Теңізде мұнай газ өндіру кезіндегі




НазваниеТеңізде мұнай газ өндіру кезіндегі
страница3/18
Дата конвертации11.02.2016
Размер2.03 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.emer.kz/laws/law/nnic/0802/talap_452.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

7 - тарау. Жұмыс орындары


102. Жұмыс орындары қауіпті өндірістік факторлардан қорғаныспен жабдықталады және қауіпті жағдайларда персоналдың қауіпсіз кетуін қамтамасыз етеді.

103. Бөлмеден тыс орналасқан персоналдың жұмыс орындары қолайсыз ауа райы жағдайларынан қорғалады.

104. Температурасы 70 0С жоғары ыстық металл беткейлері жылуды оқшаулайтын материалдармен қоршалады немесе жабылады.

105. Жұмыс учаскелеріндегі еден құлау мен зақымдануға әкелетін, дөңес пен ылди жоқ, сырғанауының алдын алатын, тұрақты және қауіпсіз төсеммен қамтамасыз етіледі.

106. Басының зақымдануына қауіп туғызатын, төменде ілінетін құрылымдар ашық түске боялады.

107. Еден деңгейінен 1 метрден жоғары көтерілген жұмыс алаңдары басқыштармен жабдықталады, қалқанмен қоршалады. Басқыштар мен сатының еңісі мен ені Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 219 бұйрығымен бекітілген «Жалпы өнеркәсіптік қауіпсіздік талабының» 2 бөліміне сәйкес қамтамасыз етіледі.

108. Есіктер бөлмеден қозғалыс бағыты бойынша шығыс бағытқа эвакуация пунктіне ашылады немесе екі жаққа ажыратылады.

109. Өрт пен жарылыстан қорғау үшін қауіпті аймақтарда арнайы әйнектер қолданылады (металл сыммен күшейтілген).

110. Қауіпті газдардың мүмкін болатын әсеріне ұшыраған жұмыс орындары мәжбүрлі желдеткішпен қамтамасыз етіледі.

111. Газданудың тұтанатын қосылымға дейінгі жоғарғы қаупі кезінде жарықтандыру жарылысқа қауіпсіз түрде қолданылады.

112. Қозғалыс және қауіпті учаскелердің сызбасы көрінетін жерге ілінеді.


8 - тарау. Персоналды көшіру


113. Теңіз құрылыстарында АЖЖ құрамында қауіпті жағдайларға қолданылатын, Апаттық эвакуация жоспары жасалады және енгізіледі.

114. Апаттық эвакуация жоспары жинау жолдары мен орындарын, түгендеу тәртібін, және апаттық және қауіпті жағдайларды персонал мен лауазымды тұлғалардың негізгі міндеттерінің сипаттамасын қарастырады.

115. Құрылыста эвакуация сызбалары және апаттық жағдайлар кезінде қозғалыс бағытын көрсететін белгілер ілінеді.

116. Теңіз объектісінен Апаттық эвакуациялау жоспары төтенше жағдайлар кезінде теңізде эвакуациялау ережелерінің сипаттамасын, кезекші көлік кемесін және тікұшақтарды қолдану нұсқаларын қамтиды.

117. Уақытша баспана борттағы персоналды өрт, температураның көтерілуінен, түтіннен, улы газдардан, жарылыс салдарынан қорғайды.

Уақытша баспанаға эвакуациялау жолдары төтенше жағдайдың барлық кезеңінде қол жетімділікті қамтамасыз етумен, өрт пен жоғарғы температурадан қорғаныспен қамтамасыз етіледі.

118. Персонал үнемі болатын теңіз объектісінде кезекші кеме суатқыштан суды объектінің жоғарғы палубасына беруді және қорғаныс су бүркеуінің қалыптасуын қамтамасыз ететін, өрт жабдығымен қамтамасыз етіледі.

119. Уақытша баспана эвакуацияланатын персоналды қабылдау үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз етіледі, және алғашқы медициналық көмек көрсету үшін жабдық бар. Персоналды эвакуациялау уақытша баспананың әрекет ету ұзақтығы үшін АЖЖ қарастырылған, уақыт көлемінде кез келген ауа райы жағдайында қамтамасыз етіледі.

120. ТМГҚ-да жұмыс алаңдары және бөлмелерде кем дегенде екі эвакуациялық шығыстар (негізгі және апаттық) бар.

121. Эвакуация жолдарында негізгі шығыстар үшін көтеру құламасы 60 ºС көп емес, жол құрылғыларын орнатуға жол берілмейді.

Тік жолмен апаттық шығыс жабдығына жол беріледі.

122. Эвакуация жолдарындағы есіктерде ілмектер бар және эвакуация барысында қозғалыс жағына ашылады.

123. Басқыштардың (жолдардың) ені 650 мм кем емес.

124. Эвакуация жолдары, суға түсетін құрылғыларды қоса алғанда, ұжымдық құтқару құралдарын орналастыру орындары, түсіру орнындағы теңіз беткейіне (құтқару құралдарын дайындау және түсіру кезінде) қараңғы уақытта жарық түсіріледі. Осы мақсаттар үшін жұмыс және апаттық жарық беру қарастырылады.

125. Эвакуация жолдары жарық түсіретін бояумен соғылған, көрсеткіштермен көрсетіледі.

126. ТМГҚ персоналы құтқару қайықтары мен салдары бойынша жазылған.

127. ТМГҚ-да екі немесе одан да көп өндірістермен бір мезетте жұмыстар орындау кезінде вахтаның барлық жұмысшыларының жеке құрамы бірыңғай кестеге сәйкес құтқару қайықтары бойынша қол қояды.

128. Қайықтық (отырғызатын) алаңға әкелетін жолдың ені 1,2 м кем емес.

129. Отырғызу (қайықтық) алаңның құрылымы персоналды алаңның екі жағынан ұжымдық құтқару құралдарына отырғызуды қамтамасыз етеді.

130. ТМГҚ персоналы және келушілер (вахта ауысымдылығын ескере отырып) объектіден эвакуациялау кезінде әрекеттерге үйренеді және нұсқаулықтан өтеді.

131. Эвакуация жоспарымен әрбір орнатылған ұжымдық құтқару құралына қызмет көрсетуші персонал арасынан (вахтаның ауысымдылығы ескеріле отырып) аға (және оның орынбасары) тағайындалады, оның нұсқаулықтары аталған құтқару құралының экипажы үшін міндетті.

132. Әрбір персоналдың персоналымен ТМГҚ-да тоқсанына бір реттен кем емес эвакуация бойынша тәжірибелік жаттығулар жүргізіледі.

133. ТМГҚ персоналын эвакуациялау туралы команда платформа бастығымен (оның орынбасарымен) немесе оны алмастыратын бақылау тұлғасымен беріледі. Ол кезекші кемелер мен тікұшақтарды да ескертеді, ал қажет болған жағдайда жақын жерде жүзіп жүрген кемелерді шақыра отырып, «халықаралық апат белгісін» жібереді.

134. ТМГҚ-да екі немесе одан да көп кәсіпорындардың екі және одан да көп құрылымдық бөлімшелерімен жұмыстар жүргізу кезінде қызмет көрсетуші персоналды эвакуациялау туралы команданы ұйымдардың басшыларының келісімі бойынша эвакуацияны ұйымдастыру бойынша міндеттер жүктелетін, бөлімшенің басшыларының біреуі (немесе оның орынбасары) береді.

135. Платформа персоналын ұжымдық құтқару құралдарына отырғызу ТМГҚ-ны қалдыру туралы белгі бойынша платформада жүзеге асырылады.

136. Платформа бастығы (оның орынбасары немесе бұйрықпен тағайындалған өзге де жауапты тұлға), радиошы (радиооператор), және өртпен күрес бойынша бригадалар платформада ешкім қалмағандығына көз жеткізіп, ТМГҚ-дан соңғы болып кетеді.

137. Ұжымдық құтқару құралдарын суға түсіру эвакуация кестесінде көрсетілген жұмысшылармен жүзеге асырылады.


5 - бөлім. Теңіз мұнай газ құрылыстарын салу


1 - тарау. ТМГҚ құрылымына қойылатын талаптар


138. ТМГҚ құрылымдары тасымалдау, берілген нүктеде орнату және пайдалану үрдісінде оларға түсетін жүктемелерге тұрақты.

139. ТМГҚ мөлшері, бұтадағы ұңғымалардың саны, ұңғымалар арасындағы қашықтық және олардың өзара орналасуы жобамен анықталады.

140. Көп қабатты ТМГҚ құрылымы пайдалану ұңғымаларының сағаларының және пайдалану кешенінің жабдығын төмені қабатта, ал бұрғылау ұңғымаларының сағаларының платформаның төменгі қабатында орналасуын қамтамасыз етеді.

141. ТМГҚ жүктерді және жабдықты ТМГҚ шегінде ауыстыру бойынша көп еңбекті үрдістерді механикаландыруды қамтамасыз ететін, машиналардың, механизмдердің және құрылғылардың (көпірлі, атқыш, консольды-айналмалы крандар және басқа) кешенімен жабдықталады.

142. ТМГҚ технологиялық қондырғылар мен жабдықтың орналасуы жобаға сәйкес орындалады.

143. Мұнара асты портал ТМГҚ-да механизмдер мен жабдыққа қызмет көрсету мүмкіндігі қамтамасыз етілетіндей етіп орналасады. Ол кезде қызмет көрсетуші персоналды эвакуациялаудың ыңғайлы жолдары қарастырылады.

144. ТМГҚ-да түрлі бағыттағы желдің болуы кезінде кемелерге адамдарды отырғызу және түсіру мүмкіндігі ескеріле отырып, кем дегенде төрт отырғызу алаңдары бар.

145. ТМГҚ құрылымында отырғызу және жағалаудағы алаңдардың ауқымдылығынан шығатын, консольды алаңдар жоқ.

146. Шабатын палдардың құрылымы арқандап байланатын кемелердің жүктемесін ТМГҚ отырғызу алаңдарына бермейді.

ТМГҚ шабатын палдары қызмет көрсетуші кемелерді арқандап байлау кезінде пайда болатын соққыларды әлсірететін, соққыны жұмсарту құрылғыларына ие.

147. ТМГҚ-да арқандап байлау құрылымы ТМГҚ пайдалану кезінде қарастырылатын, неғұрлым су ығыстыратын қызмет көрсетуші кемелерін арқандап байлауды қамтамасыз етеді.

ТМГҚ-да арқандап байлау құрылғыларын орналастыру қызмет көрсету ыңғайлылығын қамтамасыз етеді.

148. ТМГҚ әрбір қабаттың периметрі бойынша еденнен биіктігі 1,2 кем емес төмендегі беткейі 150 мм сенімді қоршауға ие.

149. ТМГҚ төсемдерінде қарастырылатын тесіктер мен ойықтар қоршалады немесе люктер бар.

150. ТМГҚ тірегіш блогының құрылымында металл құрылымын оны суға түсіргеннен кейін тік жағдайға келтіру үшін жоғарғы жағында қосымша қалқыманы бекіту орындары бар.

151. Тірегіш блогының құрылымы тік жағдайға келтіру (оларды қалқымада тасымалдау кезінде) және берілген нүктеде топыраққа орнату мақсатында төменгі секциялардың ішкі көлемін сумен толтыру үшін құрылғыға ие.

152. Зауыттық жағдайларда құрыстырылатын немесе ТМГҚ құрылысы кезінде орнатылатын, ұңғымалардың суды бөлетін бағаналары тігінен 30º көп емес ауытқуға ие.

Тексеру орталықтандырылған еңіс өлшегішпен жүзеге асырылады.

153. ТМГҚ барлық қабаттарында төсем қарастырылады. Төсем құрылымында төсемге ағатын сұйықтарды жинау мүмкіндігі қарастырылады. Төсемде платформаның барлық өлшемі бойынша, биіктігі 150 мм болатын жиектеу бар.

154. Порталдың мұнара үсті төсемі ағаштан жасалады, және ағындарды бұру және өнеркәсіп ағындарының блогы бар.

155. Бұрғылайтын және пайдалану ұңғымаларының, шыңырау құбырының және алаң төсемімен ауырлатылған бұрғылау құбырларына арналған құндақтардың жанасу орындары қымталған.

156. Жұмыс алаңының төсемінде роторда бұрғылау ерітіндісін шашыратуға қарсы құрылғының шлангасына арналған тесік қарастырылады. Тесік шешілетін қақпақпен жабылады.

157. ТМГҚ металл құрылымдары және блок – модуль оларды кранды-құрастыру кемесінің (әрі қарай - КҚК) немесе тіркелетін жүзу құралының палубасына бекіту үшін құрылғылармен жабдықталады.

158. Блок-модульдердің салмақтық сипаттамасы ТМГҚ құрылысына қарастырылған, КҚК жүк көтерімділігін ескере отырып белгіленеді.

159. Әрбір блок-модульдің құрамында технологиялық құбыр желілері және қатынастар қарастырылады.

160. Блок-модульдердің құбырларында тез шешілетін құрамалар бар.

161. Жеке блок-модульдердің түйісу орындары ТМГҚ пайдалану кезінде теңіздің, бұрғыланған жыныстың шашылатын материалдармен, мұнаймен және мұнай өнімдерімен ластануын болдырмайды.

162. ТМГҚ құрылымы платформаның жоғарғы құрылысының бұрғылау блок-модульдерін бөлшектеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

163. ТМГҚ блок-модульдерінің құрылымы тез құралады (бөлшектенеді), ТМГҚ орнатылған жүк көтергіш құралдарының көмегімен технологиялық жабдықты ауыстыруға мүмкіндік береді.

164. ТМГҚ металл құрылымдарын және блок-модульдарын КҚК палубасына немесе тіркелетін жүзу құралына бекіту қолмен жеңіл бөлшектенеді.

165. Блок-модульдердің құрылымы ілмектеуге құралға ие.

166. Блок-модульде ілмектерді бекітуге арналған құрылғылардың орналасу орындары және ілмектердің ұзындығы блок-модульде орнатылған жабдықтар мен желілерді созу кезінде олардың ілмекпен соғысу мүмкіндігін жоққа шығарады.


2 - тарау. Теңіз мұнай газ құрылыстарын салу


167. Иесі келесі жұмыстар жүргізу кезінде, теңіздегі мұнай операциялары үшін қолданылатын құрылыстардың құрылымдық беріктігінің әлсіреуін болдырмау үшін шараларды қамтамасыз етеді:

көтеру және бекіту;

түсіру және алғашқы балқыту;

қалқымада жинау;

тіркеу;

іске қосу және тік көтеру;

суға түсіру;

тіреуді орнату;

соңғы құрастырудан кейінгі жалпы барлық құрылғының құрылымдық беріктігін және бүтіндігін.

168. Бұрғылау немесе мұнай кәсіптік жабдығын жеткізу, жинау үшін келесіні қамтитын жұмыстарды ұйымдастыру жоспары дайындалуда:

жеткізу бағдарламасын;

метеоболжамдарды;

объектінің орналасу орнында теңіз түсін қарау әдісі (тері);

теңіздегі операция кезінде объектіге жеткізуді жоспарлайтын жүктердің типі, мөлшері және салмағы;

зәкірде, немесе балластың көмегімен бекіту тәсілі;

байланыспен қамтамасыз ету;

аварияны жою жоспары.

169. Теңіз объектісінің беткейінен тыс биіктіктегі жұмыс құрастыру аспа бесіктерін, сақтандыру құралдарын қарастырады. Аталған жұмыстарды құтқару көкірекшелерінде, күндізгі уақытта, қолайлы ауа райы жағдайында және құтқару кемесі болғанда жүргізеді.

170. Тіреу блогының жоғарғы бөлігінің құрылымында ілмектерді бекіту үшін құрылғылар, оларға тұрғылар қарастырылады. Ілмектер тіреу блогын тасымалдау бойынша жұмыстар басталғанға дейін іске қосылады.

171. Тіреу блогын ілмектеу жүйесі оны құрылыс нүктесіне орнату кезінде қайта ілмектеу қажеттілігін жоққа шығарады.

172. Тіреу блогын түсіру үрдісінде тасымалданатын жүзу құралында адамдардың болуына жол берілмейді.

173. Тіреу блогы жүзуде көліктік көлденең жағдайдан тікке қызмет көрсету кемелері ТМГҚ жобасында көрсетілген қауіпсіз қашықтыққа әкетілгеннен кейін ауыстырылады.

Блок аяғындағы секцияда балласт қабылдағышымен басқару қашықтықтан. Қашықтықтан басқару КҚК беткейінен жүзеге асырылады.

174. ТМГҚ тіреу блоктарының жоғарғы бөліктері бір біріне қатысты бір көлденен жазықтықта орнатылады.

175. Тіреу блогын ағыту оны құрылыс нүктесінде сенімді орнатқаннан және оның жоғарғы бөлігінің көлденеңдігін қамтамасыз еткеннен кейін жүргізіледі.

176. Қосымша қалқыманы бөлшектеу және су асты бөлігінің көтергіш құрылымын құрастыру үшін блоктың жоғарғы панелінің элементтерін бойлай биіктігі 1,4 м бір жақты жақтаулы қоршауымен құрастыру қарастырылады.

177. Тіреу блогын бекіту тіреулі жабдықпен жабдықталған, КҚК жүзеге асырылады.

178. Тіреу блоктарын нүктеде орналастырғаннан кейін, металл құрылымдарының мүмкін болатын ақауларын анықтау бойынша жер асты тексеру жүргізіледі.

179. ТМГҚ қабылдау ТМГҚ орнатылған, бұрғылау және технологиялық кешеннің жабдығын құрастырғаннан және сынағаннан кейін қабылдау комиссиясымен жүргізіледі.

180. Қолданылатын техникалық құралдардың, жабдықтың, құрылымның, құралдардың, материалдардың куәліктері немесе сертификаттары бар және жұмыс жағдайына және мақсатына жауап береді.

181. Жобадан өзгертілер мен ауытқуларға тапсырыс берушімен және жобалаушымен келісу арқылы жол беріледі, ал егер де өзгертулер атқымаға қарсы қауіпсіздік мәселелеріне қатысты болса, апаттық-құтқару қызметімен (ары қарай - АҚҚ) келісіледі. Қабылданатын өзгертулер объект сенімділігін және жұмыстар қауіпсіздігін төмендетпейді.


3 - тарау. Тиеу-түсіру жұмыстары


182. Теңіз объектілерінде қосымша жұмыстарды жүргізу үшін және теңізде операциялар жүргізу кезінде теңізде қолданылатын крандарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2009 жылғы 21 қазандағы № 245 бұйрығымен бекітілген «Жүк көтергіш крандарды орнату және қауіпсіз пайдалану жөніндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына» сәйкес жүзеге асырылады.

183. Иесі жүктерді көтеру бойынша жұмыстар жүргізу бойынша технологиялық регламент әзірлейді. Регламентте арқандардың жағдайын бақылау және брактау, ілмектеушілердің жұмысы және олардың кран операторымен өзара әрекеті, арқандармен жұмыс істеу кезінде түсті кодтардың әдістемесін қолдану қарастырылады.

184. Тиеу-түсіру жұмыстары аяқталғаннан кейін крандардың жебесі алынады немесе тікұшақты отырғызу аймағынан тыс орнатылады.

185. Технологиялық регламент кран және себеттің көмегімен адамдарды кеме бортынан теңіз объектісінің бортына (және кері) қауіпсіз тасымалдауды қарастырады.


6 - бөлім. Мұнай және газ ұңғымаларын салу


1 - тарау. Жалпы талаптар


186. Жобада қауіпсіздік, ашық аудың ағуы және атқылаудың алдын алу, объектіге рұқсат етілмеген әсерден қорғау бойынша шаралар жасалады.

187. Ұңғымалардың құрылысы Қауіпсіздік талаптарын сақтау кезінде орындалатын, негізгі кезеңді, өндірістік және технологиялық үрдістерді қамтиды:

1) жобалауға техникалық тапсырманы дайындау және беру;

2) жобалық құжаттаманы жасау, сараптама жүргізу, келісу және бекіту;

3) жерді берудi рәсімдеу, оны уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісу, топографиялық геодезиялық іздестіру жұмыстары, объектіні тіркеу;

4) бұрғылау қондырғысы, құрылыстар мен ғимараттар бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары, іске қосу – реттеу жұмыстары;

5) ұңғымаларды бұрғылау, бекіту және сынау;

6) ұңғымаларды пайдалануға, жабуға немесе жоюға беру, аумақты қалпына келтіру.

188. Теңіз құрылыстарында ұңғымаларды салуға өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасынан өткен келісілген, және бекітілген жобалық құжаттама, жер қойнауын пайдалануға және жұмыстар жүргізуге рұқсат беру құжаттары, қауіпсіздік декларациясы, жинақталған бұрғылау бригадасы және сәйкес рұқсаты бар басшысы болған жағдайда жол беріледі.

189. Ұңғыманың орналасу орны және бұрғылау қондырғысының және теңіз құрылыстарының орналасуы абсцисса және географиялық координаталарын көрсете отырып, акт жасаумен, жобаға сәйкес, жергілікті кедір бұдырды ескере отырып анықталады.

190. Бұрғылау қондырғысын пайдалануға енгізу құрылыс-құрастыру жұмыстары аяқталғаннан және сапасы тексерілгеннен, іске қосу-реттеу жұмыстары орындалғаннан, бұрғылау командасымен нұсқаулық және іске қосу конференциясын өткізгеннен кейін, уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің өкілінің қатысуымен ұйымның қабылдау комиссиясының шешімі бойынша және іске қосы құжаттамасын рәсімдеумен жүргізіледі.

191. Ұңғымаларды салу кезеңінде өндірістік, технологиялық және техникалық құжаттаманы жүргізу, ұйымда бекітілген нысан бойынша журналдарда және актілерде жұмыстарды тіркеу жүзеге асырылады.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Похожие:

Теңізде мұнай газ өндіру кезіндегі iconМұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі
Осы Талап мұнай операцияларын жүргізу кезінде мұнай, газ және газконденсатты кен орындары (әрі қарай – мгк) объектілерін жобалау,...
Теңізде мұнай газ өндіру кезіндегі iconМұнай және газ ұңғыларын жерасты жөндеуі кезіндегі
...
Теңізде мұнай газ өндіру кезіндегі icon0809000–«Мұнай және газ кенорындарын пайдалану» мамандығы бойынша дипломдық жобаның тақырыптары
Жалғызтөбе кенорнында мұнай өндіру үрдісі кезінде кездесетін қиыншылықтармен күрес шаралары
Теңізде мұнай газ өндіру кезіндегі iconГаздарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Осы Талаптар газөңдеу мен гелий өндірістеріне, табиғи және мұнай газдарын өңдеу қондырғыларына, күкірт өндірісіне, газ конденсатын...
Теңізде мұнай газ өндіру кезіндегі iconМҰнай газ өндіру компанияларының нарықТЫҚ жағдайлардағЫ Қазіргі күЙІ
Кіріспе
Теңізде мұнай газ өндіру кезіндегі iconМұнай мен газ өндіру өнеркәсіптің ең бір маңызды салаларының бірі болып табылады. Оның дамуына біздің елімізде үлкен көңіл бөлінеді

Теңізде мұнай газ өндіру кезіндегі icon«Бекітемін» «Мұнай және газ кен орындарын игеру» кафедра меңгерушісі Жабағиев А. М
«Мұнай және газ кен орындарын игеру» кафедрасы меңгерушісімен оқырмандар конференциясын өткізу туралы келісу
Теңізде мұнай газ өндіру кезіндегі iconМұнай базаларын және автомобильдерге жанар-жағармай құю станцияларын пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Осы Мұнай базаларын және автомобильдерге жанар-жағармай құю станцияларын пайдалану кезіндегі өнеркәсіп қауіпсіздігінің Талаптары...
Теңізде мұнай газ өндіру кезіндегі iconМұнай дайындау құрылғыларын пайдалану кезіндегі
Талаптарды жобалауға, құрылысқа, пайдалануға, мұнай дайындау құрылғыларына техникалық қызмет көрсету және жөндеуге (әрі қарай мдқ),...
Теңізде мұнай газ өндіру кезіндегі iconРМҚк атырау мұнай және газ институты ргкп атырауский институт нефти и газа

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница