Теңізде мұнай газ өндіру кезіндегі




НазваниеТеңізде мұнай газ өндіру кезіндегі
страница7/18
Дата конвертации11.02.2016
Размер2.03 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.emer.kz/laws/law/nnic/0802/talap_452.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18

5 - тарау. Бір уақытта жөндеу, ұңғымаларды бұрғылау және табу


426. Бір платформада ұңғымаға күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізуге жанында бұрғыланып жатқан ұңғыманы бұрғылау аяқталғаннан кейін жол беріледі.

427. Күрделі жөндеуге жататын ұңғыма – бітеледі және арматурамен жабылады. Ұңғымада «назар аударыңыз! Күрделі жөндеу күтілуде!» белгісі ілінеді.

428. Ұңғыманы жөндеуге бұрғыланып жатқан ұңғымада бұрғылау жұмыстары аяқталғаннан және ол игерілген немесе жабылғаннан кейін жол беріледі.

429. Ұңғыманы жөндеуді бастау алдында айналма қалпына келтіріледі және жуу сұйығының көрсеткіштерінің тегістелгеніне дейін бұрғылау ерітіндісімен жуылады.

430. Құбырларды ары-беру жүргізумен немесе созумен байланысты, атқыма ұңғымаларында жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде бұрғыланатын ұңғымалардағы жұмыстар мүмкін болатын қиындықтарға қарсы шара қолданумен уақытша тоқтатылады.

431. ТМГҚ-дан біреуінде кондуктор түсірілген және ТҚЖ ұңғымасының сағасында құрастырылған жағдайда екі ұңғыманы бір уақытта бұрғылауға жол беріледі.

432. Екі бұрғылау қондырғыларымен пайдалану ұңғымаларының бұтасын бұрғылау кезінде айналма жүйелерінің жалпы көлемі екі ұңғыманы бұрғылаудың жобалық талаптарына сәйкес келуі жағдайында олардың айналма жүйелерін біріктіруге жол беріледі.

433. ТМГҚ-да бір уақытта ұңғыманы бұрғылау және пайдалану кезінде келесі талаптар сақталады:

атқыма ұңғымалары ұңғыма ішіндегі қақпақ-кескіштермен және қашықтықтан басқарылатын сағалық ысырмалармен жабдықталады;

пайдаланылатын ұңғымалардың атқыма арматурасы бұрғыланатын ұңғыманың тастамаға қарсы жабдығының жағынан және үстінен бірегей қоршауға ие;

мұнай және газ өткізгіштер желілі ысырмалар-кескіштермен жабдықталады.

434. Ұңғымалардың сағалары арасындағы нақты қашықтық туралы келісілген жобалық шешімдер болмаған жағдайда ұңғыма сағалары арасындағы қашықтыққа талаптар қолданылады:

бұрғылау ұңғымаларының ТҚЖ басқару жүйелері платформаның жоғарғы құрылысында төменгі қабатта, ал атқыма арматурасының қашықтықтан басқарылатын ысырмаларымен және ұңғыма ішіндегі қақпақ-кескішпен басқару жүйелерінің төменгі қабатта орналасуы кезінде 2,4 м (мұнайлы үшін) кем емес және 3 м (газды және газконденсатты) кем есем;

сағалы ысырмалардың және ұңғыма ішіндегі қақпақ-кескіштердің және ТҚЖ басқару жүйелерінің бір қабатта орналасуы кезінде 8 м кем емес.

435. Платформада ұңғыманың бір тобында болатын ұңғыманы бір уақытта жөндеуге және басқа топта болатын ұңғыманы бұрғылауға жол беріледі.

436. ТМГҚ ұңғымасында инцидентті жөндеу, жою әрбір нақты ұңғыма үшін жасалған және осы жұмыстарды жүргізетін, ұйымның техникалық басшысымен бекітілген, жұмысты ұйымдастыру жоспары бойынша жүргізіледі. Жоспарда жұмысты жүргізу тәртібі, қауіпсіздік шаралары, жауапты жұмысты басқарушы көрсетіледі.

437. Бұрғыланатын ұңғымалардың бірінде мұнай газ көрінулері кезінде басқа бұрғылау қондырғысындағы барлық жұмыстар қиындықтарға қарсы шараларды қабылдаумен тоқтатылады.

Бір уақытта бұрғылау, ағымдағы (күрделі) жөндеу және ұңғыманы пайдалану кезінде мұнай газ көрінулерінің болған оқиғасы жайлы әрекеттегі ұңғымаларға мұнайды өндіруді тоқтату бойынша шаралар қабылдау үшін ТМГҚ пайдалану қызметі, қажет болған жағдайда ұңғымаға ағымдағы (күрделі) жөндеу жүргізу бригадасы хабарланады.

Қиындықтар туралы ТМГҚ пайдаланатын ұйымның басшысы хабарланады.


6 - тарау. Ұңғымалардың өнімін жинау,

дайындау және тасымалдау


1 - параграф. Жалпы талаптар


438. Мұнайды және газды жинау, дайындау және тасымалдау объектілері келесімен жабдықталады:

газдың жарылысқа қауіпті шоғырлануын бақылау талдағыштарымен;

өрт дабыл белгісінің құрылғыларымен;

сепараторларда, сақтағыштарда және резервуарларда сұйық пен қысым деңгейінің жағдайын автоматты бақылау жүйесімен;

автономды және қашықтықтан басқарылатын желілі кесетін құрылғылардың жүйесімен немесе өзге автоматтандырылған бекіту арматурасымен.

Мұнай және газды жинау, дайындау және тасымалдау объектілерінде апаттық жағдайлар пайда болған жағдайда технологиялық үрдістер тоқтатылады.

439. Мұнай және газды өндіру, жинау және дайындаудың жабық бөлмелері (ұңғымалар, өлшеу, жинау және дайындау пунктері, компрессорлы станциялар) негізгі технологиялық өлшемдердің көрсеткіштерін және объектідегі ауа кеңістігінің көрсеткіштерін орталық диспетчерлік құрылғыға шығарумен жұмыс және апаттық желдеткішке ие.

440. Басқару объектілерінде объектілерді өшірудің алдын алатын белгі құрылғылары және диспетчерлік пунктімен кері байланысы бар.

441. Диспетчерлік пунктіден жеке басқарылатын объект тікелей объектіде одақтасу жүйесіне және қолмен басқаруға ие.

442. Технологиялық жабдықта қорғаныс қақпақтарын лақтыру желілерден ыдысқа (тамшы шой), ал газ - шамшыраққа жіберіледі.

443. Желілер мен ұңғымаларды үрлеу, бәсеңдету және айдау кейіннен сұйықты сорғымен ағызумен үрлеу блогы арқылы жүзеге асырылады. Үрлеу газы газ әкеткішке жіберіледі.


2 - параграф. Мұнайды және газды дайындау және сақтау


444. ТМГҚ-да сұйықтан газды өткізуді, ұңғыма дебитын өлшеу, газбен қоректендірілген сұйықты сорғымен соруды, сұйықтар мен химиялық реагенттерді газ ағынына дозалауды, мұнай мен газ конденсатын термохимиялық қайта эмульсиялауды, газды ылғалдан құрғатуды жүзеге асыруға жол беріледі.

445. Теңіз мұнай газды жинау пунктерінде газды кешенді дайындаудың топтық қондырғыларының объектілері отты қолданумен байланысты технологиялық үрдіс кезінде газ, тез тұтанатын, жанатын сұйықтар бар аппараттардан, және өндірілетін және бұрғыланатын ұңғымалардан неғұрлым мүмкін болатын алыс қашықтықты (15 м кем емес) орналасады.

446. Теңіз мұнай газ кәсіпшілік құрылыстарында тауарлық резервуарлар парктері теңіз мұнай газ кен орнын орналастыру жобасына сәйкес, арнайы ТМГҚ-да орнатылады.

Егер де қабылданатын шешімдер қауіпсіздікті қамтамасыз ететін болса, мұнай газ өңдейтін ТМГҚ-да мұнайдың белгілі бір көлемі және мұнай сақтағыштарда мұнайды сақтауға жол беріледі.

447. Резервуарлық паркте резервуарларды байлау резервуармен авария болған жағдайда, өнімді бір резервуардан екіншісіне қайта құю мүмкін болған жағдайда қамтамасыз етіледі.

448. Мұнай мен газды жинау және сақтау пунктері астына көпірлер мен негіздердің төсемі жанбайтын материалдардан жасалады.

449. ТМГҚ-да жағалаудағы құрылысқа тасымалдау үшін қажетті мұнай мен газды өңдеуге жол беріледі.

450. ТМГҚ-да мұнайды термохимиялық қайта эмульсиялау жүргізуге жол берілмейді.

451. ТМГҚ-да өндірілген мұнайды сақтау үшін қоймалы резервуарларды сақтауға жол берілмейді. Мұнай технологиялық платформаға, жағалаудағы базаға тасымалданады немесе жеке платформаларда резервуарларда сақталады. ТМГҚ-да жалпы көлемі 200 м³ көп емес, мұнайға арналған буферлі ыдыстардың болуына жол беріледі.

452. ТМГҚ құрылымына пайдалану бағандарын бекітумен байланысты жұмыстар құтқару күртешелерінде, люлькалардан, алаңдардан және өзгелерден жүргізіледі.

453. Пайдалану бағанына жөндеу жүргізу кезінде пайдалану ұңғымалары қызмет көрсету кемелерінің көмегімен ТМГҚ жағынан да, технологиялық платформа жағынан да жабылады. Бағандағы қысым атмосфералыққа дейін төмендетіледі.

454. Пайдалану бағандарын және ұңғымаларды бәсеңдету технологиялық блок арқылы жүргізіледі.

455. Жөндеуге дайындау, пайдалану бағандарын жөндеу ЖҰЖ бойынша жүргізіледі.

456. Барлық негізгі және қосымша технологиялық қондырғыларда қысымның рұқсат етілгеннен жоғары көтерілуі, шлейфтер мен технологиялық жабдықтың жарылуы кезінде ұңғымалар мен газ шығаратын коллекторлардың автоматты өшірілуін қамтамасыз ететін, автоматты қорғаныс құралдары бар.

Аталған технологиялық қондырғыларда дыбыстық және жарықпен қысатын белгілермен қосарланатын, технологиялық режимді бұзу, автоматика аппаратурасының істен шығуын білдіретін дабыл белгісі бар. Апаттық дабыл белгісі жалпы дыбыстық белгімен және белгі шамдарымен жүзеге асырылады.

457. Барлық резервті желілер жұмысқа жарамды қалыпта болады (тиелген резерв). Резервті желіні төсеу кен орнын орналастыру жобасымен қарастырылады.


3 - параграф. Мұнайды және газды тасымалдау


458. Ұңғыма өнімдерін ТМГҚ бұтасынан технологиялық платформаға немесе мұнай мен газды жинау мен сақтаудың орталық пунктіне тасымалдаудың аса жоғары сенімділігі үшін резервті желі төселеді. Резервті желі жұмысқа жарамды қалыпта болады (тиелген резерв).

Резервті желіні төсеу қажеттілігі кен орнын орналастыру жобасымен қарастырылады.

459. Су асты құбырының басында және аяғында мұнай мен газды тасымалдау үшін апаттық жағдайларда өшіру үшін автоматты бекіту құрылғылары орнатылады.

460. Мұнай мен газды тасымалдауға арналған су асты құбыры жобамен белгіленген қысымға тығыздалады.

461. Бөлмеде орналасқан және мұнаймен толтырылған сорғыны іске қосу алдында соратын желдеткіш қосылады. Желдеткіш істен шыққан немесе өшірілген кезде сорғыны іске қосуға жол берілмейді.

462. Мұнайды қайта айдауға арналған сорғының үрлейтін краны мұнайды жинау ыдысына түсіру үшін түтікпен жабдықталады.

463. Мұнайды айдайтын сорғының электр жетегінде қашықтықтан өшіру және жарылыстан қорғалған орындау бар.


4 - параграф. Танкерлерді толтыру


464. Теңіз мұнай жинау пунктінің айлағына арқандап байланған, мұнай құятын кеме мұнайды құю және ағызу мүмкіндігін анықтау үшін, жағалау қызметтерінің және өрт күзетінің өкілдерімен өрт қауіпсіздігі жағдайына қаралады.

465. Кемелі құбырды айлақтардың құю-ағызу құрылғыларымен қосатын шлангалар айлақта кеменің ауысу мүмкіндігін қамтамасыз ететін ұзындыққа ие.

Шлангалар жұмсақ жүк асып қоятын арқандардың немесе ағаш қойғыштардың көмегімен ұсталады. Кемелі шлангаларды ілу және бекіту қауіпсіз орындалады.

466. Құю алдында қайта қосылатын вентильдердің, ысырмалардың ашылу дұрыстығы, және жеке құю-ағызу құрылғыларының дұрыстығы, шлангалардың немесе телескопиялық құбырлардың құрамаларының тығыздығы тексеріледі. Құю құрылғыларында анықталған ағу дереу жойылады.

467. Айлақ пен мұнай құятын кеменің қызмет көрсетуші персоналы құю бойынша жұмыстың барысына және жабдықтың жағдайына үнемі бақылау жасайды. Мұнайдың ағу анықталған жағдайда ол дереу жойылады. Ағуды жою мүмкін болмаған жағдайда мұнайды құю бойынша операция ақау жойылғанға дейін уақытша тоқтатылады.

468. Айлақта кемелердің тұру кезінде мұнайды құю операцияларымен байланысты емес, кемелерді, жүзетін құралдарды әкелуге және оларды байлауға жол берілмейді.

469. Келесіге жол берілмейді:

су айлағында мұнай құятын кемелерден тауардан қалған суларды немесе мұнай өнімдерін тартып шығаруға;

жауын-шашынды жарқырау кезінде құюға;

қатып қалған құбырларды ашық отынмен жылытуға. Қажет болған жағдайда айлақ бу бағандарымен жабдықталады.

470. Мұнай құятын кемеге апаттық жөндеу жүргізу кезінде құю және ағызу бойынша операциялар тоқтатылады және кеме айлақтан қауіпсіз қашықтыққа әкетіледі.

471. Жүзетін мұнай сақтағыштарды және бір зәкірлі айлақтарды қолдану кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 шілдедегі № 676 «Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы «Ресей теңіз кеме қатынасы тіркелімі» сынау қоғамын тану туралы» қаулысына сәйкес қауіпсіздік шаралары пайдаланылады.


11 - бөлім. Жабдықты орналастыру


1 - тарау. Ұңғымаларды орналастыру


472. ТМГҚ-дағы ұңғымалардың саны жобалық тапсырмамен, ұңғымалардың орналасуы ТМГҚ құрылысына жобамен анықталады.

Ол кезде:

1) ТМГҚ-да жұмыс істеп тұрған газды және газконденсатты ұңғымалардың саны 12 көп емес;

2) ТМГҚ-да құбылмалы жоғары қабатты қысымымен газ конденсатты жұмыс істеп тұрған ұңғымалардың саны алтыдан көп емес және олар бір қатарға орналасады;

3) ТМГҚ жұмыс істейтін мұнай және айдау ұңғымаларының саны 32 көп емес жол беріледі, тәулігіне 2 мың тоннаға дейінгі мұнайды пайдалану жағдайында. Ұңғымалар екі қатарға орналасады.

473. ТМГҚ-да платформа шетінен 10 м көп емес қашықтықта, бір немесе бірнеше қатарда ұңғымаларды орналастыруға жол беріледі. Ұңғымалар мен платформа шетінің арасында тек құбырларды құрастыруға жол беріледі.

474. Қатардағы ұңғымалардың сағалары арасындағы қашықтық пайдалану және жөндеу кезінде қызмет көрсету ыңғайлылығы жағдайлары бойынша таңдалады, алайда 2 м кем емес.

Ол кезде қатардағы және қатарлар арасындағы газды және газконденсатты сағалар арасындағы қашықтық 3 м кем емес.

475. Бір бұрғылау қондырғысымен (булармен) бұрғыланатын, ұңғымалардың екі қатары арасындағы қашықтық 2 м кем емес.

476. Екі бұрғылау қондырғысымен бір уақытта бұрғылау кезінде мұнара үсті портал арасындағы қашықтық 4 м кем емес. Бұрғылау қондырғылары арасында бұрғылау ерітіндісін тазалау жүйесін орнатуға жол берілмейді.


2 - тарау. Оқтай крандарды орналастыру


477. ТМГҚ оқтай крандарымен жабдықталады (стационарлы және қозғалмалы).

Крандардың орналасу орны сөрелерде және бұрғылау қондырғыларының қабылдау көпірінде көлік кемесінен жүк операцияларын механикаландыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Крандардың саны мен түрі жобамен анықталады.

478. ТМГҚ-да оқтау крандардың орналасу орны краншы кабинасынан жүзетін құралдардың палубасының көрінуін қамтамасыз етеді.

479. Оқтай крандар бұрғылау мұнарасының, антеналық кешеннің, тұрғылықты блоктың және өзге қондырмалардың крандарының оғымен соқтығысуды болдырмайтын құрылғылармен жабдықталады.


3 - тарау. Шамшырақты орналастыру


480. ТМГҚ-да апаттық жағдайларда газды жағу үшін шамшырақ орнату қарастырылады. Шамшырақ газдың күтілетін көлемін жағуға есептеледі. Шамшырақтың жылулық әсері қызмет көрсетуші персонал және жанатын газдар мен сұйықтар бар технологиялық жабдық үшін рұқсат етілген мәнінен аспайды.

481. Шамшырақ бағаны платформа бұрышында, тұрғылықты блоктың орналасуына қарама қарсы жағынан орналасады. Бағанның биіктігі бұрғылау мұнарасынан 5 м биік.


4 - тарау. Кәсіпшілік-геофизикалық жұмыстарға арналған

жабдықты орналастыру


482. Кәсіпшілік-геофизикалық станцияның көтергіші және зертхана, газды шегенді станция бір блокқа біріктіріледі және бір біріне паралельді, қатар орналасады.

483. Көтергіштің орналасқан орны кәсіпшілік-геофизикалық жұмыстарды жүргізу ыңғайлылығын және қызмет көрсетуші персоналмен бұрғылаудың жұмыс алаңын бақылауды қамтамасыз етеді.

484. Станция қондырғылары оларды тексеру, реттеу, жөндеу және басқа кезде көтергіштің жеке желілеріне және зертханаға еркін кіруді қамтамасыз етеді.

485. Шегенді станцияның бөлмесінен ТМГҚ жоғарғы қабатына қысқа шығыс қарастырылады.

486. ТМГҚ-да ататын аппараттарды оқтау және жинау ұңғыма сағасынан және тұрғылықты блоктан 20 м кем емес қашықтықта, арнайы құрылғыда жүргізіледі.


1 - параграф. Радиобелсенді заттар

қоймасын орналастыру


487. ТМГҚ-да радиоөлшем жұмыстарын жүргізу кезінде геофизикалық портиямен жеткізілген, радиобелсенді заттарды (ары қарай - РЗ) уақытша сақтау үшін қойма қарастырылады. Қойма адамдар үнемі болатын орындардан 10 м кем емес қашықтықта орналасады. Қоймалардың есіктерінде сенімді бекіткіш құрылғысы бар, оның кілті геофизикалық партияның жетекшісінде болады.

488. Қойма еденінде геофизикалық партиядан РЗ бар ауыспалы контейнерлерді орналастыру үшін екі құдық қарастырылады.

Құдықтарға РЗ-ды контейнерсіз орналастыруға жол берілмейді.

489. Құдықтар болат құбырлардан дайындалады және тесіксіз түбі бар. Құдықтар жеңіл ашылатын және жабылатын қақпақтармен нығыздалып жабылады. Құдықтардың қабырғалары және түбі екі қабатты: құдық қабырғалары арасындағы ішкі кеңістік парафинмен құйылады.

490. Құдықтар бір біріне қарасты 0,6 м кем емес қашықтықта орналасады.

491. Бағаналар үстінен түсу және РЗ бар ауыспалы контейнерлерді алу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, түсіріп-көтеру құрылғысымен жабдықталады.

492. Құдықтардың және түсіріп-көтеру құрылғысының құрылымы барлық жағынан еркін келуді қамтамасыз етеді.

493. Қоймада сырт жағынан радиациялық қауіптілік белгісі орнатылады.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18

Похожие:

Теңізде мұнай газ өндіру кезіндегі iconМұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі
Осы Талап мұнай операцияларын жүргізу кезінде мұнай, газ және газконденсатты кен орындары (әрі қарай – мгк) объектілерін жобалау,...
Теңізде мұнай газ өндіру кезіндегі iconМұнай және газ ұңғыларын жерасты жөндеуі кезіндегі
...
Теңізде мұнай газ өндіру кезіндегі icon0809000–«Мұнай және газ кенорындарын пайдалану» мамандығы бойынша дипломдық жобаның тақырыптары
Жалғызтөбе кенорнында мұнай өндіру үрдісі кезінде кездесетін қиыншылықтармен күрес шаралары
Теңізде мұнай газ өндіру кезіндегі iconГаздарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Осы Талаптар газөңдеу мен гелий өндірістеріне, табиғи және мұнай газдарын өңдеу қондырғыларына, күкірт өндірісіне, газ конденсатын...
Теңізде мұнай газ өндіру кезіндегі iconМҰнай газ өндіру компанияларының нарықТЫҚ жағдайлардағЫ Қазіргі күЙІ
Кіріспе
Теңізде мұнай газ өндіру кезіндегі iconМұнай мен газ өндіру өнеркәсіптің ең бір маңызды салаларының бірі болып табылады. Оның дамуына біздің елімізде үлкен көңіл бөлінеді

Теңізде мұнай газ өндіру кезіндегі icon«Бекітемін» «Мұнай және газ кен орындарын игеру» кафедра меңгерушісі Жабағиев А. М
«Мұнай және газ кен орындарын игеру» кафедрасы меңгерушісімен оқырмандар конференциясын өткізу туралы келісу
Теңізде мұнай газ өндіру кезіндегі iconМұнай базаларын және автомобильдерге жанар-жағармай құю станцияларын пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Осы Мұнай базаларын және автомобильдерге жанар-жағармай құю станцияларын пайдалану кезіндегі өнеркәсіп қауіпсіздігінің Талаптары...
Теңізде мұнай газ өндіру кезіндегі iconМұнай дайындау құрылғыларын пайдалану кезіндегі
Талаптарды жобалауға, құрылысқа, пайдалануға, мұнай дайындау құрылғыларына техникалық қызмет көрсету және жөндеуге (әрі қарай мдқ),...
Теңізде мұнай газ өндіру кезіндегі iconҚазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы
Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница