Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы




НазваниеКредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы
страница3/6
Дата конвертации11.02.2016
Размер0.54 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish247545_9037.doc
1   2   3   4   5   6
Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2008.02.10. № 144 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.29.04. № 91 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.01.04. № 32 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 9-тармақ өзгертілді

9. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген кредиттер бойынша кредит досьесінде мынадай құжаттар болуға тиіс:

1) кредитті пайдалану мақсаты мен ықтимал кепіл затының сипаты, заемшының банк алдындағы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету үшін ұсынылатын өзге де қамтамасыз етуі көрсетілген, заемшы қол қойған және кіріс құжаттамасының тіркелуін жүзеге асыратын банктің бөлімшесінде тіркелген өтініші;

ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.16.07. № 209 Қаулысымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

2) заемшының құрылтай құжаттарының (заңды тұлға үшін) нотариатта куәландырылған көшірмелері немесе жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасымен салыстырылып тексерілген ол туралы белгісі бар құжаттың көшірмесі (жеке тұлға үшін), немесе мемлекеттік тіркеудің (қайта тіркеудің) (дербес кәсіпкерлер үшін) жасалған фактісін растайтын тиісті уәкілетті орган белгілеген нысанда берген құжаттың көшірмесі. Банкте аталған құжаттар болған жағдайда - осы құжаттардың көшірмелері;

3) заңды тұлғаның қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар нотариалды куәландырылған карточка, сондай-ақ банк талаптарына сәйкес расталған заемшы атынан кредиттік және кепіл құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі. Банкте аталған құжаттар болған жағдайда - осындай құжаттардың көшірмелері;

4) түпнұсқасы банктің қоймасында банктің ішкі құжаттарында белгіленген талаптар мен тәртіпте сақталуға жататын кредитті беру туралы шарттың көшірмесі;

5) соңғы есепті жылдағы заемшы заңды тұлғаның қаржылық есеп

беруінің көшірмесі және/немесе заемшы заңды тұлғаның қаржылық жай-күйі туралы талдау жасауға мүмкіндік беретін WEB-сайттағы ақпарат;

ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.16.07. № 209 Қаулысымен 6) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

6) заемшының (тең заемшының) салықтық есепке қойылу фактісін растайтын тіркеуші органы берген белгіленген нысандағы құжаттың көшірмесі;

ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.16.07. № 209 Қаулысымен 7) тармақшамен толықтырылды

7) кредиттік бюродан алынған заемшы (тең заемшы) туралы кредиттік есеп;

8) ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.30.11. № 241 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

ҚР ҚҚА Басқармасының 2011.28.02. № 18 Қаулысымен 9) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланған күннен екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

9) кредиттік тарих субъектісінің өзі туралы ақпаратты кредиттік бюроға беруге келісімінің көшірмесі (оның түпнұсқасы банктің ішкі құжаттарында бекітілген тәртіпте және шарттармен банк қоймасында сақталуы тиіс);

ҚР ҚҚА Басқармасының 2011.28.02. № 18 Қаулысымен 10) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланған күннен екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

10) кредиттік тарих субъектісінің кредиттік есепті алушыға кредиттік есепті беруге келісімінің көшірмесі (оның түпнұсқасы банктің ішкі құжаттарында бекітілген тәртіпте және шарттармен банк қоймасында сақталуы тиіс).

ҚР ҚҚА Басқармасының 2011.01.04. № 32 Қаулысымен 11-тармақшамен толықтырлды

11) заемшының бизнес-жоспарында белгiленген мақсаттар мен мiндеттердiң iске асыру мүмкіндігі туралы баға берілген және өтеу көздерін, сондай-ақ ақша ағынының көлемі мен мерзімдері айқындалған банктің кредиттік бөлімшесінің қорытындысын қоса отырып, банктің уәкілетті органы меншікті капиталының 0,02 пайыздан астам сомасына кредит беру туралы шешім қабылдайтын банктің тиісті бөлімшелерінің қорытындылары (сараптамалары);

кредиттік тәуекелді басқару жөніндегі және кепілмен жұмыс жөніндегі экономикалық қауіпсіздігі бөлімшесінің және заң бөлімшесінің қорытындылары (сараптамалары).

Банктің ішкі кредиттік саясаты банктің құрылымдық бөлімшелері, оның ішінде негізінде банктің уәкілетті органы кредит беру шартын өзгерту немесе банктің меншікті капиталының 0,02 пайыздан төмен сомасына кредит беру туралы шешім қабылданатын сараптама (қорытындылар) жүргізуге талаптары көзделу тиіс.

Банктің уәкілетті органы көрсетілген қорытындылар (сараптамалар) негізінде кредит беру туралы немесе кредит беру туралы шарт талаптарына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдайды не кредит беруден немесе кредит беру туралы шарт талаптарына өзгерістер енгізуден бас тартады.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.16.07. № 209 Қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.02.10. № 144 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.30.11. № 241 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 10-тармақ өзгертілді

10. Егер берілген кредит жылжымайтын мүлік түріндегі кепілмен қамтамасыз етілсе кредиттік досьеде осы Ереженің 8, 9-тармағында көрсетілген негізгі құжаттаманың тізбесіне қосымша мынандай құжаттар болуы тиіс:

1) түпнұсқасы банктің қоймасында банктің ішкі құжаттарында белгіленген талаптар мен тәртіпте сақталуға жататын мемлекеттік тіркелуі белгісімен жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы шарттың көшірмесі;

2) тәуелсіз бағалаушының кредитті беру сәтінде жылжымайтын мүлікті бағалау туралы (оның нарықтық құнын анықтайтын және дәлелдейтін) есебі, сондай-ақ банктің ішкі құжаттарында белгіленген талаптарға сәйкес жасалған банктің кепілді қамтамасыз ету жөніндегі қорытындысы;

 3) жылжымайтын мүлікке құқықты растайтын, мемлекеттік тіркеу белгісі бар құжаттардың көшірмелері (жылжымайтын мүлікке құқықты растайтын құжаттардың түпнұсқалары банк қоймасында сақталуы тиіс);

4) неке туралы куәлігінің көшірмесі және заемшының - жеке тұлғаның ерінің (зайыбының) жылжымайтын мүлікті кепілге беруге және оны соттан тыс іске асыруға (Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда) келісімін растайтын құжат;

5) қорғаншы және қамқоршы органдарының жылжымайтын мүлікті кепілге беруге және оны иелігінен алуға рұқсат беруін (келісуін) растайтын құжат (егер жылжымайтын мүліктің иесі кәмелетке толмаған тұлғалар және сотта іс-әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеттілігі шектеулі) болып танылған тұлғалар болса);

6) барлық кәмелетке толған меншік иелерінің мүлікті кепілге беруге және оны соттан тыс іске асыруға келісімін растайтын нотариатта куәландырылған құжат.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.16.07. № 209 Қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.02.10. № 144 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.30.11. № 241 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 11-тармақ өзгертілді

11. Осы Ереженің 8, 9-тармағында көрсетілген негізгі құжаттаманың тізбесінен басқа, жылжитын мүлікті кепілге қою нысанындағы заемшының міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету талабын ұсынған кредиттер бойынша кредиттік досьеде мыналар болуы тиіс:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оның тиісті уәкілетті органда тіркелгені туралы белгісі бар кепілдік туралы шарттың көшірмесі (оның түпнұсқасы банктің ішкі құжаттарында белгіленген талаптар мен тәртіпте банктің қоймасында сақталуы тиіс);

2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда жылжымалы мүлікке құқығын растайтын құжаттардың олардың мемлекеттік тіркеу туралы белгісі бар көшірмелері;

3) тәуелсіз бағалаушының кредитті беру сәтінде оның нарықтық құнын анықтайтын және дәлелдейтін кепілге берілген жылжымайтын мүлікті (ақшаны және бағалы қағаздарды қоспағанда) бағалау туралы есебі, сондай-ақ банктің ішкі құжаттарында белгіленген талаптарға сәйкес жасалған банктің кепілді қамтамасыз ету жөніндегі қорытындысы;

4) неке туралы куәлігінің көшірмесі және заемшының - жеке тұлғаның ерінің (зайыбының) жылжымайтын мүлікті кепілге беруге және оны соттан тыс іске асыруға (Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда) келісімін растайтын құжат;

5) қорғаншы және қамқоршы органдарының жылжымайтын мүлікті кепілге беруге және оны соттан тыс жүзеге асыруға рұқсат беруін (келісуін) растайтын құжат (егер жылжымайтын мүліктің иесі кәмелетке толмаған тұлғалар және сотта іс-әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеттілігі шектеулі) болып танылған тұлғалар болса).»;

12. Кепілдік туралы шартқа сәйкес заемшының меншігіне өткеннен кейін кепілдіктің мәні болып отырған жылжитын мүлікті сатып алуға берілген кредиттер бойынша кредиттік досьеде осы мүліктің сатып алу бағасын растайтын құжаттар болуы тиіс.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.02.10. № 144 Қаулысымен 13-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.29.04. № 91 Қаулысымен 13-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

13. Егер кредит құрылыс саласында, оның ішінде жылжымайтын мүлікті қайта жаңарту немесе басқа құрылыстық жетілдірулер үшін заемшының - заңды тұлғаның қолдануы үшін берілсе, кредиттік досьеге жоспарланған жұмыстар бойынша жобалы-сметалық құжаттама және (немесе) жобалы-сметалық құжаттама негізінде жасалған, сметалық құнды көрсетіп, жоспарланған жұмыстардың негізгі параметрлері бар құжаттар және банк дайындаған тексерулер туралы есептер немесе кредит берілген жұмыстардың көлемі орындалғанын растайтын заемшының - заңды тұлғаның объектілерін қабылдау-өткізу актісі, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге берілген тиісті рұқсат қоса беріледі.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.29.04. № 91 Қаулысымен 13-1-тармақпен толықтырылды

13-1. Егер кредит жылжымайтын мүлікті жетілдірулер (жөндеу) саласында заемшының - жеке тұлғаның қолдануы үшін берілсе, кредиттік досьеге банк дайындаған тексерулер туралы есептер немесе кредит берілген жұмыстардың орындалу көлемін растайтын жылжымайтын мүлікті жетілдірулер (жөндеу) жүзеге асырылғанға дейін және жүзеге асырылғаннан кейін банктің объектілерді қарауының банк дайындаған актісі қоса беріледі. Егер кредит құрылыс және жылжымайтын мүлікті қайта жаңарту саласында заемшының - жеке тұлғаның қолдануы үшін берілсе, кредиттік досьеге жоспарланған жұмыстар бойынша жобалы-сметалық құжаттама және (немесе) жобалы-сметалық құжаттама негізінде жасалған, сметалық құнды көрсете отырып жоспарланған жұмыстардың негізгі параметрлері бар құжаттар және банк дайындаған тексерулер туралы есептер немесе кредит берілген жұмыстардың орындалу көлемін растайтын заемшының объектілерін қабылдау-өткізу актісі және құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге берілген тиісті рұқсат қоса беріледі.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.30.11. № 241 Қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

14. Міндеттемелерінің орындалуы кепілдік немесе кепілдеме бойынша қамтамасыз етілген кредит бойынша, оның ішінде кредит жөніндегі негізгі құжаттаманың тізбесіне қосымша ретінде банк кепілдігіне немесе банк кепілдемесіне, кредиттік досьеге мынадай қосымша құжаттар қосылады:

1) жіберілетін хабарламаның шынайылығы мен түпнұсқалығын растауды қамтамасыз ететін байланыс арнасы бойынша алынған және халықаралық банк практикасында қолданылатын электронды құжат түрінде берілген кепілдік, кепілдеме шарттары немесе кепілдік, кепілдеме шарттарының көшірмелері (олардың түпнұсқалары банктің ішкі құжаттарында белгіленген талаптар мен тәртіпте банктің қоймасында сақталуы тиіс);

2) заңды тұлғаның кепілдік иесінің немесе кепілдеме иесінің уәкілетті органының кредитор банкке заемшының міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету үшін кепілдік немесе кепілдеме беру туралы шешімі;

3) кепілдік иесі атынан кепілдік шартына қол қоюға немесе кепілдеме иесі атынан кепілдеме шартына қол қоюға тұлға өкілеттігін растайтын тиісті дәрежеде қол қойылған құжаттар;

4) заңды тұлғаның кепілдік иесінің немесе кепілдеме иесінің қаржылық жай-күйін талдауға мүмкіндік беретін WEВ-сайтта орналасқан ақпарат және/немесе заңды тұлғаның кепілдік иесінің немесе кепілдеме иесінің салық декларациясының көшірмесімен қоса берілген заңды тұлғаның кепілдік иесінің немесе кепілдеме иесінің қаржылық есеп беруінің көшірмесі.

 ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.16.07. № 209
1   2   3   4   5   6

Похожие:

Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2011 жылғы 28 ақпан №18 Қаулысы
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу...
Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы iconКүші жойылды ҚҚА №49 23. 02. 07ж
Республикасының Әділет министрлігінде №904 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының “Екінші деңгейдегі банктердің...
Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы iconБағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативті есептеу ережесін бекіту туралы

Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының жер қойнауын геологиялық зерттеу туралы есептерді ресімдеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы №1455 қаулысымен бекітілген Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану...
Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы iconДенсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесін бекіту туралы
«Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы №1559...
Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы iconБағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргізу ережесін бекіту туралы
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы №266 Қаулысы
Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы...
Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы
Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау Ережесін бекіту туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница