Источник: ИС ПАРАГРАФ, 23.09.2009 10:22:23
«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру және олардың айналымы бойынша декларация табыс етудің нысандары мен ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 29 қаңтардағы № 16 Бұйрығы «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, сондай-ақ бензинге (авиациялықты қоспағанда) және дизель отынына салынатын акциздерді әкімшілендіруді жақсарту мақсатында бұйырамын: 1. Мыналар: 1) 1-қосымшаға сәйкес мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру және олардың айналымы бойынша декларация табыс етудің ережесі; 2) декларациялардың мынадай: 2-қосымшаға сәйкес мұнай өнімдерін өндіру бойынша; 3-қосымшаға сәйкес мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізу бойынша; 4-қосымшаға сәйкес мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізу бойынша нысандары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Н.Қ. Рахметов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Төрағасы Н.Қ. Рахметовке жүктелсін. 4. «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын декларациялау нысандарын, ережелері мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2003 жылғы 8 қазандағы № 365 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2544 болып тіркелген, «Официальная газета» газетінде 2003 жылғы 13 желтоқсандағы № 50 (155) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 29 қаңтардағы № 16 бұйрығына 1-қосымша Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру және олардың айналымы бойынша декларация табыс ету ережесі 1. Жалпы ережелер 1. Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру және олардың айналымы бойынша декларация табыс етудің осы ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабы 6) тармақшасына сәйкес әзірленген және бензиннің (авиациялықты қоспағанда), дизель отыны мен мазуттың (бұдан әрі - мұнай өнімдері) өндірісі мен айналымы бойынша декларация тапсыру тәртібін айқындайды. 2. Мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы бойынша декларацияны орналасқан орны бойынша мұнай өнімдерін өндіретін, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар табыс етеді. Сатып алған мұнай өнімдерін сатуды жүзеге асыратын өндірушілер қосымша Бас кәсіпорынның мұнай өнімдерін сатуы бойынша декларация табыс етеді. 3. Мұнай өнімдерін көтерме саудада сату бойынша декларацияны мұнай өнімдерін көтерме саудада сатуды немесе мұнай өнімдерін бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар табыс етеді. 4. Мұнай өнімдерін көтерме саудада сатуды немесе мұнай өнімдерін көтерме және бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар құрылымдық бөлімшенің мұнай өнімдерінің айналымы бойынша мәліметтерді көрсетпей, бас кәсіпорынның мұнай өнімдерін көтерме саудада сатуы бойынша декларация табыс етеді. Мұнай өнімдерін көтерме саудада сатуды немесе мұнай өнімдерін көтерме және бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері құрылымдық бөлімшенің мұнай өнімдерін көтерме саудада сатуы бойынша декларация табыс етеді. 5. Мұнай өнімдерін бөлшек саудада сату бойынша декларацияны мұнай өнімдерін бөлшек сатуды жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар табыс етеді. 6. Мұнай өнімдерін өндірушілер, сондай-ақ мұнай өнімдерін көтерме сату саласында қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар декларацияларды электронды түрде табыс етеді. 7. Мұнай өнімдерін бөлшек сату саласында қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар декларацияларды электрондық және/немесе қағаз тасығыштарда табыс етеді. 8. Мұнай өнімін өндіру және оның айналымы бойынша декларация табиғи көрсеткіштерде табыс етіледі (тонна). 9. Осы Ережеге сәйкес табыс етілетін декларацияларға жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғаның басшысы, бас бухгалтері қол қояды және мөрмен/электрондық цифрлық қолтаңбамен бекітіледі. 10. Мұнай өнімдерін бөлшек сату жөніндегі декларацияларды толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 11. Мұнай өнімін өндіру және оның айналымы бойынша декларация есептіден кейінгі айдың 15 күніне дейін ай сайын уәкілетті органға табыс етіледі. 12. Мұнай өнімдерін өндіру және оның айналымы жөніндегі салық декларациясын табыс ету мерзіміне дейін жеке кәсіпкерден немесе заңды тұлғадан негізделген жазбаша өтінішті алғанда, салық органы декларация тапсыру мерзімін 10 күнтізбелік күнге дейін ұзартуға құқылы. 13. Мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңдарының бұзылуына кінәлі мұнай өнімдерін өндіру мен айналымын жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленгендей жауапты болады. 2. Мұнай өнімдерін өндіру бойынша декларацияны толтыру 2.1. Бензинді (авиациялықты қоспағанда), дизель отыны және мазут өндірісі мен айналымының теңгерімі 14. «СТН-і» жолында салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі. 15. «Салық төлеушінің атауы» жолында өндірушінің атауы көрсетіледі. 16. «Есепті кезең» жолында Декларация тапсырылатын есепті кезең көрсетіледі. 17. 1-бағанда нөмір ретімен көрсетіледі. 18. 2-бағанда мұнай өнімінің дербес сәйкестендірілген нөмір-коды (ДСН-коды) көрсетіледі. 19. 3-бағанда есепті кезеңнің басында өндірушідегі мұнай өнімдерінің тоннада жалпы қалдығы көрсетіледі. 20. 4-бағанда өндірілген мұнай өнімдерінің, оның ішінде алыс-беріс шикізатынан тоннадағы көлемі көрсетіледі. 21. 5-бағанда алыс-беріс шикізаты кәсіпорындарына тиеп-жөнелтілген мұнай өнімдерінің тоннадағы көлемі көрсетіледі. 22. 6-бағанда сатылған мұнай өнімдерінің тоннадағы жалпы көлемі (6-баған = 7-баған + 8-баған + 9-баған + 10-баған + 11-баған + 12-баған) көрсетіледі. 23. 7-бағанда көтерме сауда сатушысына сатылған мұнай өнімдерінің тоннадағы көлемі көрсетіледі. 24. 8-бағанда өндірушінің құрылымдық бөлімшелеріне өткізілген мұнай өнімдерінің тоннадағы көлемі көрсетіледі. 25. 9-бағанда өндірушінің өзінің бөлшек сауда желісі арқылы өткізілген мұнай өнімдерінің тоннадағы көлемі көрсетіледі. 26. 10-бағанда заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге олардың өндірістік қажеттіліктері үшін өткізілген мұнай өнімдерінің тоннадағы көлемі көрсетіледі. 27. 11-бағанда өндірушінің өзінің өндірістік қажеттіліктері үшін пайдаланған мұнай өнімдерінің тоннадағы көлемі көрсетіледі. 28. 12-бағанда экспортқа сатылған мұнай өнімдерінің тоннадағы көлемі көрсетіледі. 29. 13-бағанда өндіруші бүлдірген, жоғалтқан мұнай өнімдерінің тоннадағы көлемі көрсетіледі. 30. 14-бағанда нормалар шегіндегі шығындардың тоннадағы көлемі көрсетіледі. 31. 15-бағанда өндірушіге қайтарылған мұнай өнімдерінің тоннадағы көлемі көрсетіледі. 32. 16-бағанда есепті кезеңнің соңындағы өндірушідегі мұнай өнімдерінің тоннада жалпы қалдығы (16-баған = 3-баған + 4-баған - 5-баған - 6-баған - 13-баған - 14-баған + 15-баған) көрсетіледі. 2.2. Бензинді (авиациялықты қоспағанда), дизель отыны және мазутты сату мен тиеп-жөнелту туралы мәліметтер 33. «СТН-і» жолында салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі. 34. «Салық төлеушінің атауы» жолында өндірушінің атауы көрсетіледі. 35. «Есепті кезең» жолында Декларация тапсырылатын есепті кезең көрсетіледі. 36. 1-бағанда нөмір ретімен көрсетіледі. 37. 2-бағанда мұнай өнімін алушының СТН-і көрсетіледі. 38. 3-бағанда мұнай өнімін алушының атауы көрсетіледі. 39. 4-бағанда мұнай өнімін алушының орналасқан орны көрсетіледі. 40. 5-бағанда мұнай өнімін алушының резиденттігі (резидент - 0, резидент емес - 1) көрсетіледі. 41. 6-бағанда жеткізу келісім-шартының нөмірі көрсетіледі. 42. 7-бағанда жеткізу келісім-шартының күні көрсетіледі. 43. 8-бағанда ілеспе жүкқұжаттың нөмірі көрсетіледі. 44. 9-бағанда ілеспе жүкқұжаттың күні көрсетіледі. 45. 10-бағанда бланкінің оң жақ төменгі бұрышындағы ілеспе жүкқұжат бланкісінің нөмірі көрсетіледі. 46. 11-бағанда шот-фактураның нөмірі көрсетіледі. 47. 12-бағанда шот-фактураның күні көрсетіледі. 48. 13-бағанда сатылған мұнай өнімдерінің ДСН-коды көрсетіледі. 49. 14-бағанда сатылған мұнай өнімдерінің тоннадағы көлемі көрсетіледі. 2.3. Шикізат (мұнай) жөніндегі мәліметтер 50. «СТН-і» жолында салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі. 51. «Салық төлеушінің атауы» жолында өндірушінің атауы көрсетіледі. 52. «Есепті кезең» жолында Декларация тапсырылатын есепті кезең көрсетіледі. 53. 1-бағанда нөмір ретімен көрсетіледі. 54. 2-бағанда есепті кезеңнің басындағы шикізаттың тоннада барлық қалдығы (3-баған + 4-баған) көрсетіледі. 55. 3-бағанда есепті кезеңнің басындағы өз шикізатының тоннада қалдығы көрсетіледі. 56. 4-бағанда есепті кезеңнің басындағы шикізатының тоннада қалдығы көрсетіледі. 57. 5-бағанда алыс-беріс шикізатының тоннада барлық келіп түсуі (6-баған + 7-баған) көрсетіледі. 58. 6-бағанда өз шикізатының келіп түсуі көрсетіледі. 59. 7-бағанда алыс-беріс шикізатының келіп түсуі тоннада көрсетіледі. 60. 8-бағанда қосылған тұнбалар тоннада көрсетіледі. 61. 9-бағанда барлығы қайта өңделген шикізаттың тоннадағы көлемі (10-баған + 11-баған) көрсетіледі. 62. 10-бағанда қайта өңделген өз шикізатының тоннадағы көлемі көрсетіледі. 63. 11-бағанда қайта өңделген алыс-беріс шикізатының тоннадағы көлемі көрсетіледі. 64. 12-бағанда сатылған өз шикізатының тоннадағы көлемі көрсетіледі. 65. 13-бағанда қайтарылған алыс-беріс шикізатының тоннадағы көлемі көрсетіледі. 66. 14-бағанда бүлінген, жоғалған шикізаттың тоннадағы көлемі көрсетіледі. 67. 15-бағанда нормалар шегіндегі зияндардың тоннадағы көлемі көрсетіледі. 68. 16-бағанда есепті кезеңнің басындағы шикізаттың тоннадағы барлық қалдығы (17-баған + 18-баған) көрсетіледі. 69. 17-бағанда есепті кезеңнің соңындағы өз шикізатының тоннадағы қалдығы көрсетіледі. 70. 18-бағанда есепті кезеңнің соңындағы алыс-беріс шикізатының тоннадағы қалдығы көрсетіледі. |