Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы




НазваниеКредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы
страница1/6
Дата конвертации11.02.2016
Размер0.54 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish247545_9037.doc
  1   2   3   4   5   6
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 13.09.2012 16:01:53


Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 Қаулысы

(2011.01.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.16.07. № 209 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)

 

Осы қаулыға өзгерістер енгізу туралы:

ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.29.03. № 50 қаулысын қара (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);

 

Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.16.07. № 209 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес нормативтік құқықтық кесімдердің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы 2007 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.

4. Банктерді қадағалау департаменті (Раева Р.Е.):

1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күн мерзімінде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне және»Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

 

Төраға

 

Қазақстан Республикасы Қаржы

нарығын және қаржы ұйымдарын

реттеу мен қадағалау агенттігі

Басқармасының

2007 жылғы 23 ақпандағы

49 қаулысына

1 қосымша

 

 

ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.16.07. № 209 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)

Кредиттеу жөніндегі құжаттамасынжүргізу

 ережесі

 

ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.16.07. № 209 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда(бұр. ред. қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.02.10. № 144 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.29.04. № 91 Қаулысымен (бұр.ред.қара) кіріспе өзгертілді

Осы Ереже «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» (бұдан әрі - Заң) 1995 жылғы 31 тамыздағы, «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес банктердегі кредит тәуекелін басқару жүйесін жетілдіру мақсатында әзірленді және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын және банктік заем операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдардың, екінші деңгейдегі банктер, оның ішінде ислам банктері мен «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - банк) кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу тәртібін белгілейді.

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ережелердің мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.02.10. № 144 Қаулысымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) агент-банк - банк синдикатының мүшелері өзінің мүддесін көздеуді тапсыратын, сондай-ақ синдицилденген заемға қатысты оның барлық қолданыс мерзімі ішінде кредиттік басқару жөніндегі қызмет көрсетуді тапсыратын банк;

ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.02.10. № 144 Қаулысымен 1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) банктердің синдикаты - бірлескен кредиттік операцияларды жүргізу мен банк синдикатына кіретіндердің заңдық және қаржылық дербестігін сақтап, заемшының төлем қабілетсіздігі жағдайында әр қатысушы үшін ықтимал шығындарды төмендету мақсатымен біріктірілген екі және одан астам банктер;

ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.02.10. № 144 Қаулысымен 1-2) тармақшамен толықтырылды

1-2) заемшы - заем (кредит) шартына қол қоятын, заем (кредит) алған және алынған қаражатты қайтару мен алынған заемды (кредитті), оның ішінде сыйақы мен кредит бойынша басқа төлемдерді толық төлеу бойынша өзіне міндеттемелерді қабылдайтын жеке немесе заңды тұлға;

ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.02.10. № 144 Қаулысымен 1-3) тармақшамен толықтырылды

1-3) инвестициялық заем (кредит) - бұл мынадай талаптарға сәйкес келетін заем (кредит):

заем мерзімі бес және одан астам жылдар;

заем шартының талаптарымен мерзімнен бұрын толық өтеуге тыйым салу белгіленген. Заемның ішінара өтелуі заемшының бизнес-жоспарында белгіленген мерзімде және тәртіпте жүзеге асырылуы мүмкін;

материалдық өндірісті, өндірістік және көлік инфрақұрылымын құруға, кеңейтуге және жетілдіруге бағытталған кешенді іс-шараларды іске асыруды қарастыратын заңды тұлғаға оның бизнес-жоспарына сәйкес беріледі;

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.29.04. № 91 Қаулысымен 1-4) тармақшамен толықтырылды

1-4) ислам банкі - уәкілетті органның лицензиясы негізінде, осы Заңның 4-1-тарауында көзделген банк қызметін жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк;

ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.16.07. № 209 Қаулысымен (бұр. ред. қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.29.04. № 91 Қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) кредит (заем) - банктің заем, лизинг, факторинг, форфейтинг операцияларын, осы Заңның 52-5-бабының 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген операцияларын ислам банктерінің жүзеге асыруы сондай-ақ вексельдердің есебін жүргізуді (банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын және банктік заемдық операцияларын жүргізуге лицензиясы бар ұйымдар үшін, кредитті банктік заемдық операцияларын жүзеге асыру деп түсіну керек) жүзеге асыру;

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.29.04. № 91 Қаулысымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2011.28.02. № 18 Қаулысымен 3) тармақша өзгертілді (ресми жарияланған күннен екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) кредит беру туралы шарт (банктік заем шарт) - банктің заем, лизинг, факторинг, форфейтинг, есебін жүргізу операцияларын жүзеге асыру шеңберінде кредит беру шарты, сондай-ақ ислам банкінің:

банктік заем операцияларын: мерзімділік, қайтарымдылық шарттарымен және процент түрінде сыйақы төлеусіз ақшалай нысандағы кредиттер беруді;

коммерциялық кредитті беріп, сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландыруды;

заңды тұлғалардың жарғылық капиталында қатысу жолымен және (немесе) серіктестік талаптарымен өндіріс және сауда қызметін қаржыландыруды;

лизинг (жалға алу) талаптарымен инвестициялық қызметті жүзеге асыру шеңберінде жасаған шарты;

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.29.04. № 91 Қаулысымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4) кредит бойынша сыйақы - берілген кредиттің негізгі кредит сомасына қатысына қарай банкке тиесілі ақшаның жылдық мөлшерінен есептеп шығарылған, процентпен көрсетіліп белгіленген не ислам банкінің коммерциялық кредитті беруі кезіндегі тауардың үстеме бағасы түріндегі ақысы;

5) кредиттік желі - банктің қарыз алушыға кредит алу уақытын өзі белгілеуге мүмкіндік беретін талаптар негізінде, бірақ кредиттеудің мұндай формасы үшін банктің ішкі кредиттік саясатымен және шартпен белгіленген сома және уақыт шегінде заемшыны кредиттеу міндеттемесі;

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.29.04. № 91 Қаулысымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

6) кредитті өтеу - кредиттің және сол бойынша сыйақы мөлшерлемесі (ислам банкінің коммерциялық кредитті беруі кезіндегі үстеме бағаның мөлшері) сомасының қайтарылуы;

7) кредит сомасы - банктің кредитке берген ақша сомасы;

ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.16.07. № 209 Қаулысымен 8-тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

8) кредиттік скоринг - заемшыны жеке тұлғаның кредит алу қабілетін сапалық және сандық сипатқа негізделген математикалық немесе статистикалық моделдің көмегімен, не оның ішінде заемшының тұрақты және жеткілікті кірісін, жұмыс орнының және қызметін, ағымдағы кәсібі бойынша жұмыс ұзақтығын, кепіл түріндегі қолайлы жылжымайтын мүлікті, оның ішінде басқа банктер алдындағы несиелік берешекті, банктердің кредиттері бойынша кредит беру жөніндегі төлем тәртібін, кредиттік тарихты қосқандағы бағалау жүйесі;

9) кредиттің шарттары - кредит беру шарттары, бұған сыйақының мөлшері, қарыз алушының міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету туралы шарттар, кредитті өтеу мерзімі, сондай-ақ осыларға сәйкес әрбір жеке кредит бойынша тәуекелді төмендетуге бағытталған айрықша шарттар жатады;

ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.02.10. № 144 Қаулысымен 9-1) тармақшамен толықтырылды

9-1) синдицилденген заем - банктер синдикатының қатысушылары болып табылатын екі және одан астам банктермен бірігіп қалыптастырылған және заемшыға (байланысты заемшылар тобына) бір заем шарты негізінде (қажеттілігіне қарай және басқа құжаттарды қоса беріп) берілген заем;

10) тұтынушы кредиті - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес жеке тұлғаларға тауарларды, жұмысты және қызмет көрсетуді сатып алуға берілген кредит;

ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.02.10. № 144 Қаулысымен 10-1) тармақшамен толықтырылды

10-1) тең заемшы - заемшымен бірге заем (кредит) шартына қол қоятын және заем (кредит) шарты бойынша алынған қаражатты қайтару және алынған заемды (кредитті), оның ішінде сыйақы мен кредит бойынша басқа төлемдерді толық төлеу бойынша міндеттемелерді орындауға ортақ жауапты ретінде тұратын жеке немесе заңды тұлға;

11) уәкілетті орган - қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

2. Банк кредит беруді өзінің ішкі кредиттік саясаты туралы ережелерге және заем операцияларын өткізудің жалпы ережелеріне сәйкес жүзеге асырады.

Банктің талап ету құқығы болған немесе құқығы бар әрбір кредит бойынша құжаттаманың есебі кредиттің түріне, заемшының санатына, талап ету құқын иелену әдісіне қарамай осы Ережелерге сәйкес жүргізіледі.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.29.04. № 91
  1   2   3   4   5   6

Похожие:

Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2011 жылғы 28 ақпан №18 Қаулысы
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу...
Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы iconКүші жойылды ҚҚА №49 23. 02. 07ж
Республикасының Әділет министрлігінде №904 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының “Екінші деңгейдегі банктердің...
Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы iconБағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативті есептеу ережесін бекіту туралы

Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының жер қойнауын геологиялық зерттеу туралы есептерді ресімдеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы №1455 қаулысымен бекітілген Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану...
Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы iconДенсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесін бекіту туралы
«Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы №1559...
Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы iconБағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргізу ережесін бекіту туралы
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы №266 Қаулысы
Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы...
Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы
Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау Ережесін бекіту туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница