Теңізде мұнай газ өндіру кезіндегі




НазваниеТеңізде мұнай газ өндіру кезіндегі
страница8/18
Дата конвертации11.02.2016
Размер2.03 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.emer.kz/laws/law/nnic/0802/talap_452.doc
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18

5 - тарау. Пайдалану кешенінің

жабдығын орналастыру


494. Технологиялық блоктар арасындағы қашықтық оларды қауіпсіз пайдалануды және қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.

495. Технологиялық қондырғылардың арматурасын, аппараттарын және құралдарын орналастыру оларға ыңғайлы қызмет көрсету және жөндеуді қамтамасыз етеді.

496. Аппараттар арасындағы, аппараттар мен бөлме қабырғалары арасындағы өтетін жерлердің ені 1 м кем емес.

Аталған қашықтықтар агрегаттың бөлігі болып табылатын аппараттарға жатпайды. Аталған жағдайда агрегаттың жеке аппараттары арасындағы қашықтық технологиялық мақсатқа лайықтылықпен және қызмет көрсету мүмкіндігімен анықталады.

497. Қысымды, температураны және өзге көрсеткіштерді бақылауды талап ететін технологиялық жабдық басқару қалқанында көрсетіле отырып қашықтықтан басқаратын құралдармен және қондырғы орнындағы бақылау құралдарымен жабдықталады.

498. Жабдықты, аппараттарды және арматураны орнату кезінде басқару қалқандарына қызмет көрсету майданы бойынша (тұрақты жұмыс орындары болған жағдайда), жұмысшылардың тұрақты болатын орындарында ені 2 м кем емес өтетін жерлер қарастырылады.


1 - параграф. Пайдалану бағаны


499. Платформада пайдалану бағанын орналастыру, оларды құрастыру, бекіту және қорғау жобаға сәйкес орындалады.

500. Пайдалану бағандары кемелердің айлақтау аймағынан тыс ТМГҚ шетінен орналасады. Бағандарды тұрғылықты блоктан 15 м кем қашықтықта орналастыруға және бағанды платформаға енгізуге жол берілмейді.

Бағандар арасындағы қашықтық 500 мм кем емес.

501. Әрбір пайдалану бағаны платформаның металл құрылымына сенімді бекітілген. Бекіту орындарында метал емес төсемдер орнатылады.

502. Толқынды жүктемелердің ісер ету аймағында пайдалану бағандары толқынды жүктемелерге есептеледі және кеменің мүмкін болатын құйылуынан қорғалған.

Қоршаудың құрылысы пайдалану бағандарына қауіпсіз жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді.


6 - тарау. Апаттық дизель-генераторды орналастыру


503. Апаттық дизель-генератор бұрғылау және пайдалану жабдығының орналасуына қарама қарсы, тұрғылықты блоктың сырт жағынан, жарылуға қауіпті аймақтан ауаны қабылдауды қамтамасыз етумен артық қысымда болатын, жеке тұрған бөлмеде тұрғылықты блоктың модулінің жанында немесе құрамында жоғарғы қабатта орналасады.

Ескерту. Егер де ТМГҚ персоналының тұрғылықты бөлмесінің астында платформамен өтпелі көпірмен біріктірілген, жеке моноблок қарастырылса, онда апаттық дизель-генератор осы моноблокта орнатылады.


7 - тарау. Отын, май және метанол

қоймасын орналастыру


504. ТМГҚ-да, оның жобамен анықталатын, автономдылығын қамтамасыз ететін, бірақ 30 күндік қордан көп емес отынды, майды және метанолды сақтауға жол беріледі.

505. Отынды, майды және метанолды сақтау қоймаларына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 шілдедегі № 676 «Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы «Ресей теңіз кеме қатынасы тіркелімі» сынау қоғамын тану туралы» қаулысына сәйкес қауіпсіздік шаралары пайдаланылады.

506. Метанол қоймасы ТМГҚ-ның төменгі қабатында орналасады.

Пайдалану жабдығын блок-модульді орындау кезінде қойма блок-модульдердің сыртқы жағынан және оның үстіне орналасады, келесі қабаттардың бөлмелерінде өлшемі бойынша жабық және ашық технологиялық жабдықты орналастыруға жол берілмейді.

507. Тікұшақтарды қосымша құю станциялары үшін ғана арналған, тұтану температурасы 43 ºС төмен емес отынды сақтау қоймасы көлденеңінен тұрғылықты блоктан 10 м кеме емес қашықтықта, тікұшақ алағының астында платформа шетінен төменгі қабатта орналасады.

508. Тұтану температурасы 60 ºС және одан жоғары отынды сақтау қоймасы энергетикалық блок-модуль астында немесе жеке ыдыстарда орналасады. Соңғы жағдайда ыдыстар көлденеңінен тұрғылықты блоктан, атқыма арматурасын қоса алғанда, ашық және жабық технологиялық жабдықтан 10 м кем емес қашықтықта орналасады.

509. Экранмен қорғалмаған, тез тұтанатын және жанатын сұйықтар бар отынды, матенолды және өзге ыдыстар қалыңдығы 40-50 мм термо оқшаулау қабатымен жабылады.

510. ТМГҚ отын және метанолды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 шілдедегі № 676 «Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы «Ресей теңіз кеме қатынасы тіркелімі» сынау қоғамын тану туралы» қаулысына сәйкес қауіпсіздік шаралары пайдаланылады.

511. Қызмет көрсету кемелерінен отын мен метанолды қабылдау құбырлары платформаның ең жақын екі қарама қарсы жағынан отын және метанол сақтау қоймаларына, айлақтағы алаңдарға шығарылған; құбырлардың қабылдауы тұрғылықты блоктан 10 м кем емес қашықтықта орналасады.

Құбырлар отын сақтау қоймасының жоғарғы бөлігіне қосылады және иілгіш жеңді қосу үшін құрылғымен және бекіту қақпағымен жабдықталады.

512. Отынды құбырлар жарылуға қауіпті бөлмелерден тыс орналасады. Отын құбырларын жұмыс алаңдарында немесе олардың зақымдануы мүмкін өзге жерлерде төселуіне жол берілмейді. Осы жерлерде отынды құбырларды механикалық зақымданулардан сенімді қорғалған және құбырлардың алмалы-салмалы құрамалары болмаған жағдайда төсеуге жол беріледі.


8 - тарау. Жалынды жану пеш оттығы бар

қондырғыларды орналастыру


513. Жалынды жану пештері бар қондырғылар газдар, жанатын сұйықтар бар аппараттардан, пайдалану және бұрғылау ұңғымаларынан шекті мүмкін болатын алыс қашықтықта (бірақ 15 м кем емес) орналасады.


9 - тарау. Авариялар мен инциденттердің алдын алу және жою


514. Ұңғымаларды салу, қайта құру және жөндеу кезінде жобаға, АЖЖ және ГМСК кезінде сағаның қымталуы бойынша технологиялық регламентке сәйкес авариялар мен қиындықтардың алдын алу және жою бойынша шаралар мен әрекеттер орындалады.

515. Жобалық құжаттамаға сәйкес апаттық және төтенше жағдайларды, қиындықтардың ГМСК және ұңғымалардың АА алдын алу және жою бойынша шаралар мен жедел әрекеттерді көрсете отырып, АЖЖ жасалады, ұйымның техникалық басшысымен бекіту жүргізіледі.

516. Флюидтің көрінулері мүмкін болатын өнімді деңгейжиекті немесе қабаттарды аршу алдында авариялар мен қиындықтардың алдын алу бойынша шаралар орындалады:

1) АЖЖ сәйкес ГМСК және АА жою кезінде персоналдың тәжірибелік әрекеті бойынша нұсқаулық;

2) бұрғылау қондырғысының аумағында жұмыс істейтін геофизикалық және еншілес ұйымдардың персоналын нұсқаулықтан өткізу;

3) бұрғылау қондырғысының, сағалық және тастамаға қарсы жабдықтың, ұңғыманы қымтау және ГМСК жою үшін құралдар мен аспаптардың жағдайын тексеру;

4) газдалу, ГМСК тікелей және жанама белгілерін ерте анықтау жүйелерін, дем алу органдарының жеке қорғаныс құралдарын және персоналды ұжымдық қорғау құралдарын бақылау құралдарын тексеру;

5) аварияға қарсы, атқымаға қарсы және өртке қарсы қорғаныс жүйелерін, персоналды шығару жолдарын тексеру;

6) ұйымның техникалық басшысымен бекітілген кесте бойынша, оқу жаттығулары өткізіледі;

7) объектінің өнімдік деңгейжиекті аршуға дайындығын, бұрғылау ерітіндісінің, тазалау құралдарының, газсыздандыру және өндеу құралдарының көлемі мен көрсеткіштерінің сәйкестігін бағалау;

8) геологиялық-техникалық бақылау және бұрғылау, газды көрсету және газды талдау режимінің көрсеткіштерін бақылау және тіркеу жүйесін тексеру;

9) орындалған шаралардың нәтижелері журналға жазылады, Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда бұзушылықтарды жою бойынша ұсыныстармен актілер жасалады.

517. ГМСК, АА қауіптілігі кезінде сағаны, құбыр кеңістігін қымтау жүргізіледі және объекті жетекшісінің және бұрғылаушының нұсқауы бойынша қауіпті жағдайды жою үшін АЖЖ бойынша әрекеттер орындалады.

518. Превентор құбыр бағанасында білік жүйесі ілінген, лақтыру желісі ашық болған кезде, бұрандалы құрама плашкадан төмен болғанда және плашканы бекітумен, бағананың сағадан 0,8 – 1 м биік болғанда, технологиялық регламентке сәйкес басқару тетігінен жабылады.

519. Журналда ГМСК анықталу уақыты, ұңғыманы шаю және бағана арасындағы кеңістіктегі манифольдтағы манометрлер көрсеткіштері, құбырлы бағана салмағы, бұрғылау ерітіндісінің көрсеткіштері, газ көрсеткіштері, ГМСК ерте анықтау жүйесі бойынша тік және жанама белгілер тіркеледі.

520. Қымталғаннан кейін технологиялық регламентке сәйкес, қысым үнемі бақыланады және тіркеледі; сағаның, ТҚЖ, манифольдтың, аумақтың жағдайы тексеріледі; кіру режимі енгізіледі.

521. Қымталған ұңғыманың сағасына обсадты бағананы тығыздау қысымынан 80 % көп қысымға жоғарылатуға жол берілмейді. Рұқсат етілген қысымды анықтау кезінде геофизикалық зерттеулердің, қалыңдықты өлшегіштің және қауіпті факторлардың әсерінің мәліметтері бойынша обсадты бағананың тозу және коррозияға ұшырау деңгейін ескереді.

Қысымды төмендету ақырындар минутына 0,3 – 0,4 МПа жүргізеді.

522. Ашық атқыманы жою бойынша жұмыстар технологиялық регламентке сәйкес орындалады.

523. ГМСК және ашық атқылауды жою үшін АҚҚ бөлімшелері мен құрылымдарын тартады.

Қосымша жұмыстар жұмыс жетекшісінің тікелей қатысуымен, нұсқаулықтан кейін өндірістік персоналмен жүргізіледі.

524. Апаттық және қосымша жұмыстарды орындауға қатыспайтын, жұмысшыларға қауіпті аймақта болуға жол берілмейді.

525. ГМСК және АА жою үшін жабдық, техникалық құрылғы, құралдар, материалдар, арнайы киім, сақтандыру және жеке қорғаныс құралдары АҚҚ және мұнай операцияларын жүргізетін ұйымның апаттық қор қоймаларында үнемі дайындықта болады.

Қоймаларды белгілі бір аймаққа орналастыру және жабдықталу тізімі АЖЖ-мен анықталады.

526. Технологиялық авариялар мен инциденттерді жою АЖЖ сәйкес жүзеге асырылады.

Өнімдік деңгейжиекті аршу АҚҚ өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі және ГМСК алдын алу және жұмыстар барысына бақылау жасау үшін жұмысшылар тағайындалады.

527. Апаттық құралды көтеру кезінде құбырларды роторды және динамикалық жүктемені қолданусыз бұрап ашады.

528. Алынған құралды босатумен байланысты жұмыстар алдында жүк асып қоятын арқандар шешіледі, роторды жапсырмалар болттармен бекітіледі, дөңгелек пневматикалық муфталарда сырғудың алдын алу үшін апаттық болттар орнатылады.

529. Мұнай және қышқылды ванналарды қолдану кезінде іліп алуды жою үшін бұрғылау құралында құю қалпақшасының астында кері қақпақ орнатылады.

530. Құю қалпақшасын орнату үшін бұрғылау құралының ұзындығы орау кезінде биіктіктегі жұмыстарды болдырмайтын жағдайды ескере отырып таңдалады. Осы жағдайды орындау мүмкін болмаған жағдайда басқышы бар алаң орнатылады.

531. Қағып алу жұмыстары кезінде флюид көрінулерінің әлеуетті қауіптілігі бар ұңғымаларда бұрғылау бағанасының ұзындығы құбырдың жазық бөлігінің превентор плашкасына қарсы, жетекші құбырдың - роторда орналасуы есебінен алынады.

532. Шаю сұйығын сіңіру кезінде, ұңғымадан бұрғылау бағанасын көтеру ұңғыма сағасына дейін толтырылған және асып кету болмаған жағдайда жол беріледі.

Осы жағдайды орындау мүмкін болмаған жағдайда қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар жасалады.

533. Флюид көрінулері мүмкін, бұрғылау ерітіндісін жартылай немесе толық сіңірумен ұңғыманы бұрғылау жобалау құжаттамаларына сәйкес жүргізіледі. Жұмыстар нәтижелері бойынша жобаға өзгеріс енгізіледі.

534. Ваннаны (мұнайлы, сулы, қышқылды) орналастыру кезінде шаю сұйығының құрама діңгегінің гидростаттық қысымы жобалық көлемге, қабатты қысымнан асады.

535. Гидростаттық қысым қабаттан төмен төмендегенде, бұрғылау бағанасын ары-бері апару бойынша жұмыстар қымталған құбырдан тыс кеңістікпен, бұрғылау құбырларында орнатылған жұмыр крандармен, қосымша қауіпсіздік шараларын жасау және жүзеге асырумен, АҚҚ қатысуы кезінде жүргізіледі.

536. Сифон және поршалау пайда болған кезде ұңғыманы шаю және бұрғылау бағанасын ары-бері апару жүргізіледі, көтеру жылдамдығы шектеледі және ГМСК және қабатқа әсер етудің алдын алу үшін ұңғыманы толық толтыру қамтамасыз етіледі және көтеру жылдамдығы шектеледі.

537. Ілініп алынған бұрғылау құралын (өзі жүретін су асты минасы, дүмпіткіш баулар) босату бойынша жұмыстарды геофизикалық ұйыммен сәйкес, жұмысты ұйымдастыру жоспары бойынша жүргізеді.


10 - тарау. Бұрғылау кезінде оқу жаттығуын өткізу


538. Жеке штаттан тыс оқиға үшін жаттығулар алдында нұсқаулық жүргізіледі. Жаттығуларға қатысатын персонал, апаттық және қауіпті жағдайлар кезінде дереу әсер етуге дайындалады.

539. Персонал үшін оқу жаттығулары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 219 бұйрығымен бекітілген, Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жалпы талаптарына сәйкес, техникалық басшымен бекітілген кесте бойынша жүргізіледі.

540. Оқу жаттығуларын жүргізу кезінде жұмыс істейтін технологиялық үрдісті жүргізуге кедергі келтірмейтін кесте мен тәртіппен, шынайы оқиғаларға жақын, тастамалардың алдын алу бойынша әрекеттер істеледі.

1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18

Похожие:

Теңізде мұнай газ өндіру кезіндегі iconМұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі
Осы Талап мұнай операцияларын жүргізу кезінде мұнай, газ және газконденсатты кен орындары (әрі қарай – мгк) объектілерін жобалау,...
Теңізде мұнай газ өндіру кезіндегі iconМұнай және газ ұңғыларын жерасты жөндеуі кезіндегі
...
Теңізде мұнай газ өндіру кезіндегі icon0809000–«Мұнай және газ кенорындарын пайдалану» мамандығы бойынша дипломдық жобаның тақырыптары
Жалғызтөбе кенорнында мұнай өндіру үрдісі кезінде кездесетін қиыншылықтармен күрес шаралары
Теңізде мұнай газ өндіру кезіндегі iconГаздарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Осы Талаптар газөңдеу мен гелий өндірістеріне, табиғи және мұнай газдарын өңдеу қондырғыларына, күкірт өндірісіне, газ конденсатын...
Теңізде мұнай газ өндіру кезіндегі iconМҰнай газ өндіру компанияларының нарықТЫҚ жағдайлардағЫ Қазіргі күЙІ
Кіріспе
Теңізде мұнай газ өндіру кезіндегі iconМұнай мен газ өндіру өнеркәсіптің ең бір маңызды салаларының бірі болып табылады. Оның дамуына біздің елімізде үлкен көңіл бөлінеді

Теңізде мұнай газ өндіру кезіндегі icon«Бекітемін» «Мұнай және газ кен орындарын игеру» кафедра меңгерушісі Жабағиев А. М
«Мұнай және газ кен орындарын игеру» кафедрасы меңгерушісімен оқырмандар конференциясын өткізу туралы келісу
Теңізде мұнай газ өндіру кезіндегі iconМұнай базаларын және автомобильдерге жанар-жағармай құю станцияларын пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Осы Мұнай базаларын және автомобильдерге жанар-жағармай құю станцияларын пайдалану кезіндегі өнеркәсіп қауіпсіздігінің Талаптары...
Теңізде мұнай газ өндіру кезіндегі iconМұнай дайындау құрылғыларын пайдалану кезіндегі
Талаптарды жобалауға, құрылысқа, пайдалануға, мұнай дайындау құрылғыларына техникалық қызмет көрсету және жөндеуге (әрі қарай мдқ),...
Теңізде мұнай газ өндіру кезіндегі iconРМҚк атырау мұнай және газ институты ргкп атырауский институт нефти и газа

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница