Теңізде мұнай газ өндіру кезіндегі




НазваниеТеңізде мұнай газ өндіру кезіндегі
страница6/18
Дата конвертации11.02.2016
Размер2.03 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.emer.kz/laws/law/nnic/0802/talap_452.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

1 - тарау. Геофизикалық зерттеулер


355. Тиімді қабатты ашқан, ұңғымадағы шегенді сымның көмегімен операциялар бір майланған қақпақтан кем емес лубрикаторды қолданумен жүргізіледі.

356. Лубрикатор ұңғыма сағасына күтілетін, шекті мүмкін болатын қысымға тығыздалады.

357. Геофизикалық зерттеулер үшін қолданылатын, радиобелсенді материалдарды сақтау және тасымалдау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 219 бұйрығымен бекітілген Жарылғыш материалдарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

358. Радиобелсенді материалдар қорғалған, жеке тұрған, қымталған және батпайтын контейнерлерде сақталады.

359. Зерттеулер үшін жобаға, технологиялық регламентке сәйкес радиобелсенді заттар (ары қарай - РЗ) және ионды сәулелену көздері қолданылады.

360. Ұңғымаларда (алаңдарда) радиобелсенді изотоптарды қолданумен зерттеулер жүргізу кезінде технологиялық регламентке сәйкес алынатын флюидтің радиобелсенділігін бақылау жүзеге асырылады.





2 - тарау. Атқылау-жару жұмыстары


361. Жарылыс заттарын тасымалдау, сақтау және пайдалану Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2007 жылғы 19 қыркүйектегі № 141 бұйрығымен бекітілген, Жару жұмыстары кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

362. Жарылыс заттарын қолданумен қызмет түрлеріне Мердігермен технологиялық регламентпен жасалады.

363. Бағананы перфорациялау бойынша жұмыстар өндірісі атқымаға қарсы қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып жүргізіледі. Қабатқа жабығумен перфорацияға сәйкес қысымға атқыма арматурасының және сәйкес саға орамына бекітілген және тығыздалған кезде жол беріледі.

364. Жазалаумен перфорацияға ТҚЖ немесе перфораторлы ысырманы және лубрикаторды қолданумен жол беріледі. Ұңғыманы жаншу үшін құрылыста ұңғыманың екі есе көлемінен кем емес, бұрғылау ерітіндісінің қоры сақталады.

365. Алаңдарда орнатылған, ауыспалы контейнерлерде ату-жару жұмыстарын жүргізу уақытына теңіз қондырғысында жарылыс материалдарын уақытша сақтауға жол беріледі. Алаң апаттық жағдай немесе өрт кезінде теңізге контейнерлерді апаттық лақтыру үшін құралдармен жабдықталады.


9 - бөлім. Ұңғымаларды сынау және қарқындату


1 - тарау. Ашық оқпанда және бағанада сынау


366. Күкіртсутегі бар ұңғымаларды сынау кезінде жұмысты ұйымдастыру жоспары (әрі қарай - ЖҰЖ) жасалады.

367. Ұңғыманың отырғызылмаған және отырғызылған оқпандарын сынау кезінде Жұмысты ұйымдастыру жоспарының құрамдық бөлігі болып табылатын жұмыстар технологиялық регламент бойынша жүргізіледі.

368. Қабатты сынағышпен немесе кейіннен ағынды шақырумен бағананы перфорациялаумен ұңғыманы іске қосу күндізгі уақытта жүргізіледі. Құйылуға зерттеудің қалған бөлігі жеткілікті жарықтандырылу болған жағдайда қараңғы уақытта болуы мүмкін.

369. Сағалы жабдық, ТҚЖ, бекіткіш арматура, манифольдты блок, штуцерлі батарея, лақтыру желілері, сепараторлар және байлау элементтері күтілетін сағалы қысымға тығыздалады.

370. Атқылайтын ұңғыманың жұмысын бақылау үшін құбырдан тыс және құбыр кеңістігінде манометрлер, және қабатты флюидтің шығысын көрсететін құралдар орнатылады.

371. Ұңғыманың сағалы байлауының қатуының алдын алу үшін қатты аяз кезеңінде, қатудың жоғарғы температурасымен мұнайды өндіру немесе газконденсатты ұңғымалардың өнімінде көп мөлшердегі судың болуы кезеңінде ұңғымаларды қыздыру бумен немесе ыстық сумен жүргізіледі. Ашық жалынды қолдануға жол берілмейді.


2 - тарау. Ұңғымаларды қарқындату


372. Қарқындату бойынша операциялар кезінде қолданылатын жабдық (гидроажырау, қышқылды өңдеу) технологиялық регламентке сәйкес қолданылады.

373. Қысыммен жұмыс істейтін жабдық жоспарланған жұмыстар үшін күтілетін, жұмыс қысымынан шекті асатын қысыммен тексеріледі.


3 - тарау. Қысымды ұлғайту ұңғымалары


374. Қысымды ұлғайту құбырлардың обсадты бағаналарымен қамтамасыз етіледі және жобаға сәйкес цементтеледі.

375. Ұңғыма сағасы ұңғыманың шегелеу кеңістігі үшін жеке, қысымды реттеу ысырмаларымен жабдықталады.

376. Обсадты бағана, лифтілі бағана желісі және қабатқа қысымды ұлғайту өтетін пакер шекті рұқсат етілген қысымға тығыздаудан өтеді.

377. Қысымды ұлғайтуды және жеке қысымды ұлғайту жүйесінің дебитін бақылау журналда жазыла отырып, айына бір реттен кем емес жүргізіледі.


10 - бөлім. Мұнай және газ ұңғымаларын пайдалану


1 - тарау. Жалпы ережелер


378. ТМГҚ-да ұңғымаларды игеру және жөндеу әрбір нақты ұңғыма үшін жасалған, жұмысты ұйымдастыру жоспары бойынша жүргізіледі.

ЖҰЖ-да жұмысты жүргізу тәртібі, қауіпсіздік бойынша шаралар, жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бақылау тұлғалары көрсетіледі.

379. Келесі талаптар сақталған жағдайда, ТМГҚ-да ұңғымаларды бір мезетте бұрғылау және пайдалануға жол беріледі:

1) атқымалы ұңғымалар ұңғыма ішіндегі және сағалы қақпақтар – кескіштермен жабдықталады;

2) газлифтілі ұңғымалар сағалы және желілі қақпақтармен – кескіштермен жабдықталады.

380. Ұңғыма сағасын орып байлау сызбасы мен шарттары жобамен анықталады.

381. ТМГҚ-дағы әрбір игерілетін және пайдаланылатын ұңғыма бекіту құрылғысы бар әкетулер арқылы таратушы құбыр желісіне қосу мүмкіндігіне ие. Құбыр желілерінің әкетулерінде кері қақпақтар орнатылады. Ұңғыманың әрбір қатарында өзінің таратушы құбыр желісі бар.

382. Таратушы құбыр желілері және бекіту құрылғылары ұңғыманы пайдалану кезінде, сағаға күтілетін шекті рұқсат етілген қысымға есептеледі.

383. Таратушы құбыр желісінің ұңғыманы тұншықтыру үшін сорғылардың манифольдысына қосу желісінде бекіту құрылғылары орнатылады.

384. Бекіту құрылғыларының арасында қысымды бақылау үшін манометрлер орнатылады.

385. Ұңғыма айналасындағы жұмыс алаңы игеру, пайдалану, күрделі немесе ағымдағы жөндеу жүргізу кезінде артық жабдықтармен және материалдармен үйіп тасталмайды.

386. ТМГҚ-дағы құбыр желілері топтарға бірігеді және бір жазықтықта төселеді. Құбыр желілерін кесіп өтуге жобамен негізделген ерекше жағдаларда жол беріледі.

387. ТМГҚ-да атқыма арматурасына қызмет көрсету үшін биіктікте реттелетін, шешілетін алаңдар қарастырылады.

388. ТМГҚ-да бұрғылау жабдығының блок-модулін бөлшектегеннен кейін пайдалану ұңғымаларын тұншықтыру үшін блок-модуль құрастырылады.


2 - тарау. Ұңғымаларды игеру


389. ТМГҚ-да ұңғымаларды игеруге игерілетін ұңғымаға тұншықтыру үшін сорғыларды қосумен ДВС ұшқынды сөндіргіштердің жағдайын және ТМГҚ-да бұрғылау ерітіндісінің қорының болуын тексеруді қоса алғанда, барлық дайындау жұмыстарын орындаған жағдайда жол беріледі.

390. Атқылау және жару жұмыстарын жүргізу үшін дайындық жұмыстары оператормен, ұңғымаға перфоратор мен өзі жүретін су асты минасын түсіруді және күндізгі уақытта тікелей перфоратордың бірінші атуы немесе минаның жарылуын қамтамасыз ететін есеппен бекітілген, ЖҰЖ бойынша жүргізіледі.

Бекітілген нормаларға сәйкес жұмыс орындары мен қауіпті аймақты жарықтандыруды қамтамасыз еткен жағдайда, осы жұмыстарды қараңғы түскен жағдайда орындауға жол беріледі. Жарықтандыру ЖҰЖ сәйкес жұмыс басталғанға дейін дайындалады.

391. Қараңғы уақытта құйылуды шақыруға жол берілмейді.

392. ТМГҚ-да ұңғыманы перфорациялау алдында ТМГҚ-ғы барлық ұңғымалардың сағаларын байлауда босатулардың болуын тексеру. Анықталған босатулар жойылады.

393. Перфорацияға дей ін ұңғыма бұрғылау ерітіндісімен толтырылады, ұңғыма сағасы қашықтықтан басқарылатын тастамаға қарсы құрылғымен жабдықталады.

394. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 219 бұйрығымен бекітілген, Мұнай және газ кен орындарын игеру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына қосымша ретінде перфорация кезінде келесі қамтамасыз етіледі:

1) ТМГҚ-да өрт және құтқару кемесінің болуы;

2) атқыма ұңғымалары үшін ТМГҚ-да желілі және пакермен ұңғыма ішіндегі қақпақ-кесуші жиынының болуы.

395. Ұңғыманы сынау үшін жабдық құрастырылған алаң жақсы табиғи желдеткішке ие.

396. Ұңғыманы перфорациялау кезеңінде бұрғылау және оттық жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді. Ол кезде бұрғыланатын ұңғымаларда мүмкін болатын қиындықтардың алдын алу бойынша шаралар қабылданады. Пайдалану ұңғымаларында ағымдағы және күрделі жөндеулер жүргізуге және ТМГҚ-на қызмет көрсету кемелерінің жақындауына жол берілмейді.

397. Сорғылы-компрессорлы құбырлар ұңғымаға түсіруге дейін қалыпқа келтіріледі және тығыздалады. Тығыздау нәтижелері бойынша акт жасалады.


3 - тарау. Мұнайды, газды өндіру


398. Технологиялық үрдістер үшін жарылуға қауіпті газ қоспалары пайда болған кезде қауіпсіз жағдайды қамтамасыз етумен жұмыс тәртібінде, немесе үрдісті қауіпсіз жағдайға ауыстыруда, үрдістің технологиялық регламентпен белгіленген шекті рұқсат етілген мәні мен көрсеткіштерінен ауытқу кезінде, жарылуға қауіпті ортаның, апаттық және қауіпті жағдайлардың қалыптасуының алдын алатын апаттық қорғаныстың автоматты жүйесі қарастырылады.

399. ТМГҚ-да әрбір атқыма ұңғымасы сағалы арматура бұзылған, ұңғыма сағасында өрт пайда болған, тастау коллекторындағы қысым берілгеннен жоғары немесе төмен өзгерген кезде ұңғыма жұмысын тоқтатуды қамтамасыз ететін ұңғыма ішіндегі қақпақ-кескіштер жиынымен, апаттық жағдайларда жергілікті жерден немесе диспетчерлік құрылғыдан жеке ұңғымаларды немесе пайдалану ұңғымаларының тобын өшіруге мүмкіндік беретін, қашықтықтан басқарылатын ағынды ысырмалар-кескіштермен жабдықталады.

400. Ұңғыма ішіндегі және желілі қақпақ-кескіштердің жұмыс қабілеттілігі осы қақпақтарды пайдалану бойынша құралға сәйкес кесте бойынша тексеріледі.

401. Әрбір атқыма ұңғымасында ұңғыманың құбырдан тыс, шығыршықты, құбырлы және бағана арасындағы кеңістіктегі қысымды бақылау жүзеге асырылады. ТМГҚ-да үлгілі манометрлердің жиыны қарастырылады.

402. Бұрандалы құрамаларда қалған жерлердің алдын алу үшін бүктелген ұңғымалардың құбырдан тыс кеңістігінде жасанды қысымды ұстап тұруға жол беріледі. Ашу және құбырдан тыс кеңістікте қысым көтерілген кезде ұңғыманы қайта бүктеу және тұншықтыруға шаралар қабылданады.

403. Коррозиялық компоненттері бар ұңғыманы пайдалану кезінде коррозияға төзімді материалдан жасалған арматура қолданылады. Аталған ұңғымаларда ингибиторды дер кезінде енгізу қамтамасыз етіледі.

404. Атқыма арматурасын және атқыма «шыршасынан» бастап блок-манифольдқа дейінгі барлық құбыр желілерін байлау бағаналы бұрыштамалармен және зауыттық әзірленген үштіктермен жүргізіледі. Лақтырма желілері платформаға сенімді бекітіледі.

405. Құбыр желілері бір жарым есе жұмыс қысымына есептелген, бұрандалы құрамалармен орындалады. Ол кезде құбырларды қарау және жөндеу үшін еркін кіруге мүмкіндік қарастырылады. Әрбір құбырларда аралығы 10 м қашықтықта бояумен ұңғыманың нөмірі және ағынның бағыты жазылады.

406. Жарықта қолданылатын құбырлардың диаметрі ≥ 200 мм кезде құбырлар арасындағы қашықтық 200 мм кем емес. Басқа жағдайларда жарықтағы қашықтық 100 мм кем емес. Төсемге дейінгі құбырлардың ара қашықтығы 350 мм кем емес.

407. Ұңғымалар көп қабатты орналасқан жағдайда ұңғыма қатарлары арасында пайдалану ұңғымаларынан құбырларды төсеуге жол берілмейді.

408. Құбырлар қатаң бекітіледі, және МСТ 14202 бойынша қысымды сәйкес маркалауы және танып айыру бояуы бар.

409. Ұңғымалардың лақтыру желілерінде ұңғыма өнімін өлшеу және айналдыру бойынша блокты қондырғының алдында кері қақпақтар орнатылады.

410. Ұңғыманы, құбырларды, сепараторларды және сол сияқтыны үрлеу және бәсеңдету технологиялық блок арқылы жүргізіледі.

411. Ұңғыманың тастайтын құбырында, пайдалану бағанына баратын өнім өткізгіште желілі қақпақ-кескіштер орнатылады.

412. Мұнайы, газы және өзге жанатын сұйықтары бар құбырларды тұрғылықты блок арқылы төсеуге жол берілмейді. Аталған құбырлар тұрғылықты блоктан және ұжымдық құтқару құралдарынан 10 м кем емес қашықтықта орналасады.

413. Газ немесе жанатын сұйықтары бар құбырлардың жанбайтын өнімдері бар құбырлармен қиылысуы кезінде соңғысы төменде орналасады.

414. Табиғи атқымасы бар учаскелерде орналасқан лифтілі құбырлардың бағаналары апаттық жағдайлар пайда болған жағдайда атқыманы тоқтату үшін қауіпсіздіктің тереңдіктегі автоматты құрылғыларымен жабдықталады.

415. Қорғаныс қақпақтары ұңғымада қазылатын сұйықтар мен газдардың түрлері бойынша орналасады, және ұңғыма тоқтаған кезде болжалатын сағалық қысымнан асатын жұмыс қысымына ие.

416. Қауіпсіздіктің жер асты құрылғылары келесіні қамтиды:

үстінен реттелетін, қауіпсіздіктің тереңдегі қақпағы;

қауіпсіздіктің автоматты тереңдегі қақпағы;

қысу ұңғымаларына кері ағынды болдырмайтын қысу қақпағы.

417. Қысымды лақтыратын, ұңғыма сағасынан бірінші қорғаныс қақпағына дейінгі жеткізуші манифольд ұңғыма ұшындағы сағалық қысымға сәйкес келеді. Персонал бар объектіде орналасқан, манифольдтен ағуды анықтау үшін тереңдіктегі және сағалық қорғаныс қақпақтарын жабуды реттегішпен, газ анықтағыштар қолданылады.


4 - тарау. Ұңғымаларға ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізу


418. Ұңғымаларды жөндеу жұмыстарына дайындау ЖҰЖ сәйкес және ұйымның техникалық басшысымен бекітілген, «Ұңғыманың жөндеуге дайындығы туралы Акт» жасаумен жүргізіледі. Жөндеуден кейін ұңғыма акт бойынша тапсырылады.

419. Атқыма ұңғымаларына жөндеу жүргізу алдында белгіленген көрсеткіштерден жөнделетін ұңғыманың екі еседен кем емес шекті көлемінде бұрғылау ерітіндісінің қоры қарастырылады.

420. Атқыма арматурасын ағытқаннан кейін (сорғы-компрессорлы құбырларды көтеруді бастау алдында) ұңғыма сағасында жобаға сәйкес, превенторлы қондырғы орнатылады және тығыздалады.

421. Ұңғымаға жөндеу жүргізу кезіндегі мұнай газдың көрінулерінде бұрғыланатын ұңғымаларда пайда болуы мүмкін қиындықтарға қарсы шаралар қолданыла отырып, ұңғымаларды бұрғылау. Орын алған қиындықтар туралы ТМГҚ-ны пайдаланатын ұйым басшысы және ашық атқымалардың алдын алу және жою бойынша АҚҚ құлақтандырылады.

422. Күрделі жөндеуге жататын ұңғыма тұншықтырылады және арматурамен жабылады. Ұңғымада «Назар аударыңыз! Күрделі жөндеу күтілуде!» белгісі ілінеді.

423. Ұңғыманы жөндеуге бұрғылау ұңғымасында бұрғылау жұмысы аяқталғаннан және ол игерілгеннен немесе жабылғаннан кейін жол беріледі.

424. Ұңғыманы жөндеуді бастау алдында айналма қалпына келтіріледі және жуу сұйығының көрсеткіштерінің тегістелгеніне дейін бұрғылау ерітіндісімен жуылады.

425. Құбырларды ары-беру жүргізумен немесе созумен байланысты, атқыма ұңғымаларында жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде бұрғыланатын ұңғымалардағы жұмыстар мүмкін болатын қиындықтарға қарсы шара қолданумен уақытша тоқтатылады.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Похожие:

Теңізде мұнай газ өндіру кезіндегі iconМұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі
Осы Талап мұнай операцияларын жүргізу кезінде мұнай, газ және газконденсатты кен орындары (әрі қарай – мгк) объектілерін жобалау,...
Теңізде мұнай газ өндіру кезіндегі iconМұнай және газ ұңғыларын жерасты жөндеуі кезіндегі
...
Теңізде мұнай газ өндіру кезіндегі icon0809000–«Мұнай және газ кенорындарын пайдалану» мамандығы бойынша дипломдық жобаның тақырыптары
Жалғызтөбе кенорнында мұнай өндіру үрдісі кезінде кездесетін қиыншылықтармен күрес шаралары
Теңізде мұнай газ өндіру кезіндегі iconГаздарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Осы Талаптар газөңдеу мен гелий өндірістеріне, табиғи және мұнай газдарын өңдеу қондырғыларына, күкірт өндірісіне, газ конденсатын...
Теңізде мұнай газ өндіру кезіндегі iconМҰнай газ өндіру компанияларының нарықТЫҚ жағдайлардағЫ Қазіргі күЙІ
Кіріспе
Теңізде мұнай газ өндіру кезіндегі iconМұнай мен газ өндіру өнеркәсіптің ең бір маңызды салаларының бірі болып табылады. Оның дамуына біздің елімізде үлкен көңіл бөлінеді

Теңізде мұнай газ өндіру кезіндегі icon«Бекітемін» «Мұнай және газ кен орындарын игеру» кафедра меңгерушісі Жабағиев А. М
«Мұнай және газ кен орындарын игеру» кафедрасы меңгерушісімен оқырмандар конференциясын өткізу туралы келісу
Теңізде мұнай газ өндіру кезіндегі iconМұнай базаларын және автомобильдерге жанар-жағармай құю станцияларын пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Осы Мұнай базаларын және автомобильдерге жанар-жағармай құю станцияларын пайдалану кезіндегі өнеркәсіп қауіпсіздігінің Талаптары...
Теңізде мұнай газ өндіру кезіндегі iconМұнай дайындау құрылғыларын пайдалану кезіндегі
Талаптарды жобалауға, құрылысқа, пайдалануға, мұнай дайындау құрылғыларына техникалық қызмет көрсету және жөндеуге (әрі қарай мдқ),...
Теңізде мұнай газ өндіру кезіндегі iconҚазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы
Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница