Қаулысымен 8-тараумен толықтырылды 8-тарау. Банктер синдикаты синдицилденген заемдарды бергендегі құжаттама ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.30.11. № 241 Қаулысымен 29-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 29. Банктер синдикаты синдикатталған займдарды беру кезінде осы Ереженің 8, 10, 11, 12, 13, 14-тармақтарында көзделген кредиттеу жөніндегі құжаттама түпнұсқада агент-банкте және синдикатталған займдарға қатысушы банктерде сақталуы тиіс. Кепіл берушінің кепілге салынған мүлікке меншік құқығын (шаруашылық жүргізу, оперативті басқару құқығын) растайтын құқық белгілейтін құжаттардың түпнұсқалары және қабылданған қамтамасыз ету жөніндегі басқа да құжаттардың түпнұсқалары қамтамасыз ету қабылданған синдикатталған займдарға қатысушы банкте, синдикатталған займдарға қатысушы басқа банктерде - нотариатта куәландырылған көшірмелер түрінде сақталады. 30. ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.30.11. № 241 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 31. Кредиттік мониторинг және осы Ереженің 25-тармағында көзделген кредиттік мониторинг бойынша құжаттаманы қалыптастыру синдицилденген заемның барлық қатысушы-банктерімен жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына 2 қосымша Күші жойылды деп танылатын нормативтік құқықтық кесімдердің тізбесі 1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу ережелерін бекіту туралы» 1999 жылғы 16 тамыздағы № 276 қаулысы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 904 тіркелген). 2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу ережелерін бекіту туралы» 1999 жылғы 16 тамыздағы № 276 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу ережелеріне өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 15 қаулысы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1424 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқару және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2001 жыл, № 19, 389-құжат). 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу ережесі туралы» 1999 жылғы 16 тамыздағы № 276 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2002 жылғы 1 тамыздағы № 279 қаулысы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1965 тіркелген). 4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 904 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктерді кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу ережелерін бекіту туралы» 1999 жылғы 16 тамыздағы № 276 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 130 қаулысы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2344 тіркелген). 5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 904 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу ережелерін бекіту туралы» 1999 жылғы 16 тамыздағы № 276 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» 2003 жылғы 4 тамыздағы № 287 қаулысы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2476 тіркелген). 6. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 904 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу ережелерін бекіту туралы» 1999 жылғы 16 тамыздағы № 276 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2004 жылғы 21 тамыздағы № 248 қаулысы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3065 тіркелген). 7. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 904 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің кредит беру жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы» 1999 жылғы 16 тамыздағы № 276 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2004 жылғы 25 қыркүйектегі № 269 қаулысы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3193 тіркелген, 2005 жылғы 9 қыркүйекте «Юридическая газета» газетінде жарияланған № 165-166 (899-900)). |