Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы




НазваниеЖергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы
страница1/6
Дата конвертации11.02.2016
Размер0.67 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://aktobe.gov.kz/sites/default/files/gosuslugi/стандарты1/собез/каз/собез каз 8.doc
  1   2   3   4   5   6
Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 7 сәуiрдегi № 394 Қаулысы

"Егемен Қазақстан" 2011 жылғы, 10 қыркүйектегi № 425-430 (26823), 1 қазандағы № 472-473 (26865), 15 қазандағы № 497-500 (26892), 21 қазандағы № 505-507 (26899), 10 қарашадағы № 535-536 (26928), 15 қарашадағы № 541-542 (26934), 8 желтоқсандағы № 601-605 (26997), 9 желтоқсандағы № 606-610 (27002), 10 желтоқсандағы № 611-615 (27007), 18 желтоқсандағы № 640 (27032), 30 желтоқсандағы № 666-672 (27064), 31 желтоқсандағы № 673-679 (27071) Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., N 32, 391-құжат "Казахстанская правда" от 21.05.2011 г., № 163-164 (26584-26585), 26.05.2011 г., № 167 (26588);




      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабына, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      Ескерту. Кiрiспе жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.08.17 N 1059 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) «Жұмыссыз азаматтарды тiркеу және есепке қою» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      2) «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      3) «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      4) «Мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек ұсыну үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      5) «Мүгедектердi сурдо-тифлотехникалық құралдармен және мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      6) «18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      7) «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      8) «Қозғалуға қиындығы бар бiрiншi топтағы мүгедектерге жеке көмекшiнiң және есту бойынша мүгедектерге қолмен көрсететiн тiл маманының қызметтерiн ұсыну үшiн мүгедектерге құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      9) «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      10) «Мүгедектердi санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      11) «Тұрғын үй көмегiн тағайындау» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      12) «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен қызмет көрсететiн мемлекеттiк және мемлекеттiк емес медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтiк қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      13) «Жалғызiлiктi, жалғыз тұратын қарттарға, бөгде адамның күтiмiне және жәрдемiне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      14) «Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      15) «Үйде оқитын және тәрбиеленетiн мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшiн құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      16) «Ауылдық жерде тұратын әлеуметтiк сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтiк көмек тағайындау» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      17) «Өтiнiш берушiнiң (отбасының) атаулы әлеуметтiк көмек алушыларға тиесiлiгiн растайтын анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      18) «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi нысандарына қатысуға жолдама беру» мемлекеттiк қызмет стандарты бекiтiлсiн.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.08.17 N 1059 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                               К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң         
2011 жылғы 7 сәуiрдегi 
№ 394 қаулысымен    
бекiтiлген       

«Үйде оқитын және тәрбиеленетiн мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшiн құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттiк қызметтi тiзбесi, мекенжайы осы «Үйде оқитын және тәрбиеленетiн мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшiн құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет стандартына (бұдан әрi – стандарт) 1-қосымшада көрсетiлген Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар басқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) көрсетедi.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: iшiнара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 4) тармақшасының, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi өкiлеттi органдарының шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек көрсету тәртiбi туралы жергiлiктi атқарушы органдардың қаулыларының негiзiнде жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi және қажеттi құжаттар туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Интернет-ресурсында http:/www.enbek.gov.kz, уәкiлеттi органдардың стендiлерiнде, ресми ақпарат көздерiнде орналастырылады.
      5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi өтiнiш берушiге үйде оқып және тәрбиеленiп жатқан мүгедек балаларды материалдық қамсыздандыру үшiн құжаттарын ресiмдеу туралы хабарлама, не қағаз жеткiзгiште бас тарту туралы уәжделген жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға: Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға – үйде оқып және тәрбиеленiп жатқан мүгедек балалардың ата-аналарына және өзге де заңды өкiлдерiне (бұдан әрi – тұтынушылар) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
      1) мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында белгiленген қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап - он жұмыс күнi iшiнде;
      2) тұтынушы өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiн күтудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты бiр тұтынушыға қызмет көрсетуге 15 минуттан есептегенде кезектегi адамдардың санына байланысты болады;
      3) тұтынушы өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн қызмет көрсетудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты 15 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      9. Уәкiлеттi органның жұмыс кестесi: демалыс (сенбi, жексенбi) және мереке күндерiн қоспағанда, 13.00-ден 14.00-ге дейiнгi түскi үзiлiспен күн сайын 9.00-ден бастап 18.00-ге дейiн.
      Қабылдау алдын ала жазылусыз және қызметтi жедел ресiмдеусiз кезек тәртiбiнде жүзеге асырылады.
      10. Мемлекеттiк қызмет тұтынушының тұрғылықты жерi бойынша уәкiлеттi органның орынжайында көрсетiледi. Уәкiлеттi органның орынжайлары қажеттi құжаттарды дайындау үшiн үстелдермен (отырғыштармен), орындықтармен жабдықталған, ақпараттық стендiлермен жарақтандырылған, сондай-ақ орынжайларда мүмкiндiктерi шектеулi тұтынушыларға қызмет көрсету үшiн жағдайлар көзделген.
      Уәкiлеттi органның орынжайлары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттардың қауiпсiздiк, оның iшiнде өртке қарсы қауiпсiздiк талаптарына сай, күзет және өртке қарсы сигнализациямен жарақтандырылған.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi

      11. Тұтынушы мемлекеттiк қызмет алу үшiн мынадай құжаттарды:
      1) жеке басын куәландыратын құжаттың реквизиттерiн, әлеуметтiк жеке кодының нөмiрiн (болса жеке сәйкестендiру нөмiрiн) көрсете отырып белгiленген үлгiдегi өтiнiштi;
      2) тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн;
      3) мүгедек балалар үшiн – баланың туу туралы куәлiгiнiң көшiрмесiн;
      4) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);
      5) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы;
      6) мүгедектiгi туралы анықтаманың көшiрмесiн;
      7) банктегi шоттың көшiрмесiн;
      8) салық төлеушiнi тiркеу нөмiрi мен әлеуметтiк жеке кодын ұсынады.
      Құжаттардың көшiрмелерi мен салыстырып тексеру үшiн түпнұсқалары берiледi, кейiн құжаттардың түпнұсқалары тұтынушыға қайтарылады.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.12.01 N 1427 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      12. Уәкiлеттi органда өтiнiш нысандары күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады, не құжаттарды қабылдайтын қызметкерде болады.
      13. Мемлекеттiк қызмет көрсетуге қажеттi өтiнiштiң толтырылған нысаны мен басқа да құжаттар осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша тұрғылықты жерi бойынша уәкiлеттi органның жауапты тұлғасына тапсырылады. Жауапты тұлғалардың кабинет нөмiрлерi туралы мәлiметтер мемлекеттiк қызмет көрсету жөнiнде ақпарат орналастырылған уәкiлеттi органның стендiсiнде жайғастырылған.
      14. тұтынушы барлық қажеттi құжаттарды уәкiлеттi органға тапсырғаннан кейiн тұтынушының мемлекеттiк қызметке тiркелген және алатын күнi, құжаттарды қабылдап алған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон берiледi.
      15. Үйде оқитын және тәрбиеленетiн мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшiн құжаттарды ресiмдеу (ресiмдеуден бас тарту) туралы хабарламаны беру және жеткiзу тұрғылықты жерi бойынша уәкiлеттi органға тұтынушының өзiнiң келуi арқылы, сондай-ақ почталық хабарлама арқылы жүзеге асырылады.
      16. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден мынадай:
      1) аталған мемлекеттiк қызмет көрсетуге қажет құжаттардың бiреуi болмағанда, құжаттарды ресiмдеуде қателiктер табылған кезде;
      2) ұсынылған мәлiметтер мен құжаттардың жалғандығы негiздемелерi бойынша бас тартылады.
      Мемлекеттiк қызмет көрсетудi тоқтата тұру үшiн негiздемелер жоқ.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Уәкiлеттi органның лауазымды адамдарының қызметi Мемлекеттiк қызметшiлердiң ар-намыс кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында көзделген адамның конституциялық құқықтарының сақталуына негiзделедi және заңдылық, сыпайылық, толыққанды ақпараттың берiлуiн, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету, қызмет мiндетiне адал қарамауға жауапты болу қағидаттарында жүзеге асырылады.

4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа мен қолжетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      19. Уәкiлеттi органның жұмысы солар бойынша бағаланатын, мемлекеттiк қызметтердiң сапа және қолжетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң тиiстi бұйрығымен жыл сайын бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

      20. Уәкiлеттi лауазымды адамдардың әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымданудың тәртiбiн түсiндiретiн және шағымды дайындауға жәрдем көрсететiн мемлекеттiк органның атауы, оның заңды мекенжайы, электрондық поштасының мекенжайы, телефон нөмiрi осы стандартқа 1, 3-қосымшаларда көрсетiлген.
      21. Көрсетiлген қызметтiң нәтижесiмен келiспеген жағдайларда шағым осы мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң ұйымдастырылуына жауапты мемлекеттiк орган басшысының атына берiледi, олардың атауы, жұмыс кестесi және электрондық мекенжайы осы стандартқа 3-қосымшада көрсетiлген.
      22. Қызмет дөрекi көрсетiлген жағдайларда шағым кабинет нөмiрi уәкiлеттi органның стендiсiнде көрсетiлген, жұмыс кестесi мен электронды поштасының мекенжайы, телефондары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген уәкiлеттi органның басшысының атына берiледi.
      23. Көрсетiлген қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда тұтынушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.
      24. Жеке тұлғаның шағымында оның тегi, аты, әкесiнiң аты, пошталық мекенжайы көрсетiледi. Шағымға тұтынушының қолы қойылған болуға тиiс. Шағым берiлгенде қызметiне шағым жасалатын органның атауы немесе лауазымды адамның лауазымы, өтiнiш беру және талап ету себептерi көрсетiледi.
      25. Жазбаша шағым берген тұтынушыға, берiлген шағымға жауап алуға болатын күнi және уақыты, шағымды қарау барысы туралы бiлуге болатын лауазымды адамның байланыс деректерi көрсетiлген талон берiледi.
      26. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң мекенжайы: 010000, Астана қаласы, сол жақ жағалау, Орынбор көшесi, № 8-үй, «Министрлiктер үйi» әкiмшiлiк ғимараты, интернет-ресурс: http://www.enbek.gov.kz

«Үйде оқитын және тәрбиеленетiн      
мүгедек балаларды материалдық        
қамтамасыз ету үшiн құжаттарды ресiмдеу»
мемлекеттiк қызмет стандартына    
1-қосымша                 

Уәкiлеттi органдардың тiзбесi

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.08.17 N 1059 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

Ақмола облысының аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi

№ р/с

Уәкiлеттi органның атауы

Уәкiлеттi органның орналасқан заңды мекенжайы (қала, аудан, көше, үйдiң (пәтердiң) №, электронды поштаның мекенжайы)

Қала коды және телефон нөмiрi

Жұмыс кестесi

1

2

3

4

5

1

Ақкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесi, 81 akkol_ozsp@mail.ru

8-7163 82-10-48

Демалыс және мереке күндерiн қоспағанда,аптасына бес күн сағат 9-00 бастап 18-00 дейiн, түскi үзiлiс сағат 13-00 бастап 14-00 дейiн

2

Аршалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Аршалы ауданы, Аршалы ауылы, Тәшенов көшесi, 47 arshaly_rotz@kokshetau. online.kz

8-7164 42-13-76

3

Астрахан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Астрахан ауданы, Астрахан ауылы, Әл-Фараби көшесi, 50 astr_socz@kokshetau. online.kz

8-7164 12-25-34

4

Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, Ағыбай батыр көшесi, 50 atb_rotziszn@kokshetau. online.kz

8-71643 2-45-69

5

Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Бұланды ауданы, Макинск қаласы, Некрасов көшесi, 19 bulandy_rozsp@mail.ru

8-71646 2-14-26

Демалыс және мереке күндерiн қоспағанда,аптасына бес күн сағат 9-00 бастап 18-00 дейiн, түскi үзiлiс сағат 13-00 бастап 14-00 дейiн

6

Егiндiкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Егiндiкөл ауданы, Егiндiкөл ауылы, Жеңiс көшесi, 6 egindykol_ozsp@mail.ru

8-71642 2-15-44

7

Еңбекшiлдер ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Еңбекшiлдер ауданы, Степняк қаласы, Ленин көшесi, 64 oz_sp.enbek@bk.ru

8-71639 2-21-29

8

Ерейментау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, Кенесары көшесi, 87 eremzsp@mail.ru

8-71633 2-37-44

9

Есiл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Есiл ауданы, Есiл қаласы, Қонаев көшесi, 5 esil_sobes@mail.ru sobes@kokshetau.online. кz

8-71647 2-16-57

10

Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Достық көшесi, 3 soc_zahita_21@kokshetau.online.kz socasp@mail.ru

8-71635 2-13-00

11

Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Жарқайың ауданы, Державин қаласы, Ленин көшесi, 32 rusz_irk@kokshetau. оnline.kz

8-71648 9-17-02

12

Зерендi ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Зерендi ауданы, Зерендi ауылы, Бейбiтшiлiк көшесi, 64 sobes_zer_08@mail.ru

8-71632 2-11-68

Демалыс және мереке күндерiн қоспағанда,аптасына бес күн сағат 9-00 бастап 18-00 дейiн, түскi үзiлiс сағат 13-00 бастап 14-00 дейiн

13

Қорғалжын ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылы, Балғамбаев көшесi, 9 kszn@kokshetau.online.kz

8-71637 2-11-83

14

Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Сандықтау ауданы, Балкашино ауылы, Ленин көшесi, 117 Sondyktau_OZSP @kokshetau.online.kz

8-71640 9-17-43

15

Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Гагарин көшесi, 15 otdelakmol@mail.ru

8-71651 3-11-10

16

Шортанды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Шортанды ауданы, Шортанды кентi, Абылайхан көшесi, 22 shortsobes@mail.ru

8-71631 2-19-75

17

Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, 8 наурыз көшесi, 24 soczachita@ kokshetau. оnline.kz

8-71636 4-27-68

18

Степногор қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Степногор қаласы, 4-шағын аудан soc_progr@mail.ru

8-71645 6-26-33 6-20-30

19

Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Көкшетау қаласы, Локомативная көшесi, 9 а Sobes_kokshe@kokshetau.оnline.kz

8-71623 1-92-76 1-92-78

  1   2   3   4   5   6

Похожие:

Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi және жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы
Егемен Қазақстан" 2012. 12. 08., №809-814 (27885), 2012. 12. 12., №818-823 (27894), 2012. 12. 22., №842-846 (27917); "Казахстанская...
Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгi, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы
Азақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабына, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының...
Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгi, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы
Егемен Қазақстан" 2012. 09. 05. №582-587 (27660), 2012. 09. 08. №592-596 (27669); "Казахстанская правда" 05. 09. 2012 г., №297-298...
Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы iconӘлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң регламенттерiн бекiту туралы
Ақтөбе облыстық әкiмдiгiнiң 2012 жылғы 27 маусымдағы №224 қаулысы. Ақтөбе облысының Әдiлет департаментiнде 2012 жылғы 27 шiлдеде...
Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы iconАуыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы icon"Ақтөбе облысының жергiлiктi атқарушы органдарында мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою" мемлекеттiк қызмет регламентiн бекiту туралы
Ақтөбе облысының жергiлiктi атқарушы органдарында мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi...
Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы iconРегламенттерін бекіту туралы
Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 тамыздағы №1033 «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі және жергілікті атқарушы...
Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы iconҚоршаған ортаны қорғау аумағындағы электрондық мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы
Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 тамыздағы №1033 «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі және жергілікті атқарушы...
Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы iconБесінші шақырылған Зайсан аудандық мәслихатының кезектен тыс алтыншы сессиясы
«Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» 2011...
Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы iconФитосанитариялық қауiпсiздiк және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница