«Актуарийлерден біліктілік емтиханын қабылдау» мемлекеттік қызметтер стандарты




Скачать 87.74 Kb.
Название«Актуарийлерден біліктілік емтиханын қабылдау» мемлекеттік қызметтер стандарты
Дата конвертации11.02.2016
Размер87.74 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish564588_7539.doc




Қазақстан Республикасы

Президентiнiң

2011 жылғы

14 желтоқсандағы № 196

Жарлығымен

БЕКIТIЛГЕН


  

  «Актуарийлерден біліктілік емтиханын қабылдау»

мемлекеттік қызметтер

СТАНДАРТЫ

 


1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызметтерді 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті
(бұдан әрі – Комитет) көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызметтер «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы
18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң)
40-бабының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Сақтандыру рыногында актуарийлік қызметті жүзеге асыру, актуарийлік қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және айыру, актуарийлердің біліктілік емтиханын тапсыру тәртібі туралы» 2001 жылғы
20 сәуірдегі № 120 қаулысының (бұдан әрі – Ереже) негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызметтер стандарты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің: www.nationalbank.kz интернет-ресурсында («Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері» бөлімі) орналастырылады, сондай-ақ ол Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған. Қосымша ақпаратты 8 (727) 2619-226,
2788-104 телефондары арқылы алуға болады.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нәтижесі – Комитеттің біліктілік емтиханының нәтижесі көрсетілген қағаз тасымалдауыштағы хаты не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6. Мемлекеттік қызметтер уәкілетті органның актуарлық қызметті жүзеге асыру құқығына берген лицензиясы бар жеке тұлғаларға
(бұдан әрі – өтініш беруші) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі:

1) Комитет біліктілік емтиханының өтетін күні туралы жазбаша түрде хабарлайды;

2) біліктілік емтиханы 60 (алпыс) минут ішінде 40 (қырық) сұрақ бойынша тестілеу түрінде жүзеге асырылады.

8. Мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

9. Өтініш берушілердің актуарийлердің біліктілік емтиханынан өту туралы өтініші түрінде жазбаша нысанда жіберілген өтініштері бойынша мемлекеттік қызметтер сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат
9.00-ден 18.00-ге дейін көрсетіледі.

Осы мемлекеттік қызметтер бойынша алдын-ала жазылу, сондай-ақ жедел қызмет көрсету болмайды.

10. Мемлекеттік қызметтер Комитеттің ғимаратында көрсетіледі. Комитет ғимаратының кіреберісі дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қолжетімді болуы үшін пандустармен жабдықталған.

Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде кезектілік болмайтындықтан күту залы қарастырылмаған.

  


2. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі

 

11. Мемлекеттік қызметтерді алу үшін өтініш беруші Комитетке:

1) Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес біліктілік емтиханын тапсыруға арналған өтінішті;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

3) сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыру құқығына берілген лицензияның көшірмесін;

4) алдыңғы біліктілік емтиханын тапсырғаны туралы мәліметтерді;

5) барлық растайтын құжаттармен қоса (қызмет көрсету туралы шарттардың көшірмелері, актуарлық қорытындылардың көшірмелері) сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыру жөніндегі ақпаратты;

6) біліктілік емтиханын тапсыру туралы өтінішті беру сәтіне актуарийлердің тиісті қауымдастығында (қоғамында немесе өзге де бірлестікте) оның мүшелігін (толық мүшелігін) растайтын құжаттарды;

7) өтініш беруші мүше (толық мүше) болып табылатын актуарийлердің тиісті қауымдастығының (қоғамының немесе өзге де бірлестіктің) не мемлекеттік қадағалау органының актуарийде соңғы екі жыл ішінде заңнамаларды бұзуының және санкциялардың болмауы жөніндегі хатын ұсынуы тиіс.

Осы тармақтың 6) және 7) тармақшаларының талаптары тек актуарий мәртебесі бар және Халықаралық актуарийлер қауымдастығының толық мүшесі деген мәртебеге ие актуарийлер қауымдастығының (қоғамның немесе өзге де бірлестіктің) мүшелері (толық мүшелері) болып табылатын актуарийлерге ғана қолданылады.

12. Өтініш берушінің толтыруы қажет біліктілік емтиханын тапсыруға арналған өтініші Комитеттің www.afn.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

13. Қажетті құжаттар пакеті 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайы бойынша құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті жауапты адамға кезек күтпестен тапсырылады (немесе хат-хабарды қабылдау үшін арнайы жабдықталған жәшікке салынады).

14. Комитет өтініш берушіге біліктілік емтиханын тапсыру күні мен уақыты туралы хат жібереді.

Өтініш беруші біліктілік емтиханынан өткеннен кейін дереу қол қою арқылы тест нәтижелерімен танысуы тиіс.

Комитет өтініш берушінің біліктілік емтиханының тестілеуінен өтуінің дұрыс немесе теріс нәтижесі туралы шешім қабылдайды және өтініш берушіге бұл туралы нәтижені көрсете отырып, жазбаша түрде хабарлайды.

15. Өтініш беруші құжаттар пакетін қолма-қол табыс еткен жағдайда, құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті жауапты адам өтініштің екінші данасына не оның көшірмесіне мөртабанмен «Қабылданды» деген белгі қояды.

Құжаттар пакеті хат-хабарды қабылдау үшін арнайы жабдықталған жәшік арқылы тапсырылған жағдайда мөртабанмен «Қабылданды» деген белгі қойылмайды және құжаттардың алынғаны туралы талон берілмейді.

Хат-хабарды қабылдауға арналған жәшіктен құжаттар күніне кемінде төрт рет (сағат 9.00-де, 11.0-де, 15.00-де және 18.00-де) алынады.

16. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің нәтижесі пошта арқылы жіберіледі немесе Комитет бөлімшесінің жауапты орындаушысы тікелей өтініш берушіге немесе тиісті түрде ресімделген сенімхатты ұсынған жағдайда оның уәкілетті өкіліне береді.

17. Актуарий лицензиясының қолданылуы оның алдыңғы біліктілік емтиханынан өту нәтижесінің теріс қорытындылары бойынша тоқтатыла тұрған жағдайды қоспағанда, біліктілік емтиханын өткізу сәтінде лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған актуарий біліктілік емтиханын тапсыруға жіберілмейді.

Актуарий біліктілік емтиханының тестілеуінен өту нәтижесі теріс болған кезде біліктілік емтиханын тапсыру үшін күнтізбелік отыз күннен ерте емес, бірақ алдыңғы біліктілік емтиханын тапсырған күннен бастап күнтізбелік қырық бес күннен кешіктірмей және соңғы он екі ай ішінде үш реттен көп емес рет құжаттарды қайта тапсыруға құқылы.

Актуарий біліктілік емтиханының нәтижесімен келіспеген жағдайда тестілеу рәсімі аяқталған соң Комитетке шағым-арызбен жазбаша өтініш жасайды.

 Осы мемлекеттік қызметтер бойынша оны тоқтата тұруға негіздер жоқ.

 


3. Жұмыс қағидаттары

 

18. Комитет осы қызметті көрсеткен кезде басшылыққа алатын негізгі жұмыс қағидаттары:

1) әдептілік;

2) көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы толық ақпарат;

3) жауап ақпаратының сапасы және уақтылылығы;

4) Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексін ұстануы;

5) мемлекеттік қызметтер көрсету барысында өтініш берушінің құжаттарындағы ақпараттың қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;

6) өтініш беруші құжаттарды алу үшін келмеген жағдайда олардың сақталуы болып табылады.

 


4. Жұмыс нәтижелері

 

19. Өтініш берушілерге мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелері осы Стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

20. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жұмысы бағаланатын осы мемлекеттік қызметтердің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының бұйрығымен бекітіледі.

 


5. Шағымдану тәртібі

 

21. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру және шағымды дайындауға көмектесу
050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайы бойынша,
№ 317, 413 кабинетте не 8 (727) 2619-226, 2788-104 телефондары бойынша жүзеге асырылады.

22. Өтініш беруші мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, шағым Комитет төрағасының немесе оның орынбасарының атына жазбаша нысанда пошта арқылы (электронды
түрде – kfn@nationalbank.kz) немесе 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайы бойынша қолма-қол тапсырылады, Комитет төрағасының қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (727) 2788-000, Комитет төрағасының жетекшілік ететін орынбасарының қабылдау бөлмесінің
телефоны: 8 (727) 2788-001.

Жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, күн сайын сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат
9.00-ден 18.00-ге дейін.

Егер тұтынушы қабылданған шараларға қанағаттанбайтын болса немесе мәселенi жоғары тұрған сатының қарауы талап етiлсе, онда өтініш беруші шағымды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының атына не оның орнындағы адамға жазбаша түрде жолдай алады. Шағымдар
050040, Алматы қаласы, «Көктем-3» шағынауданы, 21-үй мекенжайы бойынша поштамен жіберіле немесе қолма-қол беріле отырып, жазбаша түрде қабылданады.

23. Мемлекеттік қызметтерді Комитет көрсетеді.

Қызмет дұрыс көрсетілмеген жағдайда шағымды беру тәртібі осы Стандарттың 22-тармағында көзделген тәртіпке сәйкес келеді.

24. Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің нәтижесімен келіспеген жағдайда өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

25. Шағымды берген кезде қажетті ресми құжаттардың тізбесі жоқ. Шағым еркін нысанда жасалады.

26. Шағым Комитеттің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданған кезде, оның өтініш беруші үшін көшірмесі түсіріледі, оған қабылданғаны туралы (қабылдау күнін, оны қабылдаған адамның тегін, атын, әкесінің атын және тіркеу нөмірін көрсете отырып) белгі қойылады.

Шағымдарды тіркеу, есепке алу және қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.

Шағымды қарау нәтижелері туралы өтініш берушіге жазбаша түрде хабарланады.

27. Комитеттің байланыс деректері:

1) заңды мекенжайы: 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67;

2) интернет-ресурсы: www.afn.kz;

3) электрондық пошта мекенжайы: kfn@nationalbank.kz;

4) жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;

5) Комитет төрағасының және оның орынбасарларының азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі: айдың бірінші және екінші бейсенбісі (сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін);

6) Комитет төрағасының қабылдау бөлмесінің телефоны:
8 (727) 2788-000;

7) Комитет төрағасының жетекшілік ететін орынбасарының қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (727) 2788-001.

Комитеттің сенім телефоны: 8 (727) 2788-100.


_______________

«Актуарийлерден біліктілік емтиханын қабылдау» мемлекеттік қызметтер стандартына

ҚОСЫМША

 

 

Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәндері

 

Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіш-тің нормативтік мәні

Көрсеткіш-тің келесі жылдағы мақсатты мәні

Көрсеткіш-тің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1. Уақтылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну жағдайларының пайызы (үлесі)

100%

 

 

2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну процесінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың пайызы (үлесі)

90%

 

 

3. Қолжетімділік

3.1. Қызмет сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың пайызы (үлесі)

90%

 

 

3.2. Электронды форматта қолжетімді болатын ақпарат қызметтерінің пайызы (үлесі)

80%

 

 

4. Шағымдану процесі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың пайызы (үлесі)

90%

 

 

5. Әдептілік

5.1. Қызметкерлердің әдептілігіне қанағаттанған тұтынушылардың пайызы (үлесі)

90%

 

 



_______________

Похожие:

«Актуарийлерден біліктілік емтиханын қабылдау» мемлекеттік қызметтер стандарты icon«Актуарийлерден біліктілік емтиханын қабылдау» мемлекеттік қызметтерінің регламенті
Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті
«Актуарийлерден біліктілік емтиханын қабылдау» мемлекеттік қызметтер стандарты icon«Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметтер стандарты
Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті
«Актуарийлерден біліктілік емтиханын қабылдау» мемлекеттік қызметтер стандарты iconСақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлік қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және айыру, актуарийлердің біліктілік емтиханын тапсыру
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі №120 қаулысы
«Актуарийлерден біліктілік емтиханын қабылдау» мемлекеттік қызметтер стандарты icon«Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидаларын келісу» мемлекеттік қызметтер стандарты
Мемлекеттік қызметтерді 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
«Актуарийлерден біліктілік емтиханын қабылдау» мемлекеттік қызметтер стандарты icon«Заңды тұлғаға өзін-өзі реттейтін ұйым мәртебесін беру» мемлекеттік қызметтер стандарты
Мемлекеттік қызметтерді 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
«Актуарийлерден біліктілік емтиханын қабылдау» мемлекеттік қызметтер стандарты icon«Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларын келісу» мемлекеттік қызметтер стандарты
Мемлекеттік қызметтерді 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
«Актуарийлерден біліктілік емтиханын қабылдау» мемлекеттік қызметтер стандарты iconБекітемін
Салық басқармаларындағы Орталықтардың Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес салықтық қызметтер көрсету
«Актуарийлерден біліктілік емтиханын қабылдау» мемлекеттік қызметтер стандарты icon2001 жылғы 20 сәуірдегі №120 Сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлік қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және айыру, актуарийлердің біліктілік емтиханын тапсыру
«Сақтандыру қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы...
«Актуарийлерден біліктілік емтиханын қабылдау» мемлекеттік қызметтер стандарты icon«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызметтерін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға визалар беру туралы өтінішхат беру» мемлекеттік қызметтер стандарты
Мемлекеттік қызметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығын дамыту комитеті
«Актуарийлерден біліктілік емтиханын қабылдау» мемлекеттік қызметтер стандарты icon«Мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметтерді жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғаны аккредиттеу» мемлекеттік қызметтер стандарты
Мемлекеттік қызметтерді 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница