«Почемучек» клубы туралы ақпарат




Скачать 39.44 Kb.
Название«Почемучек» клубы туралы ақпарат
Дата конвертации11.02.2016
Размер39.44 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.libr.e-taraz.kz/userfiles/file/05_09_2012/pochemuchek.doc
«Почемучек» клубы туралы ақпарат


«Почемучек» клубы Ғ. Мұратбаев атындағы кітапхана жанында ұйымдастырылған. Ол әрдайым және әр жерде сұрақтар қойып, онысына жауаптарды мектеп оқулықтарынан табатын мектептің төменгі және орта сынып оқушыларын біріктіреді.

«Почемучек» клубы өз жұмысын клуб мүшелерінің бастамалары бойынша құрады. Клубтың өз жарғысы, ұраны, таңбасы бар.

Танымға құштарлық – білімге алғашқы қадам, сондықтан клуб ұраны: «Оқу – міне ең үздік ілім».

«Почемучек» клубының ережесі:

«Почемучек» клубының мүшесі 7-ден 11 жасқа дейінгі жастағылар:

- оның жарғысын танитындар;

- білімге ұмтылғандар;

- кітап беттері бойынша саяхат жасауды сүйетіндер бола алады.

«Почемучек» клубының жұмысына клуб кеңесі басшылық етеді.

Клуб президентін клуб кеңесінің мәжілісінде бекітеді.

Клуб жұмысы клуб кеңесі жасаған және бекіткен бағдарлама бойынша жүргізіледі.

Клубқа мүшелікті қабылдау клуб кеңесінде талқыланады.

Клуб жарғысы:

- білім көзі кітапты сүй;

- әрбір сәтте қандай бір жаңалықты білуге ұмтыл;

- әрбір жұмбақты шешусіз, сауалды жауапсыз қалдырма!

- ғаламның барлық құпиясын аша біл – зерттеуші бола біл;

- кітаптардан – энциклопедиялардан жауапты өзін табуға үйрен.

«Почемучек» клубының міндеті:

- балаларды әрбір сауалдың жауабын іздестіруге шығармашылықпен келуге үйрету керек, өйткені сауалдан танымға құштарлық пайда болады және өз менің табады.

«Почемучек» клубының таңбасы ашылған кітап түрінде, онда ақылды үкі парақтан параққа сапар шеге отырып неліктен: Не? Қайда? Қашан? деген сауалдарға жауап іздейді.


Құқықтық алаң


із құқықтық мемлекет орнатудамыз. Кітапхана - өскелең ұрпақты тәрбиелеуге ең белсенді қатыса алатын және қатысуға тиіс ұйым болып табылады. Біз балаларды да заңға сәйкес өмір сүруге үйретуге тиіспіз. Әрбір бала өз құқығың білуге міндетті. Балалармен және жасөспірімдермен жұмыс істейтін біздің кітапхана өз қызметінің басты бағыттарының бірі ретінде құқықтық ағартушылықты таңдады. Біз балаларға өз құқықтарын білуді, түсінуді және қорғауды, өзгенің құқығын сыйлауды үйретуді өзімізге міндет етіп қойдық. Осы мақсатта: «Заң – бұл тәртіптілік және әділеттілік» құқықтық алаңын өткіздік.

Мақсаты:

- құқықтық білім бойынша әдебиеттерді насихаттау;

- Конвенция, Декларация, Фемида, Конституция ұғымдарымен таныстыру;

- Балаларға сот процесінің барасын көрсету және құқық қорғау органдарының өкілдіктерімен таныстыру;

- заңды құрметтейтін азамат тәрбиелеуге ықпал ету, өзінің құрметтеу сезімін егу, өз құқықтарын қорғай білу;

- өз құқығын сезінуге және өз міндеттеріне жауапкершілік сезіміне көмектесу.

«Почемучек» клубы мүшелері арасында «Заң – бұл тәртіптілік және әділеттілік» құқықтық алаңын өткіздік. Шараның барысында оқушылар мемлекет өзінің кішкентай азаматтарына кепілдік беретін құқықтарымен танысты. Адамдар неліктен белгілі қағида бойынша өмір сүруді қалады? Құқық қалай пайда болды? Құқық дегеніміз не? Осы сауалдарға балалар шараның барысында жауап алды.

«Ертегі кейіпкерлерінің құқықтары» ойын-жаттығу барысында командалар «Қаздар-Аққулар», «Түлкі мен қасқыр» және басқа да ертегілер кейіпкерлері қандай құқық бұзушылықтарға жол бергенін түсіндірді.

«Дюмовочканы ұрлау» театрландырылған сот процесі, сол тектес «федералдық сот» телехабары өткізілді. Сот мәжілісінде Дюмовочканы ұрлау туралы іс қаралды. Сот процесін сот, сот хатшысы, прокурор, Құрбақа мен Дюмовочканың қорғаушылары қатысты. Іс бойынша: балық, қарлығаш, шаян куә болды.

Прокурор Құрбақаға шөлде өмір сүруге бес жыл сұрады, бірақ Құрбақаның қорғаушысы өзінің дәлелді сөздерімен жазаны жұмсартуға көздерін жеткізе білді.

Процеске қатысушылардың әрқайсысы өздерінің білімдарлығын және заңды білетінін көрсете білді, сондай-ақ сотта нағыз сот, прокурор, қорғаушы, куә ретінде көрінді. Құрбақаның өкініш білдіруі өте шынайы шықты.

Сот процесінен балалар құқықты білудің қажеттігін, онда дұрыс бағыт ұстай білуді түсінді.

Танымдық экология

«Жасыл ғаламшар – Жер»

Кішкене бала күн сайын өзіне әлде бір жаңалықты аша отырып, қоршаған ортаны қызығушылықпен қабылдайды. Қоршаған әлемді қабылдау өздігінен келмейді, мұнда кітапхананың және кітаптың маңызы мен қажеттілік орны ерекше. Біздің экологиялық шара балаларды жай ғана қарауға емес, сонымен бірге тереңірек бойлауға, жай ғана тыңдауға ғана емес, ұғына түсуге үйретеді.

Мақсаты:

- табиғатқа сүйіспеншілік арқылы балаларға экологиялық тәрбие беру;

- қоршаған ортаға адамдардың жоғары мәдени мінезін, табиғатқа жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру;

- ойындық тәсіл арқылы табиғатқа ұқыпты қарау дағдысын егу.

Табиғат перзенті адам өзін қоршаған әсемдік әлеміне неге басқыншылық көзбен қарайды? Осы сұраққа жауап беру үшін «Жасыл ғаламшар – Жер» танымдық экология сабағын өткіздік.

Экологиялық сабақта:

«Жексенбілік саяхат» кіші экологиялық спектакль ұйымдастырылды, онда табиғатта өзін қалай ұстауды, табиғат ананың сыйлығы шексіз еместігін түсіну жайлы сөз болды. «Мөлдірдей таза Жерім менің» экологиялық лотода балалар байқампаздық байқатып, ребустар мен шытырман шарларды шешуде тапқырлық көрсетті. «Табиғатпен дос болайық» экологиялық белгісінде табиғаттағы мінез қағидаларын қалыптастырды.

Похожие:

«Почемучек» клубы туралы ақпарат icon"Байлық" клубы туралы ақпарат
«Байлық» клубы №6 кітапхана-филиалдың қарамағында құрылып, құрамына Тараз қаласы №53 орта мектептің 11-12 жастағы оқушыларын біріктіріп...
«Почемучек» клубы туралы ақпарат iconЖобаның техникалық-экономикалық негіздемесі
Жобаның өтініш берушісі туралы ақпарат: Кәсіпорынның атауы, құрылған мерзімі, басшысы туралы ақпарат
«Почемучек» клубы туралы ақпарат iconЖобаның техникалық-экономикалық негіздемесі
Жобаның өтініш берушісі туралы ақпарат: Кәсіпорынның атауы, құрылған мерзімі, басшысы туралы ақпарат
«Почемучек» клубы туралы ақпарат iconОқушылардың табиғаттағы ақпарат туралы түсінігін қалыптастыру, сипаты мен қабылдау тәсілдері бойынша әр түрлі ақпарат түрлерімен таныстыру; Тәрбиелілік

«Почемучек» клубы туралы ақпарат iconТуристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру
Және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) осы стандартқа...
«Почемучек» клубы туралы ақпарат icon«Туристiк ақпарат, оның iшiнде туристiк әлеует, туризм объектiлерi және туристiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
«Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 және 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру...
«Почемучек» клубы туралы ақпарат iconҚаржы лизингісі нысанында қарыз немесе инвестиция алуға берген өтініштерін қарау үшін барлық серіктестік түрлерінің, мемлекеттік кәсіпорындар мен өндірістік кооперативтердің ұсынатын құжаттар тізбесі
Заңды тұлғаның несие тарихы субъектісінің өзі туралы несие бюросына ақпарат беруге және өзі туралы несие бюросынан ақпарат алуға...
«Почемучек» клубы туралы ақпарат iconЗАҢды тұЛҒалар үшін қҰжаттар тізбесі заңды тұлғалар үшін алғашқы құжаттар тізбесі
Сауалнама; №9 қосымшаға сәйкес Қарыз алушының (Тең қарыз алушының) ол туралы несие бюросына ақпарат беруге және несие бюросынан ол...
«Почемучек» клубы туралы ақпарат iconЖеке тұЛҒалар үшін қҰжаттар тізбесі жеке тұлғалар үшін алғашқы құжаттар тізбесі
Сауалнама; №9а қосымшаға сәйкес Қарыз алушының (Тең қарыз алушының) ол туралы несие бюросына ақпарат беруге және несие бюросынан...
«Почемучек» клубы туралы ақпарат iconТуристiк ақпарат, оның iшiнде туристiк әлеует, туризм объектiлерi және туристiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру
«Павлодар облысының туризм, дене тәрбиесi және спорт басқармасы» мемлекеттiк мекемесі
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница