Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк терминология комиссиясы туралы




Скачать 57.15 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк терминология комиссиясы туралы
Дата конвертации11.02.2016
Размер57.15 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.til.vko.gov.kz/kz/files/2_03.doc
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк терминология комиссиясы туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 21 сәуiрдегi N 367


Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 12, 98-құжат


      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк терминология комиссиясы (Мемтерминком) туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн. 
      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк терминология комиссиясының құрамы бекiтiлсiн. 
      3. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын: 
      "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттiк терминология комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 30 маусымдағы N 744 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 27, 304-құжат); 
     "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 30 маусымдағы N 744 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 17 қазандағы N 1339 қаулысы(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 33, 414-құжат). 

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы           
Үкiметiнiң                
1998 жылғы 21 сәуiрдегi          
N 367 қаулысымен              
бекiтiлген                 

 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы
Мемлекеттiк терминология комиссиясы
(Мемтерминком) туралы
ЕРЕЖЕ

 1. Жалпы ережелер

     1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк терминология комиссиясы (бұдан әрi - Мемтерминком) экономиканың, ғылымның, техниканың, мәдениеттiң барлық салалары бойынша қазақ тiлiнiң терминологиялық лексикасы саласында ұсыныстар әзiрлейтiн консультациялық кеңесшi орган болып табылады. 
      2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. 
      3. Комиссияның құрамы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiледi. 
      4. Комиссия өз қызметiнде: 
      байырғы қазақ лексикасы (кәсiби лексика, диалектизм, ескiрген лексика, ауызекi тiл үлгiлерi және т.б.) сөздерiнiң қорын барынша пайдалану; 
      басқа түркi тiлдерiнiң оң тәжiрибесiн термин шығармашылығында пайдалану; 
      халықтардың арасындағы экономикалық, мәдени, ғылыми-техникалық байланыстарды жүзеге асыру үшiн қажеттi интернационалдық терминдердi қолдану. Аталған принцип терминдердi қазақ орфографиясының заңдарына бағындыру жолымен iске асырылады; 
      ғылымның, техниканың салалық аяларында семантикасы немесе нысаны бойынша тегi жағынан жақын терминдердiң қолданылуын үйлестiру, сондай-ақ ұлттық және интернационалдық терминдердiң табиғи тепе-теңдiгiн сақтау принциптерiн басшылыққа алады. 

 2. Негiзгi мiндеттерi мен өкiлеттiгi

     5. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мен өкiлеттiгi: 
      отырыстарда мақұлданған терминдер мен номенклатураларды қарау және бекiту; 
      экономиканың, ғылымның, техниканың және мәдениеттiң түрлi салалары бойынша комиссия бекiткен терминдердi бюллетеньдер мен салалық терминологиялық сөздiктер түрiнде шығаруға ұсынымдар дайындау, сондай-ақ терминдердi республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау; 
      Комиссияның құзыретiне енетiн жекелеген мәселелердi қарау үшiн терминологиялық секциялардың ғылыми хатшылары мен Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгінiң Тiл комитеті терминология және сөз мәдениетi бөлiмi қызметкерлерiнiң iшiнен жұмыс топтарын құру. <*>
      терминдер мен номенклатуралардың практикалық пайдаланылуы мен қолданылуының дұрыстығы мен дәйектiлiгiн айқындау мақсатында, қажет болған жағдайда қазақ тiлiнiң терминологиясын құру және жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды дайындау үшiн ғалымдарды, газеттер мен журналдар редакцияларының, теледидар мен радио хабарын таратудың, кiтап баспаларының, сондай-ақ республиканың мүдделi министрлiктерi мен ведомстволарының қызметкерлерiн тарту; 
      экономиканың, ғылымның, техниканың және мәдениеттiң тиiстi салалары бойынша терминология секцияларын құру.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.02.20. N 208, 2005.04.01. N 295 қаулыларымен. 

 3. Жұмысын ұйымдастыру

     6. Комиссияның отырысы оның төрағасы бекiтетiн жұмыс жоспарына сәйкес жүйелi түрде өткiзiледi. 
      Егер оған мүшелерiнiң жартысынан көбi қатысса, отырыс күшi бар деп саналады. 
      7. Комиссияның хатшысы отырыстың жұмыс жоспарын, күн тәртiбiн жасайды, комиссия мүшелерiнiң өзара iс-қимылын ұйымдастырады және iс қағаздарының жүргiзiлуiне жауап бередi. 
     8. Комиссияның шешiмдерi отырысқа қатысушы мүшелердiң санының көпшiлiк даусымен ашық дауыспен қабылданады.
     9. <*>
     Ескерту. 9-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.02.20. N 208 қаулысымен. 
     10. <*>
     Ескерту. 10-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.02.20. N 208 қаулысымен. 
     11. Мемтерминком өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне есеп бередi.  

Қазақстан Республикасы           
Үкiметiнiң                  
1998 жылғы 21 сәуiрдегi            
       N 367 қаулысына қосымша           

      ЕСКЕРТУ. Құрамға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.10.27. N 1621 қаулысымен, 2002.04.03. N 397 қаулысымен, 2002.10.09. N 1099 қаулысымен, 2003.05.23. N 486 қаулысымен, 2004.02.20. N 208 қаулысымен, 2005.04.01. N 295, 2006.06.27. N 588, 2007.10.04. N 897 қаулыларымен. 

 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы
Мемлекеттiк терминология комиссиясы мүшелерiнiң
ҚҰРАМЫ

Ертiсбаев                - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Ермұхамет Қабиденұлы       және ақпарат министрi, төраға

Бабақұмаров              - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Ержан Жалбақұлы            және ақпарат вице-министрi, төрағаның
                           орынбасары

Қажыбек                  - Қазақстан Республикасы Мәдениет және
Ерден Задаұлы              ақпарат министрлiгi Тіл комитетiнiң
                           төрағасы, хатшы

                          Комиссия мүшелерi: 

Хұсайын                  - Қазақстан Республикасы Бiлiм және
Көбей Шахметұлы            ғылым министрлiгi "А.Байтұрсынов
                           атындағы Тiл бiлiмi институты"
                           республикалық мемлекеттiк қазыналық
                           кәсіпорнының директоры

Юсуп                     - Қазақстан Республикасы Президентi-
Кеңес Сләмханұлы           нiң Әкiмшiлiгi Баспасөз қызметiнiң
                           бас сарапшысы (келiсiм бойынша)     

Кекілбаев Әбіш           - Қазақстан Республикасының
                           Парламенті Сенатының депутаты
                           (келісім бойынша)

Омашұлы Дәуітәлі         - Қазақстан Республикасы
                           Парламентінің Мәжілісі       
                           Аппаратының редакциялау және
                           аударма бөлімнің меңгерушісі
                           (келісім бойынша)

Айымбетов                - Қазақстан Республикасының Парламентi
Мәди                       Сенатының Аппараты Редакциялау,
                           аударма және актiлер шығару
                           бөлiмiнiң меңгерушiсi (келісім
                           бойынша)

Абдрахманов              - "Егемен Қазақстан" республикалық
Сауытбек                   газетi" ашық акционерлiк қоғамының
                           президентi (келiсiм бойынша)

Бейсенбайұлы             - "Қазақ ақпарат агенттігі" ұлттық
Жарылқап                   компаниясын акционерлiк қоғамының
                           бас редакторы (келiсiм бойынша)

Құлкенов                 - "Ана тiлi" ұлт газетiнiң бас редакторы
Мереке Әбдешұлы            (келiсiм бойынша)

Момынова                 - Қазақстан Республикасы Бiлiм және
Бағдан Қапайқызы           ғылым министрлігі Әл-Фараби атындағы
                           Қазақ ұлттық университетiнiң
                           профессоры 

Қалиев                   - "Абылай хан атындағы Қазақ
Байынқол Қалиұлы           мемлекеттiк халықаралық қатынастар
                           және әлем тiлдерi университетi"
                           акционерлiк қоғамының профессоры,
                           филология ғылымдарының докторы     
 
Ахметов                  - Қазақстан Республикасы Денсаулық
Мұхамедия                  сақтау министрлігінің Қазақ
                           мемлекеттік медицина академиясы
                           тағамтану кафедрасының
                           профессоры, медицина ғылымдарының
                           кандидаты

Құрманбайұлы             - Қазақстан Республикасы Білім және
Шерубай                    ғылым министрлігі Л.Н. Гумилев
                           атындағы Еуразия ұлттық
                           университетінің кафедра
                           меңгерушісі, профессор, филология
                           ғылымдарының докторы 

Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк терминология комиссиясы туралы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк ономастика комиссиясы туралы
Республикасындағы тiл туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегi Заңының 23-бабына сәйкес (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк терминология комиссиясы туралы iconАуыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк терминология комиссиясы туралы iconҚазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік шекара комиссиясы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы №1457 Қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік шекара комиссиясы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк терминология комиссиясы туралы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы
Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк терминология комиссиясы туралы iconМемлекеттiк қызметтер көрсету стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк терминология комиссиясы туралы icon1-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мәртебесi
Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретiн, ұйымдастырылуы...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк терминология комиссиясы туралы icon1-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мәртебесi
Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретiн, ұйымдастырылуы...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк терминология комиссиясы туралы iconФитосанитариялық қауiпсiздiк және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк терминология комиссиясы туралы iconҚазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру туралы
Ескерту. Тақырыбына және кiрiспеге өзгерту енгiзiлдi ҚР Үкiметiнiң 2008. 07. 31. N 725 Қаулысымен
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк терминология комиссиясы туралы iconМемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы
Азақстан Республикасының ПҮаж-ы, 2011 ж., N 28, 350-құжат; "Егемен Қазақстан" 2011 жыл, 27 тамыз №395-399 (26793), 3 қыркүйек №409-413...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница