Жүргізуші: Наурыз күні. Күнмен түн теңеледі




Скачать 39.25 Kb.
НазваниеЖүргізуші: Наурыз күні. Күнмен түн теңеледі
Дата конвертации11.02.2016
Размер39.25 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://shyely-mektep46.narod.ru/Nauriz.doc
Жүргізуші: Наурыз күні . Күнмен түн теңеледі.

Жауынмен қара жер көгереді

Жаңа жылдың басы деп бар ағайын,

Ұлан – асыр шаттыққа кеңеледі.

Жүргізуші: Кел, Наурыз , төрге шық!

Нұрын төкті жарық күн

Толып кетті жерге нұр

Ырымшылдау халықтың.

Наурыз мейрамы келіп тұр,

Наурыз көктем мейрамы.

Өзіңді біз сағындық

Аңсаумен жүрдім даламды.

Жүргізуші: Ақ көрпесін ашып тастап,

Жер көгерді қар еріп

Басталып кетті тіршілік.

Жер әлемнің бәрі құлпырып,

Таусылғанша тіріліктің қара наны,

Жеміс берсін ой бағы, сана бағы,

Ақ көбейіп, молшылық бола берсін,

Кел, Наурыз тіршілік ардағы.

Жүргізуші: Гүлдей берсін Наурыз тұнық аспан,

Кейбір адам бағыңды шын ұқпаған

Қайтіп өмір сүреді дүниеде,

Шапағатын көктемнің ұмытса адам.

Кел , Наурыз !Төрге шық , есік ашық!


Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен құттықтай отырып бүгінгі кешімізді бастаймыз.


Кітапханашы апай наурыз туралы қысқаша түсінік береді.


Жүргізуші: Әр адамға, өз отбасынанемесе туыс- туғандары мен жарандарына Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, тілектер тілейді, бір-бірінің үйіне кіріп дәм татады: Тілек – достық көңіл мен тілектестіктің , адамгершіліктің белгісі, әр тойдың жарасты салтының бірі ретінде айтылған

Ұлыстың ұлы күніңде

Ұлы Абайдың тілінде

Салауат айтым өткенге

Аманат айттым бүгінге,- дей келе ендігі кезекті «Наурыз тілекке» берейік

Оқушылар Наурыз тілекті оқиды.

Оқушы: 1

Оқушы: 2

Оқушы: 3

Оқушы: 4

Оқушы: 5

Оқушы: 6

Оқушы: 7

Жүргізуші: Кәні , оқушылар жыл басы Наурыз келе жатыр қарсы алайық!


Оқушылар тобы: Наурыз қош келдіңіз, төретіңіз !


Наурыз: Армысыңдар балаларым жылдан аман- есен өттіңдер ме ? Көктемге жеттіңдер ме?

Оқушылар: Бармыз жыл басы қыстан аман- есен өтіп ,сізге жеттік


Наурыз: Бәрекелді менің жеті тілегім өздеріңе келіп жетті ме?


Жүргізуші: Иә, Наурыз ата келіп жетті, балалар тыңдап әрқайсысы өзінше ой түйіндеді.


Наурыз: Қазақ халқында жеті саны киелі сан деп қатты қастерлеген, наурыз көженің өзіде жеті түрлі тағамнан тұрады, сендерге арна рзық ала келдім. Наурыз көжеден дәм татыңдар.


Оқушы: Наурыз ата сіз биыл ерекше бақытты екенсіз


Наурыз: Калайша неге олай дейсің ?

Оқушылар Биыл Қазақстан Республикасы 20 жасқа толып тұр.

Наурыз Ей, тойларын құтты болсын ! Тойларын тойға ұлассын!


Жүргізуші ; Сүйінші уа, ағайын

Егемен тойыны тойлайын

Деп тұрғанда 20 жасқа

Шаттықтан шапан жабайын.

Ұстаз бен құрбы - құрдасқа,

Ақынның дүрі,

Ғасырдың жаңа жырауы

Домбырасын күйлеп қолға алсын

Терентсін шалқып толғансын.


Жүргізуші: Динаның күй «Тойбастар» орындайтын


Жүргізуші: Әбілғазы Қайырбеков «Наурыздың нұры» оқитындар


Жүргізуші:

Жыл басында Ғаламда , Дүниеде, Табиғатта, Қоғамда болатын өзгерістерге сай тілімізде төмендегідей аталымдар туындаған.

Оқушылар:

Жүргізуші:


Наурыз мейрам дәстүрлі.

Аясында азат күн

Қастерлейік дәстүрді .- дей келе қазақ халқында аққа, малға, жанға т.б.сияқты нәрселерге тиым сөздерге көңіл бөлейік

  1. Ақты жерге, суға төкпе

  2. асты қорлама, үрме

  3. Адамды малды аттама

  4. Дастарханды баспа , аттама

  5. Тұзды баспа

  6. Қолыңды сілікпе, сермеме

  7. Таңертеңгі асты тастама, кешкі асқа қарама

Жүргізуші:

Наурызда шалқып той жасау,

Қашаннан халық мұрасы.

Тебіренбей жүрек қоймас-ау,

Той жырын бәрің жырлашы!

Аға- іні қарындас,

Той думанда осындай.

Әнде, шырқа, би биле,

Күліп оойнап қысылмай.


Ендігі кезекті биге берейік Би билейтін Фариза Серік.

Жүргізуші:

Иә, Наурыздың ырымдары өте көп соның ішінде тілеу көже беру, ұйқыашар, бесікке салу келіннің бетін ашу, тұсау кесу т.б. сияқтылар Бесікке жабылғы жабу – балаңың көпшіл болсын дегені, қамшы ілу – ер жүрек намысшыл болсын дегені, тұсау кескенде баланың аяғына ала жіп байлайды, ала жіп байлағаны біреудің ала жібін татама дегені, ақ шыт төсегені жолы ақ болсын дегені.

Жүргізуші:

Көңілдің құлпыларын ашайықта

Қиялмен қиялдардан асайықта.

Қасиетті Наурыз тойын елдігіңнің

Ерке бір қуанышы десе айыппа?


Тұманбай Молдағалиев «Наурыз жыры» оқитын

Оразқан Асқар «Бәйшешек»

Жүргізуші: Домбыра!

Құрманғазы мен Әміре, Ақан серігі,

Домбыра Наурыз назы мен

Жанның жайсаң сезімі.

Күй «Балбырауын» орындайтын

Жүргізуші : Жыл басы Наурыз мейрамында наурыз көже пісіріп дастархан жайып дәмді тағамдармен толтырамыз. Бұл күні біздің ауыл адамдары, мектеп оқушылары , барша халық тойлайды. Міне бүгін 7 «е» сынып оқушылары наурыз мерекесін тойлаудамыз.

Жүргізуші : Халықта батаның түрлері көп. Соның бірі –осы Наурыз бата. Мұнда наурызнама өткізілгендерге осы күнге арнап «Наурыз көжеге » шақырғандарға тойда өнер көрсеткен ақын, әнші палуандарға тағы басқа өнерпаздарға жас талапкерлерге ақсақалдар мен әжелер, ел ағалары бата береді . Бата жалпы жұртшылыққа көпшілікке бүкіл қауымға ауылға да беріледі. Жастарға бұл күні үлкендерден бата алуға тырысады. Наурызда алған батаның орны бөлек. Мұндай батаны «уыз бата» деп дәріптейді.

Жүргізуші: Енді олай болса Наурыз атамызды басқа да сыныптастарымыз күтіп отырған болар , батасын алып шығарып салайық. Наурыз ата балаларыңызға бата беріңіз

Наурыз қолын жайып

Жасың құтты болсын

Өмір жасың ұзақ болсын,

Ұлыс бақты болсын.

Төрт түлек ақты болсын,

Ұлыс береке берсін,

Пәле, жала жерге кірсін.

Похожие:

Жүргізуші: Наурыз күні. Күнмен түн теңеледі iconНаурыз Қазан төңкерісіне дейін қолданылып келген қазақ күнтізбесіндегі азаматтық жылдың бірінші айы. Бұл атау бізге ежелгі парсы тілінен келген. Алайда ол
Бұл атау бізге ежелгі парсы тілінен келген. Алайда ол парсыша ай аты емес, айдың бірінші күні ғана. Байырғы қазақ күнтізбесі бойынша,...
Жүргізуші: Наурыз күні. Күнмен түн теңеледі iconҚош келдің, Наурыз! Здравствуй, Наурыз! Форма
Осы күні адамдар бір біріне қонаққа барады, мерекемен құттықтайды, сыйлықтар сыйлап, жақсы тілектер айтады. Мерекелік дастархан жайып....
Жүргізуші: Наурыз күні. Күнмен түн теңеледі iconҚош келдің, әз-Наурыз
Мақсаты: Ата-бабамыздың ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық мерекесі-Наурыз туралы түсінік беру. Ұлыстың ұлы күні айтылатын...
Жүргізуші: Наурыз күні. Күнмен түн теңеледі icon«Ұлыстың Ұлы күні 22 наурыз» мерекесіне арналған іс-шаралар жоспары №
«Киелі жерге саяхат», «Наурыз аруы 2012», «Жігіт сұлтаны 2012» ұлттық көкпар, қыз қуу байқаулары
Жүргізуші: Наурыз күні. Күнмен түн теңеледі icon«Наурызым – асыл айым»
Наурыз – жыл басы. Мұсылман халықтары наурыз айының 22-де жаңа жылды тойлаған. Парсы тілінде Наурыз «жаңа күн» деген сөзді білдіреді....
Жүргізуші: Наурыз күні. Күнмен түн теңеледі icon«Балдырған» ясли бақшасы 2009 жылы қаңтар айында пайдалануға берілді. 2009 жылы 26 наурыз күні бала бақша өз жұмысын бастады. Алғашқыда «Балапан», «Құлыншақ»
«Балдырған» ясли – бақшасы 2009 жылы қаңтар айында пайдалануға берілді. 2009 жылы 26 наурыз күні бала бақша өз жұмысын бастады. Алғашқыда...
Жүргізуші: Наурыз күні. Күнмен түн теңеледі icon8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған іс-шаралар жоспары
«Көктемнің алғашқы мейрамы», «Ақ жарқын – жан анам», атты дөңгелек үстелдер, ашық сабақтар, тақырыптық сағаттар, мерекелік жиындар...
Жүргізуші: Наурыз күні. Күнмен түн теңеледі icon«Отбасылық салт-дәстүр».Әжелер сайысы. Мақсаты: Ата-аналармен балабақша арасындағы қарым-қатынасты
Наурыз мерекесі құтты болсын!Еліміз тыныш болсын,деніміз сау болсын!Наурыз мерекесіне арнап «Наурыз-көктем тамаша!»атты ертеңгілігімізді...
Жүргізуші: Наурыз күні. Күнмен түн теңеледі icon5- сынып қазақ тілі ашық сабақ Сабақтың тақырыбы: Наурыз мерекелері Сабақтың мақсаты: Білімділік
Білімділік: Наурыз мерекелері туралы мағлұмат алу. Наурыз мерекелерінде өткізілетін салт-дәстүрлер, ойындар, қазақтың дастарқаны...
Жүргізуші: Наурыз күні. Күнмен түн теңеледі iconНаурыз – праздник равноденствия
Ознакомить учащихся с историей возникновения праздника Наурыз, как он праздновался в других странах и в Казахстане
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница