«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы




Скачать 349.77 Kb.
Название«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
страница1/3
Дата конвертации11.02.2016
Размер349.77 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://kz.government.kz/docs/kauly573.doc
  1   2   3
«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 мамырдағы №573 қаулысы


Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 49, 600-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінде:

7-1-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Заңның 4-бабы 1-тармағының 3), 28), 32) және 33-1) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына енгізуге жатпайды.»;

8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары бекітілген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланусыз берілетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, оны мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырады.

Мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарына тапсырыс берушінің бiрiншi басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын, жауапты хатшының өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға не оның мiндетiн атқаратын тұлға қол қояды.

9. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланусыз берілетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, оны мемлекеттік сатып алу веб-порталында енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды орналастырады.

Көрсетілген шешімге тапсырыс берушінің бiрiншi басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын, жауапты хатшының өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға не оның мiндетiн атқаратын тұлға қол қояды.»;

10-тармақ алынып тасталсын;

15-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға өздерімен аффилиирленген тұлғалар үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы болып әрекет етуге құқылы.»;

21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«21. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізу шарттары мен тәртібін анықтау үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын есепке ала отырып, осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес үлгі конкурстық құжаттаманың негізінде қазақ және орыс тілдерінде конкурстық құжаттаманы әзірлейді және оны тапсырыс берушімен келіседі.»;

22-тармақта:

1) тармақшада:

үшінші және төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын;

«заңды тұлға қызметті үлгі жарғының негізінде жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, заңды тұлға заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалдық куәландырылған көшірмесін ұсынады. Қазақстан Республикасының резидент еместері қазақ және (немесе) орыс тiлдерiне аудара отырып, нотариалдық куәландырылған сауда тiзiлiмiнен жария етiлген үзiндiні ұсынады;

лицензиялардың және (немесе) патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіру, қайта өңдеу, жеткізу және өткізу, жұмыстарды орындау, қызмет көрсету құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмесін;»;

алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәлiметтердi қамтитын құрылтай құжаттарынан нотариалдық куәландырылған үзiндiсін (егер жарғыда құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәлiметтер қамтылмаған жағдайда) не конверттердi ашатын күннiң алдындағы бiр айдан кешiктiрiлмей берiлген, белгіленген тәртіппен қол қойылған және мөрмен расталған акцияларды ұстаушылардың тiзiлiмiнен үзіндінің тұпнұсқасын;»;

екінші бөліктің екінші абзацы алынып тасталсын;

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) әлеуетті өнім беруші өзінің арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін беретін құжаттар тізбесі:

Үлгі конкурстық құжаттамаға 6, 7, 8-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік сатып алу процесіне қатысу үшін біліктілік туралы мәліметтерді;»;

13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«13) конкурсқа қатысуға өтiнiм салынған конверттi ұсыну тәртiбi, тәсiлi, орны және соңғы мерзiмi (бiрақ жұмыс күнiнiң жергiлiктi уақытпен он бес сағатынан кешiктiрмей) және конкурсқа қатысуға өтiнiмдердiң талап етiлетiн қолданылу мерзiмi (тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурсқа қатысу үшiн әлеуеттi өнiм берушi ұсынатын конкурстық өтiнiмнiң қолданылу мерзiмi конкурстық өтiнiмдер ашылатын күннен бастап кемiнде 35 күннді құрайды. Конкурстық құжаттамада көрсетiлгеннен қолданылу мерзiмi неғұрлым қысқа конкурстық өтiнiм кейiнге қалдырылады);»;

23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«23. Неғұрлым сапалы тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметтерді ұсынған конкурсқа қатысушыны айқындау және отандық кәсіпкерлерді қолдау үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарына ықпал ететін мынандай критерийлерді көздеуге міндетті:

1) әлеуетті өнім берушіде:

өткізіліп жатқан мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығындағы жұмыс тәжірибесінің;

техникалық реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес отандық тауар өндіруші үшін ұсынылатын тауарларды ерікті сертификаттау өткізілгендігін растайтын құжаттың;

сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік стандарттарға сапа менеджментінің сертификатталған жүйесінің (сертификатталған жүйелерінің);

техникалық реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджментінің және (немесе) экологиялық таза өнім стандартына сәйкестігін растаудың сертификатталған жүйесінің (сертификатталған жүйелерінің);

2) тауарлардың функционалдық, техникалық, сапалық сипаттамаларының және (немесе) сатып алынатын тауарларды пайдалануға, техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған шығыстардың;

3) жергілікті қамтудың болуы.»;

24-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) әлеуеттi өнiм берушiнi ресми биржа листингiне енгiзу туралы қор биржасынан үзiндi көшiрме;»;

25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«25. Егер әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болмаған жағдайда, онда оның біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасының резиденттері беретін құжаттар не нотариус куәландырған конкурстық құжаттама тілдеріне аудармасы бар Қазақстан Республикасының резиденті емес әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы ұқсас мәліметтерді қамтитын құжаттар ұсынылады.»;

29-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«29. Конкурстық комиссияның мүшелері конкурстық комиссияның төрағасы, төрағасының орынбасары және мүшелерi болып табылады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын оны алмастыратын адам орындайды. Конкурстық комиссия мүшелерiнiң жалпы саны тақ санды құрауға және кемiнде үш адам болуға тиiс.»;

32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«32. Конкурстық комиссияның отырысы конкурстық комиссия мүшелерiнiң жалпы санының жай көпшiлiгiнің қатысуы шартымен өткізіледі және конкурстық комиссияның қатысып отырған мүшелерi және конкурстық комиссияның хатшысы қол қоятын хаттамамен ресiмделедi. Конкурстық комиссияның қандай да бiр мүшесi болмаған жағдайда конкурстық комиссия отырысының хаттамасында аталған фактіні растайтын құжатты қоса бере отырып, оның болмау себебi көрсетiледi.»;

42-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«42. Конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының уәкiлеттi өкiлi, ал тапсырыс берушi мен мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы бiр тараптан әрекет еткен жағдайда – конкурстық комиссияның хатшысы Заңның 18-бабының 3) тармақшасында белгiленген талаптарды ескере отырып, қағаз жеткiзгiшпен не бекiтiлген конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсына орналастыру арқылы конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн әлеуеттi өнiм берушiге (оның уәкiлеттi өкiлiне) береді.»;

51-тармақта:

2) тармақшада:

үшінші және төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

«заңды тұлға қызметті үлгі жарғының негізінде жүзеге асыратын жағдайды қоспағанда, заңды тұлға заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген жарғының нотариалды куәландырылған көшiрмесiн ұсынады. Қазақстан Республикасының резидент еместерi қазақ және (немесе) орыс тiлдерiне аудара отырып нотариалды куәландырылған сауда тiзiлiмiнен жария етiлген көшiрменi ұсынады;

лицензиялардың және (немесе) патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіру, қайта өңдеу, жеткізу және өткізу құқығын растайтын, жұмыстарды орындауға, қызмет көрсетуге арналған басқа да құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмесін;»;

алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтай құжаттарынан (егер жарғыда құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы қамтылмаған жағдайда) нотариалдық куәландырылған үзіндісін не конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кеш емес берілген акция ұстаушылардың тілімінен белгіленген тәртіппен қол қойылған және куәландырылған үзіндінің түпнұсқасын;»;

тоғызыншы абзац алынып тасталсын;

3) тармақшаның бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

«3) әлеуетті өнім берушінің арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар:

Үлгі конкурстық құжаттамаға 6, 7, 8-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік сатып алу процесіне қатысу үшін біліктілігі туралы мәліметтер.»;

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«4) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын сипаттай отырып, техникалық ерекшелiгiн, тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету мерзiмдерiн және (немесе) көлемдерiн, тауарларға қызмет көрсетуге, тауарды пайдалануға шығыстарға сапа кепiлдiгiн, беруді тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету шарттарын;»;

8) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«әлеуетті өнім берушінің – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның өтінімінде тиісті мемлекеттік орган берген заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру құқығын беретін құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесін (мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу үшін азаматтық құқық қабілеттігін растау үшін) қамтуы тиіс.»;

63-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:

«Конкурсқа бірнеше лот бойынша қатысқан жағдайда әлеуметтік өнім беруші конкурстық өтінімді қамсыздандыруды әрбір лот бойынша жеке ұсынады.»;

77-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«77. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу хаттамасына отырысқа қатысушы конкурстық комиссияның барлық мүшелерi, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды және әр бетiне бұрыштама соғады.»;

80-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттама осы Ережеге 9-қосымшаға сәйкес ресiмделедi, отырысқа қатысқан барлық мүшелер, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы әлеуеттi өнiм берушiлердiң конкурсқа қатысуына рұқсат беру (конкурс қатысушысы деп тану) туралы шешiм қабылданған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей қол қояды, әрбiр бетке бұрыштама қояды. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға болған кезде сараптамалық қорытынды не конкурстық комиссия мүшесiнiң ерекше пiкiрi, сарапшының (сараптама комиссиясы мүшесiнiң) ерекше пiкiрi қоса тiркелуi мүмкiн.

87-тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) банктік кепілдік түрінде берілген конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмi жеткiлiксiз болғанда;»;

2) тармақшаның үшінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

«олардың қатысу үшiн банктік кепілдік түрінде берілген өтiнiмдi қамтамасыз ету енгiзiлетiн конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi мемлекеттiк сатып алудың атауын;

банктік кепілдік түрінде берілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін және (немесе) өтiнiмдi қамтамасыз ету сомасын, сондай-ақ оны беру шарттарын;»;

87-1-тармақта:

1) тармақшада:

екінші және үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

«әлеуетті өнім беруші қызметті Үлгі жарғының негізінде жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген жарғының нотариалдық куәландырылған көшiрмесiн және сауда тiзiлiмiнен заңдастырылған көшiрмесiн бермеу, қазақ және (немесе) орыс тiлдерiне аудара отырып нотариалдық куәландырылған (және) сауда тiзiлiмiнен жария етiлген үзiндi көшiрмесiн бермеу;

лицензиялардың және (немесе) патенттердің, сертификаттардың, әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды шығару, қайта өңдеу, жеткізу және өткізу құқығын растайтын, жұмыстарды атқаруға, қызмет көрсетуге арналған басқа да құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмесін бермеу;»;

бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтай құжаттарынан (егер жарғыда құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы қамтылмаған жағдайда) нотариалдық куәландырылған үзіндісін не конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан ерте емес берілген акция ұстаушылардың тізілімінен белгіленген тәртіппен қол қойылған және куәландырылған үзіндінің түпнұсқасын ұсынбау;»;

сегізінші абзац алынып тасталсын:

мынандай мазмұндағы он төртінші абзацпен толықтырылсын:

«ол банкроттық рәсіміне не таратуға жатады;»;

87-2-тармақта:

  1. тармақшада:

төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«лицензиялардың және (немесе) патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіру, қайта өңдеу, жеткізу және өткізу құқығын растайтын, жұмыстарды орындауға, қызмет көрсетуге арналған басқа да құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмесін бермеу;»;

мынадай мазмұндағы он үшінші абзацпен толықтырылсын:

«ол банкроттық рәсіміне не таратуға жатады;»;

95-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«95. Конкурсқа қатысуға бір конкурстық өтінім берілген жағдайларды қоспағанда, конкурстық комиссия барлық ұсынылған конкурстық өтiнiмдердi бағалау және салыстыру кезiнде Заңның 17-бабының 4-тармағында санамаланған, конкурстық құжаттамада айтылған өлшемдердi ескередi және оларды тең мөлшерде барлық конкурстық өтiнiмдерге қолданады.»;

97-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«97. Конкурстық комиссия пайдалану шығыстарының, сатып алынатын тауарларға техникалық қызмет көрсету мен жөндеудiң ең аз құны бар конкурстық өтiнiмдi айқындайды және осындай конкурстық өтiнiмнiң бағасын шартты түрде екi пайызға азайтады. Осы өлшемнiң конкурстық өтiнiмнiң бағасына жиынтық пайыздық әсерi екi пайыздан аспауы тиiс.»;

98-тармақ алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 100-1-тармақпен толықтырылсын:

«100-1. Мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес қоршаған ортаны басқару менеджменті жүйесін сертификаттауды растайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес экологиялық таза өнім стандартына сәйкестігін растайтын құжат болған кезде сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша конкурстық комиссия осындай конкурстық баға өтінімін шартты түрде екі пайызға азайтады;»;

101-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«101. Конкурстық комиссия ұсынылатын тауарлардың ең үздік функционалдық сипаттамалары бар конкурстық өтінімді айқындаған кезде осындай конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде жарты пайызға (0,5%) азайтады.»;

мынадай мазмұндағы 101-1-тармақпен толықтырылсын:

«101-1. Конкурстық комиссия ұсынылатын тауарлардың ең үздік техникалық сипаттамалары бар конкурстық өтінімді айқындаған кезде осындай конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде жарты пайызға (0,5%) азайтады.»;

102, 102-1 және 115-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«102. Конкурстық комиссия ұсынылатын тауарлардың, ең үздік сапалық сипаттамалары бар конкурстық өтінімді анықтаған кезде осындай конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде үш пайызға азайтады.»;

«102-1. Жергілікті қамтудың бар екендігін қарау кезінде конкурстық комиссия конкурстық өтінімнің шартты бағасын жергілікті қамтудың әрбір пайызы үшін оннан бір (0,1) пайызға азайтады.

Тауарда жергілікті қамтудың бар болуы СТ-KZ нысанды тауардың шыққан жері туралы сертификатпен расталады.

Әлеуетті тауар жеткізуші сатып алынатын тауардың отандық өндірушісі болып табылған жағдайда, онда конкурстық комиссия мұндай әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімінің бағасын жергілікті қамту болғаны үшін шартты түрде он пайызға азайтады.

Жұмысты, көрсетілетін қызметтерді әлеуетті жеткізушінің жергілікті қамтудың мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауға тартылған Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбегін төлеу құнының жалпы еңбекті төлеу қорынан және осы конкурс (лот) бойынша жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін көзделген әлеуетті өнім беруші тікелей де, сол сияқты қосалқы мердігерлік шарт жасасу арқылы да жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау үшін сатып алатын Қазақстан Республикасының резиденттері толық өндіруіне немесе жеткілікті қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес тауарда (тауарларда) белгіленген қазақстаннан шыққан үлестің (үлестердің) құнынан шартты пайыздық қамтуы ретінде айқындалады.

«115. Әлеуеттi өнiм берушiнiң жұмыстарға арналған конкурстық өтiнiмiнiң бағасы, егер ол техникалық-экономикалық негіздемеде (жобалау–сметалық құжаттаманы дайындау үшін) және Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүргiзiлген мемлекеттік сараптамадан өткен және белгiленген тәртiппен бекiтiлген немесе Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары туралы заңнамасына сәйкес жүргізілген және белгіленген тәртіппен бекітілген ведомстволық сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамада көрсетiлген бағадан төмен болған жағдайда, демпингтiк деп танылады.

142-тармақта:

6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«6) бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу Заңның 32-бабы 4) тармақшасының негізінде жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының әлеуеттi өнiм берушi ұсынған әлеуеттi өнiм берушiнiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн, бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға ол ұсынатын бағаны негiздеудi растайтын құжаттарды қарауы; »;

мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Заңның 32-бабының 2) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігін әзірлеуі және тапсырыс берушінің бекітуі талап етілмейді. Мұндай жағдайда сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігі, сондай-ақ конкурс және (немесе) өтпеді деп танылған аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алудың конкурстық және (немесе) аукциондық құжаттамасында көзделген тауарды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің шарттары, орны мен мерзімі және оларға ақы төлеу шарттары қолданылады.»;

146-тармақ алынып тасталсын;

147-148-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«147. осы Ереженің 124-тармағының 1) және 2) тармақшаларында және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын Электрондық мемлекеттік сатып алу жүргізу қағидаларының 73-бабының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда сұрау салу жіберілетін әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы айқындайды.

Осы Ереженің 124-тармағының 3) тармақшасында және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын Электрондық мемлекеттік сатып алу жүргізу қағидаларының 73-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Заңның 6-тармағының талаптарын бұзған адамды қоспағанда, рұқсат беру туралы хаттамаға сәйкес конкурстық өтінім берген әлеуетті өнім берушіге ең жоғары шартты жеңілдікпен сұрау салу жібереді.

148. Осы Ереженің 124-тармағының 4) және 5) тармақшаларында және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын Электрондық мемлекеттік сатып алу жүргізу қағидаларының 73-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық баға ұсынысы жалғыз қабылданған болып табылатын конкурсқа қатысуға рұқсат етілген әлеуетті өнім берушіге не конкурсқа қатысушыға сұрау салу жібереді.»;

Мынадай мазмұндағы 148-1 және 148-2-тармақтармен толықтырылсын:

«148-1. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын Электрондық мемлекеттік сатып алу жүргізу қағидаларының 155-бабының 1) тармақшасында көзделген жағдайда сұрау салу жіберілетін әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы айқындайды.

148-2. Әлеуетті өнім берушіге жіберілетін конкурс немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізілмеген деп танудың негізінде бір көзден сатып алу шарты туралы ақпарат өткізілмеген деп танылған конкурстың немесе аукционның конкурстық немесе аукциондық құжаттамасына сәйкес болуы тиіс.»;

149-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Заңның 32-бабының 4) тармақшасының негізінде мемлекеттік сатып алу бір көзден сатып алу тәсілімен жүзеге асырылған жағдайда әлеуетті өнім берушіден мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға өзінің жалпы және арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсыну талап етілмейді.»;

150-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу Заңның 32-бабының 4) тармақшасының негізінде жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, әлеуеттi өнiм берушiнiң бiлiктiлiк талаптарға сәйкестiгi туралы;»;

154, 156, 158, 183 және 200-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«154. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу:

1) егер әлеуеттi өнiм берушi ұсынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң бағасы осы сатып алуды жүзеге асыру үшiн бөлiнген сомадан асып түскен;

2) егер әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу Заңның 32-бабы 4) тармақшасының негізінде бір көзден алу тәсілімен жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, әлеуетті өнім беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;

3) егер әлеуетті өнім беруші қатысудан бас тартқан жағдайларда өтпеді деп танылады.»;

«156. Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан күнінен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізеді.»;

«158. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін мемлекеттік сатып алу туралы шартта авансты төлеу көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы белгілейді.

Егер мемлекеттік сатып алу туралы шартта аванс төлеу көзделген жағдайда, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді авансқа тең мөлшерде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы белгілейді, ол мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының үш пайызынан кем болмауы тиіс.»;

«183. Тізбеге енгізу туралы хаттамаға отырысқа қатысқан барлық комиссия мүшелері, сондай-ақ комиссия хатшысы іріктеуден өткен әлеуетті өнім берушілерді Тізбеге енгізу туралы шешім қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей қол қойды.»;

«200. Конкурстық комиссия конкурс жеңімпазын анықтаған күнінен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттаманы ресімдейді, оған отырысқа қатысқан барлық конкурстық комиссия мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссия хатшысы қол қояды.»;

317-тармақтың 2) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«заңды тұлға заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген жарғының нотариалды куәландырылған көшiрмесiн ұсынады. Қазақстан Республикасының резидентi еместері сауда тiзiлiмiнiң нотариалды куәландырылған заңды үзiндi көшiрмесiн қазақ және (немесе) орыс тiлiне аудармасымен қоса ұсынады;»;

324, 325, 326, 327, 327-1, 328, 329, 330 және 331-тармақтар алынып тасталсын;

«10. Өтпелі ережелер» деген бөлім алынып тасталсын;

Ережеге 2-қосымшада:

«Жалпы мәліметтер» деген кіші бөлімде:

5-бағанның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Тапсырыс берушінің атауы (қазақ тілінде)»;

«Мемлекеттік сатып алу жоспары» деген кіші бөлімде:

9-бағанның атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы (қазақ тілінде);

11-бағанның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы (қазақ тілінде)»;

Ережеге 3-қосымшада:

11-тармақта:

2) тармақшада:

үшінші және төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

«заңды тұлға қызметті Үлгі жарғының негізінде жүзеге асыратын жағдайда қоспағанда, заңды тұлға заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген жарғының нотариалды куәландырылған көшiрмесiн ұсынады. Қазақстан Республикасының резидент еместері қазақ және (немесе) орыс тiлдерiне аудармасымен сауда тiзiлiмiнен нотариалды куәландырылған, заңдастырылған үзiндi көшiрмесiн ұсынады;»;

лицензиялардың және (немесе) патенттердің, сертификаттардың, әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды шығару, қайта өңдеу, жеткізу және өткізу құқығын растайтын, жұмыстарды атқаруға, қызмет көрсетуге арналған басқа да құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмесін;»;

алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтай құжаттарынан (егер жарғыда құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы қамтылмаған жағдайда) нотариалдық куәландырылған үзіндісін не конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кеш емес берілген акция ұстаушылардың тілімінен белгіленген тәртіппен қол қойылған және куәландырылған үзіндінің түпнұсқасын;»;

тоғызыншы абзац алынып тасталсын;

3) тармақшаның бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

«3) әлеуеттi өнім берушiнiң арнайы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды;

осы Үлгi конкурстық құжаттамаға 6, 7, 8-қосымшаларға сәйкес мемлекеттiк сатып алу процесiне қатысуға арналған бiлiктiлiгi туралы мәлiметтердi.»;

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«4) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын және (немесе) тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету көлемдерi мен сапасына, тауарға қызмет көрсетуге, тауарды пайдалануға арналған шығыстарға, қызмет көрсету шығыстарына кепiлдiк беру суреттелген техникалық ерекшелiктердi;»;

24-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Егер конкурсқа (лотқа) конкурсқа қатысуға бiр ғана өтiнiм ұсынылса, онда сондай-ақ конкурсқа қатысуға арналған осы өтiнiм ашылады және қаралады.»;

27-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу жөнiндегi конкурстық комиссия отырысының хаттамасына конкурстық комиссияның отырысқа қатысып отырған барлық мүшелерi, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы әр бетiне қол қояды.»;

30-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Әлеуеттi өнiм берушiнi Заңның 9-бабының 1-тармағында және осы Ереженің 87-1 және 87-2-тармақтарнда көзделмеген негiздемелер бойынша бiлiктiлiк талаптарына сәйкес емес деп тануға жол берiлмейдi.»;

31-тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) банктік кепілдік түрінде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмi жеткiлiксiз болса;»;

2) тармақшаның үшінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

«қатысу үшiн банктік кепілдік түрінде ұсынылған өтiнiмдi қамтамасыз ету енгiзiлiп отырған конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алудың атауын;

банктік кепілдік түрінде ұсынылған өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмiн және (немесе) сомасын, сондай-ақ оны ұсыну шарттарын;»;

42, 46 және 48-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«42. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру және конкурс жеңiмпазын анықтау нәтижелерi бойынша конкурстық комиссия конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы ресiмдейдi. Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алу нәтижелерi туралы хаттаманың әрбiр бетiне конкурстық комиссияның отырысына қатысқан барлық мүшелерi, сондай-ақ конкурстық комиссяның хатшысы қол қояды.»;

«46. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде Заңның талаптарына сәйкес Жұмыстарды (тауарларды/көрсетiлетiн қызметтердi) мемлекеттiк сатып алу туралы үлгi шарт негiзiнде тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа тапсырыс беруші қол қояды және өнім берушіге жібереді.»;

«48. Заңның 37-бабының 6, 7 және 8-тармақтарында көзделген жағдайларда шарт бiр қаржы жылынан артық мерзiмге оны жасасу туралы ережелердi қамтуы тиiс.»;

51-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) ол конкурсқа қатысуға енгiзген өтiнiмдi қамтамасыз етудi ұстап қалады және мұндай әлеуеттi өнiм берушiнi мемлекеттiк сатып алудың тері пиғылды қатысушысы деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгiнедi;»;

Үлгi конкурстық құжаттамаға 2-қосымша осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

Үлгi конкурстық құжаттамаға 4-қосымшада:

3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Осымен әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Заңның 37-бабының 10-тармағында көзделген мемлекеттік сатып алу (тауарды (ларды), жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді – қажеттісі көрсетілсін) туралы шартты бұзуға келісімі де білдіріледі.»;

Үлгi конкурстық құжаттамаға 5-қосымшада:

3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Осымен әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Заңның 37-бабының 10-тармағында көзделген мемлекеттік сатып алу (тауарды (ларды), жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді – қажеттісі көрсетілсін) туралы шартты бұзуға келісімін де білдіріледі.»;

Үлгi конкурстық құжаттамаға 6-қосымша осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

Үлгi конкурстық құжаттамаға 7-қосымша осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

Үлгi конкурстық құжаттамаға 8-қосымша осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

Үлгi конкурстық құжаттамаға 10-қосымша осы қаулының
5-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

Үлгi конкурстық құжаттамаға 13-қосымша осы қаулының
6-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

Ережеге 4-қосымшада:

4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Ереженiң 158-тармағында көрсетiлген жағдайларда және мөлшерде Өнiм берушi Шарт жасасқан күнінен бастап он жұмыс күнi iшiнде Шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзеді. Өнiм берушi Шарттың орындалуын қамтамасыз етудiң мынадай түрлерiнiң бiрiн:»;

6-тармақтың үшінші бөлігі алынып тасталсын;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Ақы төлеу алдындағы қажеттi құжаттар:

_______________________________________________________________

(шот-фактура немесе қабылдау-беру актiсi немесе т.б.)
Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт Заңда көзделген жағдайларда мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа өзгерiстер енгiзу талаптарын көздеуі тиiс.

Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасына не жасалған шартқа мемлекеттiк сатып алу шарттарының және (немесе) өнiм берушi таңдау үшiн негiз болған ұсыныстың мазмұнын өзгертетiн өзгерiстердi Заңның 39-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделмеген негiздемелер бойынша енгiзуге жол берiлмейдi.

40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«40. Тауарларды берудi және Қызметтердi көрсетудi Өнiм берушi кестеге сәйкес жүзеге асыруға тиiс.»;

42-тармақ алынып тасталсын;

55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«55. Шарт қазақ және/немесе орыс тiлдерiнде жасалады. Шартты төрелiкте қарау қажет болған жағдайда Шарттың қазақ және/немесе орыс тiлдерiндегi данасы қаралады. Шартқа қатысты барлық хат алмасу немесе тараптар алмасатын басқа құжаттама осы талаптарға сәйкес келуге тиiс.»;

60-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«60-1. Өнім беруші жергілікті қамтуды конкурстық өтінімге (болған кезде) сәйкес қамтамасыз етуге міндеттенеді.»;

Ережеге 5-қосымшада:

5-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Ереженiң 158-тармағында көрсетiлген жағдайларда және мөлшерде Өнiм берушi Шарт жасасқан күнінен бастап он жұмыс күнi iшiнде Шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзеді. Өнiм берушi Шарттың орындалуын қамтамасыз етудiң мынадай түрлерiнiң бiрiн:»;

7-тармақтың үшінші бөлігі алынып тасталсын;

10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Шарт қазақ және/немесе орыс тiлдерiнде жасалады.

Шартты төрелiк сотта қарау қажет болған жағдайда Шарттың қазақ және/немесе орыс тiлдерiндегi данасы қаралады. Шартқа қатысты тараптар алмасатын барлық хат алмасу мен басқа да құжаттама осы талаптарға сәйкес болуы тиiс.

11. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт Заңмен көзделген жағдайда мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа өзгерiстер енгiзу шартын көздеуi тиiс.

Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасына не жасалған шартқа мемлекеттiк сатып алу шарттарының және (немесе) өнiм берушi таңдау үшiн негiз болған ұсыныстың мазмұнын өзгертетiн өзгерiстердi Заңның 39-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделмеген негiздер бойынша енгiзуге жол берiлмейдi.»;

73-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«73-1. Өнім беруші (мердігер) жергілікті қамтуды конкурстық өтінімге (болған кезде) сәйкес қамтамасыз етуге міндеттенеді.»;

Ережеге 9-қосымшада «Әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурстық өтiнiмiнiң шартты бағасына пайыздық әсердi есептеу» деген кіші бөлім осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы «4» мамырдағы

№573 қаулысына

1-қосымша

Үлгі конкурстық

құжаттамаға

2-қосымша
  1   2   3

Похожие:

«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconОңтүстік Қазақстан облыстық медициналық ақпараттық талдау орталығының директоры Е. Ахметовке
Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы, Сізден Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік сатып заңының Ережесін бекіту туралы»...
«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚаулысы постановление правительства республики к азахстан
«Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010...
«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі б а с қ армасыны ң Қ аулы сы
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту...
«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconФитосанитариялық қауіпсіздік және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы
Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу...
«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы...
«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік шекара комиссиясы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы №1457 Қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік шекара комиссиясы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31...
«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты...
«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі №979 қаулысы
«Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010...
«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconПостановление правительства р еспублики казахстан
«Қазақстан Республикасында көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница