Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы




НазваниеКредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы
страница2/6
Дата конвертации11.02.2016
Размер0.54 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish247545_9037.doc
1   2   3   4   5   6
Қаулысымен 2-1-тармақпен толықтырылды

2-1. Ислам банкі кредит беруді ислам банкінің ішкі кредиттік саясаты туралы ережеге және ислам банкінің операцияларды жүргізуінің жалпы талаптары туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Ислам банкі кредиттеу жөніндегі құжаттаманы осы Заңда көзделген банк қызметін өздерінің жүзеге асыру ерекшеліктерін ескере отырып, осы Ережелерге сәйкес жүргізеді.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.16.07. № 209 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2008.02.10. № 144 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.27.02. № 22 Қаулысымен (ресми жариялаған күннен бастап, екі ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара); 2009.30.11. № 241 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.29.03. № 38 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.29.10. № 161 Қаулысымен (ресми жарияланған күннен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді; ҚР ҚҚА Басқармасының 2011.28.02. № 18 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күннен екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Кредит беру, кепіл, талап ету құқықтарын беру немесе кредит бойынша борышты аудару туралы шарттардың түпнұсқаларына, оларға қосымша келісімдерге және банк банктің уәкілетті органы бекіткен шарттың үлгілік нысанын қолданусыз не банктің уәкілетті органы бекітусіз осындай үлгілік нысанды өзгертумен кредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындаумен байланысты жасасатын шарттардың түпнұсқаларына (бұдан әрі - шарттардың түпнұсқалары) банктің заң қызметі басшысының (банктің филиалында - банк филиалының заңгерінің) қолы қойылады және тараптардың қолы қойылады және заемшы - заңды тұлғаның және банктің мөрімен расталады.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.02.10. № 144 Қаулысымен 3-1-тармақпен толықтырылды

3-1 ҚР ҚҚА Басқармасының 2011.28.02. № 18 Қаулысымен алып тасталды (ресми жарияланған күннен екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.29.04. № 91 Қаулысымен 3-2-тармақпен толықтырылды

3-2. ҚР ҚҚА Басқармасының 2011.28.02. № 18 Қаулысымен алып тасталды (ресми жарияланған күннен екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.27.02. № 22 Қаулысымен (ресми жариялаған күннен бастап, екі ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара); 2009.29.04. № 91 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді

4. ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.30.11. № 241 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

 

2-тарау. Берілген кредит бойынша құжаттама жүргізу тәртібі

 

5. Берілген әрбір кредит бойынша банкте кредит досьесі арналуға тиіс, ол кредит беру туралы шартына қол қойылған немесе оны бекіткен күні ашылып, осы Ережелерде көзделген жағдайларды қоспағанда, қолданылуы тоқтатылған сәтте ғана жабылады.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.02.10. № 144 Қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.30.11. № 241 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Банк мынадай талаптар:

Қазақстан Республикасының аумағындағы банктің үй-жайында орналасқан, шарттардың түпнұсқаларын, кепіл берушінің кепілге салынған мүлікке меншік құқығын (шаруашылық жүргізу, оперативті басқару құқығын) растайтын құқық белгілейтін құжаттардың түпнұсқаларын және банк қабылдаған қамтамасыз ету жөніндегі басқа да құжаттардың түпнұсқаларын сақтауға арналған банктің қоймаларына қойылатын;

шарттардың түпнұсқаларын, кепіл берушінің кепілге салынған мүлікке меншік құқығын (шаруашылық жүргізу, оперативті басқару құқығын) растайтын құқық белгілейтін құжаттардың түпнұсқаларын және банктің қоймасына сақтауға берілген банк қабылдаған қамтамасыз ету жөніндегі басқа да құжаттардың түпнұсқаларын сақтау мен есепке алу жөніндегі;

банктің басшы қызметкерлерінің санынан шарттардың, кепіл берушінің кепілге салынған мүлікке меншік құқығын (шаруашылық жүргізу, оперативті басқару құқығын) растайтын құқық белгілейтін құжаттардың түпнұсқаларын және банктің қоймасына сақтауға берілген банк қабылдаған қамтамасыз ету жөніндегі басқа да құжаттардың түпнұсқаларын сақтау мен есепке алу үшін жауапты тұлғалардың тізбесін бекіту жөніндегі талаптар бар, бірақ олармен шектелмейтін ішкі ережелерді әзірлейді және бекітеді.

Құжаттамасын сақтау талаптары осы Ереженің 29-тармағында көзделген синдикатталған займдарды беру жөніндегі шарттарды қоспағанда, шарттардың түпнұсқалары Қазақстан Республикасынан тыс сақталуы мүмкін емес.

Кредиттік досьелерді жүргізу, сондай-ақ ондағы құжаттардың толықтығын осы Ережеге және банктің ішкі саясатына сәйкес қамтамасыз етуді банктің тиісті бөлімшесінің жауапты қызметкері жүзеге асырады.

Осы тармақта белгіленген талаптарды сақтауға жалпы бақылауды банктің басшы қызметкері жүзеге асырады.

7. Кредит досьесі жеке тарау бойынша қалыптасады. Әрбір кредит досьесінде кредит досьеде тұрған құжаттардың жеке тізбесі болуға тиіс. Кредит досьедегі құжаттар, ол жабылғаннан кейін нөмірленіп тігілуге тиіс.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.16.07. № 209 Қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.02.10. № 144 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.27.02. № 22 Қаулысымен (ресми жариялаған күннен бастап, екі ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара); 2009.29.04. № 91 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.30.11. № 241 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.01.04. № 32 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 8-тармақ өзгертілді

8. Кредиттер бойынша кредиттік досьеде (оның ішінде бланктік), осы Ережелердің 9-тармағында көрсетілген кредиттер мен банкаралық кредиттерді қоспағанда мынадай негізгі құжаттары болуға тиіс (төмендегілермен шектелмейді):

1) кредитті пайдалану мақсаты мен ықтимал кепіл затының сипаты, заемшының банк алдындағы міндеттемелерін қамтамасыз ету үшін ұсынылатын басқа қамтамасыз етуі көрсетілген, заемшының қол қойған және кіріс құжаттамасының тіркелуін жүзеге асыратын банктің бөлімшесінде тіркелген өтініші;

2) заемшы заңды тұлғаның уәкілетті органының - заңды тұлғаның кредит алуға шешімі;

3) кепіл беруші уәкілетті органының - заңды тұлғаның заемшы міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуге кепіл затын беруге шешімі;

4) құрылтай құжаттарының немесе заемшының жарғылық капиталындағы жай акцияларының (қатысу үлестерінің) соңғы меншік иегерлеріне дейінгі заемшының жарғылық капиталындағы жай акцияларының (қатысу үлестерінің) он және одан астам пайызын иеленетін барлық үлес иегерлері туралы ақпаратты ашатын, заемшының жай акцияларының он және одан астам пайызын иеленетін акцияларды ұстаушылар тізілімінің нотариатта куәландырылған көшірмелері (банкте көрсетілген құжаттар бар болған кезде - осындай құжаттардың көшірмелері);

5) заңды тұлғаның қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар нотариатта куәландырылған карточка, сондай-ақ банк талаптарына сәйкес расталған заемшы атынан кредиттік және кепіл құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі (банкте аталған құжаттар бар болғанда - осындай құжаттардың көшірмелері);

6) түпнұсқасы банктің ішкі құжаттарында белгіленген талаптар мен тәртіпте банктің қоймасында сақталуға жататын, мәміле жасалғанын растайтын өзге құжаттың берілген кредиттік лимитімен, төлем карточкалары бойынша кредит беру туралы шарттың көшірмесі;

7) заемшының - заңды тұлғаның бизнес-жоспарының немесе кредит беруді техникалық-экономикалық негіздеудің түпнұсқасы;

8) заемшы - заңды тұлғаның салық декларациясының көшірмесі қоса берілген соңғы тоқсан мен соңғы есепті жылдағы қаржылық есебінің көшірмесі және/немесе банктің заемшы - заңды тұлғаның соңғы есепті жылдағы қаржылық есептілікке қаржы жағдайына талдау жасауға мүмкіндік беретін веб-сайтта орналасқан ақпарат;

9) қызмет көрсететін банктің айдың басында және аяғында ақшаның кіріс және шығыс қалдықтары көрсетілген айналымдары туралы, тиісінше Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылатын заемшының - заңды тұлғаның банктік шоты бойынша соңғы он екі айға анықтама;

10) заемшының бизнес-жоспарында белгiленген мақсаттар мен мiндеттердiң iске асыру мүмкіндігі туралы баға берілген және өтеу көздерін, сондай-ақ ақша ағынының көлемі мен мерзімдері айқындалған банктің кредиттік бөлімшесінің қорытындысын қоса отырып, банктің уәкілетті органы меншікті капиталының 0,02 пайыздан астам сомасына кредит беру туралы шешім қабылдайтын банктің тиісті бөлімшелерінің қорытындылары (сараптамалары);

кредиттік тәуекелді басқару жөніндегі және кепілмен жұмыс жөніндегі экономикалық қауіпсіздігі бөлімшесінің және заң бөлімшесінің қорытындылары (сараптамалары).

Банктің ішкі кредиттік саясаты банктің құрылымдық бөлімшелері, оның ішінде негізінде банктің уәкілетті органы кредит беру шартын өзгерту немесе меншікті капиталының 0,02 пайыздан төмен сомасына кредит беру туралы шешім қабылданатын сараптама (қорытындылар) жүргізуге талаптары көзделу тиіс.

Банктің уәкілетті органы көрсетілген қорытындылар (сараптамалар) негізінде кредит беру туралы немесе кредит беру туралы шарт талаптарына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдайды не кредит беруден немесе кредит беру туралы шарт талаптарына өзгерістер енгізуден бас тартады;

11) банктің уәкілетті органының арнайы есепке алу журналында тіркелген (нөмірі және шешімді қабылдау күні бойынша) кредит беруді (төлем карточкалары бойынша кредиттік лимитті белгілеу) мақұлдау жөніндегі банктің уәкілетті органының шешімінен үзінді көшірме немесе тігілген, мөр басылған, әр парағы нөмірленген электронды түрде қайталанған көшірмесі;

12) кредитті және бірегей кредиттерді пайдалану мақсатын растайтын құжаттар, айналымдық капиталға берілген кредиттерді қоспағанда;

13) жеке кәсіпкерлер үшін мемлекеттік тіркеуден өткені (қайта тіркелгені) туралы фактіні растайтын тіркеуші органы берген, белгіленген нысандағы құжаттың көшірмесі;

14) заңды тұлғаның - резидент еместің мәртебесін куәландыратын заемшының мемлекетінің (заемшы Қазақстан Республикасының резиденті емес болған жағдайда) уәкілетті органы берген құжаттың көшірмесі;

15) шетел валютасында берілген кредиттер бойынша - қаржылық есептің және/немесе заемшының келіп түсетін түсімдердің валютасын және валюталық тәуекелді хеджирлеу құралдарын анықтауға мүмкіндік беретін басқа есептілігінің болуы;

16) заемшының (тең заемшының) - жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасымен салыстырып тексерілген, ол туралы белгісі бар көшірмесі;

17) заемшының (тең заемшының) - жеке тұлғаның еңбекақысын және (немесе) өзге де кірістерін көрсететін және растайтын құжаттар. Білім беруді кредиттеу жүйесінің аясында берілген кредиттер бойынша аталған құжаттың болуы талап етілмейді;

18) заемшының (тең заемшының) салық есебіне қою фактісін растайтын тіркеуші органы берген, белгіленген нысандағы құжаттың көшірмесі;

19) заемшының (тең заемшының) кредиттік скорингін және кредит қабілеттілігін анықтайтын құжат;

20) кредиттік бюродан алынған заемшы (тең заемшы) бойынша кредиттік есеп;

21) жинақтаушы зейнетақы қорының заемшы (тең заемшы) - жеке тұлғаның жеке зейнетақы шотынан соңғы алты айға үзінді көшірмесі. Білім беруді кредиттеу жүйесінің аясында берілген кредиттер бойынша, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылғанын растайтын құжаттар болған кезде Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылған жеке тұлғалардың кредиттері бойынша аталған құжаттың болуы талап етілмейді;

22) салық қызметінің органдары берген, банктің уәкілетті органының кредиттеуге берілген өтінімді қарау күніне дейін заемшы - заңды тұлғаның салықтар және басқа да бюджетке міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқтығын растайтын заемшы - заңды тұлғаның салықтық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқтығы туралы анықтама және (немесе) салыстырып тексеру актісі;

23) кредиттік тарих субъектісінің ол туралы ақпаратты кредиттік бюроға ұсынуға келісімінің көшірмесі (оның түпнұсқасы банктің ішкі құжаттарында белгіленген талаптар мен тәртіпте банктің қоймасында сақталуы тиіс);

24) кредиттік тарих субъектісінің кредиттік есепті алушыға кредиттік есепті беруге келісімінің көшірмесі (оның түпнұсқасы банктің ішкі құжаттарында белгіленген талаптар мен тәртіпте банктің қоймасында сақталуы тиіс).

Борышкердің бизнес-жоспары немесе кредиттің техникалық-экономикалық негіздеуі, немесе заемшының кредит қабілеттілігіне баға беруге мүмкіндік беретін басқа құжаттар, төмендегілермен шектелмей мынадай мәліметтерді қамтуға тиіс:

кредитті пайдалану мақсатын көрсетуімен қызметінің сипаты;

заемшының өткізу рыноктары және маркетингтік стратегиясы;

тәуекелдерді бағалау және оларды басқару;

жылдар бойынша жан-жақты қаржы жоспары (жылдар бойынша бизнес-жоспарын іске асырудағы қаржы көрсеткіштері және бизнес-жоспарды қаржыландыру көлемі мен инвестициялық кредитті өтеу) және шығыстар сметасы.

Уәкілетті органымен бекітілген активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резерв) құру тәртібіне сәйкес бірыңғай кредиттер портфеліне енгізілген заңды тұлғаларға берілген кредиттер бойынша досьеде осы тармақтың 1), 4) - 6), 11), 13), 14), 18), 20), 22), 23), 24) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың, жеке тұлғаларға берілген кредиттер бойынша - осы тармақтың 1), 6), 11), 16), 18), 20), 21), 23), 24) тармақшасында көрсетілген құжаттардың, уәкілетті органмен бекітілген активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резерв) құру тәртібіне сәйкес бірыңғай кредиттер портфеліне енгізілген болуы міндетті. Аудит міндетті жүргізілетін заемшыға берілген кредиті бойынша кредит досьесіне аудиторлық есеп қоса беріледі.

Овердрафт кредиттері және жеке тұлғаларға берілген, ұсынылған кредиттік лимитімен төлем карточкалары бойынша банк осы тармақтың 1), 6), 11), 12), 16)-21) тармақшаларында көрсетілген құжаттамамен досьені қалыптастырады. Бұл ретте овердрафт кредиттері және бірегей кредиттер үшін белгіленген сомада және талаптармен берілген кредиттік лимитімен төлем карточкалары бойынша кредитті қолдану мен заем ақшасын мақсатты қолданудың мониторингтік есептің мақсатын растайтын құжаттардың бар болуы талап етілмейді.

Бірыңғай кредиттер портфеліне бұрынырақ енгізіліп, кейіннен Агенттік Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 358 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3924 тіркелген) көзделген банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының әдістемесі бойынша уәкілетті органның талаптарына сәйкес бір заемшыға тәуекелді бағалау күніне есептелген, банктің меншікті капиталы шамасының 0,02 пайызынан аспайтын лимитінен асып кетуіне байланысты шығарылған кредиттер бойынша мақсатты қолданылуын растау талап етілмейді.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.16.07. № 209
1   2   3   4   5   6

Похожие:

Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2011 жылғы 28 ақпан №18 Қаулысы
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу...
Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы iconКүші жойылды ҚҚА №49 23. 02. 07ж
Республикасының Әділет министрлігінде №904 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының “Екінші деңгейдегі банктердің...
Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы iconБағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативті есептеу ережесін бекіту туралы

Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының жер қойнауын геологиялық зерттеу туралы есептерді ресімдеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы №1455 қаулысымен бекітілген Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану...
Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы iconДенсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесін бекіту туралы
«Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы №1559...
Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы iconБағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргізу ережесін бекіту туралы
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы №266 Қаулысы
Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы...
Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы
Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау Ережесін бекіту туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница