Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №90 Қаулысы




Скачать 51.77 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №90 Қаулысы
Дата конвертации11.02.2016
Размер51.77 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish152601_9255.doc
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 12.09.2012 18:07:24


Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының немесе сақтандыру холдингінің белгілеріне ие тұлғаларға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру холдингіне, сондай-ақ сақтандыру тобының құрамына кіретін заңды тұлғаларға мәжбүрлеу шараларын қолдану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 90 Қаулысы

 

«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының немесе сақтандыру холдингінің белгілеріне ие тұлғаларға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру холдингіне, сондай-ақ сақтандыру тобының құрамына кіретін заңды тұлғаларға мәжбүрлеу шараларын қолдану қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Ірі қатысушы белгісін иеленетін тұлғаларға, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына мәжбүрлеу шараларын қолдану ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 28 қарашадағы № 185 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5469 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ұлттық Банк Төрағасы

Г. Марченко

 

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2012 жылғы 24 ақпандағы

90 қаулысымен бекітілген

 

 

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының немесе сақтандыру холдингінің белгілеріне ие тұлғаларға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру холдингіне, сондай-ақ сақтандыру тобының

құрамына кіретін заңды тұлғаларға мәжбүрлеу шараларын қолдану

қағидалары

 

Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының немесе сақтандыру холдингінің белгілеріне ие тұлғаларға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру холдингіне, сондай-ақ сақтандыру тобының құрамына кіретін заңды тұлғаларға мәжбүрлеу шараларын қолдану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Сақтандыру қызметі туралы» (бұдан әрі - Заң) 2000 жылғы 18 желтоқсандағы, «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының немесе сақтандыру холдингінің белгілеріне ие тұлғаларға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру холдингіне, сондай-ақ сақтандыру тобының құрамына кіретін заңды тұлғаларға қатысты мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртібін белгілейді.

1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тұрақты қызметін қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті орган Заңның 53-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайлар болған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингінің белгілеріне ие тұлғаларға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру холдингіне, сондай-ақ сақтандыру тобының құрамына кіретін заңды тұлғаларға Заңның 53-1-бабының 2-тармағында көзделген мәжбүрлеу шараларын қолданады.

2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингінің белгілеріне ие тұлға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі және сақтандыру тобының құрамына кіретін заңды тұлғалар уәкілетті органның оған мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы жазбаша хабарламасын алғаннан кейін күнтізбелік он күннің ішінде уәкілетті органға растайтын құжаттарды қоса бере отырып, іс-шаралар жоспарының әрбір тармағы бойынша орындау мерзімдерін, іс-шаралар жоспарының орындалуына жауапты лауазымды тұлғаларды көрсете отырып уәкілетті органның талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұсынады.

3. Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын қарайды және іс-шаралар жоспарын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингінің белгілеріне ие тұлғаға, немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына, сақтандыру холдингіне және сақтандыру тобының құрамына кіретін заңды тұлғаға өз қорытындысын береді.

Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарымен келіспеген жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингінің белгілеріне ие тұлғаға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына, сақтандыру холдингіне және сақтандыру тобының құрамына кіретін заңды тұлғаларға белгілі мерзімдерде нақты іс-шараларды орындау туралы нұсқау жібереді.

4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингінің белгілеріне ие тұлға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі және сақтандыру тобының құрамына кіретін заңды тұлғалар іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімдерде іс-шаралардың орындалуы туралы есепті уәкілетті органға береді.

Егер іс-шаралар жоспарын орындаудың белгіленген мерзімі бір айдан асып кеткен жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингінің белгілеріне ие тұлға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі және сақтандыру тобының құрамына кіретін заңды тұлғалар оның кезең-кезеңімен орындалуы туралы уәкілетті органға ай сайын хабарлайды.

5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының немесе сақтандыру холдингінің белгілеріне ие тұлғаның, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының, сақтандыру холдингінің және сақтандыру тобының құрамына кіретін заңды тұлғаның уәкілетті органның талаптарын орындау мерзімінің басталуы олардың жазбаша хабарламаны алған күн болып саналады.

 

 

Похожие:

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №90 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №88 Қаулысы
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №90 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы №32 Қаулысы
Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №90 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №98 Қаулысы
Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №90 Қаулысы iconҚор биржасы мүшелерінің қор биржасына қаржылық есептілікті және өзге ақпаратты ұсыну тізбесі мен мерзімдері туралы
Азақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы №33 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №90 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі №176 Қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №90 Қаулысы iconСақтандыру тобының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №99 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №90 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығындағы қызметті лицензиялау Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №87 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №90 Қаулысы iconБас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иемденетін еншілес ұйымның қызметі қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №86 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №90 Қаулысы iconАкционерлік қоғам акционерлерінің бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқықтарын іске асыру қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы №31 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №90 Қаулысы iconСақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №54 Қаулысы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница