Скачать 483.45 Kb.
|
«Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: «Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов Жоба Қазақстан Республикасының Заңы «Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«1) авторлық қадағалау – Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және Қазақстан Республикасының Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнамасында көзделген авторлық құқықтарды іске асыру шеңберінде жүзеге асырылатын құрылыс жобасының (аумаққа құрылыс салу жобасының) әзірленуіне бақылауды жүзеге асыру жөніндегі сәулет және (немесе) қала құрылысы туындысы авторының құқықтылығы; құрылыс жобалары (жобалау-сметалық құжаттамалары) авторларының (әзірлеушілерінің) құрылыс және аяқталған объектілерді пайдалануға қабылдау барысында жұмыстар мен шығындар көлемін, бекітілген жобалық шешімдерді мердігерлік құрылыс ұйымдарының сақтауына бақылауды қамтамасыз ету бойынша міндеті; Құрылыс барысына авторлық қадағалау осы Заңның 34-бабында белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.»; «49) сәулет-жоспарлау тапсырмасы - объектінің мақсатына, негізгі өлшемдеріне және оны нақты жер учаскесіне (алаңға, трассаға) орналастыруға қойылатын талаптар кешені, сондай-ақ осы елді мекен үшін қала құрылысының регламенттеріне сәйкес белгіленетін, жобалау мен құрылысқа қойылатын міндетті талаптар, шарттар мен шектеулер. Бұл орайда түсi жөнiндегi шешiм мен үйлердiң (ғимараттардың) ішкі үй-жайларын әрлеу материалдарын пайдалану, көлемдiк-кеңiстiктегi шешiм бойынша талаптар белгiлеуге жол берiлмейдi»
мынадай мазмұндағы 11-1)-тармақшамен толықтырылсын: «11-1) авторлық қадағалауды ұйымдастыру мен жүргізудің заңнамада белгіленген тәртібін бұзу, сондай-ақ оны жүргізуден жалтару;»; мынадай мазмұндағы 11-2)-тармақшамен толықтырылсын: «11-2) қала құрылысы кадастрының деректер қорын толтыру үшін ақпаратты және/немесе мәліметтерді ұсынбау немесе тиiсiнше ұсынбау;»; мынадай мазмұндағы 11-3)-тармақшамен толықтырылсын: «11-3) мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізбеу немесе тиiсiнше жүргізбеу;»; 3) 19-баптың 6)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «6) Қазақстан Республикасы мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу және мәліметтерін берудің бірыңғай тәртібін айқындайды;»; 4) 20-бапта: 1)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу;»; мынадай мазмұндағы 6-2)-тармақшамен толықтырылсын: «6-2) авторлық қадағалауды ұйымдастыру мен жүргізу қағидасын әзірлеу және бекіту;»; 13)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «13) барлық аумақтық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрын ұйымдастыру мен жұмыс істеуі, оның жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру;»; мынадай мазмұндағы 13-1)-тармақшамен толықтырылсын: «13-1) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер қорын толтыруды қамтамасыз ету мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдармен өзара әрекет ету;»; 14)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «14) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері субъектілерінің қызметін, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік қала құрылысы кадастры қызметін нормативтік-техникалық және әдіснамалық қамтамасыз ету;»; мынадай мазмұндағы 15-1)-тармақшамен толықтырылсын: «15-1) жобалау алдындағы және жобалық (жобалық-сметалық) құжаттаманы, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің объектілерін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер қорында тіркеу тәртібін әзірлеу мен бекіту;»;
«14) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер қорын толтыру үшін белгіленген тәртіпте ақпаратты және/немесе мәліметтерді ұсыну;»;
1-тармағы 16)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «16) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер қорын толтыру үшін белгіленген тәртіпте ақпарат ұсыну;»; 2-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1)-тармақшамен толықтырылсын: «мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер қорын толтыру үшін белгіленген тәртіпте ақпарат ұсыну;»; 3-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1)-тармақшамен толықтырылсын: «мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер қорын толтыру үшін белгіленген тәртіпте ақпарат ұсыну;»;
«1-1) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер қорын толтыру үшін белгіленген тәртіпте ақпаратты және/немесе мәліметтерді ұсыну;»;
«7) осы заңмен және жобалау мен құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтермен көзделген жағдайда, жоба әзірлеушілері (авторлары) болмаса тиісті инжинирингтік қызметтерді жеткізушілер жүзеге асыратын авторлық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу.»;
«4. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры мынадай аумақтық деңгейлер бойынша: 1) республикалық; 2) облыстық; 3) аудандық (облыстар ауданы) 4) базалық (елді мекендер, республикалық маңызы бар қала және астананы қосқанда) болып бөлінедi.»;
«38-бап. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры 1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қала құрылысы кадастры Қазақстан Республикасы кадастрларының мемлекеттік жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында бірыңғай жүйеде жүргізіледі. 2. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қала құрылысы кадастрының мемлекеттiк тапсырысшысы Қазақстан Республикасының Үкiметi болып табылады. 3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның басқаруындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мамандандырылған республикалық мемлекеттік кәсіпорын жүргізеді. 4. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының мәліметтері мемлекеттік ақпараттық ресурс болып табылады. 5. Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер қорынан мәліметтерді жүргізу және ұсыну тәртібін белгілейді. 6. Жоғары тұрған деңгейдегі мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының ақпараттық негiзi төмен тұрған деңгейлердегi қала құрылысы кадастрлары болып табылады»; 12) 39-бап алып тасталсын: 13) 60-баптың 7-тармағы мынадай мазмұндағы екінші абзацымен толықтырылсын: «Әзiрлеу аяқталғаннан кейiнгi үш және одан да көп жыл iшiнде жобалау-смета құжаттамасы бекітілмеген жобалау алдындағы құжаттама ескiрген деп саналады және жаңа сараптама өткізiлiп, заңдарда белгiленген тәртiппен қайта бекiтiлгеннен кейiн ғана iске асыру үшiн пайдаланылуы мүмкiн. Әзiрлеу және сараптама жүргізу аяқталғаннан кейiнгi үш және одан да көп жыл iшiнде құрылыс басталмаған жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы ескiрген деп саналады және жаңа сараптама өткізiлiп, заңдарда белгiленген тәртiппен қайта бекiтiлгеннен кейiн ғана iске асыру үшiн пайдаланылуы мүмкiн.»;
4-тармағы 1)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) Мемлекеттiк сараптаманың ерекше құзыретiне құрылыстың техникалық-экономикалық негiздемелеріне және: 1) бюджеттік инвестициялар есебiнен немесе олардың қатысуымен тұрғызылған, сондай-ақ бюджеттік инвестициялардың қатысуынсыз тұрғызылған, бiрақ заңда белгiленген тәртiппен өнiм шығару немесе көрсетiлетiн қызметтер көлеміндегі мемлекеттік меншiк үлесi көзделетiн объектілердің; 4-тармақтың 2)-тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «2) қаржыландыру көздеріне қарамастан ықтимал қауiптi және (немесе) техникалық жағынан күрделi құрылыс объектiлерінің.». 2. «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының (2011 жылғы 10 наурыздағы № 86-87 (26507-26508) «Казахстанская правда»; 2011 жылғы 10 наурыздағы № 72-75 (26477); 2011 жылғы 11 наурыздағы №76-80 (26482) «Егемен Қазақстан» газеті): 134-баптың 2-тармағының 8)-тармақшасындағы «мемлекеттік жер кадастрының» деген сөздер «мемлекеттік жер және қала құрылысы кадастрының» деген сөздермен ауыстырылсын. 3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің ведомостары, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжат; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 г., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжат; № 13, 85, 86-құжат; № 15, 92, 95-құжат; № 16, 98, 102-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжат; № 3, 20, 23-құжат; № 4, 28, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжат; № 18, 143-құжат, 144; № 19, 146-құжат, 147; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжат; № 13-14, 54, 57, 58-құжат; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжат; № 9-10, 47, 48-құжат; № 13-14, 62, 63-құжат; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжат; № 17, 79, 80, 82-құжат; № 18, 84, 86-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжат; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжат; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжат; № 24, 146, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжат; № 2, 19, 25, 26, 28-құжат; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжат; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат): 1) мынадай мазмұндағы 232-1-баппен толықтырылсын: «232-1-бап. Авторлық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін бұзу
лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, - лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің жүзге дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге , шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; 2) мынадай мазмұндағы 232-2-баппен толықтырылсын: «232-2-бап. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу тәртібін бұзу
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға - елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен бастап айыппұл салуға әкеп соғады.
лауазымды адамдарға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
бірінші бөлігі «230-бабында (бірінші бөлігінде) көзделген» деген сөздерден кейін «232-1» деген цифрлармен толықтырылсын; бірінші бөлігі «231-бабында (бірінші бөлігінде) көзделген» деген сөздерден кейін «232-2» деген цифрлармен толықтырылсын
«сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау (231-бап (екінші бөлігі)» деген сөздер мен цифрлардан кейін «232-1» деген цифрлармен толықтырылсын. «сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау (232-бап (екінші бөлігі)» деген сөздер мен цифрлардан кейін «232-2» деген цифрлармен толықтырылсын. 2-бап. Осы заң бірінші ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев «Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
|