«Зейнетақы қорларына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет регламентін әзірлеуге қойылатын бірыңғай талаптар




Название«Зейнетақы қорларына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет регламентін әзірлеуге қойылатын бірыңғай талаптар
страница5/9
Дата конвертации11.02.2016
Размер1.21 Mb.
ТипРегламент
источникhttp://www.bala-kkk.kz/sites/default/files/upload/files/Zakony/prilozhenie_kaz.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Кесте. Шартты белгілер





Бастапқы хабарлама



Аяқтаушы хабарлама



Аралық хабарлама



Аяқтаушы қарапайым оқиға



Қате



Оқиғалар-таймерлер



Ақпараттық жүйе



Үдерiс



Шарт




Хабарламалар ағыны




Басқару ағыны



Соңғы тұтынушыға ұсынылатын электрондық құжат
Ескертпе:

Диаграмманың үлгілік рәсімделуі бизнес үрдістерді модельдеу үшін пайдаланылатын BPMN 1.2 графикалық нотациясында келтірілген. BPMN модельдеу графикалық элементтердің аз саны бар диаграммалар арқылы жүзеге асырылады. Бұл тұтынушыларға үдерістің қисынын жылдам түсінуге көмектеседі. Элементтердің төрт негізгі санатын атап көрсетуге болады:

1) басқару ағынының объектілері: оқиғалар, әрекеттер және қисынды операторлар;

2) біріктіруші объектілер: басқару ағыны, хабарламалар ағыны және қауымдастықтар;

3) рөлдер: пулалар және жолдар;

4) артефакттар: деректер, топтар және мәтіндік аннотациялар.

Осы төрт санаттың элементтері бизнес үдерістердің диаграммасын құруға мүмкіндік береді. Айрықшалық моделінің мәнерлілігін арттыру үшін «Ескертпелер» деген бөлімде келтірілуі тиіс басқару ағыны объектілерініғ жаңа түрлерін және артефакттарды құруға рұқсат береді.

«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде

анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет регламентін

әзірлеуге қойылатын бірыңғай талаптарға

5-қосымша


Электрондық мемлекеттік қызметтерінің «сапа» және «қолжетімділік» көрсеткіштерін анықтау үшін сауалнаманың нысаны
_______________________________________________________
(мемлекеттік қызмет стандартының атауы)


1. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің сапасына және нәтижесіне қанағаттанасыз ба?

1) қанағаттанған жоқпын;

2) ішінара қанағаттанамын;

3) қанағаттанамын.


2. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпараттың сапасына қанағаттанасыз ба?

1) қанағаттанған жоқпын;

2) ішінара қанағаттанамын;

3) қанағаттанамын.

_________________________


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрайымының

2012 жылғы «____»____________

№ ____ бұйрығымен

бекітілген


«Тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарының анықтамаларын беру» мемлекеттік қызмет регламентін әзірлеуге қойылатын бірыңғай талаптар


1. Жалпы ережелер


1. Осы «Тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарының анықтамаларын беру» мемлекеттік қызмет регламентін әзірлеуге қойылатын бірыңғай талаптар (бұдан әрі – Бірыңғай талаптар) электрондық мемлекеттік қызмет регламентінің мазмұнына және әзірлеу тәртібіне негізгі талаптарды айқындайды.

2. Бірыңғай талаптардың мақсаты мемлекеттік қызмет көрсету стандартының бұзылмауын қамтамасыз етуге талаптарды белгілеу және мемлекеттік органдардың, оларға бағынысты ұйымдардың, лауазымды тұлғалардың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік қызмет көрсету бойынша іс-қимыл тәртібін айқындау болып табылады.


2. Мемлекеттік қызмет көрсету регламентін

әзірлеуге қойылатын талаптар


3. Мемлекеттік қызмет көрсету регламенті мынадай талаптарға сай болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет көрсету кезінде әкімшілік ресімдер мен лауазымды тұлғалар арасында нақты логикалық өзара байланыс пен үйлесімділікті сақтауы;

2) құрылымдық бөлімшелерінің (ведомстволық бағынысты ұйымдардың) қызметін қоса отырып, мемлекеттік органның барлық қызмет ету аясын қамтуы;

3) егер мемлекеттік қызмет бірнеше мемлекеттік органдардың, олардың ведомствалық бағынысты ұйымдардың және өзге жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі – мүдделі органдар) қатысуымен көрсетілетін болса, онда мемлекеттік қызмет көрсету регламенті мүдделі органдардың бірлескен бұйрығымен бекітілуі;

4) қысқа да түсінікті баяндалуы.

4. Мемлекеттік қызмет регламентінің құрылымы мынадай бөлімдерден құралуы тиіс:

1) Жалпы ережелер;

2) Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету жөнінде қызмет беруші әрекетінің тәртібі;

3) Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау.

5. «Жалпы ережелер» бөлімі төмендегі тармақтардан құралуы тиіс:

5.1. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы «___»_________________ № ______ қаулысымен бекітілген «Тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарының анықтамаларын беру» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі – Cтандарт) негізінде көрсетіледі.

5.2. Мемлекеттік қызмет стандартын мекенжайлары Стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген Астана қаласының білім басқармасы, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері (бұдан әрі – білім бөлімдері) Халыққа қызмет көрсету орталықтары, сондай-ақ, тұтынушыда электрондық сандық қолтаңба (бұдан әрі – ЭСҚ) болған жағдайда «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

Шалғайдағы елді мекен тұрғындарына мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметтерді Жылжымалы Орталықтар арқылы көрсетуге жол беріледі.

5.3. Электрондық мемлекеттік қызметті автоматтандыру деңгейі: ішінара автоматтандырылған (медиа-алшақтықтары бар электрондық мемлекеттік қызмет).

5.4. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету түрі: транзакциялық.

5.5. Осы Регламентте пайдаланылатын ұғымдар мен қысқартулар:

1) ЖТ МДБ – «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер базасы;

2) жеке сәйкестендіру нөмірі – жеке тұлға, оның ішінде жеке кәсіпкерлік түрінде өзінің қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі – ЖСН);

3) ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешенді қолданумен ақпаратты сақтау, өңдеу, іздеу, тарату, тапсыру және беру үшін арналған жүйе (бұдан әрі – АЖ);

4) медиа-алшақтық – құжаттарды электрондық нысаннан қағаз немесе керсінше нысанға өзгерту қажет кезінде қызметтерді көрсету үдерісінде қағаз және электрондық құжат айналымының кезектесуі;

5) пайдаланушы – оған қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшін ақпараттық жүйеге жүгінетін және оларды пайдаланатын субъект;

6) тұтынушы – қызмет алк үшін уәкілетті орган атына ресми өтінішпен шыққан не «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық өтінімді жіьберетін жеке тұлға;

7) «Электрондыќ үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алєанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық мемлекеттік қызметтерге қолжетімділіктің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЭҮП);

8) жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – ЖАО) – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

9) халыққа қызмет көрсету орталықтарының кіріктірілген ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ХҚКО КАЖ) – халыққа (жеке және заңды тұлғаларға) Қазақстан Республикасының Халыққа қызмет көрсету орталықтары, сондай-ақ тиісті министрліктер мен ведомстволар арқылы қызмет көрсету үдерісін автоматтандыру үшін арналған ақпараттық жүйе;

10) «Өңірлік шлюз «электрондық үкіметң» шлюзінің кіші жүйесі ретінде» (бұдан әрі – ЭҮӨШ АЖ) – «е-үкімет» пен «е-әкімдіктер» инфрақұрылымының кіріктіруін қамтамасыз етуге арналған ақпараттық жүйе («электрондық үкімет» шлюзі арқылы жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік ақпараттық ресурстарға қолжетімділігі тетіктерін ұсыну, сондай-ақ азаматтар мен бизнес-құрылымдарға өңірлік деңгейде электрондық қызметтер көрсету. ЭҮӨШ АЖ кіріктірудің кіші жүйесінен жәнt ЖАО қызметкерлерінің автоматтандырылған жұмыс орнынан құралған);

11) автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі – АЖО) – ЖАО қызметтерін көрсетудің ішкі бизнес-үдерістерін жүзеге асыруды, қызмет тұтынушылары және мемлекеттік органдардың мемекеттік мекемелердің мониторингі үшін уәкілетті тұлғаларына қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпарат ұсынуды қамтамасыз етеді;

12) ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары (бұдан әрi – АКҚҚ) – мағынасын жасыру не/немесе түпнұсқаландыруды қамтамасыз ету (түпнұсқаландыру деп ақпараттың түпнұсқа екенiн анықтау түсiнiледi және алынған ақпарат бұрмаланбай берiлдi дегендi бiлдiредi) мақсатында ақпаратты қайта құрудың алгоритмдерi мен әдiстерi;

13) құрылымдық функционалдық бiрлiктер (бұдан әрi – ҚФБ) – электрондық мемлекеттiк қызмет көрсету процесiне қатысатын мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мекемелердiң және өзге де ұйымдардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң тiзбесi;

14) транзакциялық қызмет – электрондық цифрлық қолтаңбаны қолданумен өзара ақпарат алмасуды талап ететін, пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстарды беру жөніндегі қызмет;

15) уәкілетті орган – электрондық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган (мемлекеттік мекеме);

16) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңбаның құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнның тұрақтылығын растайтын электрондық цифрлық таңбалардың жиынтығы (бұдан әрі – ЭЦҚ);

17) мемлекеттік электрондық қызметтер – ақпараттық технологияларды пайдаланумен электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер;

18) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылєан құжат.

19) «электрондық үкіметтің» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) – электрондық қызметтерді жүзеге асыру шеңберінде «электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйелерін кіріктіруге арналған ақпараттық жүйе.

6. «Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету жөнінде қызмет беруші әрекетінің тәртібі» төмендегі тармақтардан құралуы тиіс:

6.1. Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы ішінара автоматтандырылған электрондық мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызмет берушінің адымдық әрекеттері мен шешімдері:

өзімен бірге өтініш пен Стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттардың түпнұсқалаларын ала отырып, тұтынушы мемлекеттік қызмет алу үшін ХҚКО-на жүгінуі тиіс;

1-үдеріс – ХҚКО қызметкерінің тұтынушы өтініші мен құжаттарының түпнұсқалығын тексеру үдерісі;

2-үдеріс – тұтынушының өтінішінде немесе құжаттарында бұзушылықтар болуына байланысты ХҚКО қызметкерінің сұрау салынатын мемлекеттік ќызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;

3-үдеріс – ХҚКО қызметкерінің тұтынушы деректерін ХҚКО КАЖ жүйесінде енгізуі;

4-үдеріс – ЖТ МДБ-дан тұтынушы деректерін тексеруге сұрау салу;

5-үдеріс – тұтынушының сұрау салынған деректерінің ЖТ МДБ-да болмауына байланысты, ақпаратты ЖТ МДБ-да тексерудің мүмкін еместігі туралы хабарламаны қалыптастыру. Тұтынушыда адамның жеке басын растайтын құжаттың түпнұсқасы болған жағдайда ХҚКО қызметкерінің жеке тұлға туралы деректерді қолмен енгізуі;

6-үдеріс – АХАЖ АЖ-де бала туралы деректерді тексеруге сұрау салу;

7-үдеріс – сұрау салынған деректердің АХАЖ АЖ-де болмауына байланысты, бала туралы ақпаратты АХАЖ АЖ-де тексерудің мүмкін еместігі туралы хабарламаны қалыптастыру. Тұтынушыда туу туралы куәліктің түпнұсқасы болған жағдайда ХҚКО қызметкерінің жеке тұлға туралы деректерді қолмен енгізуі;

8-үдеріс – ЭҮӨШ АЖ жүйесінде өтініш нысанына қоса тіркеу үшін тұтынушы ұсынған қажетті құжаттарды ХҚКО қызметкерінің сканерлеуі;

9-үдеріс – өтінішті ХҚКО КАЖ-де тіркеу және тұтынушы өтінішін электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуге тұтынушы өтінішінің толырылған нысанын (енгізілген деректердің) ХҚКО қызметкерінің ЭСҚ арқылы қол қою;

1-шарт – тұтынушы АКҚҚ және куәландыру орталығының ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – КО АЖ) пайдалана отырып, тіркеу куәлігінің және ХҚКО қызметкерінің ЭСҚ түпнұсқалығының жарамдылық мерзімін тексеру;

10-үдеріс – ХҚКО қызметкерінің ЭСҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты қол қоюдан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

11-үдеріс – электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салудың (енгізілген деректер мен сканерленген құжаттардың) толтырылған нысанын ХҚКО қызметкерінің ЭСҚ арқылы қол қою;

12-үдеріс – электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуге тұтынушының сұрау салуын ХҚКО КАЖ-нен ЭҮӨШ АЖ-ға автоматты түрде беру үдерісі;

13-үдеріс – уәкілетті орган қызметкерлерінің тұтынушы сұрау салуын ЭҮӨШ АЖ-да бес жұмыс күні ішінде өңдеу (құжаттарды қабылдаған күн және берген күн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi);

14-үдеріс – уәкілетті орган қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес қалыптастыруы. Электрондық құжат мемлекеттік органның АКҚҚ мен КО АЖ пайдалана отырып қалыптастырылады;

15-үдеріс – ЭҮӨШ АЖ жүйесінен ХҚКО КАЖ-ға қалыптастырылған шығыс құжатпен сұрау салу мәртебесін автоматты түрде беру үдерісі және оны ХҚКО қызметкерінің тұтынушыға өзі барғанда немесе электрондық поштаға жіберу арқылы беруі.

6.2. ЭҮП арқылы ішінара автоматтандырылған электрондық мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызмет берушінің адымдық әрекеттері мен шешімдері:

тұтынушы ЖСН көмегімен ЭҮП-да тіркеуден өтуі тиіс (ЭҮП-да тіркелмеген тұтынушылар үшін жүзеге асырылады);

«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардаңы Заңына сәйкес тұтынушының және КО АЖ-ның ЭСҚ (бұдан әрі – тұтынушының ЭСҚ) қалыптастыру және тексеру үдерісін іске асыратын криптографиялық қорғау құралдарын пайдаланумен қызметтерді тұтынушының электрондық цифрлық қолтаңбаның кілтімен қол қойылған, электрондық құжат түрінде уәкілетті органға берілген сұрау салудың негізінде электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсетудің нәтижесі тұтынушыға беріледі;

1-үдеріс – ЭҮП-дағы тұтынушы туралы деректердің дұрыстығын тексеру үдерісі (ЖСН және пароль);

2-үдеріс – тұтынушының деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты сұрау салынатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

3-үдеріс – тұтынушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету және оның құрылымы мен форматтық талаптарды ескере отырып, тұтынушының нысанды толтыруы үшін сұрау салу нысанын экранға шығару (деректерді енгізу);

4-үдеріс – ЖТ МДБ ақпараттық жүйесінен жеке тұлғаның (тұтынушының) қажетті деректеріне сұрау салу;

5-үдеріс – АХАЖ АЖ-де бала туралы деректерді тексеруге сұрау салу;
6-үдеріс – сұрау салынған деректердің АХАЖ АЖ-де болмауына байланысты, бала туралы ақпаратты АХАЖ АЖ-де тексерудің мүмкін еместігі туралы хабарламаны қалыптастыру. Тұтушының бала туралы деректерді қолмен енгізуі;

7-үдеріс – тұтынушының қажетті деректерді енгізуі және Стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды өтініш нысанына сканерленген көшірмелер түрінде қоса тіркеу;

8-үдеріс – өтінішті ЭҮП-да тіркеу және электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салудың (енгізілген деректер мен сканерленген құжаттардың) толтырылған нысанын тұтынушының ЭСҚ арқылы қол қою;

1-шарт – тұтынушы АКҚҚ және куәландыру орталығының ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – КО АЖ) пайдалана отырып, тіркеу куәлігінің және тұтынушының ЭСҚ түпнұсқалығының жарамдылық мерзімін тексеру;

9-үдеріс – тұтынушының ЭСҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

10-үдеріс – электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салудың (енгізілген деректер мен сканерленген құжаттардың) толтырылған нысанын тұтынушының ЭСҚ арқылы қол қою;

11-үдеріс – электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуге тұтынушының сұрау салуын ЭҮП-нан ЭҮӨШ АЖ-ға автоматты түрде беру үдерісі;

12-үдеріс – уәкілетті орган қызметкерлерінің тұтынушы сұрау салуын ЭҮӨШ АЖ-да бес жұмыс күні ішінде өңдеу (құжаттарды қабылдаған күн және берген күн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi);

13-үдеріс – уәкілетті орган қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес қалыптастыруы. Электрондық құжат мемлекеттік органның АКҚҚ мен КО АЖ пайдалана отырып қалыптастырылады;

14-үдеріс –қалыптастырылған шығыс құжатпен сұрау салу мәртебесін ЭҮӨШ АЖ жүйесінен ХҚКО КАЖ-ға, сондай-ақ тұтынушының ЭҮП-дағы жеке кабинетіне және электрондық поштаға жіберу арқылы беру.

6.3. Өтінішке қоса берілетін құжаттар:

Тұтынушы ХҚКО-на жүгінген кезде құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, оларды ХҚКО қызметкерлері сканерлейді және өтітішке тіркеледі.

Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары көшірмелерімен қоса беріледі, кейін олар өтініш берушіге қайтарылады.

Мемлекеттік электрондық ақпарат ресурстары болып табылатын мәліметтерді уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден Халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйесі арқылы электрондық сандық қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжаттар нысанында алады.

Тұтынушы ЭҮП арқылы жүгінген кезде:

құжаттар сканерленген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға тіркеледі.

Мемлекеттік электрондық ақпарат ресурстары болып табылатын мәліметтерді уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден Халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйесі арқылы электрондық сандық қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжаттар нысанында алады.

6.5. Тұтынушының электрондық мемлекеттік қызмет көрсету бойынша сұрау салудың орындалу мәртебесін тексеру тәсілі: «электрондық үкімет» порталындағы «Қызмет көрсетулерді алу тарихы» бөлімінде, сондай-ақ ХҚКО-ға жүгінген кезде.

6.6. Электрондық мемлекеттік қызмет, уәкілетті лауазымды тұлғалардың әркетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру туралы, сондай-ақ қажет болған жағдайда электрондық мемлекеттік қызметтің сапасын бағалау қажеттілігі болған жағдайда, ақпарат алу үшін мемлекеттік органдардың атаулары, заңды мекенжайлары, телефон нөмірлері Стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген.

7. «Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау» бөлімі төмендегі тармақтардан құралуы тиіс:

7.1. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мекемелердің немесе АЖ-дің тізбесі:

1) ЭҮП;

2) ЭҮӨШ АЖ;

3) ЭҮШ;

4) ХҚКО КАЖ;

5) Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес уәкілетті орган;

2) Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес ХҚКО.

7.2. Мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің, мемлекеттік мекемелердің немесе басқа ұйымдар іс-әрекеттер (рәсімдер, қызметтер, операциялар) тізбегінің мәтіндік кестелік сипаттамасы, әр әрекетті орындау мерзімін көрсете отырып, осы Регламентке 1-қосымшада келтірілген.

7.3. Осы Регламентке 2, 3 және 4-қосымшаларда мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мекемелердің немесе өзге ұйымдардың құрылымдық бөлімшелері іс-әрекетінің осы Регламенттің 6-тармағында көрсетілген сипаттауларына сәйкес логикалық тізбектілігінің өзара байланысын (электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдересінде) бейнелейтін диаграммалар ұсынылған.

7.4. Тұтынушыларға электрондық мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Регламентке 5-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

7.5. Тұтынушылардың электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қойылатын талаптар:

1) мемлекеттік органдардың бірыңғай қорғалған көлік ортасын, ақпаратты кепілдендірілген жеткізудің бағдарламалық құралдарын және техникалық және ұйымдастыру сипатындағы іс-шараларды пайдалану есебінен ақпараттық алмасу кезінде ақпараттың сақталуын, қорғалуын қамтамасыз ету;

2) персоналдың серверлерге, белсенді жүйе жабдықтарына, серверлерді электрмен жабдықтау жүйесіне қолжетімділігін регламенттейтін ұйымдастырушылық іс-шаралар;

3) жабық кілттерді сақтау құрылғысына, сондай-ақ өзге де құпия құжаттарға заңсыз қолжетімділікті болдырмау.

7.6. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің техникалық шарты:

1) Интернетке шығу;

2) электрондық құжат берілетін адамда ЖСН болуы;

3) ЭҮП авторизациялау;

4) тұтынушыда ЭСҚ болуы.

_________________________

«Тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарының анықтамаларын беру» мемлекеттік қызмет регламентін

әзірлеуге қойылатын бірыңғай талаптарға

1-қосымша

1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

«Зейнетақы қорларына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет регламентін әзірлеуге қойылатын бірыңғай талаптар iconКәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге
Выдача справок органов, осуществляющих функции по опеке или попечительству, для оформления сделок с имуществом, принадлежащим на...
«Зейнетақы қорларына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет регламентін әзірлеуге қойылатын бірыңғай талаптар iconБірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы №240 Қаулысы
«Зейнетақы қорларына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет регламентін әзірлеуге қойылатын бірыңғай талаптар icon«Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандартына
Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің Ұлттық мұрағаты
«Зейнетақы қорларына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет регламентін әзірлеуге қойылатын бірыңғай талаптар iconҚазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті туралы ереже Жалпы ережелер
Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды орындауға уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік...
«Зейнетақы қорларына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет регламентін әзірлеуге қойылатын бірыңғай талаптар iconҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Зайсан аудандық аумақтық инспекциясы туралы ереже
Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Зайсан аудандық аумақтық инспекциясы туралы ереже Қазақстан Республикасы...
«Зейнетақы қорларына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет регламентін әзірлеуге қойылатын бірыңғай талаптар iconҚазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы
Осы Заң қаржы полициясы органдарының құқықтық мәртебесiн, мiндеттерiн, ұйымдастырылу және қызмет ету принциптерiн, өкiлеттiгiн, сондай-ақ...
«Зейнетақы қорларына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет регламентін әзірлеуге қойылатын бірыңғай талаптар iconТұрақты жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі
«Зейнетақы қорларына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет регламентін әзірлеуге қойылатын бірыңғай талаптар icon«Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет регламенті
«Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Павлодар облысының мемлекеттік мұрағаттары (бұдан...
«Зейнетақы қорларына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет регламентін әзірлеуге қойылатын бірыңғай талаптар iconҚазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Инвестиция комитетінің аумақтық департаменті
«Бурабай» арнайы экономикалық аймағының (бұдан әрі аэа) жұмыс істеуін қамтамасыз етумен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес...
«Зейнетақы қорларына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет регламентін әзірлеуге қойылатын бірыңғай талаптар iconЖинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №76 Қаулысы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница