Есеп баяндамасы




НазваниеЕсеп баяндамасы
Дата конвертации11.02.2016
Размер117 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://abay-akimat-karaganda.kz/files/04621010013286051360702201256.doc
Ақбастау ауылдық округі әкімі Б.М.Оразбековтың ауылдың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы жайлы ЕСЕП БАЯНДАМАСЫ

Ақбастау ауылы 1- ақпан 2011 жыл сағат 11.00


Аумақтық экономиканың дамуы мен нығаюы, сапалы және жаңа деңгейдегі

тапсырмалардың орындалуын талап етеді. «Қазақстан-2030» Стратегиялық басты бағыттарын басшылыққа ала отырып, Президентіміздің Қазақстан халқына 2012 жылдың 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» атты жолдауда жүктеген тапсырмалар алдымызда тұрған міндеттерді жіті қадағалап, әлеуметтік экономикалық дамудың тұрақтылығын сақтап қалуға мүмкіндік береді.

2011 жылы ауыл әкімінің тұрғындар алдында есеп беру кездесу жиынында 6 сұрақ түсіп, олар өз жауаптарын алды. Кездесу кезінде көтерілген басты мәселелер мен сұрақтар әлеуметтік негізде болды.

Ауыл тұрғындарынан түскен шағымдар мен көтерілген сұрақтар

1. ауыл тұрғынынан жазбаша сұрақ. Автобус маршрутының жұмыс кестесі неге сақталмайды?

М.Т.Жаңабергенов. Автобус маршруты кестеге сәйкес қатынайды. Ауа-райының қолайсыздығынан немесе жолаушылардың болмауы себептерімен кей күндері автобустың кестеге сәйкес жүрмей қалу жағдайларының болуы мүмкін.

2. ауыл тұрғынынан жазбаша сұрақ. Ветеринарлық дәріхана ашылмай ма?

М.А.Бимағанбетов. Ауылда ветеринарлық дәріхана ашу қарастырылмаған. Ауыл шаруашылығы малдарына профилактикалық егу жұмыстары жүргізіледі

3. ауыл тұрғынынан жазбаша сұрақ. Балқаш және Школьная көшелері неге қардан тазаламайды?

М.Т.Жаңабергенов Қазіргі уақытта жергілікті маңызы бар жолдарды қардан тазалау жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Оған «Светоч» өндірістік кәсіпорыны төрайымы Г.Т.Бахраева қызмет көрсетеді.

4. Жұмабеков Н.И. ауыл тұрғыны Жұмысқа орналастыру жайлы.

М.А.Бимағанбетов. аудандық жұмыс пен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жұмыссыздар есебіне қойылып, «КРЭК» АҚ хабарландыруына сәйкес ауылға электр монтерына конкурсқа түскен болатын, конкурстық комиссия қорытындысына байланысты жұмысқа өтпей қалды.

5. Қожабаева Р.З. ауыл тұрғыны Жұмысқа орналастыру жайлы.

М.А.Бимағанбетов. «Арқа – таңы» ш/қ сауыншы болып жұмысқа орналасты.

6. Тоқтаухан К. Пәтер кезегіне тұру үшін қандай құжаттар қажет?

М.Т.Жаңабергенов Абай қаласында тұрақты тіркеуі болуы қажет. Қазіргі уақытта Абай қаласына тіркеуге тұрып, көп балалы ана ретінде 474 болып пәтер кезегіне қойылды.

Ауылдық округтің әлеуметтік рәсімі және әлеуметтік қамтамасыз ету

Жергілікті атқарушы органдардың басты бағыттарының бірі жұмыспен қамту, жұмыссыздық пен кедейшілікті болдырмау, әлеуметтік әлсіз топтарға қолдау көрсету.

Біздің ауыл аймағымызда 2012 жылдың 1 қаңтарында жалпы тұрақты тіркелген халық саны 641. Оның ішінде: 326 ер 315 әйел адамдар:

- экономикалық белсенді халық саны 376 адам, бәрі жұмыспен қамтылған оның ішінде 105 адам өзін-өзі жұмыспен қамтыған ;

- зейнетақы және жәрдемақы, АӘК алатындар саны - 193 адам;

- жасы 16 дан 29 дейінгі жасөспіріндер саны - 151 адам ;

- 6 жасқа дейінгі балалар саны - 64;

жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында жұмыс табысты жүргізіліп жатыр. 2012 жылдың 1 қаңтарына жұмыс пен қамту мекемесінде тіркелген жұмыссыздардың саны 5 адам, нақтыланған жұмыссыздық көрсеткіші 1,3 % құрады.

2011 жылы 2 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды, оның екеуіде мал санағын жүрзізді.

2011 жылы 1 жұмыссыз жеке іс ашуға 30240 теңге материалдық көмек алып, азық-түлік дүкенін ашты.

Аз қамтамасыз етілген отбасылар қолдау іс шаралар жоспарға сәйкес жүргізіледі олардың саны- 10, яғни 34 адамға, 741,3 мың тг. көлемінде атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді.

18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға жәрдемақы төленеді. Бүгінгі күнге дейін 18 отбасы 40 балаға 412,9 мың тг жәрдемақы алды.

Бұл салада халқымызға тиісті әлеуметтік жәрдем ақыларын алуға әкімшілік аппаратынан арнайы жұмыстар жүргізіліп жатыр, атап айтқанда:

- құрамында 5 адамнан құрылған АӘК, балалар жәрдемақы құжаттарын тағайындайтын жергілікті комиссиясы жұмыс істейді;

- 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларды анықтау үшін ауыл тұрғындарын аралап «18 жасқа дейінгі балалары бар отбасына мемлекеттік балалар жәрдем ақысын тағайындау жайлы» Заңды түсіндіріп, үміткерлердің құжаттарын қабылдау жөнінде кеңестер өткізілді;

- Ақбастау ауылындағы кейбір тұрғындардың жылжымайтын мүліктерін заңдас-

тыру үшін, әрүйдің құжаттарын түзеу жолдарын қарастырып, оларды Әділет басқармасынан анықтама ала отырып, жылжымайтын мүлікті өз аттарына түсіруге құзырлы мекемелермен хабарласа отырып, нақты құжаттандыру жолдарын қарастыруға көмектесеміз.

Биыл 2011 жылы туған 14 баланы уақытымен азаматтық тіркеуге алып, оларға тиісті жәрдемақыларын толық алуларына көмек көрсетілуде, қайтыс болға адамдар саны 6. 2011 жыл бойынша зейнетақы мен жәрдемақы алушыларға бюджеттен қажетті қаржы толық бөлінді. Ауылымызда көп балалы аналар саны 15 (10 «Алтын алқа», 5 «Күміс алқа»). Оның ішінде 2 «алтын алқа» иегерлері ҚХР-нан көшіп келген ағайындар. Бір құжат «Алтын алқамен» марапаттауға тапсырылды.

2011 жылы ауылға 2 отбасы құрамында 10 адам көшіп келді, 2 отбасы құрамында 7 адам көшіп кетті.

Президенттің жолдауына сәйкес Жұмысқа тартуды қамтамасыз етудің жаңа бағдарламасына сәйкес маңызды үш бағыт бекітілді. Осыған орай «Жұмыспен қамту 2020 » бағдарламасының 1 бағыты бойынша 1 адам оқытылуда, ал 2 бағыт ауылдық жерлердегі кәсіпкерлікті дамыту бойынша ауылымыздан «Кәсіпкерлік негіздеріне» 9 адам оқу курсынан өтіп, сертификат алды. Ал 2 адам өз кәсіпкерліктерін ұлғайту мақсатында 2100 мың теңге шағын несие алды. Үшінші бағыт еңбек ресурстарының жинақылығы, аймақтық экономикалық тұрғыдан белсенді орталықтарында жұмысқа орналастыруға басымдық беру мақсатында ауылымыздан екі отбасы қоныс аударуға ниет білдіруде. Осы «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасын алдағы уақыттарда жүзеге асыруға жұмыстар ұйымдастырылып, жүргізіледі.

Осы жылдың наурыз айынын бастап халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы А.Б.Кареба, ауылдағы 6 жалғыз басты зейтеткерлерге әлеуметтік қөмек көрсетеді.

Ауыл шаруашылығы

Азық-түлікке деген қажеттілік жыл сайын өсіп келеді. Мемлекет ауыл шаруашылығына орасан көмек көрсетіп отыр. Осы мүмкіндіктерді пайдаланып, өңірде мал басын көбейту мақсатында жұмыстарды жүргізуіміз қажет

Мемлекет саясатының басты бағыттарының бірі ауыл тұрғындарының әл

ауқатын арттыру.

2012 жылдың 1 қаңтарына ауылдық округте 29 шаруа қожалықтар қызмет атқаруда.

Барша ауыл аймағындағы мал саны:

- ірі қара мал саны 1285 бас, оның ішінде аналығы 522 бас;

- жылқы 930 бас құрайды;

- шошқа 3 бас;

- қой, ешкі -3095 бас;

- құстың барлық түрлері 1355 дана;

-түйе 12;

Өткен жылы өндірілген өнімдер:

-ет - 543 тонна, 2010 жылға 100,7%;

-сүт -1579 тонн, 2010 жылға 117,8%;

-жұмыртқа-105 мың дана.

Ақбастау ауылында жеке адамдар және шаруа қожалықтары 5 500 тонна қысқы мал азығын даярланып, 16 500 га. алқаптан шөп шабылды.

Әр үйде бақша өсіруге арнайы орындары бар, ал қалаған кісілер картоп отырғызу үшін ауылымыздағы бос орындарды иеленіп 3 га дейін картоп отырғызып, өнімдерін алды.

Егін егуде 3 шаруашылық жұмыс жасады, 415 га. егін өнімі 528 тонна, атап айтқанда:

- ШҚ «Арқа-Таңы» 50 га. сұлы, арпа 25 га. егістігінен 105 тонна орташа өнімділік 14ц/га ;

- ШҚ «Баймагамбетов» 70 га., Арпа, 20 га. бидай егістігінен 108 тонна орташа өнімділік 12ц/га ;

- ШҚ «Түсіпбеков» - 250 га. арпадан орташа өнімділік 12 ц/га ;

Ауыл шаруашылығының ең басты дамуға көмек көрсететін бұл күзгі Ауыл-Береке жәрменкесі болып табылады, осы жәрменкеде біз 3,5 тонна ет, 500 кг сүт және сүт тағамдарын тікелей тұтынушыларына өзара қолайлы бағамен саттық. Осыған белсенді қатысқан «Ақжарқын»фермерлік шаруашылығы.

2011 жылдың қыркүйек айында ауыл шаруашылыгындағы жер учаскелеріне жалға беруге конкурс жарияланды, осы жер көлемі округ бойынша 9905 га. құрады. Конкурстын қорытындысында ұтып алған 5 қатысушы 2012 жылы мал шаруашылығын дамыту мақсатында фермерлік шаруашылық ашуды жоспарлауда және де ауыл тұрғындарына 50 жаңа жұмыс орын ашпақшы.

Ауылда ветеринарлық қызмет жұмыс жасайды, оның кұрамында ветеринария саласы бойынша бас маман, лицензиялық мал дәрігері бар, олар әр түрлі жұқпалы ауруларға қарсы іс жүргізіп отырады, бруцеллезге қарсы қан алу, көктемде құс түмауына қарсы әр түрлі ветеринарлық-профилактикалық іс-шаралар жасады. Жыл бойы малдарды бірдейдендіруге жұмыстар өткізіледі, ол үшін сырға, төлқұжаттармен қамтамасыз етілген. Мал дәрігерінің қызметі ақылы.

Шағын кәсіпкерлікті дамыту

Ауыл аймағында 7 кәсіпкер, онда 10 адам жұмыс істейді, атап айтқанда:

- 4 дүкен жалға алған орын мен үйлерінде сауда жасайды;

- ЖК – 1 әр жұма-сенбі-жексенбі күндері ауыл тұрғындарына монша дайындайды;

- 1 шаштараз;

- тігін шеберханасы;

Білім беру

ҚР Президентінің жолдауына сай ерекше көңіл білімге бөлінеді. Ауылда бір орта 464 орындық екі тілде аралас мектеп бар. Орта мектеп 1976 жылы іске қосылған, онда 102 оқушы білім алуда. Мектеп жасына дейінгі балалар саны 8.

Жалпы оқу қорынан 311,1 мың теңге бөлініп, оған 14 жағдайлары төмен отбасыларының балаларына киім, аяқ киім алынып, бөліп берілді, жағдайлары төмен отбасындағы 14 балаларға жазғы маусым кезінде лагерде демалып, тамақтанды. 1-4 сыныптар арасында 5 оқушы 30,5 теңгеге тегін тамақтанды.

Мектепте 30 мұғалім еңбек етеді, олардың 18-нің жоғарғы білімі бар,12 мұғалім орта арнаулы білімді. Жоғарғы санатты 1, 1 санатты 7 , 2 санатты 14, 4 мұғалім білімдерін жоғарғы оқу орындарында жалғастыруда.

Мектепте 5 арнайы жабдықталған кабинет бар, 5 бастауыш сыныптық, мәжіліс залы, спорт зал, лингафондық кабинет, кітапхана, асхана, дәрігерлік бөлме бар.

Кітапхана 2011 жылдың оқу жылында кітапханалық кітап қоры 21026 дананы құрады, оның 12789 оқулықтар.

2011 жылы мектептің МТБ жаңартуға 800 мың бөлініп, оған оқулықтар, шаруашылық және канцеляриялық тауарлар сатылып алынды.

Оқушылардың барлығы 100 пайыз оқулықпен қамтамасыз етілген.

Мектепте 8 компьютер бар, 13 балаға 1 компьютерден келеді.

2011 жылы 9 түлек ҰБТ тапсырды. Орта ұпай мектеп бойынша 71,8 баллды құрады.

Жылу беру мерзіміне 1 210 000 теңге қаражатқа қажетті 220 тонна көмір жеткізілді. Жылу үздіксіз берілуде.


Денсаулықты сақтау


Ауылда арнайы ОД амбулаториясы халыққа қызмет көрсетеді, стандарттық талаптарға сай, мекеме емдеу құралдармен толық қамтамасыз етілген, қүндізгі тұрақты емдеу орны -2,1 жедел жәрдем автокөлігі бар.

2011 ж. туған балалар саны 14 болды. Емшектегі балалары бар және көмек қажет адамдарға тегін дәрі-дәрмектер беріліп отырылады. Туберкулездің алдын алу үшін шілде айында, 99 пайыз ауыл тұрғындары тексерістен өтті. Барлық диспансерлік ауруға шалынғандар жылына 2 рет мамандардан тексерістен өтіп қажетті тегін дәрі-дәрмек алады. Тегін және жеңілдік пен берілетін дәрі-дәрмекке бөлінген сома 220 мың теңгені құрайды.

Бір жасқа дейінгі 8 бала тегін дәрілермен бала тағамдарымен қамтылған. Жүкті әйелдер, «Д» есебінде тұрған жас жеткіншектерге тегін дәрмектермен қамтылған.

Қысқа қажетті көмір 35 тонна толық жеткізілген.


Мәдениет

Округте ауылдық клуб жұмыс істейді. 282 мың теңгеге қысқа 60 тонна көмір келтіріліп жылу беріліп отыр. Мұнда барлық мерекелер атап өтіледі. Сонымен қатар концерттік бағдарламаны дайындайтын көркемөнерпаздар тобы жұмыс істейді, мәдениет үйі музыкалық аспаптармен қамтамасыз етілген.

Ауылдық кітапхана жұмыс істейді, кітап қоры 15094 дана, оның 5292 -і қазақ тілінде , 2011 жылы 304 дана кітап алдық. Оқырмандар саны 522 адам, кітап беру – 1035 дана, келушілер - 5113. Кітапханада компьютер бар, 4 тонна көмір уақытымен бөлініп отырады.


Қоғамдық-саяси жағдай

Ауылымызда ҰОС ардагеріне теңестірілген 1 адам, тыл ардагері 1 адам тұрады.

Ақбастау ауыл аймағында діни бірлестіктер тіркелмеген. Қоғамдық- саяси жағдай тұрақты, ауылымызда ұлтаралық наразылық байқалған жоқ.

Ауылымызда 5 оралман отбасы тұрады, олар 21 адам, көшіп келіп орналасты. Қытайдан келген бауырларымыздың бәрі біздің ауылда тіркелген, азаматтықты толық алған жоқ. Барлық ҚХР келген 5 отбасы бүгінгі күнде өз үйлерінде тұрып, 29 бас МІҚ, 85 бас қой-ешкі ұстап отыр. Қысқы мерзімге отын, жем-шөптерін әзірлеп алған. 8 бала мектепте оқып жүр, мектеп жасына дейінгі балалар саны-3.

Тұғын үй коммуналдық шаруашылығы

Ең өзекті мәселелердің бірі –ауыз су мәселесі, Ақбастау ауылының су құбыры жылдан жылға тозып келеді, біз өз күшімізбен оны жамасақта ауыл тұрғындарын ауыз сумен толық қамтамасыз ете алмай отырмыз.

2012 жылы су құбыры жүйесіне жергілікті бюджеттен авариялық қалыпқа келтіру жұмыстарын уақытында орындау мақсатында 1,5 млн. Теңге қаражат қарастырылды. 2013 жылы су құбыры жүйесін толық ауыстыру жоспарлануда.

Екінші күрделі мәселе ҚТҚ шығару, көктемгі және күзгі уақытта өткізілетін санитарлық жұмыстар, атап айтқанда әр бейсенбі күні ұйымдасырылып өткізіледі, өкінішке орай ауылымызда босап қираған ғимараттардың орындарын тазалап жиынауға өз күшіміз жетпегендіктен арнайы техниканың жоқтығынан, сырттан жалдап әкелуге қаражаттық жоқтығынан ауылымыздың сыртқы көрінісін қалыптастыру мәселесі туып отыр. Экономикалық қаржы дағдарысына қарамастан әр жыл сайын жергілікті бюджеттен 150 мың теңге көлемінде ҚТҚ шығаруға қаражат бөлінуде оған 1 рұқсат етілмеген қоқыс 210 тонна көлемінде арнайы жерге шығарылды.

Ауылда «Қазақтелеком» АҚ, «Қазпошта», «КРЭК» ЖШС бөлімшелері жұмыс істейді. Пошта бөлімшесінде халықтан салық, несиелер төлемін қабылдайды, ауыл тұрғындары жаздырып алған 146 дана, жеке сатылымдағы 128 дана газет-журналдар, және зейнетақы, жалақы халыққа уақытымен беріледі. Өкінішке орай Қарағандыдан аптасына 3 рет хат, газет-журналдар келіп тұратын, осы жылдың басынан бері «Қазпошта» АҚ басшыларының айтуларына бойынша машинамен жіберудің тиімсіздігіне байланысты автобус арқылы аптасына 3 рет беріп жібереді. Автобустың қатынауы әр-түрлі себептермен кестеге сәйкес болмай қалады, осындай жағдайда пошта келмей қалуы мүмкін, осы сұрақты шешуге аудан басшыларыда қолға алды, алдағы уақытта бұл сұрақ оңтайлы

«Қазақтелеком» АҚ бөлімшесі 110 абонентті қамтамасыз етеді, оның 97 жеке тұлға, 13 заңды тұлға. Арнайы байланыс контейнері орнатылып, спутникалық «Дама» антенамен жүйеге қосылға сандық станциясы бар, өкінішке орай спутниктік байланысқа Интернет қосылмаған, «Билайн» ұялы байланыс жүйесі және 2011 жылдан бастап «Актив» ұялы телефон жүйелері бар. Тұтынушылардан шағым түскен жоқ, ақаулар дер кезінде істеледі..

Ауылымызға электро қуатты «КРЭК» ЖШС тасымалдап, қамтамасыз етіп отыр. Жазғы уақытта қажетті күрделі жөндеу жұмыстары істелді, қолданылған электрқуатына тұрғындар төлем ақыларын уақытында төлейді.

2011 жылы көше жарығының 12 бағанасына 125 мың теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2013 жылы жоспарлы көше жарығы қойылады.

Осы жылы әкімшілік ғимаратына 200 мың теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді.


Қоғамдық тәртіп


Биыл біздің ауылымызда учаскелік полиция инспекторы келді. Қазіргі уақытта біздің аумағымызды учаскелік полиция инпекторының көмекшісі А.А.Ахметов қызмет көрсетеді. Аулаларды аралау жұмыстары, қылмысқа қарсы күрес жайында ақпараттық насихаттау жұмыстары, кәмелетке толмаған жастар арасында тәрбиелік жұмыстар жүргізіліп жатыр.


Атқарылған іс-әрекеттер

Әкімшілікте халықтан жер және мүліктерге салық жинау қызметі жүргізіледі әліде болса қалған салықтарды төлеуге жұмыстар жүргізіліп жатыр, өкінішке орай кейбір тұрғындар әр түрлі орынсыз себептермен әлі төлемей отыр, сонымен қатар әкімшілікте нотариустық қызмет атқарылады, олардың қатарына сенімхат, құжат көшірмелерін растау, қойылған қолдарын растау, мұрагерлік істері жатады.Ондай істер саны 2011 жылы 88 -ді құрады.

Азаматтарды қабылдау ауыл әкімшілігінде кесте бойынша уақытымен қабылданады және 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап автоматтандырылған ақпараттық жүйе «Тұлғаларды қабылдаудың бірыңғай есебі» арқылы электрондық тіркеу жүргізіледі. 2007 жылдың 12 қаңтарында қабылданған Қазақстан Республикасының № 221-111 ҚРЗ «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына байланысты, 2011 ж. 392 жеке тұлғадан, оның ішінде 377 ауызша, 15 жазбаша, жеке қабылдауда 22 өтініштері қабылданды, қабылданған заңды тұлға 1, олардың бәріне уақытымен толық жауап беріп, өтініштері қанағаттандырылып, түсініктемелер берілді.

Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру.

Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мен азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне сенімін арттырудың маңызды қыры. Мемелекеттік стандартқа сай халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің ауыл әкімшілігінде үш түрі жүргізіледі:

1) жеке қосалқы шаруашылығы жайлы анықтама;

2) ветеринарлық паспорт беру;

3) ветеринарлық анықтама беру.

Осы көрсетілген мемлекеттік қызметке тұтынушылар жағынан ешқандай наразылық болған жоқ.

Округте әскери міндеттілер саны -97 оның ішінде 2 офицер, 59 солдат және 36 әскер қатарына шақушылар. 2011 жылы әскер қатарына шақырушылар мен әскери есепке тұрушы жастарды тексерістен өтуге апару Абай қорғаныс істері бөлімі тарабынан ұйымдастырылды.


Құрметті Еркебұлан Ертихалұлы!


Алдағы уақытта шешілуге тиісті басты мәселелі сұрақтардың ішінде:

  • Ақбастау ауылының ауыз су құбыры жүйесін қайта жаңарту (Республикалық бюджет 2013 жылы);

Ауыл тұрғындарын тұрақты ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында су құбыры жүйесіне жөндеу – қалпына келтіру жұмыстарын уақытында жүргізу үшін, қаражат қарастыру;

  • ҚТҚ полигонына жер учаскесін рәсімдеу;

  • мал мүрдесі құрылысын салу;

  • көшелерді жарықтандыру;

  • көктемгі және күзгі санитарлық тазалық жұмыстарын үшін қоғамдық жұмыстарға қаражат бөлу, ауылдағы жолдарды қысқы уақытта ұстау;

  • өрт сөндіру көлігі қажет;

  • бала бақшаның болмауы;

  • мал сою алаңын ашу, санитарлық норма талабына сай малдарды қолдан ұрықтандыру пунктін ашу.


Сіз біздің осы өтінішімізге назар аудармай қалдырмайтыныңызға сенеміз.






Похожие:

Есеп баяндамасы iconРайымбек ауданының әкімі Айтжанов Аян Айтжанұлының 2009 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы және 2010 жылы алда тұрған міндеттері туралы есепті баяндамасы
Азақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін...
Есеп баяндамасы iconКурс № Циклы тк № Пәндердің атауы
Постреквизиттер:«Бухгалтерлік есеп принциптері», «Қаржылық есеп», Аралық қаржылық есеп», «Тереңдетілген қаржылық есеп», «Бухгалтерлік...
Есеп баяндамасы iconБухалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылык жүргізуші ұйымдардың жане олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқарушы үшін, экономикалык
Бухгалтерлік есеп мәліметтері басқару жүйесінің негізі болып табылады. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» заңының...
Есеп баяндамасы icon«Бағалау және бизнес» кафедрасы «Бухгалтерлік есеп принциптері» пәні бойынша «Экономика»
Бухгалтерлік есеп принциптері курсы бухгалтерлік есептің негізі және ол курс қаржылық қорытынды есеп беруді дайындау мен бухгалтерлік...
Есеп баяндамасы iconЙ туралы
Абайдың 150 жылдығына арналған салтанатты мәжілісте, 1995 жылғы тамыздың 9-да жасаған баяндамасы
Есеп баяндамасы iconАудан әкімі Ә. Мұхтархановтың Қазақстан Республикасының Президентінің «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» жолдауынан туындайтын міндеттер туралы баяндамасы

Есеп баяндамасы iconДоклад акима района на активе по разъяснению Послания Президента народу Казахстана от 6 марта 2009г
Президенттің халыққа Жолдауын түсіндіру бойынша активтегі аудан әкімінің баяндамасы
Есеп баяндамасы iconКелісілді бекітемін
«Есеп және аудит» мамандығы 12. 12. 31, 12. 13. 31 топтарының «Бухгалтерлік есеп» пәнінен мемлекеттік емтихан сұрақтары
Есеп баяндамасы iconШәкәрім атындағы сму ректоры Е. Б. Сыдықовтың баяндамасы
Республикасы білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2011-2012 оқу жылының міндеттері туралы
Есеп баяндамасы iconРабочая учебная программа методические указания по выполнению контрольных работ Мамандық: 5В050800 «Есеп және аудит»
Жұмыс бағдарламасы Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру негізінде «Қаржы, есеп және салық салу» кафедрасында дайындалып 5В050800...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница