жоғарғы бөліктерінің бақылауынан шығуы

  4. постсинапстық құрылымдарға жүйкелік ықпалдың төмендеуі

  5. белсенділігі жоғары нейрондар тобы

  1. Денервациялық синдром – бұл:

  1. трофогендер тасымалдануының бұзылуы және патотрофогендердің түзілуі

  2. нейронға афференттік серпіндер түсуінің азаюы

  3. ОЖЖ төменгі бөліктерінің ОЖЖ жоғарғы бөліктерінің бақылауынан шығуы

  4. постсинапстық құрылымдарға жүйкелік ықпалдардың төмендеуі

  5. белсенділігі жоғары нейрондар тобы

  1. Тежелудің алғашқы тапшылығы дамиды

  1. жүйке жүйесі тым артық түрткіленгенде

  2. тежегіш нейрондардың құрылымы мен қызметі бұзылғанда

  3. қоздырғыш түйіспелердің құрылымы мен қызметі бұзылғанда

  4. қоздырғыш дәнекерлер түзілуі артқанда

  5. жүйке жүйесінің бөліктері зақымданғанда төмен бағытталған тежеуші ықпалдардың артықтығында

  1. Тежелуден шығу синдромының салдарлары

A) нейрондар мен олар жүйкелендіретін құрылымдарда дистрофиялық өзгерістердің дамуы

B) ДКҚО-ның (дерттік күшейген қозу ошағының) түзілуі

C) денервациялық синдромның дамуы

D) ағза атрофиясының дамуы

E) деафферентациялық синдромның дамуы

  1. Дерттік күшейген қозу ошағы (ДКҚО) – бұл

  1. бақыланбайтын серпіндер легін өндіретін, белсенділігі жоғары өзара әрекеттесетін нейрондар шоғыры

B) мембраналық тізбекті және жасушаішілік үрдістердің жиынтығы

C) синапстық құрылымдағы өзгерістер кешені

D) жүйкелік ықпалдың болмауына немесе өзгеруіне байланысты нәрленістің бұзылуы

E) жүйкелік ықпалдардың түсіп қалуынан соң пайда болатын постсинапстық нейрондар,

ағзалар мен тіндердегі өзгерістер кешені

  1. ДКҚО түзілуінің маңызы

  1. жайылмалы тежелудің түзілуіне септеседі

  2. дерттік жүйенің детерминанты болады және дерттік жүйе түзілуін қамтамасыз етеді

  3. физиологиялық жүйенің түзілуіне септеседі

  4. нейронның жүйкеленетін құрылымдарға нәрленістік ықпалын күшейтеді

  5. нейродерттік үрдістердің дамуын тежейді

  1. Шабан гиперкинездерге тән

А) діріл

B) атетоз

C) тиктер

D) хорея

E) тремор

13. Невроздар, дамуына әкелуі мүмкін

  1. асқазанның ойық жара ауруы

  2. менингит

  3. диффуздық гломерулонефрит

  4. вирустық гепатит

  5. пневмония

14.Орталық салдануларға тән емесі

  1. ерікті қозғалыстардың сақталуы

  2. ерікті қозғалыстардың жоғалуы

  3. тарамыстық рефлекстердің күшеюі

  4. дерттік рефлекстердің пайда болуы

  5. бұлшықет межеқуатының жоғарылауы

15. Шеткері салдануларға тән

A) жұлындық рефлекстердің күшеюі

B) дерттік рефлекстердің пайда болуы

C) бұлшықеттердің гипертрофиясы

D) бұлшықеттің гипотониясы
E) бұлшықеттер межеқуатының жоғарылауы

16. Паралич – салдану - бұл

  1. ерікті қозғалыстардың толық болмауы

  2. ерікті қозғалыстардың шегі, жылдамдығы, күші азаюы

  3. негізінен қолда, әсіресе саусақтарда орналасқан еріксіз, баяу, «құрт тәрізді» қозғалыстар

  4. қозғалыстар үйлесімділігінің бұзылуы

  5. дене немесе оның бөліктерінің еріксіз дірілдеуі

17. Атаксия – бұл

  1. ерікті қозғалыстардың толық болмауы

  2. ерікті қозғалыстардың шегі, жылдамдығы, күші азаюы

  3. негізінен қолда, әсіресе саусақтарда орналасқан еріксіз, баяу, «құрт тәрізді» қозғалыстар

  4. қозғалыстар үйлесімділігінің бұзылуы

  5. дене немесе оның бөліктерінің еріксіз дірілдеуі

18. Хорея - бұл

  1. ерікті қозғалыстардың толық болмауы

  2. ерікті қозғалыстардың шегі, жылдамдығы, күші азаюы

  3. бұлшықеттердің әртүрлі топтарының (аяқ-қол, бас және дененің) ретсіз, жылдам, еріксіз жиырылулары

  4. қозғалыстар үйлесімділігінің бұзылуы

  5. дене немесе оның бөліктерінің еріксіз дірілдеуі

19. Тремор - бұл

  1. ерікті қозғалыстардың толық болмауы

  2. ерікті қозғалыстардың шегі, жылдамдығы, күші азаюы

  3. бұлшықеттердің әртүрлі топтарының (аяқ-қол, бас және дененің) ретсіз, жылдам, еріксіз жиырылулары

  4. қозғалыстар үйлесімділігінің бұзылуы

  5. дене немесе оның бөліктерінің еріксіз дірілдеуі

20. Үлкен жарты шар зақымдану кезінде орталықтан кейінгі иірілім және жоғарғы төбе бөлігінің сезімталдығының жоғалуы тән

  1. бұлшықет-буындық

  2. түйісулік

  3. ауырулық

  4. қызымдық

  5. сезімталдықтың барлық түрі

21. Айқын дене аймағында ауыру сезімі мен қызым сезімталдығының түсуімен қатар терең және түйісулік сезіталдықтың сақталуы аталады

A) гипестезия

B) гиперестезия

C) диссоциация

D) гиперпатия

E) дизестезия

22. Сезімталдықты жоғалту аталады

A) атаксия

B) алексия

C) атония

D) астения

E) анестезия

23. Ауыру сезімінің дәнекерлеріне жататыны

  1. адреналиннің физиологиялық мөлшері

  2. энкефалиндер

  3. эндорфиндер

  4. брадикинин

  5. динорфин

24. Ауыру сезімі қалыптасады

  1. ноцицепторларда

  2. жүйкелік бағаналарда

  3. жұлында

  4. торлы құрылымда

  5. таламус және үлкен жарты шарлар қыртысы нейрондарында

25. Ауыру сезіміне аса сезімтал

  1. тері мен шырышты қабықтар

  2. бауыр

  3. мый

  4. жұлын

  5. миокард

26. Эпикритикалық ауыру сезімі дегеніміз

  1. бүліндіргіш ықпалдың әсеріне жауап ретінде пайда болатын, айқын орныққан бастапқы ауыруды

  2. айқын орнықпаған, жайылып тараған кейінгі ауыруды

  3. ішкі ағзаларда пайда болатын ауыруды

  4. оталған дене мүшелерінің ауыруын

  5. ірі жүйке талшықтарының бүліністері кезіндегі ауыруды

27. Протопатиялық (баяу) ауыру сипатталады

A) орналасқан жері белгісіз (жайылған ауыру) және ұзақ жасырын кезеңмен

B) қабылдау шегінің төмендігімен

C) миелиндік жүйке талшықтары бойымен өткізіледі

D) тітіркендіргішті алып тастағаннан соң тез басылады

E) тері және шырышты қабықтарды тітіркендірген кезде пайда болады

28. Висцералдық ауыру сезімін дамытпайтыны

  1. артериялық тамырлардың қатты жиырылуы

  2. тегісет талшықтары қатты жиырылуы

  3. қуыс ағзалардың керілуі

  4. іргелік ішастардың қабынуы

  5. ағза ұлпасының нәрленістік бұзылыстары

29. Құбыжық (фантомдық) ауыру – бұл

  1. стенокардия ұстамасы кезінде сол қолда және сол жауырындағы ауыру

  2. жіті гепатит кезінде бұғана үстінде немесе іргелік іш пердені тітіркендіргендегі ауыру

  3. мый аурулары кезіндегі ауыру

  4. дененің жоқ бөлігінде, жиі аяқ-қолды алып тастағаннан соңғы, ауыру сезімі

  5. ұйқы безі қабынуындағы белді орайтын ауыру сезімі

30. Құбыжық (фантомдық) ауыру патогенезінде маңызы зор

  1. ноцицепторлар сезімталдығы жоғарылауының

  2. жүйке бағаналары өткізгіштігі жоғарылауының

  3. мый қыртысы қозгыштығы жоғарылауының

  4. алып тастаулық неврома түзілуі және жұлында дерттік күшейген қозу ошағы қалыптасуының

  5. мый бағанасы қозғыштығы тежелуінің

31. Антиноцицепциялық жүйеге жатпайтыны

  1. орталық сұр заттың, тігіс ядросының, торлы құрылымның энкефалинергиялық нейрондары

  2. апыйындық қабылдағыштар

  3. эндорфиндер және энкефалиндер

  4. серотонин

  5. Р заты

32. Теріні уқалау және ысқыма (массаж) кезінде ауыру сезімталдығының төмендеуі байланысты

  1. ноцицепторлар сезімталдығы төмендеуіне

  2. жүйкелік өткізгіштерді бөгеуге

  3. торлы құрылым нейрондарының қозғыштығы төмендеуіне

  4. таламус нейрондарының қозғыштығын тежеуге

  5. жұлынның желатиналық затын белсенділеуге

33.Команың патогенезінде маңызы жоғы

  1. гипоксия және мый нейрондарында қажым тапшылығы

  2. уланулар

  3. қышқылдық-сілтілік үйлесімнің бұзылуы

  4. электролиттік гомеостаздың бұзылуы

  5. гематоэнцефалдық тосқауыл тұтастығының сақталуы

34. Кома кезінде орталық жүйке жүйесінің бұзылыстары дамуының бірізділігі

  1. психикалық мазасыздық, сананың шатасуы, сопор, сананы терең жоғалту

  2. сананы терең жоғалту , сопор, сананың шатасуы, психикалық мазасыздық

  3. сананың шатасуы, сананы терең жоғалту, сопор, психикалық мазасыздық

  4. психикалық мазасыздық, сопор, сананың шатасуы, сананы терең жоғалту

Е) сананы терең жоғалту, сананың шатасуы, сопор, психикалық мазасыздық

35. Гиперосмостық диабеттік команың патогенезінде маңызы жоғы

  1. гипогликемия

  2. кетоз

  3. лактатацидемия

  4. гипоксия

  5. гиперазотемия

36. Уремиялық кома патогенезінде маңызы жоғы

  1. уремиялық уытты заттардың жиналуы

  2. гипоосмолялды гипергидратация

  3. ацидоздың дамуы

  4. гиперкалиемия, гипермагниемия, гиперсульфатемия, гиперфосфатемия

  5. организмнің дегидратациясы

37. Ишемиялық инсульттің себебі болуы мүмкін

  1. мый тамырларының тромбозы, эмболиясы

  2. мый тамырлары аневризмасының жарылуы

  3. мый тамырларының дистониясы

  4. мыйдың артериялық гиперемиясы

  5. мый тамырларының артериялық гипертензиясы

38. Геморрагиялық инсульттің себебі болуы мүмкін

  1. артериалдық гипертензия

  2. мый тамырларының атеросклерозы

  3. мый тамырларының тромбоз, эмболиясы

  4. мыйдың тамырларының ангиоспазмы

  5. гематокриттің артуы

39. Ишемиялық инсульттің клиникалық көрінісінде геморрагиялық инсультке қарағанда басым болады

  1. мый ісінуі

  2. ошақтық симптомдар

  3. жұлын сұйықтығында қан болуы

  4. мый тінінің жаншылуы

  5. басішілік қысымның жоғарылауы

40. Мишықтық атаксия,ағымдағы жағдайларды тез ұмытуы,нистагм, дизартрия, жұтудың бұзылуы, ықылық ату, бас айналу тән

  1. омыртқа артериясының (артқы төменгі мишық артериясы) зақымдануына

  2. алдыңғы мый артериясының зақымдануына

  3. ортаңғы мый артериясының зақымдануына

  4. артқы мый артериясының зақымдануына

  5. пиальды артериялардың зақымдануына

41. Аяқ – қолдардың (қолдардың проксималды және аяқтардың ұштарының) жартылай салдануы немесе спастикалық салдануы, зақымданғаннан қарсы жақта сезімталдықтың жойылуы тән

  1. омыртқа артериясының (артқы төменгі мишық артериясы) зақымдануына

  2. алдыңғы мый артериясының зақымдануына

  3. ортаңғы мый артериясының зақымдануына

  4. артқы мый артериясының зақымдануына

  5. пиальды артериялардың зақымдануына

42. Науқас М., 64 жаста, «ишемиялық инсультпен» ауырады, сол жағында «Бабинский» рефлексінің оң болуы,дененің сол бөлігінде сезімталдықтың жойылуы анықталды.

Қай артерияның эмболиясы осы өзгерістерді тудырды?

  1. омыртқа артериясы (артқы төменгі мишық артериясы)

  2. алдыңғы мый артериясы

  3. ортаңғы мый артериясы

  4. артқы мый артериясы

  5. пиальды артериялар

43. Инсульт кезінде нейрондардың гипоксиялық зақымдануының патогенезінде маңызы жоғы

  1. нейрондардың жоғары белсенділігі

  2. глютаматтың жиналуы

  3. нейрондарда натрий мен кәлцийдің жиналуы

  4. кәлций-тәуелді ферменттердің белсенділенуі

  5. глютаматтық қабылдағыштар тежегіштерінің мөлшері артуы

44. Патогенездің жетіспейтін тізбегін қойыңыз

Экзогенді және эндогенді этиологиялық жайттар → иондық сораптар қызметінің бұзылуы → натрий мен кәлций енуінің күшеюі, калий шығуының бұзылуы → нейронаралық ортада магний мен кәлцийдің азаюы, калийдің жоғарылауы → қоздырғыш дәнекерлер әсерінің артып, тежегіш дәнекерлер әсерінің әлсіреуі → нейрондардың артық әсерленуі → ? → құрысулар

  1. ДКҚО түзілуі

  2. иондық теңсіздік

  3. ГАМҚ белсенділенуі

  4. мембраналық фосфолипазалардың әсерленуі

  5. МАТ тежелуі

45. Қояншық ауруының (эпилепсия) туындауына әкелмейтіні

  1. мый жарақаттары, инсульттер

  2. сыртқы және ішкі уланулар

  3. зат алмасуының бұзылыстары

  4. қабылдағыштар мен сораптардың тұқымқуатын ақаулары

  5. ГАМҚ –тың жоғары белсенділігі

46. Жаңа туылғандардағы менингиттің жиі себебі болуы мүмкін

  1. Neisseria meningitides

  2. пневмококктар (Streptococcus pneumoniae)

  3. инфлюэнцаның гемофилдік таяқшасы (Haemophilis influenzae)

  4. стафилококк, көкірің таяқшасы, туберкулез микобактериясы (созылмалы менингит)

  5. ішек таяқшасы, бета-гемолиздік стрептококк

47. Ересектердегі менингиттің жиі себебі болуы мүмкін

  1. Neisseria meningitides

  2. пневмококктар (Streptococcus pneumoniae)

  3. инфлюэнцаның гемофилдік таяқшасы (Haemophilis influenzae)

  4. стафилококк, көкірің таяқшасы, туберкулез микобактериясы (созылмалы менингит)

  5. ішек таяқшасы, бета-гемолиздік стрептококк

48. Менингиттің патогенезіндегі жетіспейтін тізбегін қойыңыз

Бактериялардың мұрын-жұтқыншақта жиналуы және шырышты қабықтарға енуі → бактериялардың қанағымына түсуі → ? → гематоэнцефалдық тосқауылдың өткізгіштігінің артуы және бактерияның субарахноидалды кеңістікке енуі → қабыну дамуы → мый ісінуі, басішілік қысымның жоғарылауы, мый тамырларының қысылуы және қанайналымының бұзылуы

  1. бактериемия және мый қылтамырлары эндотелийінің зақымдануы

  2. өкпе қылтамырлары өткізгіштігінің жоғарылауы

  3. нефрон шумағының зақымдануы

  4. жұлын ганглийінің зақымдануы

  5. мый ишемиясы

49. Менингиттегі бас ауыруының патогенезінің негізінде жататыны

  1. мый қабықтарын нервтейтін үшкіл жүйке аяқшаларының, парасимпатикалық, симпатикалық талшықтардың тітіркенуі

  2. ІҮ қарыншаның түбінде орналасқан кезбе жүйке қабылдағыштарының тітіркенуі

  3. сопақша мыйдың торлы формациясындағы құсу орталығының тітіркенуі

  4. жұлын-мый түйіндері жасушалары мен артқы түбіртектерінің тітіркенуі

  5. бұлшықеттердің рефлекторлы тоникалық жиырылуы

50. «Менингеалды қалыптың» патогенезінің негізінде жататыны

  1. үшкіл жүйке аяқшаларының тітіркенуі

  2. мый қабықтарын нервтейтін парасимпатикалық, симпатикалық талшықтардың тітіркенуі

  3. ІҮ қарыншаның түбінде орналасқан кезбе жүйке қабылдағыштарының тітіркенуі

  4. жұлын-мый түйіндері жасушалары мен артқы түбіртектерінің тітіркенуі

  5. бұлшықеттердің рефлекторлы тоникалық жиырылуы, шүйде бұлшықетінің қатаюы



СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР әр сабақты қараңыз.


ТӘЖІРИБЕЛІК ДАҒДЫЛАР ТІЗІМІ

  • Ишемиялық және геморрагиялық инсульттің этиологиясы мен патогенезін түсіндіре білу

  • Тырысу синдромының даму тетіктерін түсіндіре білу

  • Ми қабығы зақымдану синдромының патогенезін түсіндіре білу


1) Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде барлық дәрістер тақырыбына мультимедиялық қойылым

2) Дәрістерге және сабақтарға көрсетілімдік материалдар

Тақырып

Көрнекі құралдар түрі

№№ кестелер және папкалар

Жүйке жүйесі патофизиологиясынан дәрістер


Жүйке жүйесі патофизиологиясынан сабақтар


Мультимедиялық көрсетілім


Таратылатын материалдар


Кестелар


Жануарлар

жабдықтар


Қатты диск


ЖМ 8-ТЖ


21.1 мый қыртысы үрдістерінің реттелуі


Тышқандар

Жануарды бекітуге арналған тақтайша,, шприцтер, камфор ерітіндісі


Ситуациялық есептерге жауаптар

Тема «Мый қанайналымы бұзылысының патофизиологиясы. Сезімталдықтың бұзылысы. Ауыру сезімі. Жоғарғы жүйке әрекетінің патологиясы».

1тапсырма. Кестені толтырыңыз

Сезімталдық бұзылыстарының даму тетіктері

Тетіктері

Патогенезі

Қабылдағыштық

Қабылдағыш сезімталдығының өзгеру табалдырығы : қабылдағыштардың гипо – және гиперсенситизациясы ;

Қабылдағыштар санының өзгерісі : артуы немесе азаюы

Өткізгіштік

Серпін өткізілуінің тежелуі немесе бөгелуі

Орталықтық

Нейрондар сезімталдығының табалдырығы өзгеруі,

сезіну қалыптасуының бұзылысы


2 тапсырма. Кестені толтырыңыз.

Бұзылыстар түрі

Анықтамаға түсініктеме, патогенезі

Анестезия

Сезімталдықтың толық жоғалуы .

Серпіндердің қабылдағыштардан өткізгіштер бойымен сәйкес қыртысты аймаққа өтуінің бөгелуі салдарынан дамиды.

Гип(о)естезия

Сезімталдықтың төмендеуі.

Қозу табалдырығының жоғарылауы салдарынан дамиды.

Гиперестезия

Сезімталдықтың жоғарылауы. Қозу табалдырығының төмендеуі салдарынан дамиды.

Гипералгезия

Шектен тыс ауыру сезімталдығы

Диссоциация

Дененің белгілі аймағында жанасулық және терең сезімталдықтың сақталуымен, ауырулық және дене қызымы сезімталдығының болмауы.

Дизестезия

Тітіркендіргішті бұрмалап қабылдау (жылуды суық ретінде, жанасуды ауыру сезімі ретінде қабылдайды).

Аллохейрия

(синестезия)

Тітіркендіргішті оның әсер еткен жерінде емес дененің қарама-қарсы бөлігінде қабылдау.

Полиестезия

Бірреттік тітіркендіру көп ретті түрде қабылданады .


3 тапсырма. Кестені толтыру. Ауыру сезімінің түрлеріне сипаттама беріңіз


Ауыру сезімінің қасиеті

Эпикритикалық ауру

Протопатиялық ауру

Тітіркендіргіштің қайнар көзі

Тері, шырышты қабаттар

Ішкі ағзалар және тіндер

Жасырын кезең

Қысқа

Ұзақ

Тітіркендіргішті аластатқаннан кейін жалғасуы

Тез тоқтайды

Ұзақ сақталады

Өткізгіш талшықтардың түрлері

Миелинді, А түрі

Миелинсіз, С түрі

Қабылдау табалдырығы

Төмен

Жоғары

Орналасуы

Нақты

Жайылған


2 тапсырма. Ситуациялық есептерді шешу

1 есеп
1   2   3   4   5

Похожие:

Министерство здравоохранения рк iconМинистерство здравоохранения и социального развития Республики Карелия
«Республиканский центр по профилактике и борьбе со спид и инфекционными заболеваниями»
Министерство здравоохранения рк iconМинистерство здравоохранения рк
Кеуде қуысын пальпациялау оның ауыруын, серпімділігін және дауыс дірілін анықтау үшін жүргізіледі
Министерство здравоохранения рк iconМинистерство здравоохранения российской федерации приказ
Документ утратил силу в связи с изданием Приказа Минздрава РФ от 12. 08. 2003 n 403
Министерство здравоохранения рк iconМинистерство здравоохранения рк
Патофизиология -2 модулінің міндеттері: несептік-жыныстық жүйенің патологиялық жағдайларының негізгі синдромдарының патогенезін түсінуді...
Министерство здравоохранения рк iconМинистерство здравоохранения рк
Анемия – қанның белгілі қөлемінде гемоглобиннің және эритроциттердің, жиі олардың сапалық өзгерістерімен қабаттасатын, мөлшерінің...
Министерство здравоохранения рк iconМинистерство здравоохранения рк
Патофизиология-2 модулдің міндеттері: тыныс алу жүйесінің зақымдануының негізгі әйгіленімдері мен синдромдарының патофизиологиялық...
Министерство здравоохранения рк iconМинистерство здравоохранения рк
Басқарудың басқарылатын бөлігі бұл жағдайы ойланған нәтижеге әкелетін басқару жүйесігің бөлігі
Министерство здравоохранения рк iconМинистерство здравоохранения российской федерации
Учебно-методическое пособие предназначено для студентов врачебных и медико-биологических факультетов и врачей различных клинических...
Министерство здравоохранения рк iconМинистерство здравоохранения рк
Модулдің мақсаты: іргелі және клиникалық пәндерді біріктіру негізінде студенттерді асқорыту жүйесі дерттерінің патофизиологиялық...
Министерство здравоохранения рк iconМинистерство здравоохранения республики казахстан карагандинский государственный медицинский университет
...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница