Алкоголь өнімін (сырадан басқа) бөлшек сауда жасаудың тәртібін




Скачать 53.55 Kb.
НазваниеАлкоголь өнімін (сырадан басқа) бөлшек сауда жасаудың тәртібін
Дата конвертации11.02.2016
Размер53.55 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.astananalog.kz/uploads/files/Realizatsiya_alkogolnoy_produktsii_na_kaz.yaz.doc
Алкоголь өнімін (сырадан басқа) бөлшек сауда жасаудың тәртібін

бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс

министрлігі 1999 жылғы 20 қыркүйектегі № 1162 Бұйрығы

«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңын орындау үшін бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Алкоголь өнімімен (сырадан басқа) бөлшек сауда жасаудың тәртібі бекітілсін.

2. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

Министр

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік кіріс министрлігі

1999 жылғы 20 қыркүйектегі

1162 Бұйрығымен

 бекітілген

 

Алкоголь өнiмiнiң (сырадан басқа) бөлшек саудасының

Ережесi

 

1. Жалпы Ережелер

 

1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының «Этил спиртi және алкоголь өнiмiнiң өндiрiсi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» 1999 жылдың 16 шiлдесiндегi Заңына сәйкес дайындалған және алкоголь өнiмдерiн бөлшек сатуды тәртiпке келтiруге бағытталған.

2. Алкоголь өнiмiнiң (сырадан басқа) бөлшек саудасын жекеменшiк түрiне байланыссыз жергiлiктi атқару органдары белгiлеген тәртiппен бөлшек сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарына берiлетiн алкоголь өнiмi (сырадан басқа) бөлшек саудасының лицензиясы болғанда ғана жүзеге асыруға болады.

2. Негiзгi ұғымдар

 

3. Алкоголь өнiмi (сырадан басқа) бөлшек саудасының осы Ережесiнде келесi ұғымдар пайдаланылады:

1) алкоголь өнiмi - этил спиртiнiң көлемдiк үлесi 1,5 пайыздан асатын тамақтық өсiмдiк шикiзатынан өндiрiлген тамақ өнiмi;

2) көтерме сату - өкiлеттi орган бекiткен құжаттарға сәйкес, ары қарай сату үшiн қойма жайларынан шектеусiз көлемдерде алкоголь өнiмiн босату;

3) бөлшек сауда - фискальдық жады бар бақылау-кассалық аппаратымен және сауда алаңдарымен жабдықталған стационарлық жайларда, сондай-ақ стационарлық жайлардың жанындағы жазғы алаңдарда алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) тұтыну және коммерциялық емес пайдалану үшiн сату;

4) сақтау - алкоголь өнiмдерiн қойма жайларында орналастыру (жинақтау);

5) стационарлық үй-жайлар - су, энергия және канализация жабдықтарымен жабдықталған, iргетасы бар және оларды ұстап тұрған конструкцияларына залал келтiрусiз орнынан қозғау мүмкiн емес күрделi ғимарат, құрылыс немесе олардың бөлiгi;

3. Алкоголь өнiмдерiн сату

 

4. Алкоголь өнiмiн бөлшектеп сату белгiленген тәртiппен берiлген лицензиясы болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.

5. Алкоголь өнiмiн сату лицензияда белгiленген орында ғана жүзеге асырылады.

6. Сатып алушыға лицензия нөмiрi, лицензияны берген орган туралы (сауда алаңында iлу жолымен немесе басқа тәсiлмен), сондай-ақ меншiк иесi немесе ұйым басшысы белгiлеген кәсiпорынның жұмыс iстеу тәртiбi туралы ақпарат берiлуi керек.

7. Меншiк түрiне байланыссыз бөлшек сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдары тиiстi сапасы жоқ алкоголь өнiмiн сатқаны үшiн белгiленген тәртiппен жауап бередi.

8. Сатуға сапасы жағынан МЕМСТар мiндеттi талаптарына және санитарлық ережелерi мен нормаларына сәйкес келетiн алкоголь өнiмдерi жатады. Бұл өнiмдi, сондай-ақ импорттық өнiмдi сатушыда алдыңғы меншiк иесiнiң қолы және мөрiмен расталған, сондай-ақ есепке алу мен тiркеу нөмiрi, қолданылу мерзiмi және сертификат берген орган аты көрсетiлген әрбiр өнiм атауы бойынша сертификат сәйкестiгi барлығы туралы мәлiметi бар көлiк жүкқұжаты болуы керек. Аталған ақпарат сатып алушы мен бақылаушы органдарға бiрiншi талап бойынша берiлуi керек.

9. Алкоголь өнiмдерiнiң бөлшек сауда ұйымдары мiндеттi:

1) фискальды жады бар бақылау-касса аппараттарын қолдана отырып, алкоголь өнiмдерiн сатуды жүзеге асыру;

2) тұтынушылар өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiк талаптарын қамтамасыз ету мақсатымен алкоголь өнiмдерiн бөлшектеп сатумен айналысатын кәсiпорындардың әрекетiн регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi және техникалық құжаттарды басшылыққа алу (алкоголь өнiмдерiн қаптау, қабылдау және сақтау талаптарын белгiлейтiн МемСТ-тар, санитарлық нормалар мен ережелер, өрт қауiпсiздiгi, қоршаған ортаны қорғау нормалары мен ережелерi және т.б.);

3) алкоголь өнiмiнiң өндiрiсi мен айналымына бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган белгiлеген алғашқы бухгалтерлiк есептi жүргiзу және форма бойынша көлiк жүкқұжатын ресiмдеу;

4) алкоголь өнiмiн сақтау кезiнде сапасының жоғалуына жол бермейтiн өнiмнiң тиiстi түрiне нормативтiк құжаттар талаптары белгiлеген сақтаудың тиістi шарттарын сақтау;

10. Алкоголь өнiмiн бөлшектеп сатуда тыйым салынады:

1) пайдаланылу мерзiмi өтiп кеткен, сондай-ақ пайдаланылу мерзiмi көрсетiлмеген алкоголь өнiмi;

2) шөлмектердiң этикеткасы жоқ, кiр (iшi немесе сырты), анық шытынау белгiсi бар (басы жырымдалған, шытынаған), тығыны зақымдалған шөлмектер және жалпы бұлдырланған, бөгде қоспалары бар, тұнбасы бар (коллекциялық шараптан басқа) болса;

3) шығу тегi белгiсiз болса;

4) акциздiк төлем маркiлерi жоқ болса (сырадан басқа);

5) жасы он сегiзге толмаған адамдарға;

6) бала бақшаларда, оқу орындарында, емдеу-сауықтыру мекемелерiнде және оған жанасатын радиусы 100 метрден кем емес аумақтарда;

7) базарларда, көтерме сауда орындарында, дүңгіршектерде шатырларда, қолда, тегендерде, автомашиналарда, сондай-ақ басқа да белгiленбеген орындарда (сырадан басқа);

8) қолданыстағы стандарттарға сәйкес мемлекеттiк және орыс тілдерiндегi маркiлерсiз.

11. Алкоголь өнiмдерiн сату кезiнде сатушы сатылатын тауар үлгiсiне өнiмнiң аты, ыдыс пен қаптау құны кiретiн бағасы көрсетiлген бағалау қағазын iледi. Шарапты құйып сату кезiнде бағалау қағазында аты мен 1 литр және 0,1 литрдiң бағасы көрсетiледi (шарап үшiн).

12. Қоғамдық тамақтандыру кәсiпорындарында алкоголь өнiмiнiң рейскуранттарында iшiмдiктiң аты, шөлмектiң сыйымдылығы шөлмектің бүкiл сыйымдылығының бағасы, сондай-ақ 100 немесе 50 грамының бағасы (сырадан басқа) көрсетiлуi керек.

13. Алкоголь өнiмiн құйып сатуды жүзеге асыратын сатушылардың, буфетшiлердiң, бармендердiң және басқа адамдардың жұмыс орындары тиiстi сауда жабдықтарымен, өлшеуiш мүкәммәлдармен, ыдыстармен жарақтандырылуы керек.

14. Алкоголь өнiмiн сату кезiнде сатушы сатып алушыға өшiрiлген касса чегiн беруi керек.

15. Алкоголь өнiмiн бөлшектеп сататын ұйымдар бөлшек саудаға арналған сауда алаңдарында көтерме сатуды жүзеге асыруына құқығы жоқ.

16. Бөлшек сауда ұйымдары алкоголь өнiмiн тек алкоголь өнiмiн сақтау және көтерме сату лицензиясы бар ұйымдардан сатып алуға мiндеттi. Алкоголь өнiмiн өндiрушiлердiң фирмалық арнайы магазиндерi тек өзiнiң алкоголь өнiмiн сатуға арналған.

17. Бөлшек сауда ұйымдары алкоголь өнiмiн сақтау және көтерме сатумен айналысатын ұйымдардан алкоголь өнiмiн сатып алғанда бiрiншi басшының қолымен және сатушы ұйымның мөрiмен расталған алкоголь өнiмiн сақтау және көтерме сату лицензиясының көшiрмесi талап етуге мiндеттi.

3. Бақылау және осы Ереженi сақтамағаны үшiн жауапкершiлiк

 

18. Алкоголь өнiмiнiң бөлшек саудасының Ережесiн бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының қазiргi заңдарына сәйкес жауапкершiлiкке тартылады.

19. Қазақстан Республикасының белгiленген заңдарына сәйкес Осы Ережедегi талаптардың сақталуына бақылау жасауды өкiлеттi органдар, сондай-ақ салық қызметi, ішкi iстер органдары, Әкiмдер аппараттары жүзеге асырады.

Похожие:

Алкоголь өнімін (сырадан басқа) бөлшек сауда жасаудың тәртібін iconФ кгма 4/3-04/02 ип №6 умс при Казгма
...
Алкоголь өнімін (сырадан басқа) бөлшек сауда жасаудың тәртібін iconТарбағатай ауданының
Бөлшек тауар айналымы. Ауданда бөлшек тауар айналымы бойынша тоқсан сайын есеп беретін 4 кәсіпорын тіркелген Бөлшек тауар айналымының...
Алкоголь өнімін (сырадан басқа) бөлшек сауда жасаудың тәртібін iconҚұжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың
Сқарушылық қызметтегі құжаттама жасауды ұйымдастыру тәртібін мен қағаз тасығыштағы құпия емес сипаттағы құжаттармен жұмысты ұйымдастыру,...
Алкоголь өнімін (сырадан басқа) бөлшек сауда жасаудың тәртібін iconТақырыбы: “Өнімді өткізу және тарату” Орындаған: Тексерген
Дистрибьюторлармен, бөлшек сауда дүкендерімен тәуелсіз делдалдармен келісім негізінде құрылған арналады қажет кезде өзгерту өте қиын....
Алкоголь өнімін (сырадан басқа) бөлшек сауда жасаудың тәртібін iconЗаконопроект об индексации акцизов на алкоголь и табак
Минфин РФ подготовил поправки в Налоговый кодекс РФ об индексации акцизов на алкоголь и табак в 2011-2013 гг. Документ опубли­кован...
Алкоголь өнімін (сырадан басқа) бөлшек сауда жасаудың тәртібін iconЕ. к барлықов Сапа – нарықтық экономика жағдайында табысты қызметтің негізгі факторларының бірі ретінде
Сапа деген ұғымның өзі ертеде пайда болып, жүздеген тіпті мыңдаған жылдар бойы қолданылып келеді. Бәлкім ол сауда сауда пайда болған...
Алкоголь өнімін (сырадан басқа) бөлшек сауда жасаудың тәртібін iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты...
Алкоголь өнімін (сырадан басқа) бөлшек сауда жасаудың тәртібін iconМазмұны кіріспе
Сонымен, сауда пайдасының қайнар бұлағы, өнеркәсіп капиталистерінің пайдаларының кайнар көзі. Өндіріс саласында өндірілген қосымша...
Алкоголь өнімін (сырадан басқа) бөлшек сауда жасаудың тәртібін iconФизика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті
Статистикалық және динамикалық Web-беттер. Web-қосымшаларды жасау құралдарына шолу. Web-қосымшаларды жасаудың аспаптық құралдары....
Алкоголь өнімін (сырадан басқа) бөлшек сауда жасаудың тәртібін iconРеферат по предмету: Основы безопасности жизнедеятельности. На тему : Вредные привычки, их влияние на здоровье (курение, алкоголь, наркотики)
На тему : Вредные привычки, их влияние на здоровье (курение, алкоголь, наркотики)
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница