Қазақстан Республикасы Үкіметінің




Скачать 60.27 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Үкіметінің
Дата конвертации11.02.2016
Размер60.27 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.bala-kkk.kz/sites/default/files/upload/files/Zakony/PP_RK_367_kaz..doc
Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2012 жылғы 29 наурыздағы № 367 қаулысы


«Балалар ауылындағы отбасы туралы ереженi бекiту туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы

1613 қаулысына өзгерістер енгізу туралы


Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Балалар ауылындағы отбасы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 1613 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 47, 550-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 13 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Балалар ауылындағы отбасы туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. Мәсімов


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы « »

№ қаулысына

қосымша


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2001 жылғы 11 желтоқсандағы

№ 1613 қаулысымен

бекітілген


Балалар ауылындағы отбасы туралы

ереже


1. Жалпы ережелер


1. Осы Балалар ауылындағы отбасы туралы ереже (бұдан әрi – Ереже) «Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының (бұдан әрi – Заң) 11-бабының 3-тармағына сәйкес әзiрлендi.

2. Балалар ауылы әрқайсысында жасы он сегiзге дейiнгi жастағы жетiден онға дейін тәрбиеленуші бала тұратын және тәрбиеленетін бірнеше отбасыдан, сондай-ақ балалар үйлерiнiң, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері мен балалар ауылының жиырма үш жасқа дейiнгi тәрбиеленушiлерi белгiлi бiр кезеңде тұруға арналған жасөспірімдер үйлерінен тұрады.

3. Отбасы мен балалар ауылы әкiмшiлiгiнiң өзара қарым-қатынастары білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен балалар ауылының әкiмшiлiгi туралы ережеге сәйкес анықталады.

4. Балалар ауылындағы отбасы – балаларды тәрбиелеудiң жаңа нысанынан туындайтын, отбасылық қатынастарды нығайтуға және еңбек дағдыларын сiңiруге, оқыту мен тәрбиелеуге ықпал етуге бағытталған жеке мүлiктiк емес құқықтармен және мiндеттермен байланысты адамдар тобы (тәрбиешi ана, тәрбиеленушiлер).

5. Қорғаншылық және қамқоршылық органдары отбасылық үлгiдегi балалар ауылдары мен жасөспiрiмдер үйлерiне тәрбиеленушi балалардың бiлiм алуына және оларды тәрбиелеуде, емдеу-профилактикалық және психологиялық-диагностикалық жұмыста әдiстемелiк көмек көрсетуге, сондай-ақ олардың бағып-күтiлуi, тәрбиеленуi мен бiлiм алуы жағдайларына бақылауды жүзеге асыруға, тәрбиешi аналарға психологиялық-медициналық-педагогикалық мәселелер бойынша консультациялар беруге мiндеттi.


2. Тәрбиешi ананың құқықтары мен мiндеттерi


6. Тәрбиешi ана қызметке білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылындағы тәрбиешi ана қызметiне конкурс өткiзу тәртiбi туралы ереже негiзiндегi конкурстық iрiктеудiң нәтижесiнде отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы әкiмшiлiгi басшысының бұйрығымен тағайындалады.

7. Тәрбиешi ананың құқықтары мен мiндеттерi оның балалар ауылының әкiмшiлiгiмен жасалатын жеке еңбек шартымен бекiтiледi.

Негiзгi мiндеттерi:

1) балаларды тәрбиелеу, оның денсаулығына, дене, психикалық, адамгершiлiк және рухани дамуына қамқорлық жасау;

2) отбасында адамгершілік-рухани және үй ахуалын жасау жөнінде өзіне жүктелген міндеттерін адал орындау;

3) балаларды олардың ой-пiкiрлерiн, балалар ауылы әкімшілігінің ой-пікірін және қорғаншылық және қамқоршылық органдарының ұсынымдарын ескере отырып, тәрбиелеу тәсiлдерiн айқындау;

4) бiлiм беру ұйымын және оқыту нысанын таңдау;

5) балалардың бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алуы үшін жағдайды қамтамасыз ету;

6) өзіне берiлген Заңның 16-бабының 4-тармағының 1), 2), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11) тармақшаларында көрсетілген бала құжаттары көшірмелерінің сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.

8. Еңбек демалысы кезiнде, ауырған және басқа да дәлелдi себептермен болмаған кезiнде тәрбиешi ананың қызметiн заңнамада белгiленген тәртiппен резервтегi тәрбиешi ана атқарады.

9. Балаларды отбасында бағып-күту мен тәрбиелеудi білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Балаларды балалар ауылының отбасына беру туралы үлгi шартына сәйкес тәрбиешi ана жүзеге асырады.


3. Балаларды балалар ауылының отбасына iрiктеу


10. Балаларды балалар ауылы отбасына iрiктеудi балалар ауылы әкiмшiлiгi өкiлiнiң қатысуымен, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының жолдамасы негiзiнде тәрбиешi ана жүзеге асырады.

Балаларды балалар ауылының отбасына берген кезде қорғаншылық және қамқоршылық органдары олардың мүдделерiн басшылыққа алады.

Балаларды отбасына беру олардың пiкiрi және тәрбиешi ананың тiлегi ескерiле отырып жүзеге асырылады.

Балалар ауылы отбасына берген кезде балалардың мүддесiне орай олардың этникалық шығу тегi, белгiлi бiр дiндi және мәдениеттi ұстанатындығы, ана тiлi, тәрбие мен бiлiм беруде сабақтастықты қамтамасыз етудiң мүмкiндiктерi ескерiлуге тиiс.

11. Ағалы-iнiлiлер мен апалы-сiңлiлер-қарындастар медициналық не басқа да себептермен бiрге тәрбиеленуге болмайтын жағдайларды қоспағанда, бiр отбасына берiлуге тиiс.

12. Балалар ауылының отбасына берiлетiн әрбiр балаға қорғаншылық және қамқоршылық органдары Заңның 16-бабы 4-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды балалар ауылының әкімшілігіне береді.


4. Тәрбиеленушiнiң құқықтары мен мiндеттерi


13. Әрбiр тәрбиеленушi балалар ауылының отбасында он сегiз жасқа толғанға дейін тұруға және тәрбиеленуге құқылы.

14. Тәрбиеленушi:

1) өзiнiң адамдық қадыр-қасиетiнiң құрметтелуiне;

2) тәрбиешi ана тарапынан қамқорлық көруге және онымен бiрге тұруға;
3) әкімшілік, сондай-ақ тәрбиеші ана тарапынан жеке басы үшін пайдаланушылықтан қорғалуға;

4) отбасында өзінің мүдделерiн қозғайтын кез келген мәселенi шешу кезiнде өз пiкiрiн бiлдiруге;

5) өзiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қозғайтын кез келген сот немесе әкiмшiлiк iс қарау барысында сөзiн тыңдатуға құқылы.

15. Тәрбиеленушiге:

1) мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға, үйге, сый ретiнде алынған мүлiкке, басқа да заңды негiзде алған мұраға;

2) банкiлiк салымнан пайыздар түрiнде алынған табысқа;

3) өзiне тиесiлi тұрғын үйдi жалға беруден алған табысқа;

4) шығармашылық, кәсiптiк, еңбек және өзге де қызметтен түскен табыстарға;
5) ата-аналарынан алатын өзiне тиесiлi алиментке, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақылар мен өзге де әлеуметтік төлемдерге құқығы бекiтiліп беріледі.

16. Жасы онға толған тәрбиеленушiнiң пiкiрi:

1) тәрбиешi ананың бiлiм беру мекемесi мен оқыту нысанын таңдау;

2) тәрбиешi ана отбасылық тәрбие мен бiлiм беруге қатысты мәселелердi шешуi;

3) сот баланы тәрбиешi анадан өздерiне қайтару туралы ата-аналардың талаптарын қарау;

4) сот ата-аналардың ата-ана құқықтарын қалпына келтiру туралы талап-арызын қанағаттандырудан бас тартқан;

5) сот ата-аналардың ата-ана құқықтарын шектеудiң күшiн жою туралы талап-арызын қанағаттандырудан бас тартқан кезде оның мүдделерiне қайшы келетiн жағдайларды қоспағанда, ескерiлуге мiндеттi.
17. Тәрбиеленушiнiң құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған кезде, оның iшiнде балалар ауылының әкiмшiлiгi, сондай-ақ тәрбиешi ана оны бағып-күту, тәрбиелеу, жалпы орта және кәсiптiк бiлiм алу үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттерiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған не олар өз құқықтарын терiс пайдаланған жағдайда, баланың өз бетiнше құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қорғаншылық және қамқоршылық органдарына, ал он төрт жасқа толғаннан кейiн сотқа жүгінуге құқығы бар.

18. Тәрбиеленушiнiң бұрынғы отбасына қайта оралуы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

19. Балалар ауылындағы отбасы қызметі балалардың мүддесі үшін ұйымдастырылады және оларды әлеуметтік қорғауға, әлеуметтік бейімдеуге бағытталған.

_________________________

Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің icon4. негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер
Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің icon"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы №556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы жобасына...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы
Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің iconОңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы
Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қаңтардағы
«Арнайы су пайдалануға рұқсат беру ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қаңтардағы №56 қаулысына...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы
«Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі №979 қаулысы
«Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 23 шілде 2015 жылғы №578 Қаулысы
Республикасы Үкіметінің «Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру тәртібін бекіту туралы» 19 қаңтар...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің iconҚазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің актілері мен тапсырмаларын орындау сапасын бағалау
Ме) «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница