Қазақстандық депозиттерді кепілдендіру қоры




НазваниеҚазақстандық депозиттерді кепілдендіру қоры
Дата конвертации11.02.2016
Размер35.2 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://kdif.kz/files/Review/Survey/Survey_2_2010_kaz.doc
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДЕПОЗИТТЕРДІ КЕПІЛДЕНДІРУ ҚОРЫ


Банктерді талдау бөлімі


2010ж. 2-ші тоқсанға

ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ДЕПОЗИТТЕР НАРЫҒЫН

АҚПАРАТТЫҚ ШОЛУ


2010 ж.


Қазақстандық коммерциялық банктердің ресурстарын қалыптастыру көздерінің арасында 2008-2009 жылдар аралығында жеке тұлғалардың депозиттерінің рөлі біршама өсті. Егер 2007 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ТОП-10 банктер арасында міндеттемелер құрылымында бөлшек депозиттердің үлесі 6%-дан 22%-ға дейін түрленсе, онда үш жыл өткеннен кейін дағдарыс фонында осы үлес іс жүзінде барлық банктерде1 біршама ұлғайды және қазір 13%-дан 43%-ға дейін құбылды.

Банктік депозиттерге халықтың қаражатын тарту бойынша белсенді саясат
2010 жылғы бірінші жартыжылдықта да жалғасты. Халықтың есепті күнгі салым көлемі өткен жылғы сенімді өсуді сонымен бекіте отырып, белгіні 2триллион теңгеге асырды. Жыл басындағы жалпы ұлғаю 5,4%-ды немесе 103,9 млрд. теңге (оның ішінде 2-ші тоқсанға – 3,2%-ды немесе 63,6 млрд. теңгені) құрады. Бұған қарамастан, осы мән депозиттік база 9,0%-ға немесе 135,2 млрд. теңгеге өскен өткен жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткішінен асып кеткен жоқ, қазіргі өсу 2008 жылғы бірінші жартыжылдықтағы депозиттер көлемінен - 2,0%-ға немесе 28,8 млрд. теңге анағұрлым біршама ұлғайды.

Қарастырылып отырған жартыжылдық аралығында 1-суретте көріп отырғаныңыздай, осы айда көлемнің әрбір ұлғаюы келесі айдың өзінде оның кейінгі кемумен кезектесіп отырды. Мәселен салымшылар арасындағы белсенділік ақпанда байқалды, мұнда өсу 3,0%-ды, сәуірде – 2,1%-ды және маусымда – 2,5%-ды құрады, онда қаңтарда, наурызда және мамырда депозиттік база қалай тиісінше 0,03%-ға, 0,9%-ға және 1,3%-ға қысқартылды.





Сонымен қатар, 2010 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жиынтық депозит қоржынының құрылымында үлкен бөлікті жалпы көлемі 86,9% немесе 1 775,0 млрд. теңге болатын мерзімді салымдар алады, бұдан әрі ағымдағы және шот карталарда қалдықтар сомасын 11,7%-дан, талап етілгенге дейін салымдар 1,3%-дан және шартты салымдар 0,1%-дан (2-суретті қараңыз) басшылыққа алады.




2-ші тоқсанда бөлшек депозит базасы ұлғаюының негізгі триггері ағымдағы және шот карталарындағы сома болды, ол 40,6 млрд. теңге қосты. Тоқсанға 5 млн.теңгеге дейін мерзімді депозиттер бойынша таза ағын 27,4 млрд. теңгені, 5-тен 15 млн. теңгеге дейін – 13,0 млрд. теңгені және депозиттер бойынша 15 млн. – 23,1 млрд. теңгеден жоғарыны құрады. Жалпы ұлғаюы 40,4 млрд. теңге сомаға талап етілгенге дейін салымдар ағыны нәтижесінде біршама қысқарғанын атап өткен жөн.

Бүкіл салымдардың 5,2%-ы немесе 106,2 млрд. теңгесі, оның ішінде ағымдағы және шот карталардағы сома қатысушы банктердің басшы қызметкерлеріне, сондай-ақ дауыс беру құқығымен акциялардың бес және одан көп пайызын иеленетін олардың акционерлеріне және олардың жақын туыстарына тиесілі екенін қосымша атап өткім келеді. Есепті тоқсан үшін осы сома 6,9 млрд. теңгеге, ал жыл басынан бастап – 22,8 млрд. теңгеге өсті.

Валюта құрауыш жиынтық депозит қоржыны да жыл басынан бастап біраз өзгерістерге ұшырады (3-суретті қараңыз). Егер ағымдағы жылғы қаңтарда теңге депозитінің үлесі 43,4%-ды, ал сәуірде – 49,1%-ды құраса, ондам1 шілдедегі жағдай бойынша осы үлес 52,3%-ға жетті. Сонымен қатар, АҚШ долларында депозиттердің үлес салмағы бірінші жарты жылдықта 44,3%-дан 38,2%-ға дейін қысқартылды. Осымен қатар, жыл басынан бастап Еуропа одағы елдерінің бірнеше елдерінде бірден дефолт қаупінің пайда болуымен еурода салынған депозиттер көлемінде төмендей бастады, ал мұндай жинақ ақшалардың үлесі 12,0%-дан 9,2%-ға дейін азайды. Өзге валюталарда (ресей рубліндегі басым) орналастырылған депозит қаражатының үлесі өзгерген жоқ және жиынтық базаның 0,3%-ын құрады.




Жиынтық депозит қоржынының құрылымынан 4-сурет арқылы ірі салымшылар негізінен өздерінің жинақ ақшаларын шетелдік валютада орналастыратыны, ал салыстырмалы түрде шамалы депозиті бар салымшылар ұлттық валютаны артық көретіні көрінеді (салымдар талап етілгенді қоспағанда).





Қор төлеуге жататын жеке тұлғалардың депозиттері бойынша кепілдікті өтемнің жиынтық сомасы 1 шілдедегі жағдай бойынша 959,4 млрд. теңгеге жетті. Бұл ретте,
50% жарғылық капитал ескерілген, арнайы резервте жинақталған Қордың қаржы ресурстары 1 шілдеде 110,8 млрд. теңгені немесе жиынтық өтеу сомасының 11,6%-ын және жалпы кепілдік берілген депозиттер сомасының 5,4%-ын құрайды.

2010 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Наурыз Банкі бойынша Қор төлеген кепілдікті өтеу сомасы 679,5 млн. тенгені, ал Валют-Транзит Банкі бойынша – 13,9 млрд. теңгені құрағанын да атап өткен жөн. Қор талаптарын қанағаттандыру тәртібінде алынған сома Наурыз Банкі бойынша төленген кепілдікті өтеу сомалары бойынша 679,4 млн. теңгеге, ал Валют-Транзит Банкі бойынша – 4,0 млрд. теңгеге тең.

1 Осы жағдайда, депозиттер үлесі үш жылға қысқартылған БТА Банкін қоспағанда.


Похожие:

Қазақстандық депозиттерді кепілдендіру қоры icon«Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоры» қоғамдық қоры, мүшелік құқыққа ие емес, коммерциялық емес ұйым болып табылады. Қор құрылтайшылары: «Қазақстандағы кәрістер қауымдастығы» РҚБ
Бұдан әрі «Қор» деп аталатын «Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоры» қоғамдық қоры, мүшелік құқыққа ие емес, коммерциялық емес ұйым...
Қазақстандық депозиттерді кепілдендіру қоры iconДӘріс №17 негізгі деректер қорына түсінік жоспар
Оларды сақтаудың кең тараған тәсілі компьютерде мәліметтер қоры түрінде сақтау. Мәліметтер қоры деп құрылымы арнайы тәсіл бойынша...
Қазақстандық депозиттерді кепілдендіру қоры icon«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының
«Сақтандыру төлемдерiне кепілдiк беру қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 3 тармақшасын iске асыру мақсатында Қазақстан...
Қазақстандық депозиттерді кепілдендіру қоры iconҚазаҚстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі Дінтану негіздері Жалпы білім беретін орта мектептің 9-сыныбына арналған бағдарлама
Бұл әсіресе көп конфесcиялы, көп ұлысты қазақстандық қоғам жағдайында өзекті болып табылады. Қазақстанның ұлттық-мәдени мемлекеттілігін...
Қазақстандық депозиттерді кепілдендіру қоры iconИнтернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу, пайдалану және тарату қағидасы
Осы Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу, пайдалану және тарату қағидасы (бұдан әрі Қағида) «Ақпараттандыру...
Қазақстандық депозиттерді кепілдендіру қоры iconЭлекторалдық сауаттылығын арттыруы және Қазақстандық ҚОҒамның инклюзивті демократиялық дамуы жоба мен таңдаймын!
Электоралдық сауаттылығын арттыруы және Қазақстандық ҚОҒамның инклюзивті демократиялық дамуы
Қазақстандық депозиттерді кепілдендіру қоры iconКепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелер қабылдайтын қатысушы (қатысушылар) банктегі (банктердегі) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның заемдар беру және депозиттерді орналастыру қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы №136 Қаулысы
Қазақстандық депозиттерді кепілдендіру қоры iconКепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелер қабылдайтын қатысушы банктегі (банктердегі) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның заемдар беру және депозиттерді орналастыру жөніндегі ережесін бекіту туралы
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Қазақстандық депозиттерді кепілдендіру қоры iconТұрсынбекұлы Данияр э.ғ. м., Қ. И. Сатпаев ат. ҚазҰту оқытушысы Абдуллин Рустем Жомартович э.ғ. м., Қ. И. Сатпаев ат. ҚазҰту оқытушысы
Бірақ, банктер әрқашанда есеп айырысу процесінің ортасында болды, өйткені, банкаралық аударымдар және соның ішінде, об-те сақталушы...
Қазақстандық депозиттерді кепілдендіру қоры icon«Информатика және қолданбалы экономика» кафедрасы Курстық жұмыс Тақырыбы: «Деректер қоры»
Кіріспе
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница