«Наурызым – асыл айым»




Скачать 69.25 Kb.
Название«Наурызым – асыл айым»
Дата конвертации11.02.2016
Размер69.25 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://abay-cbs.kz/files/nauryz.doc
«Наурызым – асыл айым»


1 жүргізуші: Наурызым – мейрам жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.

Жарығыңмен, шуағыңмен Күн-ана,

Алып келдің жер бетіне гүл көктем.

Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке.

Қастерледік, қадіріңді білдік те.

Құтты болсын, Ұлыс күн жұмылдырған,

Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке.

Он екі жыл бір мүшелді құраған,

Бұрынғылар «жылың не» деп сұраған.

Әрбір жылдың өзіне тән сыны бар,

Ниет қойып білу керек мұны адам.


2 жүргізуші: Наурыз – жыл басы. Мұсылман халықтары наурыз айының 22-де жаңа жылды тойлаған. Парсы тілінде Наурыз «жаңа күн» деген сөзді білдіреді. Бүгінгі біздің кездесуіміз Наурыз мейрамына арналады. Мейрамдарыңыз құтты болсын.


1 жүргізуші: Наурыз – қазақтың шын мағынасындағы ұлттық мейрамы. Бұл – күн мен түн теңелетін көктем мен еңбек мерекесі. Халқымыз Наурызды «Жыл басы», «Ұлыстың ұлы күні» деп те атайды.


2 жүргізуші: Наурыз шығыс күнтізбесі бойынша жыл басы болып есептеледі.Ұлыстың ұлы күнінде алты ай қыс ақ шапанын айқара жамылып жатқан сайын далада алғашқы бәйшешек бүр жарып, көңіл көлін көктем самалы әлдилейді. Бұл күні Қызыр ата әр шаңырақтың табалдырығын аттап, тәуелсіз елдің әр отбасына береке-бірлік, таусылмас ырыс, шуақ шашқан шапағат пен қуатты денсаулық тілеп мінажат етері даусыз. Наурыз уыздай ұйыған тыныштық пен береке-бірліктің бастау бұлағы тәрізді.


1 жүргізуші: Қазақстан егеменді ел болғаннан бері халқымыздың рухани дәстүрімен ерекше орын алған осы төл мереке аса үлкен маңызға ие болып, айырықша аталып өтіледі. Отанымыздың барлық ұлттар мен ұлыстардың ықыласын біріктіріп, түрлі ұлттық салт-дәстүрлер, туысқандық пен бір-біріне деген құрметті білдіреді.


2 жүргізуші: Наурыз мерекесін ертеде Иранда 3 апта тойлаған, ал қазіргі күнде бұл мереке ресми түрде 5 күн тойланады. Азық-түлік дүкендерінен басқа барлық мекемелер жұмыс істемейді. Студенттер бұл айда оқымайды, ал мектеп оқушылары 15 күн оқымайды.


1 жүргізуші: Ауғанстанда Наурыз мерекесі 40 күнге созылған. Хамаль қаласында қасиетті Мазар-шериф жерінде мереке алдында 40 күнге 40 метрлі ағашты орнатып, соған орамал байлайды. Наурыз біткенннен кейін сол орамалдармен мешіттегі қасиетті Құран кітабінің беттерін байлайды. 40 күн мереке барысында «Челхана» деген жерде науқас адамдар құдайдан жазылуды сұрап, құран оқыған.


2 жүргізуші: Пәкістанда Наурыз мейрамы 3 күнге созылады. Бұл күндері халық өздерінің жаңа киімдерін киіп көшеге шығады, бірін біріне қонаққа барады.


1 жүргізуші: Наурыз мейрамы туралы Турцияда да біледі, бірақ ресми түрде тойланбайды.


2 жүргізуші: Сонымен қатар Наурыз мейрамын Орта Азия республикаларында да тойлайды - Тәжікістанда, Өзбекстанда, Түркменстанда, Қырғызияда.


1 жүргізуші: Ал, қазақ жерінде наурыз 1926 жылға дейін тойланып келген, арада 62 жыл салып, 1988 жылдан бері тұрақты қайта жаңғырды. Тіліміз бен салтымызға бетбұрыс болды.

Наурыз мерекесі ән мен жырсыз болмаған. Сондықтан сіздердің назарларыңызға Құрал Райымбековтың орындауында ән.


Домбырада ән орындалады


2 жүргізуші: Ұлыстың ұлы күні болатын ойын-сауықтың, атқарылар жөн-жоралғыларының түрлері мейілінше мол. Сол сияқты мен де бүгін сендерге Наурыз жұмбақ жасырайын, сендер жұмбақтарды шешіңдер:


Жапанда бір айдаһар білесің бе,

Жаны жоқ қимылдарға денесінде.

Ішінде сүйектері бақша-бақша,

Жарқылдар жалғыз көзі төбесінде.

(Киіз үй)

Көтерейін десем, ауыр кілем,

Көтермейін десем, тәуір кілем.

(Жер)

Қос қазық, екі желі, сегіз ноқта,

Сөйлейді шежіредей адам соқса,

Тағы да бір мінезі бар таңғажайып,

Ешуақыт сөйлемейді адам жоқта.

(Домбыра)

Келеді үлкен алып аузын ашып,

Жүреді он екі аяқ қадам басып,

Әрбірінде отыздан бармағы бар,

Құтылмас ешбір адам Мұнан қашып. (Бір жыл)


Шаршамас кемпір көрдім жалғыз аяқ,

Аузына тістеп алған шиден таяқ,

Жүрген сайын белбеуін қабаттайды,

Беріпті әсемдікті аямай-ақ.

(Ұршық)

Сылдыр сұйық, су емес,

Ішсең сусын қанады,

Ақ болса да қар емес,

Шешуін кім табады.

(Сүт)

Домбырада ән орындалады


1 жүргізуші: Қазақ халқы ертеден ақындық және шешендік өнерімен танылған. Мысалы: Қаза дауысты Қазыбектің мынандай шешендік сөзі бар: «Атадан жақсы ұл туса, елінің туы болады.Атадан жаман ұл туса, көшінің ең соңы болады». Ал, Балаби былай деген екен: «Жерден ауыр дегенім – ақыл-білім. Судан терең дегенім – оқу, ғылым. Оттан ысық дегенім - фани, жалған, адамның өмірі. Көктен биік дегенім – тәкаппардың көңілі». Қазақ халқы осындай шешендік сөздерге өте бай болған.


2 жүргізуші:Сонымен қатар қазақтың мақал-мәтелдеріне үңіле қараған сайын, оның қоғамның барлық саласын қамтитындығын аңғарамыз. Адам күнделікті өмірде керекті жағдайда қандай мақалды болсын өзінің төл қаруындай қолданады.


«Мақалды аяқта» викторинасы.


Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас


Адамнан үлкен ат жоқ,

Наннан үлкен ас жоқ


Жалғыз жүріп жол тапқанша,

Көппен жүріп адас


Алтыдағы бала атқа мінсе,

Алпыстағы ата алдынан шығар.


Төрт аяқтыда бота тату,

Адам баласында бажа тату.


Жақсы қыз жағадағы құндыз,

Жақсы жігіт төбедегі жұлдыз.


Атасыз үй батасыз,

Анасыз үй панасыз.


Қорасында сиыры бардың,

Қонағына сыйы бар.


Жер сатып алмай тұрып суын сұра,

Үй сатып алмай тұрып көршісін сұра..


Ынта болса адамда,

Қиын іс жоқ ғаламда.


Талаптыға жол бер,

Өнерліге қол бер.


Қылыштың міндеті кесу,

Қолдың міндеті шешу.


Адам болам десең,

Арыңды ақшаға сатпа.


Әдеп ар жемісі,

Ұят адамдық белгісі.


Ұлдың ұяты әкеге,

Қыздың ұяты шешеге.


Адамның ұяты бетінде,

Адамгершілігі ниетінде.


Жүзігін алтын болғанша,

Жүзің жарқын болсын.


1 жүргізуші:

«Қазақтың салт-дәстүрлері» атты кітап көрмесін таныстыру.


Қазақтың ұлттық тәрбиесінің алтын қазығы оның салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. Қазақтың салт-дәстүрлерін баршамызға білу қажет. Салт-дәстүрлердің бірнеше түрі бар. Отау көтеру дәстүрлері, тәрбие дәстүрлері, отбасы, тұрмыс дәстүрлері, еңбек дәстүрлері, наурыз дәстүрлері, ислам тағылымдары, қаза ғұрыптары. Халқымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын қалайша сендер білетіндіктеріңді қазір тексереміз.


2 жүргізуші:

Құйрық-бауыр. «Құйрық-бауыр жедің бе, құда болдым дедің бе».Бұл құдалық дәстүр рәсімі.Екі жақ келісіп құда болған жағдайда оларға «құйрық-бауыр» арнаулы сый әкеледі.Бұл «бауырдай жақын, құйрықтай тәтті» болындар деген тілекті білдіреді. Одан барлық құдалар ауыз тиеді.


Жасау. «Көрсін деп жиылған жұрт тамашасын, жасауын таудай қылып үйгізді енді». Ұзатылған қызға берілетін дүние-мүлік «жасау» деп аталады. Халық қыздың жасауына аса зор көңіл бөліп, «жасауды алты жастан жинасаң асады, жеті жастан жинасаң жетеді!» деген. Небір жақсы бұйым, сәукеле, кілем, текемет, ыдыс-аяқ, төсек-орын қыздарға берілетін болған.


Байғазы. Байғазы балалрдың, жастардың жаңа киімі үшін (мысалы: қамшы, шана, ертоқым) берілетін ақшалай, заттай сый. Байғазы сұраудың еш артығы жоқ. Жеңгелері, шешелері «байғазыға байдың қызы» деп те атайды. Байғазы балалардың көңіл-күйін көтеретін дәстүр.


Бастаңғы. Үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып, «жолаушылардың жолда басы ауырмасын, бастаңғы жаса» дейді. Бастаңғының мәнісі – жастардың сол үйде ойын-сауықта бас қосуы. Дәстүр бойынша бұған тиым салуға болмайды. Бастаңғыны жастар жасайды.


Ауызбастырық. Біреуді сөзбен жығып, ұтып оны орнынан тұрмастай етіп өлең шығарғанда немесе өткір әзіл тастағанда (немесе ұятты іс істегенде) ұтылған адам өзінше әлгі сөзді басқа адамға таратпау үшін «ауызбастырық» береді. Ол бұл сөзді ешкімге айтпаңыз деген жалынуы, кешірім сұрауы болып табылады. «Ауызбастырық» алған адам әлгі сөзді ешкімге айтпау керек. Сонда «ауызбастырық» та серттің бір түрі болып табылады.


Ерулік. Ауыл ортасына жаңа үй көшіп келсе, қоныстанса сол ауылдың адамдары жаңа үйге «ерулік» деп ас пісіріп, табақ тартады. Бұл жаңа көшіп келген адамдарды бөтенсіретпей өз ортасына тартудың, сыйласудың үлкен белгісі.Мұның әлеуметтік, қоғамдық мәні де бар. Мысалы: жаңа көшіп келген үйде отын-су болмайды. Оны әкелуге біраз уақыт керек, сондықтан кең ойлап, терең толғайтын қазақ салты мұны да ұмытпаған.


Тойбастар. Әр той дағдылы «тойбастар» жырымен басталады. Тойды әдеттегідей өлеңмен бастағаны үшін толымды сыйлық беріледі. Ол өлеңде «тойбастар» деп аталады. Тойдың сәні «тойбастарды» әнші жігіт не қыз бастайды. Той бастағаны үшін жігіт не қызға той иесі алғыс айтып, «тойбастар» яғни сый-сияпат ұсынып, құрмет көрсетеді.


Ұшықтау. Тамақтан, желден, иістен ұшынған адамдарды ұшықтау ертеден келе жатқан емдеу мен ырымның бір түрі. Мысалы: жығылған адамның бір жері қатты ауырып қалса, сол жерде «кет, пәлекет, кет!», «Ұшық-ұшық» деп ұшықтайды. Немесе ауруды күн батар алдында «жер ұшық» беріп, яғни жерге екі-үш рет жығып ұшықтап, үйге әкеліп жылы жауып тастайды.Көз тигенде «сұқ-сұқ» деп, тіл тигенде «тіфә-тіфә» деп ұшықтайды.


Наурыз тілек. Әр адам өзіне, отбасына немесе туыс-туғандары мен жора-жолдастарына Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, жақсы тілек тілейді, бір-бірінің үйіне кіріп дәм татады. Тілек – достық көңіл мен тілектестіктің, адамгершіліктің белгісі, әрі тойдың жарасты салтының бірі ретінде айтылған.


1 жүргізуші: Құрметті біздің оқушылар! Келе жатқан Наурыз мейрамы құтты болсын деп, біз де сендерге жақсы тілектер айтайық. Жаңа жыл тек қана жақсылық әкелсін.


2 жүргізуші: Көктемгі демалыстарыңды қызықты да көңілді өткізіңдер.


1 жүргізуші: Отанымыз Қазақстанның туы көкке қарай желбіреп, әрқашанда тыныштық болсын.


2 жүргізуші: Қазақстанның болашағы өсіп келе жатқан жастарымыздың дені сау болсын.


1 жүргізуші: Осыменен бүгінгі Наурыз мерекесіне арналған кездесуіміз аяқталды. Сау болыңыздар. Наурыз мерекесін жақсы қарсы алыңыздар.

Похожие:

«Наурызым – асыл айым» iconШетелден әкелінген асыл тұқымды төлді, сондай-ақ лизинг шарты негізінде сатып алынған асыл тұқымды ірі қара малдың төлін қоспағанда, асыл тұқымды өнімді (материалды) сатып алу-сату шарты

«Наурызым – асыл айым» iconҚазақстан республикасының заңы бағалы металдар мен асыл тастар туралы
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында бағалы металдар мен асыл тастарды пайдалану және айналысы саласында туындайтын қатынастарды...
«Наурызым – асыл айым» iconАсыл тұқымды мал шаруашылығы туралы

«Наурызым – асыл айым» iconАсыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау
«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін...
«Наурызым – асыл айым» iconОблыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен

«Наурызым – асыл айым» iconОблыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2012 жылға арналған республикалық...
«Наурызым – асыл айым» iconШешендік өнердің халықТЫҚ сипаты
Халқымыздың даналығының үлгісі шешендік сөздер – ғасырлар бойы халық сынынан ерекшеленіп өткен құнды мұра, асыл қазына
«Наурызым – асыл айым» iconШешендік өнердің халықТЫҚ сипаты
Халқымыздың даналығының үлгісі шешендік сөздер – ғасырлар бойы халық сынынан ерекшеленіп өткен құнды мұра, асыл қазына
«Наурызым – асыл айым» iconСары қымыз дертке шипа, денеге күш. Қымыз ерекше дәмді, кұнарлы, және өте сіңімді сусын. Оның бұлай болу себебі жылқы жануардың өзіне ғана тән асыл қасиетінен
Сары қымыз дертке шипа, денеге күш. Қымыз ерекше дәмді, кұнарлы, және өте сіңімді сусын. Оның бұлай болу себебі жылқы жануардың өзіне...
«Наурызым – асыл айым» iconАйжан КӘкенова
Асырауында балалары бар мүгедек аналардың "Асыл Ана" қоғамы үйымдастырған бул шара балаларды қызық-қуанышқа бөлеп, оларға тамаша...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница