Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы




НазваниеКредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы
страница5/6
Дата конвертации11.02.2016
Размер0.54 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish247545_9037.doc
1   2   3   4   5   6
23-2-тармағында көрсетілген кепілдіктерді қоспағанда, осындай кепілдіктер мен кепілдемелер бойынша осы Ереженің 10-14-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес ресімделген құжаттар болуы тиіс.

 Аккредитивтік қамтамасыз етуге жасалған шарттарға сәйкес немесе кредиттік желі аясында шығарылған, жабылмаған аккредитивтер бойынша банк осы Ереженің 8-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 8), 9), 11), 14), 18), 20), 22), 23), 24) тармақшаларында көрсетілген құжаттар досьеде міндетті түрде бар болуымен, кредиттік досьеге ұқсас құжаттамамен досьені қалыптастырады.

 

 

7-тарау. Кредиттік мониторинг бойынша құжаттама

 

ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.02.10. № 144 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.27.02. № 22 Қаулысымен (ресми жариялаған күннен бастап, екі ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара); 2009.29.04. № 91 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.30.11. № 241 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 25-тармақ өзгертілді

25. Банк әрбір заемшы бойынша кредиттік досьеге мынадай құжаттарды қосады:

1) банк пен заемшы арасындағы жазысқан хаттар;

2) соңғы есептік жыл бойынша қаржылық есептілігіне салық декларациясының көшірмесін және (немесе) заңды тұлға-заемшының қаржылық жағдайы туралы талдау жасауға мүмкіндік беретін веб-сайттарда орналастырылған ақпаратты қоса беріп, заемшының (тең заемшының), кепілгердің немесе кепілдеме берушінің соңғы тоқсан және соңғы есептік жыл бойынша қаржылық есептілігінің көшірмесі;

3) уәкілетті орган белгілеген активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизияларды (резервтерді) құру тәртібіне сәйкес заемшының (тең заемшының), кепілдік иесінің (кепілдеме иесінің) қаржылық жай-күйін анықтау жөніндегі банктің ішкі әдістемесіне сай ұсынылатын заемшының (тең заемшының) қаржылық жай-күйін айқындауға мүмкіндік беретін қажетті құжаттар мен өзге ақпарат;

4) уәкілетті орган белгілеген активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизияларды (резервтерді) құру тәртібіне сәйкес банктің басқару органы бекіткен осы әдістемемен белгіленген, бірақ тоқсанына бір реттен сирек емес мерзімде ұсынылатын тиісті коэффициенттер жиынтығы негізіндегі негізгі көрсеткіштер есебі бойынша, заемшының, кепілдік иесінің (кепілдеме иесінің) қаржылық жай-күйіне баға берген банк қорытындысы.

Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңында белгіленген тәртіпте бухгалтерлік есепті жүргізудің және қаржылық есептілікті жасаудың оңайлатылған нысанын қолданатын заемшы - шағын кәсіпкерлік субъектілері бойынша банк оның қаржылық жай-күйіне кемінде жылына бір рет айналымдық капиталға берілген кредиттерді қоспағанда, берілген кредиттердің мақсатты қолданылуын қоса тексеретін мониторинг жүргізеді.

Кәсіпкерлік қызметпен байланысы жоқ заемшының (тең заемшының) - жеке тұлғаның қаржылық жай-күйінің мониторингі қызмет ету орны өзгерген кезде, сондай-ақ 30 күннен астам мерзімі өткен борыштары пайда болған сайын жүзеге асырылады.

Жүргізілген мониторинг нәтижелері кредиттік досьеге қоса тіркеледі;

5) кредитті қайтару жөніндегі төлемдердің тұрақтылығы мен толықтығын көрсететін құжаттар;

6) растаушы құжаттарды, оның ішінде тәуелсіз дерек көздерінен алынған, банктің ішкі саясатында көзделген мерзім мен тәртіп бойынша, бірақ кредит берілген кезден бастап әрбір келесі алты айда кредит берілген кезден бастап әрбір келесі алты айда бір реттен кем емес құжаттарды қоса отырып, кепілдіктің рыноктық құнын анықтау жөніндегі мониторингтік есеп. Кредиттік досьеде кепілдік негізі болып табылатын құрылыстар мен ғимараттарға, аяқталмаған құрылыс объектілеріне қатысты фото немесе бейне суреттерді қосқандағы оларды қарау құжаттарының болуы қажет;

6-1) 35 000 (отыз бес мың) айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асатын нарықтық құны бар жылжымайтын мүлік бойынша тәуелсіз бағалаушының жыл сайынғы есебі, сондай-ақ банктің ішкі құжаттарында белгіленген талаптарға сәйкес жасалған банктің кепілді қамтамасыз ету жөніндегі қорытындысы;

7) банктің жауапты қызметкері және заемшы қол қойған заем ақшасын мақсатты қолданудың мониторингтік есебі, онда мыналар көзделеді:

заемшы тауарды (жұмысты, қызмет көрсетуді) алғанын және клиенттерге овердрафт түрінде берілген заемдарды және жеке тұлғаларға берілген бірегей кредиттер үшін белгіленген сомада және талаптармен берілген, ұсынылған кредиттік лимиттермен төлем карточкаларын қоспағанда, кредитті беру туралы шартта көзделген басқа мақсаттарға жеткенін растайтын тиісті құжаттармен (шарттармен, қабылдау актілерімен, шот фактурамен, тауар құжаттамасымен және басқалармен) заем ақшасын, сондай-ақ бірыңғай кредиттер портфеліне бұрынырақ енгізіліп, кейіннен банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының әдістемесі бойынша уәкілетті органның талаптарына сәйкес бір заемшыға тәуекелді бағалау күніне есептелген, банктің меншікті капиталы шамасының 0,02 пайызынан аспайтын лимитінен асып кетуіне байланысты шығарылған кредиттерін қолдануға талдау;

алынған кредитті заемшының борышын кері қаржыландыруға бағыттаған жағдайда, басқа банктерден алынған кредиттерді мақсатты қолдануды растайтын құжаттарға талдау. Осы талдауда кері қаржыландыратын кредитті қолданудың тиімділігі, кредиттің қайтымдығына болжам, кері қаржыландырудың мақсаттылығы көрсетіледі;

ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.02.10. № 144 Қаулысымен 7-1) тармақшамен толықтырылды; ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.29.04. № 91 Қаулысымен 7-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7-1) құрылтай құжаттарына немесе заемшының жарғылық капиталындағы жай акцияларының (қатысу үлестерінің) соңғы меншік иегерлеріне дейінгі заемшының жарғылық капиталындағы жай акцияларының (қатысу үлестерінің) он және одан астам пайызын иеленетін барлық үлес иегерлері туралы ақпаратты ашатын, заемшының жай акцияларының он және одан астам пайызын иеленетін, тоқсанына 1 (бір) реттен кем емес кезеңділікпен тігілетін акцияларды ұстаушылар тізіліміне енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың нотариатта куәландырылған көшірмелері. Заемшының құрылтай құжаттарында немесе заемшының жай акцияларының он және одан астам пайызын иеленетін акцияларды ұстаушылар тізілімінде өзгерістер мен толықтырулар болмаған жағдайда, кредиттік досьеде міндетті түрде заемшының осындай өзгерістер мен толықтырулардың жоқ екендігі туралы хаты болуы тиіс;

8) кепілдікке алынған мүлікті сатқан сәтке дейін тоқсан күннен аспайтын мерзімде жасалған кепілдікке алынған мүлікті бағалау жөніндегі (оның рыноктық құнын анықтайтын және дәлелдеп беретін) есеп.

Банк жеке досьесінде бағалау критерийлерін ашу арқылы ай сайынғы негізде уәкілетті орган белгілеген активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизияларды (резервтерді) құру тәртібіне сәйкес уәкілетті органның активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизияларды (резервтерді) құру тәртібіне сәйкес банктің тиісті бөлімшесінің заемның жіктелім санатын анықтау туралы дайындаған қорытындысын сақтауды қамтамасыз етеді.

Егер кепілдік иесі немесе кепілдеме иесі Standart & Poor's агенттігінің «А»-дан төмен емес рейтингі немесе басқа халықаралық рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымы болып табылатын болса, салық декларациясының көшірмесін ұсыну талап етілмейді.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.29.04. № 91 Қаулысымен 25-1-тармақпен толықтырылды

25-1. Ислам банкі исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңестің қорытындысын кредит досьесіне қоса тіркейді.

26. Ақшалай талаптарды басқаға беру (факторинг) бойынша қаржыландыру шартының талаптарына сәйкес кредиттік қызмет көрсетіп отырған банктің кредитті қайтару жөніндегі төлемдерінің реттілігі мен толықтығын көрсететін құжаттаманы жүргізуі міндетті.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.16.07. № 209 Қаулысымен (бұр. ред. қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.02.10. № 144 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.30.11. № 241 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 27-тармақ өзгертілді

27. Банктің әлі жауапкершілігі басталмаған кепілдіктері бойынша осы Ереженің 25-тармағында (осы тармақтың 5), 6), 7), 8) тармақшаларын қоспағанда) көрсетілген құжаттама жүргізіледі.

Осы Ереженің 25-тармағында белгіленген талаптар борышкердің міндеттемесін орындамағаны үшін жауапкершілік алған банктің кепілдіктері немесе кепілдемелері бойынша құжаттама жүргізу тәртібіне толық көлемде таратылады.

Жабылмаған аккредитивтер бойынша осы Ереженің 25-тармағының 1)-4), 6), 8) тармақшаларында көрсетілген мониторинг бойынша құжаттама жүргізіледі.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.29.04. № 91 Қаулысымен 27-1-тармақпен толықтырылды; ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.30.11. № 241 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.01.04. № 32 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 27-1-тармақ өзгертілді

27-1. Банктің бухгалтерлік есебіндегі тиісті шоттарында ақша түрінде көрсетілген, ол бойынша жауапкершілігі әлі басталмаған 100 пайыздық қамтамасыз етуі бар кепілдіктер, кепілдемелер мен аккредитивтер бойынша, сондай-ақ осы Ереженің 23-2-тармағында көрсетілген кепілдіктер бойынша осы Ереженің 25-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжаттама жүргізіледі.

28. Уәкілетті органның активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизияларды (резервтерді) құру тәртібімен белгіленген нормативтік құқықтық кесіміне сәйкес бірыңғай кредиттер портфеліне біріктірілген кредиттер мониторингі тиісті белгілері бойынша топталған бірыңғай кредиттер портфелінің әрбір түрі бойынша жүзеге асырылады. Банк тоқсанына бір реттен кем емес ретпен досьеге, мынадай есептері бар бірыңғай кредиттер портфелінің әрбір түрі бойынша портфельге талдау жасалғандығы туралы ақпаратты шектеусіз енгізеді:

1) осы портфель түрі бойынша есептелген провизиялар мөлшерінің өлшемін анықтау жөніндегі банктің уәкілетті органының негізді және дәлелді шешімі;

2) кредитті қайтару жөніндегі төлемдердің тұрақтылығын және толықтығын көрсететін портфель бойынша есептер;

3) заемшылардың өз міндеттемелерін орындамаған және тиісінше орындамаған жағдайындағы банк қабылдаған шараларды куәландыратын есептер, құжаттар;

4) уәкілетті органның активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизияларды (резервтерді) құру тәртібімен белгіленген нормативтік құқықтық кесіміне сәйкес бірыңғай кредиттердің жіктеу санаты туралы мәліметтер;

5) портфельдің осы түріне енгізілген заемшылар тізімі;

6) банктің ішкі кредиттік саясатымен белгіленген басқа да құжаттар, есептер.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.30.11. № 241 Қаулысымен 28-1-тармақпен толықтырылды

28-1. Банктің және АҚК-нің арасында жасалған сенімгерлік басқару шартының негізінде секьюритилендіру мәмілелері бойынша секьюритилендірілген кредиттердің портфеліне біріктірілген кредиттердің мақсатты пайдаланылуына мониторингті жүзеге асыратын банк тоқсанына кем дегенде бір рет шектеусіз мынадай мәліметтер:

1) кредитті қайтару бойынша төлемдердің тұрақты және толық болуын көрсететін мониторинг есептері;

2) портфельге жүргізілген талдау және оның нәтижелері туралы ақпарат, оның ішінде жер учаскесін дамыту және (немесе) құрылыстың аяқталуы ескеріліп есептелген жылжымайтын мүлік объектісінің құрылысы жоспарын уақтылы іске асыру жөніндегі есеп;

3) банктің заемшылардың өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда қабылдаған шаралары жөнінде куәландыратын есептер, құжаттар;

4) секьюритилендірілген кредиттер бойынша кредиттік тәуекелдің мөлшері туралы банктің қорытындылары, сондай-ақ провизияларды (резервтерді) есептеу туралы ақпарат;

5) секьюритилендірілген кредиттер бойынша заемшылардың тізімі;

6) секьюритилендірілген кредиттер бойынша қаражаттың мақсатты пайдаланылуы туралы тоқсан сайынғы есеп;

7) банктің ішкі кредиттік саясатында белгіленген басқа құжаттар, есептер кіретін, жүргізілген талдау туралы ақпаратты құжаттамалық тұрғыда ресімдейді және кредиттік досьеге кіргізеді.

 

ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.02.10. № 144
1   2   3   4   5   6

Похожие:

Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2011 жылғы 28 ақпан №18 Қаулысы
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу...
Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы iconКүші жойылды ҚҚА №49 23. 02. 07ж
Республикасының Әділет министрлігінде №904 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының “Екінші деңгейдегі банктердің...
Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы iconБағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативті есептеу ережесін бекіту туралы

Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының жер қойнауын геологиялық зерттеу туралы есептерді ресімдеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы №1455 қаулысымен бекітілген Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану...
Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы iconДенсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесін бекіту туралы
«Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы №1559...
Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы iconБағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргізу ережесін бекіту туралы
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы №266 Қаулысы
Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы...
Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы
Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау Ережесін бекіту туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница