Скачать 182.22 Kb.
|
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысымен бекiтiлген «Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайтадан куәлiктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты 1. Жалпы ережелер 1. Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайтадан куәлiктер немесе анықтамалар беру (бұдан әрi - мемлекеттiк қызмет) - өтiнiш берушiге азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайтадан куәлiктер немесе анықтамалар беру рәсiмi. 2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: iшiнара автоматтандырылған. 3. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңының, «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Заңының 3 және 9-баптарының, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 22 мамырдағы № 620 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында азаматтық хал актiлерiн тiркеу тәртiбi туралы ереженiң 216-224-тармақтарының негiзiнде жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттiк қызметтердi Қазақстан Республикасының шегiндегi халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi - Орталық) арқылы аумақтық әдiлет органдарымен (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жүзеге асырылады, мекен-жайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген. Егер азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайталама куәлiктердi немесе анықтамаларды шетелден сұратқан кезiнде, аумақтық әдiлет органдарына жүгiну қажет. 5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң аяқталған нысаны азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы куәлiктi қайтадан немесе анықтаманы беру болып табылады. 6. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларына, шетелдiктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға (бұдан әрi - тұтынушылар) көрсетiледi. 7. Мемлекеттiк қызмет көрсету кезiндегi уақыт бойынша шектеу мерзiмдерi: Тұтынушы жүгiнген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi қажеттi құжаттар уәкiлеттi органға түскен күннен бастап 5 күнтiзбелiк күн, азаматтық хал актiсiн басқа аумақтық бiрлiкте тiркеген жағдайда, тұтынушыны хабардар ете отырып, қызмет көрсету мерзiмi 30 күнтiзбелiк күнге дейiн ұзартылады (құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi). 1) құжаттарды тапсыру кезiнде ең ұзақ кезек күту уақыты 30 минуттан аспайды; 2) құжаттарды алу кезiнде ең ұзақ кезек күту уақыты 10 минуттан аспайды. 8. Мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» кодексiне сәйкес мемлекеттiк баж белгiлендi ол: 1) азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы куәлiктi қайтадан бергенi үшiн 1 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiн; 2) азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы анықтама бергенi үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң 0,3 мөлшерiн құрайды. Мемлекеттiк банк және мемлекеттiк алым Қазақстан Республикасы банк мекемелерi арқылы тиiстi жергiлiктi бiрлiктiң салық комитетiнiң есеп айырысу шотына төленедi, онда төлем құжаттар берiледi (төлем мөлшерi мен уақытын растайтын түбiртек немесе «электрондық үкiмет төлем шлюз» арқылы берiлген төлем туралы чек). Азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде мыналар: 1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердiң ата-аналарының бiрi, қорғаншылар (қамқоршылар), мемлекеттiк ұйымдар - тууы туралы куәлiктер тiркелгенi және қайтадан берiлгенi үшiн; 2) жеке тұлғалар - азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде жiберiлген қателерге байланысты туу, қайтыс болу туралы, әкесiн анықтау, ұл бала асырап алу (қыз бала асырап алу) туралы актiлер жазбалары өзгертiлген, толықтырылған және түзетiлген кезде өздерiне куәлiктер берiлгенi үшiн; 3) жеке тұлғалар - туыстарының қайтыс болуы туралы оларға қайталап немесе бұрын берiлген куәлiктер ауыстырылып берiлгенi үшiн; 4) жеке тұлғалар - ұл бала асырап алу (қыз бала асырап алу) және әкесiн анықтауға байланысты тууы туралы куәлiктi қайтадан бергенi үшiн растайтын құжаттарын ұсынған ретте мемлекеттiк баж төлеуден босатылады. 9. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнiң интернет-ресурсында (электрондық мекен-жайы www.minjust.kz), сондай-ақ ресми ақпарат көздерi және орталықтардың үй-жайларындағы стендтерде орналастырылады, тiзбесi осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген. 10. Мемлекеттiк қызмет: жексенбiнi және мерекелiк күндердi қоспағанда аптасына алты күн, Орталықтардың бекiтiлген жұмыс кестесiне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн, түскi үзiлiссiз ұсынылады. Филиалдар мен өкiлдiктер үшiн түскi асқа бiр сағаттық үзiлiспен сағат 9.00-ден 19.00-ге дейiнгi жұмыс кестесi белгiленедi. Қабылдау «электронды» кезекке тұру тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады. 11. Мемлекеттiк қызмет тұтынушының тұрғылықты жерi бойынша Орталықтың ғимаратында көрсетiледi, онда мүмкiндiктерi шектеулi тұтынушыларға, жағдайлар көзделген. Залда анықтама бюросы, күту орындары, толтырылған бланктер үлгiсi бар ақпараттық стендтер орналасқан. 2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi 12. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тұтынушылар: 1) куәлiктердi қайтадан беру және анықтама жөнiндегi белгiленген нысандағы өтiнiштi (осы стандарттың 3-қосымшасы); 2) өтiнiш иесiнiң жеке басын растайтын құжатты; 3) мемлекеттiк баж төленгенi туралы түбiртектi ұсынады. Қайтыс болуы туралы куәлiктерден басқа, азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайталама куәлiк тиiстi акт жазбасы жасалған адамдарға, сондай-ақ өкiлдiк үшiн жазбаша (нотариалдық куәландырылған сенiмхат) сенiм бiлдiрген (сенiм бiлдiрген) өкiлеттiк берiлген басқа тұлғаға (сенiм бiлдiрген өкiл) осы тұлғадан (сенiм бiлдiрушiден) берiледi. Қайтыс болуы туралы қайталама куәлiк қайтыс болған адамдардың мұрагерлер тiзiмiне енетiн туыстарына берiледi. 13. Өтiнiш бланкiлерi Орталықтың күту залындағы арнайы бағандар не Орталықтың консультанттарында орналастырады. 14. Мемлекеттiк қызмет алу үшiн Орталықтың инспекторы осы стандарттың 12-тармағына сәйкес құжаттардың толық екендiгiн тексерудi, журналда тiркелудi және жинақтаушы бөлiмiнiң инспекторына жолдануды жүзеге асырады. Орталықтың жинақтаушы бөлiмiнiң инспекторы құжаттардың жинауын, тiзiлiм құрастыруды және уәкiлеттi органға жолдауды жүзеге асырады. Орталық қоса берiлген құжаттарымен өтiнiштердi тиiстi уәкiлеттi органға және керi қайтара жеткiзудi курьерлiк байланыс арқылы осы өтiнiштердi қабылдаған күнi кемiнде 2 рет жүзеге асырады. Уәкiлеттi органның маманы оларды осы стандарттың 12-тармақшасына сәйкес келуiн тексередi, уәкiлеттi органның мұрағатында жене/немесе электрондық базаны пайдаланып акт жазбасының бар екендiгiн тексередi; акт жазбасы бар болған жағдайда азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы куәлiктi қайтадан немесе анықтаманы дайындайды; акт жазбасы болмаған жағдайда азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы акт жазбасы жоқтығы туралы хабарламаны дайындау үшiн аумақтық әдiлет департаментiне тиiстi хабарлама жолдайды; дайын құжаттарды тұтынушыға табыс ету үшiн Орталыққа жолдайды. Орындалған (дайын болған) құжаттар уәкiлеттi органнан Орталыққа қолхатта көрсетiлген беру мерзiмiнiң өтуiнен бiр күн бұрын түсуi тиiс. 15. Тиiстi құжаттар қабылдаған кезде тұтынушыға: 1) сауалдың нөмiрi мен қабылдау мерзiмi; 2) сұратылатын мемлекеттiк қызмет түрi; 3) қоса берiлген құжаттардың саны мен атаулары; 4) құжаттарды беру мерзiмi (уақыты) мен орны; 5) құжаттарды рәсiмдеуге өтiнiштi қабылдаған Орталық инспекторының аты, әкесiнiң аты, тегi көрсетiлген тиiстi құжаттарды қабылдау туралы қолхат берiледi. Қолхатта мыналар айтылады: азаматтық хал актiлерiн жазу (бұдан әрi - АХАЖ) бөлiмдерiнiң тiркеу фактiсiн растайтын қосымша құжаттарды талап етуге құқығы бар; акт жазбасының көшiрмесi тек мемлекеттiк органға сауал бойынша берiледi. 16. Тұтынушыға дайын құжаттарды берудi Орталықтың инспекторы мерзiмi көрсетiлген қолхаттың негiзiнде «терезелер» арқылы жүзеге асырады. 17. Тұтынушы осы стандарттың 12-тармағында көзделген құжаттарды толық бермеген жағдайда Орталық мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартатын болады. Уәкiлеттi орган, Орталықтан түскен құжаттарды тиiсiнше ресiмдемеген жағдайда немесе осы стандарттың 12-тармағында көзделген құжаттар пакетi толық берiлмеген жағдайда пакетiн алғаннан кейiн екi жұмыс күнiнiң iшiнде бас тарту/қайтару себептерiн жазбаша дәлелдеп, Орталыққа қайтарып бередi. Құжаттар пакеттi алғаннан кейiн Орталық, оларды алғаннан кейiн бiр жұмыс күнi iшiнде тұтынушыны мәлiмдейдi және бас тарту/қайтару себептерi туралы уәкiлеттi органның жазбаша дәлелдеуiн бередi. Егер тұтынушы құжаттарды алуға мерзiмiнде хабарласпаған жағдайда, Орталық олардың бiр ай iшiнде сақталуын қамтамасыз етедi, содан кейiн оларды уәкiлеттi органға қайтарып бередi. Уәкiлеттi органдағы құжаттардың сақталуы мерзiмi мен оларды жою тәртiбi ведомстволық нормативтiк құқықтық актiлерде айқындалады. 3. Жұмыс қағидаттары 18. Орталықтың қызметi адамның конституциялық құқықтарын, қызметтiк борышын өтеу кезiндегi заңдылықты сақтауға және әдептiлiк, толық ақпаратты ұсыну, оның сақталуын, қорғалуы мен құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарына негiзделедi. 4. Жұмыс нәтижелерi 19. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижелерi осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi. 20. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн мемлекеттiк органның, мекеменiң немесе өзге де субъектiлердiң жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтердiң сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәнiн жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекiтедi. 5. Шағымдану тәртiбi 21. Орталық инспекторларының iс әрекетiне (әрекет етпеуiне) шағым жасау тәртiбi туралы ақпаратты Орталықтың ақпараттық-анықтамалық телефоны: 58-00-58 арқылы алуға болады. Орталықтардың басшыларының телефондары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген. 22. Шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда почта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электронды түрде не Орталықтың кеңсесi арқылы жұмыс күндерiнде қолма-қол қабылданады. Орталықтардың басшыларының мекен-жайы және телефондары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген. 23. Қабылданған шағым уәкiлеттi органның, Орталықтың ақпараттарды есепке алу журналында тiркеледi және 15 күнтiзбелiк күн iшiнде қаралады, қосымша зерделеу немесе тексеру жүргiзу қажет болған жағдайларда, қарау мерзiмi 30 күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмге ұзартылуы мүмкiн. Шағымдарды қараудың нәтижесi туралы өтiнiш берушiге жазбаша түрде почта арқылы хабарланады. 6. Байланыс ақпараты 24. Орталық директорының жұмыс және қабылдау кестесi осы стандарттың 10-тармақшасында көзделген Орталықтың жұмыс кестесiне сәйкес айқындалады. Орталықтың байланыс телефондары, мекен-жайы 1-қосымшада, сондай-ақ ресми ақпарат көздерiнде және Орталықтың ғимараттарындағы стендтерде орналастырылады. 25. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, № 8 үй, интернет-ресурсы http://www.minjust.kz, телефон 74-06-38. «Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайтадан куәлiктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттiк қызмет стандартына 1-қосымша
«Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайтадан куәлiктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттiк қызмет стандартына 2-қосымша Кесте. Сапа мен қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi
«Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайтадан куәлiктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттiк қызмет стандартына 3-қосымша Туу туралы қайталама куәлiктi беру туралы өтiнiштiң үлгiсi ______________________________ облысының ______________________________ ауданының АХАЖ бөлiмiне ________________________________________ (азаматтың т.а.ә.) ________________________________ тұратын (қала, аудан, көше, үйдiң нөмiрi) Жеке куәлiк № __________________________ (нөмiрi, кiм және қашан бердi) ӨТIНIШ Туу туралы қайталама куәлiктi (анықтаманы) берудi (жiберудi) өтiнемiн, өзiм туралы келесiнi хабарлаймын: Тегiм ______________ Атым _______________ Әкемнiң аты _______________ _______________________________________________________________ тудым (облыс, аудан,қала/ауыл, күнi, айы, жылы) Ата-анам: Әкем ________________________________________________________________ Шешем _______________________________________________________________ Құжат _____________________________________________ байланысты қажет. (себептi көрсету) 20__ жылғы «__» _____________ Өтiнiш берушiнiң қолы _________________ Неке қию туралы қайталама куәлiктi беру туралы өтiнiштiң үлгiсi ______________________________ облысының ______________________________ ауданының АХАЖ бөлiмiне ________________________________________ (азаматтың т.а.ә.) ________________________________ тұратын (қала, аудан, көше, үйдiң нөмiрi) Жеке куәлiк № __________________________ (нөмiрi, кiм және қашан бердi) ӨТIНIШ Неке қию туралы қайталама куәлiктi (анықтаманы) берудi (жiберудi) өтiнемiн, өзiм туралы келесiнi хабарлаймын: Тегiм ______________ Атым _________________ Әкемнiң аты _____________ Неке _______________________________________________________ қиылған (ерлi-зайыбының аты-жөнi) Неке қию орны _______________________________________________________ (аудан, қала, АХАЖ органы) Неке қию уақыты _____________________________________________________ (күнi, айы, жылы) Құжат _____________________________________________ байланысты қажет. (себептi көрсету) 20__ жылғы «__» _____________ Өтiнiш берушiнiң қолы _________________ Неке бұзу туралы қайталама куәлiктi беру туралы өтiнiштiң үлгiсi ______________________________ облысының ______________________________ ауданының АХАЖ бөлiмiне ________________________________________ (азаматтың т.а.ә.) ________________________________ тұратын (қала, аудан, көше, үйдiң нөмiрi) Жеке куәлiк № __________________________ (нөмiрi, кiм және қашан бердi) ӨТIНIШ Неке бұзу туралы қайталама куәлiктi (анықтаманы) берудi (жiберудi) өтiнемiн, өзiм туралы келесiнi хабарлаймын: Тегiм ________________ Атым ______________ Әкемнiң аты ______________ Неке _______________________________________________________ бұзылды. (ерлi-зайыбының аты-жөнi) Неке бұзу орны ______________________________________________________ (аудан, қала, АХАЖ органы) Неке бұзу уақыты ____________________________________________________ (күнi, айы, жылы) Құжат _____________________________________________ байланысты қажет. (себептi көрсету) 20__ жылғы «__» _____________ Өтiнiш берушiнiң қолы _________________ Әкелiктi анықтау туралы қайталама куәлiктi беру туралы өтiнiштiң үлгiсi ______________________________ облысының ______________________________ ауданының АХАЖ бөлiмiне ________________________________________ (азаматтың т.а.ә.) ________________________________ тұратын (қала, аудан, көше, үйдiң нөмiрi) Жеке куәлiк № __________________________ (нөмiрi, кiм және қашан бердi) ӨТIНIШ Әкелiктi анықтау туралы қайталама куәлiктi (анықтаманы) берудi (жiберудi) өтiнемiн, өзiм туралы келесiнi хабарлаймын: Тегiм ______________ Атым ______________ Әкемнiң аты ________________ Әкелiк анықтау тiркеу орны __________________________________________ (аудан, қала, АХАЖ органы) Әкелiк анықтау тiркеу уақыты ________________________________________ (күнi, айы, жылы) Құжат ______________________________________________ байланысты қажет (себептi көрсету) 20__ жылғы «__» ____________ Өтiнiш берушiнiң қолы __________________ Бала (қыз) асырап алу туралы қайталама куәлiктi беру туралы өтiнiштiң үлгiсi ______________________________ облысының ______________________________ ауданының АХАЖ бөлiмiне ________________________________________ (азаматтың т.а.ә.) ________________________________ тұратын (қала, аудан, көше, үйдiң нөмiрi) Жеке куәлiк № __________________________ (нөмiрi, кiм және қашан бердi) ӨТIНIШ Бала (қыз) асырап алу туралы қайталама куәлiктi (анықтаманы) берудi (жiберудi) өтiнемiн, өзiм туралы келесiнi хабарлаймын: Тегiм _______________ Атым _______________ Әкемнiң аты ______________ Бала (қыз) асырап алу тiркеу орны ___________________________________ (аудан, қала, АХАЖ органы) Бала (қыз) асырап алу тiркеу уақыты _________________________________ (күнi, айы, жылы) Құжат ______________________________________________ байланысты қажет (себептi көрсету) 20__ жылғы «__» ____________ Өтiнiш берушiнiң қолы __________________ Тегiн, атын, әкесiнiң атын өзгерту туралы қайталама куәлiктi беру туралы өтiнiштiң үлгiсi ______________________________ облысының ______________________________ ауданының АХАЖ бөлiмiне ________________________________________ (азаматтың т.а.ә.) ________________________________ тұратын (қала, аудан, көше, үйдiң нөмiрi) Жеке куәлiк № __________________________ (нөмiрi, кiм және қашан бердi) ӨТIНIШ Тегiн, атын, әкесiнiң атын өзгерту туралы қайталама куәлiктi (анықтаманы) берудi (жiберудi) өтiнемiн, өзiм туралы келесiнi хабарлаймын: Тегiм _________________ Атым _______________ Әкемнiң аты ____________ Тегiн, атын, әкесiнiң атын өзгерту орны _____________________________ (аудан, қала, АХАЖ органы) Тегiн, атын, әкесiнiң атын өзгерту уақыты ___________________________ (күнi, айы, жылы) Құжат ______________________________________________ байланысты қажет (себептi көрсету) 20__ жылғы «__» _____________ Өтiнiш берушiнiң қолы _________________ Қайтыс болу туралы қайталама куәлiктi беру туралы өтiнiштiң үлгiсi ______________________________ облысының ______________________________ ауданының АХАЖ бөлiмiне ________________________________________ (азаматтың т.а.ә.) ________________________________ тұратын (қала, аудан, көше, үйдiң нөмiрi) Жеке куәлiк № __________________________ (нөмiрi, кiм және қашан бердi) ӨТIНIШ Қайтыс болу туралы қайталама куәлiктi (анықтаманы) берудi (жiберудi) өтiнемiн, қайтыс болған тұлға туралы келесiнi хабарлаймын: Тегi _________________ Аты ______________ Әкесiнiң аты ______________ Қайтыс болу тiркеу орны _____________________________________________ (аудан, қала, АХАЖ органы) Қайтыс болу уақыты __________________________________________________ (күнi, айы, жылы) Құжат ______________________________________________ байланысты қажет (себептi көрсету) 20__ жылғы «__» ________________ Өтiнiш берушiнiң қолы ______________ |
![]() | Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы | ![]() | Кепілдік заты туралы шарт ресімдеу үшін қажетті құжаттар тізбесі кепілдікке пәтер қабылдағанда Сатып алу-сату шарты, немесе жекешелендіру шарты, немесе заң бойынша немесе өсиет бойынша мұрагерлік құқығы туралы куәлік, немесе... |
![]() | «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет регламенті «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Павлодар облысының мемлекеттік мұрағаттары (бұдан... | ![]() | Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу «Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер... |
![]() | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Азаматтық қорғау туралы» Заң жобасымен «азаматтық қорғау саласындағы құзыретті орган» деген ұғым енгізіледі, жоғары көрсетілген... | ![]() | «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) |
![]() | Жеңiлдiктерi бар адамдарға (Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, Чернобыль аэс-iндегi аварияны жоюшыларға, интернационалист жауынгерлерге) анықтамалар беру Чернобыль аэс-iндегi аварияны жоюшыларға, интернационалист жауынгерлерге) анықтамалар беру стандарты (бұдан әрi Стандарт) жеңiлдiктерi... | ![]() | «Заңды тұлғаларды Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу)» мемлекеттік қызметтерінің регламенті «Заңды тұлғаларды Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу)» |
![]() | Азаматтық бюджетті жасау әдістемесі Азаматтық бюджет – бұл тиісті (республикалық немесе жергілікті) деңгейдегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілі бір сапа стандарттарына... | ![]() | «Зейнетақы қорларына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет регламентін әзірлеуге қойылатын бірыңғай талаптар Аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру мемлекеттік қызмет регламентін әзірлеуге... |