«Зейнетақы қорларына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет регламентін әзірлеуге қойылатын бірыңғай талаптар




Название«Зейнетақы қорларына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет регламентін әзірлеуге қойылатын бірыңғай талаптар
страница7/9
Дата конвертации11.02.2016
Размер1.21 Mb.
ТипРегламент
источникhttp://www.bala-kkk.kz/sites/default/files/upload/files/Zakony/prilozhenie_kaz.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Кесте. Шартты белгілер





Бастапқы хабарлама



Аяқтаушы хабарлама



Аралық хабарлама



Аяқтаушы қарапайым оқиға



Қате



Оқиғалар-таймерлер



Ақпараттық жүйе



Үдерiс



Шарт




Хабарламалар ағыны




Басқару ағыны



Соңғы тұтынушыға ұсынылатын электрондық құжат
Ескертпе:

Диаграмманың үлгілік рәсімделуі бизнес үрдістерді модельдеу үшін пайдаланылатын BPMN 1.2 графикалық нотациясында келтірілген. BPMN модельдеу графикалық элементтердің аз саны бар диаграммалар арқылы жүзеге асырылады. Бұл тұтынушыларға үдерістің қисынын жылдам түсінуге көмектеседі. Элементтердің төрт негізгі санатын атап көрсетуге болады:

1) басқару ағынының объектілері: оқиғалар, әрекеттер және қисынды операторлар;

2) біріктіруші объектілер: басқару ағыны, хабарламалар ағыны және қауымдастықтар;

3) рөлдер: пулалар және жолдар;

4) артефакттар: деректер, топтар және мәтіндік аннотациялар.

Осы төрт санаттың элементтері бизнес үдерістердің диаграммасын құруға мүмкіндік береді. Айрықшалық моделінің мәнерлілігін арттыру үшін «Ескертпелер» деген бөлімде келтірілуі тиіс басқару ағыны объектілерініғ жаңа түрлерін және артефакттарды құруға рұқсат береді.


«Тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған

балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді ресімдеу үшін

қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге

асыратын органдарының анықтамаларын беру» мемлекеттік қызмет регламентін әзірлеуге қойылатын бірыңғай талаптарға

5-қосымша


Электрондық мемлекеттік қызметтерінің «сапа» және «қолжетімділік» көрсеткіштерін анықтау үшін сауалнаманың нысаны
_______________________________________________________
(мемлекеттік қызмет стандартының атауы)


1. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің сапасына және нәтижесіне қанағаттанасыз ба?

1) қанағаттанған жоқпын;

2) ішінара қанағаттанамын;

3) қанағаттанамын.


2. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпараттың сапасына қанағаттанасыз ба?

1) қанағаттанған жоқпын;

2) ішінара қанағаттанамын;

3) қанағаттанамын.

_________________________


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрайымының

2012 жылғы «____»____________

№ ____ бұйрығымен

бекітілген


«Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламентін әзірлеуге қойылатын бірыңғай талаптар


1. Жалпы ережелер


1. Осы «Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламентін әзірлеуге қойылатын бірыңғай талаптар (бұдан әрі – Бірыңғай талаптар) мемлекеттік қызмет регламентінің мазмұнына және әзірлеу тәртібіне негізгі талаптарды айқындайды.

2. Бірыңғай талаптардың мақсаты мемлекеттік қызмет көрсету стандартының бұзылмауын қамтамасыз етуге талаптарды белгілеу және мемлекеттік органдардың, оларға бағынысты ұйымдардың, лауазымды тұлғалардың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік қызмет көрсету бойынша іс-қимыл тәртібін айқындау болып табылады.


2. Мемлекеттік қызмет көрсету регламентін

әзірлеуге қойылатын талаптар


3. Мемлекеттік қызмет көрсету регламенті мынадай талаптарға сай болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет көрсету кезінде әкімшілік ресімдер мен лауазымды тұлғалар арасында нақты логикалық өзара байланыс пен үйлесімділікті сақтауы;

2) құрылымдық бөлімшелерінің (ведомстволық бағынысты ұйымдардың) қызметін қоса отырып, мемлекеттік органның барлық қызмет ету аясын қамтуы;

3) егер мемлекеттік қызмет бірнеше мемлекеттік органдардың, олардың ведомствалық бағынысты ұйымдардың және өзге жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі – мүдделі органдар) қатысуымен көрсетілетін болса, онда мемлекеттік қызмет көрсету регламенті мүдделі органдардың бірлескен бұйрығымен бекітілуі;

4) қысқа да түсінікті баяндалуы.

4. Мемлекеттік қызмет регламентінің құрылымы мынадай бөлімдерден құралуы тиіс:

1) Негізгі ұғымдар;

2) Жалпы ережелер;

3) Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет
(өзара іс-қимыл) тәртібін сипаттау.

5. «Жалпы ережелер» бөлімі төмендегі тармақтардан құралуы тиіс:

5.1. Осы «Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламентінде (бұдан әрі – Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) мемлекеттік қызмет – жеке және заңды тұлғалардың (мемлекеттік органдардан басқа) қажеттіліктерін қанағанттандыруға бағытталған, жеке дара сипатқа ие және жеке және (немесе) заңды тұлғалардың (мемлекеттік органдардан басқа) өтініші бойынша жүзеге асырылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мемлекеттік органдардың жеке функцияларын жүзеге асыру нысандарының бірі болып табылатын мемлекеттік органдардың, оларға бағынысты ұйымдардың және өзге жеке және заңды тұлғалардың қызметі;

2) тұтынушы – мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлғалар;

3) жетiм бала (балалар) – ата-анасының екеуi де немесе жалғыз анасы (әкесi) қайтыс болған бала (балалар);

4) қамқоршылық – он төрттен он сегiз жасқа дейiнгi баланың (балалардың), сондай-ақ спирттiк iшiмдiктерге немесе есiрткi заттарына салыну салдарынан сот әрекет қабiлетiн шектеген кәмелетке толған адамдардың құқықтары мен мүдделерiн қорғаудың құқықтық нысаны;

5) қорғаншылық – он төрт жасқа толмаған балалардың және сот әрекетке қабiлетсiз деп таныған адамдардың құқықтары мен мүдделерiн қорғаудың құқықтық нысаны;

6) қорғаншы немесе қамқоршы – қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тәртiппен тағайындалған тұлға;

7) уәкілетті орган – электрондық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган (мемлекеттік мекеме);

8) құрылымдық функционалдық бiрлiктер (бұдан әрi – ҚФБ) – мүдделі мемлекеттік органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын ақпараттық жүйелер (кіші жүйелер).

6. «Жалпы ережелер» бөлімі мынадай тармақтардан құралуы тиіс:

6.1. Мемлекеттік қызмет регламенті «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.

6.2. Мемлекеттік қызмет стандартын (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) мекенжайлары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы «_____»___________________№ ____ қаулысымен бекітілген «Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрi – Стандарт) 1-қосымшада көрсетілген Астана қаласының білім басқармасы, қалалық және аудандық білім бөлімдері (бұдан әрі – білім бөлімдері) көрсетеді.

6.3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

6.4. Мемлекеттік қызмет регламенті Стандарт, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 124 – 125-баптары, «Адамдардың бала асырап алуына, оны қамқоршылыққа (қорғаншылыққа), патронатқа алуына болмайтын аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 маусымдағы № 842 қаулысы негізінде жүзеге асырылады.

6.5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған балаларға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы анықтама беру (бұдан әрі – анықтама) не қызмет көрсетуден бас тартудың дәлелді жауабын ұсыну болып табылады.

6.6. Мемлекеттік қызмет стандарты туралы ақпарат:

1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің интернет-ресурсында (www.bala-kkk.kz, «Нормативтік құқықтық актілер» бөлімі);

2) уәкілетті органдардың үй-жайында орналасқан стенділерде орналасады.

6.7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1) тұтынушы Стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтізбелік отыз күнді (құжаттарды қабылдаған күн және берген күн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi) құрайды;

2) өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiн күтудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты 20 минуттан аспайды;

3) өтiнiш берген күнi сол жерде тұтынушыға көрсетiлетiн қызмет көрсетудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты 20 минуттан аспайды.

6.8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

6.9. Тұтынушылар уәкілетті органның белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін маманға жүгінеді, қызметті ұсыну тәртібі туралы тиісті консультация алады, құжаттардың, толтырылған бланкілердің, нысандардың, өтініштің және мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті басқа да құжаттардың түнұсқалары мен көшірмелерін ұсынады.

Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары көшірмелерімен қоса беріледі, кейін олар тұтынушыға қайтарылады.

Уәкілетті орган тұтынушы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған;

қызмет көрсету үшін шешім қабылдау үшін қажетті құжаттарда жалған немесе бұрмаланған мәліметер анықталған жағдайда құжаттар қабылдаудан бас тартады.

7. «Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет
(өзара іс-қимыл) тәртібін сипаттау» бөлімі мынадай тармақтардан құралуы тиіс:

7.1. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш және Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды уәкілетті органға ұсынады.

7.2. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық құжаттарды тапсырған кезде тұтынушыға барлық құжаттарды алғаны туралы қолхат беріледі, онда мемлекеттік қызметті алатын күн көрсетіледі.

7.3. Құжаттарды жұмысқа қабылдағаннан кейін уәкілетті орган маманы:

құжаттардың толықтығна тексеру жүргізуді жүзеге асырады;

деректерді тексереді;

бала тәрбиелеуге үміткер адам өмірінің тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеріп-қарауды жүргізеді;

тұтынушыға беру үшін қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеу туралы туралы әкім қаулысын дайындауды жүзеге асырады.

Тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң тұтынушы көрсетілген мемлекеттік қызметті алу үшін уәкілетті органға жүгінеді.

Белгіленген үлгідегі анықтама тұтынушыға өзі барғанда беріледі.

7.4. Ақпараттық қауiпсiздiкке талаптар:

1) құпиялылық (ақпараттарды рұқсатсыз алудан қорғау);

2) толықтық (ақпараттарды рұқсатсыз өзгертуден қорғау);

3) қол жетiмдiлiк (ақпараттар мен ресурстарды рұқсатсыз ұстаудан қорғау).

7.5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде:

1) өтініштерді тікелей қабылдауды, тіркеуді, өңдеуді жүзеге асырады, көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысанын ұсынатын уәкілетті органның мамандары;

2) қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеу туралы қаулыға қол қоятын аудан (қала) әкімі.

7.6. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісіндегi әкiмшiлiк әрекеттердiң логикалық дәйектiлiгi мен құрылымдық-функционалдық бiрлiктер арасындағы өзара байланысты көрсететiн сызба осы Регламентке 1 және 2-қосымшаларда келтірілген.

_________________________


«Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған

балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды

ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламентін әзірлеуге

қойылатын бірыңғай талаптарға

1-қосымша


1-кесте. Құрылымдық-функционалдық бірліктердің (ҚФБ) іс-қимылын сипаттау


Негізгі үдерістің (жұмыстар барысының, ағынының) әрекеті

1

Әрекет (жұмыстар барысының, ағынының) №

1

2

2

ҚФБ, АЖатауы


Уәкілетті орган маманы

Уәкілетті орган маманы

3

Әрекеттің (үдерістің, рәсімдеудің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Тұтынушы ұсынған стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды тексеру және қабылдау. Құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат.

Түскен құжаттардың толықтығына тексеру жүргізу, деректерді зерделеу

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-басшылық ету шешімі)

деректер

анықтама

5

Орындау мерзімдері

бір күн ішінде

күнтізбелік отыз күн

6

Келесі әрекеттің нөмірі


2 баған

Дайын құжатты тұтынушыға беру
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

«Зейнетақы қорларына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет регламентін әзірлеуге қойылатын бірыңғай талаптар iconКәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге
Выдача справок органов, осуществляющих функции по опеке или попечительству, для оформления сделок с имуществом, принадлежащим на...
«Зейнетақы қорларына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет регламентін әзірлеуге қойылатын бірыңғай талаптар iconБірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы №240 Қаулысы
«Зейнетақы қорларына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет регламентін әзірлеуге қойылатын бірыңғай талаптар icon«Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандартына
Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің Ұлттық мұрағаты
«Зейнетақы қорларына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет регламентін әзірлеуге қойылатын бірыңғай талаптар iconҚазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті туралы ереже Жалпы ережелер
Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды орындауға уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік...
«Зейнетақы қорларына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет регламентін әзірлеуге қойылатын бірыңғай талаптар iconҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Зайсан аудандық аумақтық инспекциясы туралы ереже
Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Зайсан аудандық аумақтық инспекциясы туралы ереже Қазақстан Республикасы...
«Зейнетақы қорларына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет регламентін әзірлеуге қойылатын бірыңғай талаптар iconҚазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы
Осы Заң қаржы полициясы органдарының құқықтық мәртебесiн, мiндеттерiн, ұйымдастырылу және қызмет ету принциптерiн, өкiлеттiгiн, сондай-ақ...
«Зейнетақы қорларына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет регламентін әзірлеуге қойылатын бірыңғай талаптар iconТұрақты жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі
«Зейнетақы қорларына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет регламентін әзірлеуге қойылатын бірыңғай талаптар icon«Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет регламенті
«Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Павлодар облысының мемлекеттік мұрағаттары (бұдан...
«Зейнетақы қорларына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет регламентін әзірлеуге қойылатын бірыңғай талаптар iconҚазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Инвестиция комитетінің аумақтық департаменті
«Бурабай» арнайы экономикалық аймағының (бұдан әрі аэа) жұмыс істеуін қамтамасыз етумен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес...
«Зейнетақы қорларына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет регламентін әзірлеуге қойылатын бірыңғай талаптар iconЖинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №76 Қаулысы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница