Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы




НазваниеКредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы
страница4/6
Дата конвертации11.02.2016
Размер0.54 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish247545_9037.doc
1   2   3   4   5   6
Қаулысымен 5) тармақшамен толықтырылды

 5) кепілгердің немесе кепілдік берушінің - жеке тұлғаның еңбекақысын және/немесе басқа кірістерін көрсететін құжаттар;

 ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.16.07. № 209 Қаулысымен 6) тармақшамен толықтырылды

6) жинақтаушы зейнетақы қорының кепілгердің немесе кепіл берушінің - жеке тұлғаның жеке зейнетақы шотынан соңғы алты айға үзінді көшірмесі (міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылғанын растайтын құжаттар болған кезде Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылған жеке тұлға кепілгер немесе кепіл беруші болып табылатын жағдайда аталған құжаттың болуы талап етілмейді);

 ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.16.07. № 209 Қаулысымен 7) тармақшамен толықтырылды

7) кредиттік бюродан алынған кепілгердің немесе кепілдік беруші туралы кредиттік есеп.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.29.04. № 91 Қаулысымен 14-1-тармақпен толықтырылды

14-1. Ислам банкінің сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландыруға берген коммерциялық кредиттері бойынша кредиттік досьеге Ереженің осы тарауда көрсетілген құжаттардан басқа, мынадай құжаттар қоса берілуі тиіс:

сатып алушының офертасы - тауарды сатып алушының коммерциялық кредит туралы шартты жасау жөніндегі ұсынысы;

ислам банкінің тауарды сатушымен жасаған сатып алу-сату шарты;

ислам банкінің коммерциялық кредит туралы шартты жасауына акцепт;

коммерциялық кредит туралы шарттың осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген талаптарға (осы Заңның 52-8-бабының 9-тармағында көзделген жағдайда) сәйкес келуі туралы исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңестің қорытындысы.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.29.04. № 91 Қаулысымен 14-2-тармақпен толықтырылды

14-2. Ислам банкінің заңды тұлғалардың жарғылық капиталында қатысу жолымен және (немесе) серіктестік талаптарымен өндіріс және сауда қызметін қаржыландыруға берілген кредиттері бойынша кредиттік досьеге Ереженің осы тарауда көрсетілген құжаттардан басқа, мынадай құжаттар болуы тиіс:

серіктестік туралы шартты жасау мүмкіндігі туралы исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңестің қорытындысы;

нотариат куәландырған құрылтай құжаттардың және заңды тұлғаны құруға бағытталған серіктестік шартына негізделе құрылған заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуден өткені туралы куәліктің көшірмелері.

 

3-тарау. Кредит бойынша талап ету құқығын иелену

жөніндегі құжаттаманы жүргізу тәртібі

 

15. Егер банк кредит жөніндегі талаптарды иеленген болса, ақшалай талап етуге (факторинг) не ипотекалық куәлік құқығын беру фактісін тіркеуді басқаға бере отырып, қаржыландыру шартына қол қою сәтінен бастап банк бастапқы кредитордың кредиттік досьесін беру сәтіндегі бар барлық құжаттардың түпнұсқасын қосқандағы осы Ереженің талаптарына сәйкес ресімделетін кредиттік досьені ашады. Досьеге бастапқы кредитордың келісімі қоса берілуі тиіс.

16. Кредит бойынша талап ету құқығын басқаға берген банктің кредиттік досьесінде осы Ереженің 15-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа мыналар болуы тиіс:

1) кредитті өтеу жөніндегі уақтылылығы және толықтығы туралы талаптар құқығын басқаға берген банктің жан-жақты есебі;

2) кредиттік қызмет көрсету талаптары туралы ережені (кредитті өтеу жөнінде төлемдер алу), сондай-ақ кредитті өтеу жөніндегі төлемдер туралы мәліметтерді және жазбаша құжаттарды өзара айырбастауды не ипотекалық куәлікті қосқандағы кредит бойынша (факторинг) ақшалай талаптарды басқаға беру бойынша қаржыландыру шарты;

3) кепіл, кепілдік, заемшының осы кредит бойынша міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету жөніндегі бастапқы кредитордың өзге талаптарын басқаға беру туралы шарттар.

Банк ипотекалық куәлікпен индоссамент негізінде кредит бойынша талап ету құқығын иеленген жағдайда, банк осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген талаптарға қатысты ол бойынша құқығын иеленген жағдайда осының алдындағы кредитормен жасалған жеке келісімді тиісті кредиттік досьеге қосады.

 

 

4-тарау. Банк басқаға берген талаптар

бойынша құжаттама

 

17. Банк кредит бойынша талаптарын басқаға берген жағдайда осы кредитке байланысты міндеттемелер бойынша ақшалай талап етуді басқаға беру (факторинг) бойынша барлық жасалған қаржыландыру шарттарын кредиттік досьеге қосады.

18. Банк кредит бойынша талаптарын басқаға берген жағдайда кредитті сенімгерлік басқару шарты бойынша кредитті жасау жөніндегі қызмет көрсетуді жалғастырады, осы банк кредит беру жөніндегі шарттың көшірмесін және кредитті одан әрі жасауға қызмет көрсету үшін қажетті басқа да құжаттарды досьеде қалдырады.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.30.11. № 241 Қаулысымен 18-1-тармақпен толықтырылды

18-1. «Стрессті активтер қоры» акционерлік қоғамы екінші деңгейдегі банктердің күмәнді және үмітсіз талаптарын сатып алу мақсатында құратын арнайы қаржы компаниясымен (бұдан әрі - АҚК) жасалатын секьюритилендіру мәмілелері бойынша секьюритилендірілген кредиттер жөніндегі кредиттік досьеде осы Ереженің 8, 10, 11 және 13-тармақтарында көрсетілген негізгі құжаттама тізбесіне қосымша мынадай құжаттар болуы тиіс:

1) банктің және АҚК-нің арасында жасалған секьюритилендірілген кредиттер бойынша талап ету құқығын беру шартының көшірмесі (оның түпнұсқасы банктің ішкі құжаттарында белгіленген талаптар мен тәртіпте банктің қоймасында сақталуы тиіс);

2) банктің және АҚК-нің арасында жасалған секьюритилендіру мәмілелері бойынша секьюритилендірілген кредиттердің портфелін сенімгерлік басқару шартының көшірмесі (оның түпнұсқасы банктің ішкі құжаттарында белгіленген талаптар мен тәртіпте банктің қоймасында сақталуы тиіс).

 

 

5-тарау. Заемшыларды ауыстыру жөніндегі құжаттама

 

19. Заемшыларды ауыстыру бастапқы заемшының өз борышын басқа

тұлғаға - жаңа заемшыға ауыстыру жөніндегі шарт арқылы, сондай-ақ кредит беру жөніндегі шартқа тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы ресімделеді.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.16.07. № 209 Қаулысымен 20 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

20. Заемшылары ауысқан кредит бойынша кредиттік досьеде осы Ереженің 8-тармағында көрсетілген негізгі құжаттаманың тізбесінде толықтыру ретінде мынадай құжаттар болуы тиіс:

1) банктің борышты аударым жасауға келісім беру туралы заемшының және болжалданып отырған жаңа заемшының борышты басқа тұлғаға аударым жасаудың негіздемесі бар өтініші;

2) борышты аудару жөніндегі банктің жазбаша келісімі, сондай-ақ осының алдындағы және жаңа заемшылар арасында жасалған жазбаша келісім;

3) заемшыны ауыстыруды мақұлдау туралы банктің уәкілетті органының шешімі;

4) осының алдындағы және жаңа заемшы қол қойған кредит беру жөніндегі шартқа енгізілген өзгерістер мен толықтырулар.

21. Банк борышты аударым жасауға келісу туралы шешімді қабылдау үшін жаңа заемшының міндеттемелерді орындауын қамтамасыз етуге қатысты талаптарға байланысты кредиттік досьеге осы Ереженің 10-14-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес жаңа заемшының атына ресімделген тиісті қосымша құжаттар қосылады.

 

 ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.02.10. № 144 Қаулысымен 6-тараудың атауы өзгертілді (бұр.ред.қара)

6-тарау. Банкке берілген кепілдіктер, кепілдемелер мен аккредитивтер

бойынша құжаттар

 

ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.16.07. № 209 Қаулысымен 22-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

22. Банк (банк операцияларының түрлерін жүзеге асыратын, банктік заем операцияларын жүргізуге лицензиясы бар ұйымдарды қоспағанда) кепілдіктерді немесе кепілдемелерді борышкердің міндеттемелерді орындамау жауапкершілігі туралы кредиторға жазбаша хабарлама жібере отырып, жазбаша нысандағы кепілдік немесе кепілдеме шарты түрінде ұсынады.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.16.07. № 209 Қаулысымен 23-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.02.10. № 144 Қаулысымен 23-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.30.11. № 241 Қаулысымен 23-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

23. Кепілдіктер мен кепілдемелер бойынша банк осы Ереженің 8-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 8), 9), 11), 14), 16), 18), 20), 22), 23), 24) тармақшаларында, 9-тармағының 2), 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса беріп, досьені қалыптастырады, ол кепілдік немесе кепілдеме берілген тұлға борышын өтегенге дейін жүргізіледі.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.29.04. № 91 Қаулысымен 23-1-тармақпен толықтырылды; ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.30.11. № 241 Қаулысымен 23-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

23-1. Банктің бухгалтерлік есебіндегі тиісті шоттарында ақша түрінде көрсетілген 100 пайыздық қамтамасыз етуі бар кепілдіктер, кепілдемелер мен аккредитивтер бойынша банк кепілдік, кепілдеме немесе аккредитив берілген тұлға борышын өтегенге дейін жүргізілетін, осы Ереженің 8-тармағының 1), 3), 6), 11), 14), 16) тармақшаларында және 9-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттарды (банкте аталған құжаттар болған жағдайда - осы құжаттардың көшірмелерін) қоса беріп, досьені қалыптастырады.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2011.01.04. № 32 Қаулысымен 23-2-тармақпен толықтырлды

23-2. Меншікті рейтингі бар немесе Standart & Poor's агенттiгi тағайындаған рейтингі бар немесе басқа халықаралық рейтинг агенттiктерiнiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе Қазақстан Республикасының резиденттер банктері үшін осы деңгейдегі немесе «В»-дан төмен емес рейтингі бар немесе Қазақстан Республикасының резидент еместер банктері үшін осы деңгейдегі немесе «А»-дан төмен емес рейтингі бар бас банктің рейтингі бар банк басқа банктің кепілдігіне (қарсы-кепілдік) шығарған кепiлдiктер бойынша кепiлдiк берiлген тұлға борышын өтегенге дейiн жүргiзiлетiн, осы Ереженiң 8-тармағының 1), 6), 8), 11) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды (банкте аталған құжаттар болған жағдайда - осы құжаттардың көшiрмелерiн) қоса беріп, досьенi қалыптастырады.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.16.07. № 209 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2008.02.10. № 144 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.29.04. № 91 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.30.11. № 241 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.01.04. № 32 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 24-тармақ өзгертілді

24. Кепілдік иесі немесе кепілдеме иесі болып табылатын банктің (банк операцияларының түрлерін жүзеге асыратын, банктік заем операцияларын жүргізуге лицензиясы бар ұйымдарды қоспағанда) алдындағы борышкердің міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету жағдайында кредиттік досьеде өтелген кепілдіктерді және осы Ереженің
1   2   3   4   5   6

Похожие:

Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2011 жылғы 28 ақпан №18 Қаулысы
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу...
Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы iconКүші жойылды ҚҚА №49 23. 02. 07ж
Республикасының Әділет министрлігінде №904 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының “Екінші деңгейдегі банктердің...
Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы iconБағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативті есептеу ережесін бекіту туралы

Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының жер қойнауын геологиялық зерттеу туралы есептерді ресімдеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы №1455 қаулысымен бекітілген Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану...
Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы iconДенсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесін бекіту туралы
«Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы №1559...
Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы iconБағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргізу ережесін бекіту туралы
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы №266 Қаулысы
Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы...
Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы
Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау Ережесін бекіту туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница