«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының




Название«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының
Дата конвертации11.02.2016
Размер38.3 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.afn.kz/attachments/cont/publish362270_6819.doc
ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.02.10. № 148 Қаулысымен күші жойылды


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢҒ ҰЛТТЫҚ БАНКІ

БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ

Алматы қаласы 2003 жылғы 26 желтоқсан № 466



«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының

активтерін инвестициялау ережесін бекіту туралы

 

 

«Сақтандыру төлемдерiне кепілдiк беру қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 3) тармақшасын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:

1. «Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры» акционерлiк қоғамының активтерiн инвестициялау ережесi бекiтiлсiн.

2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енедi және 2003 жылғы 5 қыркүйектен бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

3. Монетарлық операциялар департаментi (Әлжанов Б.А.):

1) Заң департаментiмен (Шәрiпов C Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне және «Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры» акционерлiк қоғамына жiберсiн.

4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басшылығының қызметiн қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ететiн болсын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Г.З.Айманбетоваға жүктелсін.


Ұлттық Банк

Төрағасы

Г.Марченко




Қазақстан Республикасының Ұлттық

Банкі Басқармасының "Сақтандыру

төлемдеріне кепілдік беру қоры"

акционерлік қоғамының активтерін

инвестициялау ережесін бекіту туралы"

2003 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 466 қаулысымен бекітілген


"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының

активтерін инвестициялау ережесі


Осы Ереже "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" акционерлік қоғамының (бұдан әрі Қор) активтерін инвестициялауды жүзеге асыру тәртібін белгілейді.


1-тарау. Жалпы ережелер


1. Қордың ақшасы және Қор ақшасының есебінен сатып алынған бағалы қағаздар инвестициялауға жататын Қордың активтері (бұдан әрі - Қор активтері) болып табылады.

2. Қор активтерін инвестициялаудың негізгі мақсаттары Қор активтерінің сақталуын қамтамасыз ету және оларды ұлғайту болып табылады.

3. Қор активтері сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін. Сенімгерлік басқарушы Қор активтері шегінде сенімгерлік басқарушы мен Қор арасында жасалған тиісті сенімгерлік басқару шарты негізінде Қор активтерін қаржы құралдарына инвестициялауды жүзеге асырады.




2-тарау. Қор активтерін инвестициялаудың тәртібі


4. Қор активтерін инвестициялайтын қаржы құралдарының тізбесі:

1) мемлекеттік бағалы қағаздар және агенттік облигациялар;

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің депозиттері;

3) Бағалы қағаздары листингтің барынша жоғары санаты бойынша сауда-саттықты ұйымдастырушылардың ресми тізіміне енгізілген немесе резидент еместері «А» («Standard&Poor's» және «Fitch» рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе «А3» (»Moody's Investors Service» рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) санаттарынан төмен емес шетел валютасындағы ұзақ мерзімді рейтингі бар резидент емес енші беруші банктердің резидент емес еншілес банкі болып табылатын Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі депозиттер (оның ішінде шетел валютасымен);

4) Қазақстан Республикасы мен сауда-саттықты ұйымдастырушының барынша жоғары санаты бойынша ресми тізімге енгізілген басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес (ипотекалық облигациялар мен «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының облигацияларынан басқа) шығарылған Қазақстан Республикасы эмитенттерінің эмиссиялық мемлекеттік емес бағалы қағаздары;

5) листингтің барынша жоғары санаты бойынша сауда-саттықты ұйымдастырушылардың ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасы эмитенттерінің ипотекалық облигациялары;

6) «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының облигациялары;

7) мемлекеттік бағалы қағаздармен және агенттік облигациялармен бір айға дейінгі операция жасау мерзімі бойынша РЕПО операциялары және кері РЕПО операциялары.

Қор активтерін инвестициялау мөлшерлері сенімгерлік басқарушы мен Қор арасында жасалған инвестициялық стратегиясымен белгіленеді.

5. Сенімгерлік басқарушы Қор активтерін инвестициялаған кезде, сенімгерлік басқарушы ақшаны есепке алу үшін шот және орналастырылған салымдары (депозиттерді) және Қор ақшасының есебінен сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу үшін баланстан тыс шот ашады.




3-тарау. Қорытынды ережелер


6. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес реттелуге жатады.

Похожие:

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының icon«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының кепілдік төлемдерін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Азақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 30...
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының icon2003 ж. 3 маусымдағы №423-ii қазақстан Республикасының Заңы
Осы Заң Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының құқықтық жағдайын, оның құрылуы мен қызметінің тәртібін, сондай-ақ сақтандыру...
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының iconСақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысудың үлгі шартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 ж. 24 қыркүйектегі №345 қаулысы
Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысудың үлгі шартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының...
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының iconИпотекалық несиеге кепілдік беру Қорының мақсаттары және міндеттері қандай?
...
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының icon«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының еншілес және тәуелді ұйымдары акцияларының пакеттерін

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының icon«Қазтеміртранс» Акционерлік қоғамының тәуекелдерді басқару саясаты астана, 2009
«Қазтемітранс» Акционерлік қоғамының тәуекелдерді басқарудың осы Саясаты (бұдан әрі Саясат) «Қазтеміртранс» Акционерлік қоғамының...
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының icon1. Акционерлік қоғам туралы жалпы мәліметтер
Акционерлік қоғамының толық және қысқартылған атауы: «Астана Сити Палас» акционерлік қоғамы
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының icon«самұРЫҚ-энерго» акционерлік қОҒамының 2011-2015 жылдарға арналған кадр саясаты астана қ
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы тобының 2010-2020 жылдарға арналған Кадр стратегиясына сәйкес әзірленіп,...
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын жәНЕ
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің...
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының iconCақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары (2011 жылғы 01. 03. жағдай бойынша)
«Алматы Халықаралық Сақтандыру Тобы» сақтандыру компаниясы» Kaspi Bank" Акционерлік қоғамынның Еншілес компаниясы" АҚ
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница