Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шартының үлгi нысаны




Скачать 155.07 Kb.
НазваниеӨсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шартының үлгi нысаны
Дата конвертации11.02.2016
Размер155.07 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.fad.kz/sites/fad/files/osimdik_sharuashylygyndagy_mindetti_saktandyru_shartynyn_ulgi_
Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шартының үлгi нысаны

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 31 қазандағы N 1036 Қаулысымен бекiтiлген


------------Үзiндi------------

      "Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шартының үлгi нысанын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы  31 қазандағы N 1036 қаулысы

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2006 жылғы 31 қазандағы
N 1036 қаулысымен  
бекiтiлген      

  Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шартының
үлгi нысаны

N ____          200__ жылғы "___"_______         ______ сериясы_____

      Бiрлесiп Тараптар, ал жеке Тарап деп аталатын, бұдан әрi "Сақтандырушы" деп аталатын, ___________________ атынан ___________ негiзiнде әрекет ететiн ________________ бiр тараптан және "Сақтанушы" деп аталатын, ___________ атынан ____________ негiзiнде әрекет ететiн _____________________________________________________ екiншi тараптан Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi және "Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңы (бұдан әрi - Заң) негiзiнде төмендегi туралы осы Мiндеттi сақтандыру шартын (бұдан әрi - Шарт) жасасты:
      Ескерту. Кiрiспеге өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.10.30 N 1728 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

1. Терминдер мен айқындамалар

      1. Шартта мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      1) қолайсыз табиғат құбылысы фактiсi бойынша тексеру актiсi (бұдан әрi - тексеру актiсi) - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлген нысан бойынша Заңда көзделген талаптармен қолайсыз табиғат құбылысының (құбылыстарының) әсерi мен егiстiктiң iшiнара немесе толық жойылуы арасындағы себеп-тергеулiк байланысты растайтын құжат;

      2) пайда алушы - пайдасына шарт жасалған сақтандырушы немесе өзге тұлға;

      3) қолайсыз табиғат құбылысы - нәтижесiнде өсiмдiк шаруашылығының өнiмi жойылған немесе бүлiнген (ұзақ мерзiмдi - құрғақшылық, үсiп кету, жылудың жетiспеуi, топырақтың шамадан тыс ылғалдануы, ауаның асыра ылғалдануы, су тасқыны, судың жетiспеуi, қуаңшылық қысқа мерзiмдi бұршақ, нөсер, үсiк шалу, қатты жел, сел) табиғат құбылысы;

      4) өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру объектiсi  - сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушының шығынын iшiнара немесе толық өтеуге байланысты сақтанушының мөлшерi Заңға сәйкес белгiленетiн мүлiктiк мүдделерi;

      5) бағалаушы (тәуелсiз сарапшы) - бағалау қызметiн жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға;

      6) егiстiктiң толық жойылуы - одан әрi өсiруге және астық жинауға арналған шығындар астықтан түсетiн болжамды кiрiстен асып түсетiн, егiстiкке қолайсыз табиғат құбылысы әсерiнiң салдары;

      7) егiстiктiң iшiнара жойылуы - өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң түрiн өндiрудiң бiр гектарынан түсетiн бағалау немесе нақты кiрiсi мiндеттi сақтандыру шартын жасау сәтiнде белгiленген өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң түрiн өндiрудiң бiр гектарына арналған шығындар нормативiнiң мөлшерiнен аз болатын егiстiкке қолайсыз табиғат құбылысы әсерiнiң салдары;

      8) астықтан түсетiн болжамды кiрiс - өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен егiстiктiң жойылған алаңын анықтау әдiстемесiне сәйкес комиссия айқындайтын кiрiс;

      9) өсiмдiк шаруашылығының өнiмi - ауыл шаруашылығы дақылдарын (дәндi, майлы дақылдар, қант қызылшасы, мақта) өңдеу процесiнде алынған өнiм;

      10) өсiмдiк шаруашылығы - өсiмдiк шаруашылығы өнiмiн өндiрумен айналысатын ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушiлердi - жеке және заңды тұлғаларды қамтитын ауыл шаруашылығы саласы өндiрiстерiнiң кешенi;

      11) сақтандырушы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өсiмдiк шаруашылығында мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алған, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге адамға (пайда алушыға) шартта айқындалған сома (сақтандыру сомасы) шегiнде сақтандыру төлемiн жүргiзуге мiндеттi заңды тұлға;

      12) сақтанушы - өсiмдiк шаруашылығы өнiмiн өндiру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын және сақтандырушымен мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан адам;

      13) сақтандыру сомасы - мiндеттi сақтандыру объектiсi сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде осы шарт бойынша сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң шектi көлемiн бiлдiретiн ақша сомасы;

      14) сақтандыру сыйлықақысы сақтанушы мiндеттi сақтандыру шартында айқындалған мөлшерде сақтандырушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемiн жүргiзу мiндеттемелерiн қабылдағаны үшiн сақтандырушы сақтанушыға төлеуге мiндеттi ақша сомасы;

      15) сақтандыру жағдайы - басталуына орай мiндеттi сақтандыру шарты сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды көздейтiн оқиға.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.08 № 1042 Қаулысымен.

2. Шарттың мәнi

      2. Осы Шарт бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде Сақтанушының мөлшерi Заңға сәйкес айқындалатын шығынын iшiнара немесе толық өтеуге байланысты Сақтанушының мүлiктiк мүдделерiн Сақтандырушы сақтандыру қорғауымен қамтамасыз етедi.

      3. Осы Шарттың әрекетi ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлерде өсiмдiк шаруашылығының өнiмдерiн өсiру және өсiмдiк шаруашылығы өнiмiн сақтау жөнiндегi қызметке қолданылмайды.

      4. Сақтандырушы қолайсыз табиғат құбылысынан өзге себептер бойынша туындаған Сақтандырушының шығынын сақтандыру қорғауымен қамтамасыз етпейдi.

3. Сақтандыру сомасының және сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi

      5. Сақтандыру сомасының мөлшерi Сақтанушы өсiмдiк шаруашылығының өнiмдерiн өсiру жөнiндегi шығындарды жүзеге асыратын барлық алаңға көбейтiлген, бiр гектарға арналған шығындар нормативiне сәйкес өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң әрбiр түрi бойынша белгiленедi.

      6. Осы Шарт бойынша сақтандыру сомасы осы Шарттың ажырамас бөлiгi болып табылатын Қосымшаға сәйкес ___________________________ (____________________________________) теңге мөлшерiнде белгiленедi.

      7. Сақтандыру сомасының мөлшерiнен тыс залалды және/немесе зиянды өтеудi Сақтанушы өз есебiнен жүзеге асырады.

      8. Осы Шарт бойынша сақтандыру сыйлықақысы __________________ (________________________________) теңгенi құрайды және осы Шарттың ажырамас бөлiгi болып табылатын Қосымшаға сәйкес мерзiмде және тәртiппен айқындалады.

      9. Сақтанушы Шартта белгiленген сақтандыру сыйлықақысын бiр уақытта төлеу шарты бойынша оны төлемеген жағдайда мiндеттi сақтандыру шарты жасалмаған деп саналады.

      10. Осы Шартта белгiленген сақтандыру сыйлықақысын бөлiп төлеу шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының кезектi сомасы уақтылы төленбеген кезде Сақтанушы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен және мөлшерде Сақтандырушыға тұрақсыздық айыбын төлейдi.

      11. Егер сақтандыру жағдайы кезектi сақтандыру сыйлықақысын төлегенге дейiн не төлем уақыты өтiп кеткенде туындаса, Сақтандырушы сақтандыру төлемiн азайта отырып, төленбеген сақтандыру сыйлықақысын есепке алуға құқылы.

4. Сақтандыру жағдайлары

      12. Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру кезiндегi сақтандыру жағдайларына тексеру актiсiнде тiркелген қолайсыз табиғат құбылыстары немесе олардың жиынтығы нәтижесiнде Сақтанушыға залал келтiрiлген өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң жойылуы немесе бүлiнуi жатады.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.08 № 1042 Қаулысымен.

      13. Сақтандыру жағдайының басталғанын, сондай-ақ келтiрiлген залалды Сақтанушы айғақтайды.

5. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi

      14. Сақтандырушы:
      1) сақтандыру жағдайы басталған кезде Сақтанушымен және бағалаушымен (тәуелсiз сарапшымен) бiрлесiп, қолайсыз табиғат құбылысының әсерiне ұшыраған өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң нақты және (немесе) бағалау кiрiсiн айқындау жөнiнде жұмыс жүргiзуге;
      2) құзыреттi ұйымдардан сақтандыру жағдайының басталуын растайтын құжаттарды сұратуға;
      3) сақтандыру жағдайының басталуы нәтижесiнде сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн айқындау үшiн бағалаушыны (тәуелсiз сарапшыны) тартқан жағдайда оның есептерiн пайдалануға;
      4) бағалау кiрiсiн дербес немесе бағалаушыны (тәуелсiз сарапшыны) тарта отырып айқындауға құқылы.

      15. Сақтандырушы:
      1) Сақтанушыны өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру ережесiмен таныстыруға;
      2) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге;
      3) қолайсыз табиғат құбылысы басталған кезде қолайсыз табиғат құбылыстарының әсерiне ұшыраған алаңдарды айқындау жөнiнде тексеру жүргiзу үшiн Сақтанушының өтiнiшi бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы құрған комиссияның құрамына өз өкiлiн жiберуге;
      4) соның салдарынан Сақтанушы шығынға ұшыраған сақтандыру жағдайы басталған кезде Сақтанушы өндiретiн өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң түрлерi бойынша Заңда және осы Шартта белгiленген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмде сақтандыру төлемiн жүргiзуге;
      5) өзi тартатын бағалаушының (тәуелсiз сарапшының) қызметтерiне ақы төлеуге мiндеттi.

      16. Сондай-ақ Сақтандырушының Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде және осы Шартта көзделген өзге де құқықтары мен мiндеттерi бар.

      17. Сақтандырушының ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiрудiң агротехнологиясын сақтау жөнiнде талаптар қоюға құқығы жоқ.

      18. Сақтанушы:
      1) осы Шартта белгiленген мерзiмде сақтандыру төлемiн алуға;
      2) Сақтандырушыдан мiндеттi сақтандыру талаптарын, осы Шарт бойынша өз құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiрудi талап етуге;
      3) келтiрiлген залал туралы жүргiзiлген бағалаудың нәтижелерiмен танысуға;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Шартта көзделген тәртiппен Сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тарту немесе оның мөлшерiн азайту туралы шешiмi бойынша дауласуға;
      5) қолайсыз табиғат құбылысына ұшыраған егiстiк алаңында өсiрiлген өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң әрбiр түрiнен алынған нақты немесе бағалау кiрiсiн бағалау нәтижесiмен келiспеген жағдайда сотқа жүгiнуге;
      6) Шарт жасасу кезiнде сақтандыру сомасын есептеу үшiн шығындар нормативтерiнiң бiр түрiн таңдауға құқылы.

      19. Сақтанушы:
      1) әрбiр жеке ауыспалы егiс даласында өзiнiң мүлiктiк мүдделерiн сақтандыруға;
      2) Шартта белгiленген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмде сақтандыру сыйлықақысын төлеуге;
      3) сақтандыру жағдайынан келтiрiлген залалды азайтуға шаралар қабылдауға;
      4) дереу, бiрақ сақтандыру жағдайының басталуына алып келуi мүмкiн қолайсыз табиғат құбылысының болу фактiсi туралы өзiне мәлiм болғаннан кейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей бұл туралы Сақтандырушыны қол жетiмдi тәсiлмен (ауызша, жазбаша) хабарландыруға. Ауызша нысандағы хабарлама кейiннен (жетпiс екi сағат iшiнде) жазбаша расталуға тиiс. Егер Сақтанушының көрсетiлген iс-қимылды дәлелдi себептермен орындауға мүмкiндiгi болмаса, ол мұны құжат түрiнде растауға тиiс;
      5) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органына қолайсыз табиғат құбылысының әсерiне ұшыраған алаңды белгiлеу жөнiнде комиссия құру туралы өтiнiш беруге:
      қысқа мерзiмдi құбылыс кезiнде - оның басталған күнiнен бастап үш жұмыс күнi iшiнде;
      ұзақ мерзiмдi құбылыс кезiнде - гидрометеорологиялық қызмет органының және (немесе) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның қолайсыз табиғат құбылысы фактiсiн растайтын анықтамасы болған кезде егiстiкке оның әсер етуi анықталғаннан кейiн он жұмыс күнi iшiнде;
      6) Сақтандырушыға сақтандыру мәнiне қатысты жасалған немесе жасалатын барлық сақтандыру шарттары туралы хабарлауға;
      7) сақтандырушының және бағалаушының (тәуелсiз сарапшының) өкiлдерiне қолайсыз табиғат құбылысы болған аумақты қарау үшiн жағдай жасауға, жинау жұмыстары аяқталғанға дейiн олардың егiстiктер мен көшеттердiң жай-күйiн бақылауына кедергi келтiрмеуге;
      8) Сақтандырушыға сақтандыру төлемiн алу үшiн қажеттi барлық құжаттарды ұсынуға мiндеттi.

      20. Сақтанушының Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде және осы Шартта көзделген өзге де құқықтары мен мiндеттерi бар.

6. Сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн айқындау және оны жүзеге асыру тәртiбi

      21. Сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн анықтау Заңға және осы Шартқа сәйкес жүргiзiледi:
      1) егiн толық жойылған жағдайда зиян мөлшерi өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан сәтте белгiленген өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрiн өсiрудiң бiр гектарына арналған шығындар нормативiнiң қолайсыз табиғат құбылысы әсер ететiн осы өнiм түрiн өсiру алаңына көбейтiлген мөлшерi ретiнде анықталады;
      толық жойылған жағдайда ЗМ = (ШН * S га);
      S - қолайсыз табиғат құбылысының әсерiне ұшыраған алаң
      ЗМ - зиян мөлшерi;
      ШН - шығындар нормативi;
      2) егiн iшiнара жойылған жағдайда қолайсыз табиғат құбылысының әсерiне ұшыраған алаңнан жиналған өнiм көлемi астық жинау кезiнде мiндеттi бағалауға жатады. Бұл ретте кiрiс мынадай тәртiппен есептеледi:
      өсiмдiк шаруашылығы өнiмi түрiнiң барлық көлемi сатылғаннан кейiн нақты кiрiс бойынша;
      өсiмдiк шаруашылығы өнiмi түрiнiң барлық көлемi сатылғанға дейiн бағалау кiрiсi бойынша;
      егер алынған астық iшiнара сатылса және астықтың сатылмаған бөлiгi бар болса, онда осы Шарттың 21-тармағының 2) тармақшасының екiншi және үшiншi абзацтарына сәйкес;
      iшiнара жойылған кезде ЗМ = (ШН - қолайсыз табиғат құбылысының әсерiне ұшыраған алаңның 1 га-дан алынатын кiрiс) * S га (қолайсыз табиғат құбылысының әсерiне ұшыраған алаң).
      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008.06.28 N 642 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      22. Сақтанушы сақтандыру төлемi туралы талапты Сақтандырушыға мынадай құжаттармен қоса сақтандыру төлемiн жүзеге асыру туралы өтiнiш түрiнде жазбаша нысанда бередi:
      мiндеттi сақтандыру шартының көшiрмесi;
      егiстiктiң орналасу картасының (схемасының) көшiрмесi;
      гидрометеорологиялық қызмет органының және (немесе) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның қолайсыз табиғат құбылысы фактiсiн растайтын анықтамасы;
      Сақтанушының ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органына қолайсыз құбылыстың әсерiне ұшыраған алаңдарды белгiлеу жөнiндегi комиссия құру туралы өтiнiшiнiң осы өтiнiштiң қабылданғаны туралы белгiсi бар көшiрмесi;
      сондай-ақ егiстiк iшiнара жойылған жағдайда Сақтандырушы кiрiстiң алынғанын растайтын құжаттарды ұсынады, атап айтқанда:
      өсiмдiк шаруашылығы өнiмiн сатып алу-сату шарттарының көшiрмелерi;
      шот-фактуралардың көшiрмелерi, тауар-көлiк жүк қағазы;
      Сақтанушының немесе тәуелсiз сарапшының кiрiсiн бағалау актiсi.
      Ескерту. 22-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.10.30 N 1728 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      23. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы құжаттардың толық тiзбесi мен олардың қабылданған күнi көрсетiлген анықтаманы екi данада жасауға мiндеттi. Анықтаманың бiр данасы өтiнiш берушiге берiледi, өтiнiш берушiнiң алу туралы белгiсi бар екiншi данасы сақтандырушыда қалады.
      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.08 № 1042 Қаулысымен.

      23-1. Сақтанушы шарттың 22-тармағында көзделген құжаттарды бермеген кезде сақтандырушы шұғыл, бiрақ үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, сақтанушыны жетпейтiн құжаттар туралы жазбаша түрде хабардар етедi.
      Ескерту. Үлгi нысан 23-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.08 № 1042 Қаулысымен.

      24. Егiстiк толық жойылған жағдайда Сақтандырушы бағалау кiрiсiн айқындауды жүргiзбейдi.

      25. Егiстiк толық жойылған жағдайда сақтандыру төлемi тексеру актiсi мен осы Шарттың 22-тармағында көзделген құжаттар негiзiнде тексеру актiсiне қол қойылған сәттен бастап он жұмыс күнi iшiнде жүргiзiледi.

      26. Егер сақтандыру жағдайы осы Шарттың қолданылу мерзiмi iшiнде болса, сақтандыру төлемi жүргiзiледi.

      26-1. _________________________ Шарт бойынша пайда алушы болып табылады. Пайда алушының деректемелерiн сақтандырушы сақтандыру төлемiн жүзеге асыру туралы өтiнiште көрсетедi.
      Ескерту. Үлгi нысан 26-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2009.10.30 N 1728 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      27. Осы Шарт бойынша сақтандыру сомасы толық төленген кезде осы Шарттың қолданылуы тоқтатылады.

      28. Сақтандыру төлемiнен бас тарту туралы шешiмдi Сақтандырушы қабылдайды және Сақтанушыға осы Шарттың 22-тармағында көрсетiлген барлық құжаттар ұсынылған күннен бастап жетi күнтiзбелiк күн iшiнде бас тарту себептерiнiң уәжделген негiздемесiмен бiрге жазбаша нысанда хабарланады.

7. Сақтандырушыны сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босату

      29. Егер сақтандыру жағдайы:
      1) қажеттi қорғаныс және аса қажеттiлiк жағдайында жасалған iс-әрекеттердi қоспағанда, Сақтанушының сақтандыру жағдайының басталуына бағытталған не оның басталуына ықпал ететiн қасақана iс-әрекетi;
      2) Сақтанушының Қазақстан Республикасының заңнамалық   кесiмдерiнде   белгiленген тәртiппен сақтандыру жағдайымен себептiк байланыстағы қасақана қылмыс немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар деп танылған iс-әрекетi салдарынан болса, Сақтандырушы сақтандыру төлемiн толық немесе iшiнара төлеуден бас тартуға құқылы.

      30. Сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тартуы үшiн, сондай-ақ мыналар да негiздеме болуы мүмкiн:
      1) Сақтанушының Сақтандырушыға сақтандыру объектiсi, сақтандыру тәуекелi, сақтандыру жағдайы және оның салдары туралы көрiнеу жалған мәлiметтердi хабарлауы;
      2) Сақтанушының сақтандыру жағдайынан келтiрiлген залалды азайту жөнiндегi шараларды қасақана қабылдамауы;
      3) Сақтанушының Сақтандырушыға сақтандыру жағдайы басталуының мән-жайларын тексеруге және оған келтiрiлген залалдың мөлшерiн белгiлеуге кедергi жасауы;
      4) егер Сақтандырушы сақтандыру жағдайының басталғаны туралы уақтылы бiлгенi не Сақтандырушыда бұл туралы мәлiметтердiң болмауы оның сақтандыру төлемiн жүзеге асыру мiндетiне әсер етпегенi дәлелденбесе, Сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарланбауы;
      5) осы Шарттың 19-тармағының 5) тармақшасында белгiленген мерзiмдi бұза отырып, қолайсыз табиғат құбылысының әсерiне ұшыраған алаңдардың мөлшерiн айқындау жөнiнде комиссия құру туралы жергiлiктi атқарушы органға өтiнiш беру;
      6) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген басқа да жағдайлар.

8. Форс-мажорлық жағдайлар

      31. Егер дүлей апаттарды, әскери iс-қимылды, ядролық жарылыстың әсерiн, көтерiлiстердi, халықтық толқуларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының құқықтық кесiмдерiнде көзделген тыйым салу шараларын қоса алғанда, еңсерiлмейтiн күш салдарынан тиiстi орындау мүмкiн болмаса, егер осы мән-жайлар Тараптардың осы Шарт бойынша өз мiндеттемелерiн орындауына тiкелей әсер етсе, Тараптар осы Шарт бойынша мiндеттемелерiн iшiнара немесе толық орындамағаны үшiн жауапкершiлiктен босатылады.

      32. Еңсерiлмейтiн күш мән-жайлары салдарынан осы Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындаудың мүмкiндiгi болмаған Тарап олар туындаған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнiнен кешiктiрмей екiншi Тарапты бұл туралы жазбаша хабардар етуге және тиiстi айғақтар ұсынуға мiндеттi.

      33. 31-тармақта көрсетiлген мән-жайларды құзыреттi мемлекеттiк органдар мен ұйымдар растауға тиiс.

      34. Тиiсiнше хабарламау Тарапты осы Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн жауапкершiлiктен босататын негiздеме ретiнде жоғарыда көрсетiлген кез келген мән-жайға сүйену құқығынан айырады.

      35. Егер еңсерiлмейтiн күш мән-жайлары бiр айдан астам жалғасатын болса, Тараптардың кез келгенi осы Шартты бiр жақты тәртiппен бұзуға құқығы бар.

9. Сақтандыру шартының қолданылу мерзiмi және орны

      36. Осы Шарт Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеген сәттен бастап күшiне енедi және Тараптар үшiн мiндеттi болады әрi 20__ жылғы "__" _____ дейiн қолданылады.
      Ескерту. 36-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.10.30 N 1728 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      37. Егер заңнамалық кесiмдерде өзгеше көзделмесе, сақтандыру сыйлықақысы осы Шартта көзделгендей бөлiп төленген жағдайда, Шарт бiрiншi сақтандыру жарнасы түскен сәттен бастап күшiне енедi.

      38. Сақтандыру қорғауының қолданылу кезеңi Шарттың қолдану мерзiмiмен сәйкес келедi.

      39. Осы Шартқа сәйкес Шарттың қолданылу орны Қазақстан Республикасының аумағы болып табылады.

10. Сақтандыру шартын тоқтату негiздерi

      40. Осы Шарттың қолданылуы мынадай:
      1) осы Шарттың қолдану мерзiмi аяқталған;
      2) Шарттың қолдану мерзiмi iшiнде орын алған барлық сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемi жүзеге асырылған жағдайларда тоқтатылады.

      41. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген жағдайларда Шарт мерзiмiнен бұрын бұзылуы мүмкiн.

11. Тараптардың жауапкершiлiгi

      42. Тараптар өздерiнiң осы Шарт бойынша қабылданған мiндеттемелерiн орындамаған не тиiсiнше орындамаған жағдайда Тараптарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгiленген жауапкершiлiк жүктеледi.

12. Шарт талаптарына өзгерiстер енгiзу тәртiбi

      43. Шарт талаптарына өзгерiстер енгiзуге осы Шарт Тараптарының бұл туралы жазбаша келiсiмге қол қоюы жолымен ғана рұқсат етiледi.

13. Дауларды шешу тәртiбi

      44. Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру жөнiндегi қатынастардан туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қаралады.

14. Қосымша талаптар

      45. Осы Шартқа қосымша, өзгерiстер мен толықтырулар оның ажырамас бөлiгi болып табылады және егер олар жазбаша нысанда жасалған әрi оларға екi Тарап қол қойған жағдайда ғана олардың заңды күшi болады.

      46. Тараптардың ешқайсысының осы Шарттың талаптарынан туындайтын өз құқықтары мен мiндеттерiн бұған екiншi тараптың жазбаша келiсiмiнсiз үшiншi тарапқа беруге құқығы жоқ.

      47. Осы Шарттың талаптарымен көзделмеген қалған өзара қатынастар Қазақстан Республикасының Азаматтық заңнамасымен реттеледi.

      48. Шарт Тараптардың әрқайсысы үшiн бiр данадан, әрқайсысының бiрдей заңды күшi бар 2 данада жасалды.

15. Тараптардың деректемелерi

      Ескерту. 15-бөлiмге өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.10.30 N 1728 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      "САҚТАНДЫРУШЫ"                           "САҚТАНУШЫ"

      Атауы:_____________________         Атауы:____________________
      Мекен-жайы:________________         Мекен-жайы:_______________
      СТН________________________         СТН_______________________
      ЖБК________________________         ЖБК_______________________
      ББК________________________         ББК_______________________
      Резиденттiк белгiсi________         Резиденттiк белгiсi________
      Экономика секторының коды           Экономика секторының коды
      ___________________________         ___________________________

                                         Өсiмдiк шаруашылығындағы
                                       мiндеттi сақтандыру шартының
                                          үлгi нысанына қосымша

                200__ жылғы "___"______________
            ___________облысы____________ауданының
           _______ табиғи-климаттық аймағы бойынша
      _____________________ __________________жасалған N___
        (ауыл шаруашылығы өндiрушiсiнiң атауы)
       өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шарты
           бойынша сақтандыру сомасы мен сақтандыру
                      сыйлықақысының есебi

      Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.10.30 N 1728 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

Егiстiктердi орналастыру карта-схемасына сәйкес егiстiк нөмiрi

Жалпы алаңы, (га)

Бос алаң, га (егiлмеген, оның iшiнде парлар)

Нақты егiлген алаң, (га)

барлығы

түрлерi бойынша































  кестенiң жалғасы

Өсiмдiк шаруашылығы өнiмнiң түрлерi

1 га арналған норматив шығыны

Сақтандыру сомасы (теңге)

Сақтандыру тарифi (%)

Сақтандыру сыйлықақысы

код

теңге





































  агротехнология кодтары:
Сақтандыру сыйлықақысын бiр жолғы төлеу осы Шартқа қол қойылған сәттен бастап____банктiк күннен кешiктiрмей жүргiзiледi.
Сақтандыру сыйлықақысын бөлiп төлеу мынадай мерзiмде жүргiзiледi:
1-жарна___осы Шартқа қол қойылған күннен бастап____күн iшiнде__________(_________) теңге мөлшерiнде сақтандыру сыйлықақысының %-ы;
2-жарна_______ 200____жылғы "___"_________дейiн__________(________) теңге мөлшерiнде сақтандыру сыйлықақысының %-ы.

Сақтандырушы ________________               Сақтанушы ______________
               (қолы, мөрi)                            (қолы, мөрi)

Похожие:

Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шартының үлгi нысаны iconӨсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды қолдау үшiн бөлiнетiн ақшаны пайдаланудың кейбiр мәселелерi туралы
Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы етедi
Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шартының үлгi нысаны iconТуроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру туралы 2003 жылғы 31 желтоқсандағы n 513-іі қазақстан Республикасының Заңы
Осы Заң туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды...
Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шартының үлгi нысаны iconӨсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы
...
Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шартының үлгi нысаны iconМухияева Д. М. Сақтандыру омбудсманы сақтандыру нарығынның маңызды қатысушысы ретінде
Бүгінгі таңда Қазақстанның сақтандыру нарығы тұрақты өсім қарқынына ие деп сенімді айтуға болады. Ол туралы сақтандыру сыйақылары...
Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шартының үлгi нысаны iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Сатып алу-сату шартының түсінігі. Сатып алу-сату шартының мазмұны. Сатып алу-сату шартының түрлері (тауар жеткізілімі шарты, келісім...
Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шартының үлгi нысаны iconҚазақстан Республикасының Заңы
Осы Заң қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi және оны өткiзудiң...
Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шартының үлгi нысаны iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын жәНЕ
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің...
Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шартының үлгi нысаны iconИсточник: справочная правовая система юрист, 04. 06. 2007 11: 27: 56
Осы Заң көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласында туындайтын қатынастарды реттейдi...
Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шартының үлгi нысаны iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің...
Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шартының үлгi нысаны iconCақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары (2011 жылғы 01. 03. жағдай бойынша)
«Алматы Халықаралық Сақтандыру Тобы» сақтандыру компаниясы» Kaspi Bank" Акционерлік қоғамынның Еншілес компаниясы" АҚ
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница