«Астана-Теплотранзит» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілді




Скачать 60.37 Kb.
Название«Астана-Теплотранзит» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілді
Дата конвертации11.02.2016
Размер60.37 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://a-tranzit.kz/files/korp.upravlenie/polojenieKZ.doc
«Астана-Теплотранзит» АҚ

Директорлар кеңесінің шешімімен

бекітілді

2012 жылғы 4 қаңтар



__________________________________________________________________________________

«Астана-Теплотранзит» АҚ Басқармасының көтермелеу

және тәртіптік жаза салу туралы

ережесі

______________________________________________________________



1. Жалпы ережелер

1.1. «Астана-Теплотранзит» АҚ Басқармасының көтермелеу және тәртіптік жаза салу туралы осы ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының Азаматтық, Еңбек кодекстеріне, «Акционерлік қоғам туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы №415-ІІ Заңына (бұдан әрі – Заң), «Астана-Теплотранзит» АҚ Жарғысына сәйкес әзірленген.

1.2. Осы Ереже «Астана-Теплотранзит» АҚ Басқарма Төрағасы мен мүшелеріне қатысты көтермелеу және тәртіптік жаза салу түрлерін қолдану тәртібін анықтайды.

1.3. Ережеде қолданылатын негізгі ұғымдар:

1) тәртіптік жаза - тәртіптік теріс қылық жасағанда қолданылатын тәртіптік әсер ететін шара;

2) тәртіптік теріс қылық - Заңмен, Жарғымен, Қоғамның корпоративті құжаттарымен және еңбек шартымен қарастырылған еңбек міндеттерін құқыққа қарсы кінәлі болып орындамау немесе тиісті түрде орындамау;

3) лауазымды тұлға - «Астана-Теплотранзит» АҚ Басқарма Төрағасы мен мүшелері;

4) «Астана-Теплотранзит» АҚ - бұдан әрі мәтін бойынша Қоғам.

2. Лауазымды тұлғаның жауапкершілігі


2.1. Лауазымды тұлға оған жүктелген міндеттерді Қоғам мен акционерлердің мүдделерін айтарлықтай көрсетуші деп санайтын негізді тәсілдерді қолданып, адал, жете ұғынып, әділ орындайды.

2.2. Лауазымды тұлға Қоғам мен акционерлердің алдында Қазақстан Республикасының заңнамасына, Жарғысына және осы Ережеге сәйкес оның әрекеттерімен (әрекетсіздік) келтірілген зиян үшін, оның ішінде мына нәтижеде болған шығындар үшін жауапты:

1) жаңылыстыратын ақпарат немесе әдейі жалған ақпарат ұсынғанына;

2) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген ақпаратты ұсыну тәртібін бұзғанына;

2.3. Лауазымды тұлға қызметтік міндеттерін орындау кезінде тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілік артады.

2.4. Егер лауазымды тұлға Қоғамның залалға ұшырауына әкелетін Басқарма және/немесе Директорлар кеңесімен қабылданған шешімге қарсы дауыс берген немесе дауыс беруге қатыспаған жағдайда жауапкершіліктен босатылады.

2.5. Қоғам акционерлердің (жалғыз акционердің) Жалпы жиналыс шешімі негізінде Қоғамға келтірілген зиянды немесе залалды өтеу туралы лауазымды тұлғаға талап арызбен сотқа жүгінуге құқылы.

«Астана-Теплотранзит» АҚ Басқарманың көтермелеу және тәртіптік жаза салу туралы ережесі

_______________________________________________________________________________________________


3. Лауазымды тұлғаны көтермелеу


3.1. Қоғам қызметінің нәтижелері бойынша лауазымды тұлғаға қатысты есептік жылға материалдық сыйақы, құнды сыйлықпен марапаттау, алғыс жариялау, бұрын салынған тәртіптік жазаны мерзімінен алдын ала алу және басқа шаралар сияқты материалдық және/немесе моралдық көтермелеу қолданылуы мүмкін.

Лауазымды тұлғаны көтермелеу әділдік, заңдылық, жеке сіңірген қызметі мен жетістігі, жұмыстың тиімділігі мен сапасына жағдай жасау принциптерінде негізделген.

3.2. Лауазымды тұлғаларды көтермелеу шаралары мыналар үшін қолданылады:

1) адал еңбегі және Қоғамның жеткен экономикалық нәтижелеріне;

2) есептік жыл ішінде Қоғамның және/немесе оның жұмыскерлерінің лауазымдық міндеттерді орындаумен тікелей байланысты әкімшілік жауапкершілікке тартылмағанына;

3) есептік жыл ішінде акционерлердің (жеке акционердің) Жалпы жиналысы, Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімдерін уақытылы және тиісті орындағанына;

4) басқа жетістіктеріне.


4. Лауазымды тұлғаға қатысты тәртіптік жаза


4.1. Лауазымды тұлғаға тәртіптік жаза тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін, оның ішінде мыналарға салынады:

1) акционерлердің (жеке акционердің) Жалпы жиналысы және Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімдерін орындамағанына;

2) акционерлердің (жеке акционердің) Жалпы жиналысы және Қоғамның Директорлар кеңесі шешімдеріне қайшылық әкелмейтін Директорлар кеңесі Төрағасының тапсырысын орындамағанына;

3) Жарғы ережелерін, Қоғамның ішкі корпоративтік құжаттарын және еңбек шартын орындамағанына;

4) шығынға ұшырататын Қоғамның шарттық міндеттерін орындауды қамтамасыз етпегеніне;

5) жоспарлы көрсеткіштермен салыстырғанда Қоғамның қаржы - экономикалық көрсеткішінің төмендегеніне;

6) Жарғыға, акционерлердің (жеке акционердің) Жалпы жиналысы және Қоғамның Директорлар кеңесінің шешіміне қарсы Қоғам мүліктерін жеке мақсатта және өзінің аффилиирленген тұлғаларымен мәміле жасау кезінде асыра пайдаланғанына;

7) егер сот органдарында Қоғам және/немесе оның жұмыскерлерінің кінәсі дәлелденбеген болса, Қоғам және/немесе оның жұмыскерлерінің лауазымдық міндеттерін орындау нәтижесінде жіберілген құқық бұзушылығы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанына;

8) сыбайлас жемқорлықты болдырмау бойынша шара қолданбағанына;

9) өзге тәртіптік теріс қылықтар;

4.2. Лауазымды тұлғаның тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін келесі тәртіптік жаза қолданылады;

1) ескерту;

2) сөгіс;

3) қатаң сөгіс;

4) өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату:

4.3. Тәртіптік жазаның түрін анықтаған кезде жасалған тәртіптік теріс қылығының мазмұны, сипаты мен ауырлығы, оны жасау жағдайы, лауазымды тұлғаның өткен және кейінгі тәртібі, оның еңбекке және өзінің өкілеттілігіне деген көзқарасы ескеріледі.


«Астана-Теплотранзит» АҚ Басқарманың көтермелеу және тәртіптік жаза салу туралы ережесі

_______________________________________________________________________________________________


5. Көтермелеу және тәртіптік жаза қолдану тәртібі


5.1. Лауазымды тұлғаға қатысты көтермелеу немесе тәртіптік жаза қолдану туралы шешім Қоғамның Директорлар кеңесімен қабылданады.

Көтермелеуді қолдану туралы шешімде көтермелеудің түрі көрсетіледі. Егер көтермелеу материалдық болып табылса, шешімде сонымен қатар сыйақы өлшемі және төлеу тәртібі көрсетіледі.

Тәртіптік жаза қолдану туралы шешімде тәртіптік жаза түрі көрсетіледі. Директорлар кеңесі осы ереженің 4.2 тармағының 1)-3) тармақшаларымен қарастырылған тәртіптік жазаның бір түрін қолданған кезде лауазымды тұлғаға тәртіптік жаза салу туралы бұйрыққа Қоғамның Директорлар кеңесінің төрағасы қол қояды.

5.2. Лауазымды тұлғаға тәртіптік жаза салу туралы бұйрық мына кезеңдерде шығарылмайды:

1) уақытша еңбекке жарамсыздығы;

2) демалыста болуы;

3) іссапарда болуы.

5.3. Лауазымды тұлғаға тәртіптік жаза тәртіптік теріс қылығы тікелей анықталғанда, бірақ осы Ереженің 5.2 тармағында қарастырылған жағдайлардан басқа оны анықтаған күннен бастап бір айдан кешіктірмей салынады.

Тәртіптік жаза лауазымды тұлға тәртіптік теріс қылық жасаған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей, ал Қоғам қызметінің қаржы-шаруашылық тексерісінің нәтижелері бойынша лауазымды тұлға тәртіптік теріс қылық жасаған күннен бастап белгіленген жағдайда бір жылдан кешіктірілмей қолданылуы мүмкін емес.

Тәртіптік жаза салу мерзімінің өтуі лауазымды тұлғаның уақытша еңбекке жарамсыздығына, демалыста, іссапарда болуына байланысты жұмыста болмаған уақытқа тоқтатылады.

5.4. Тәртіптік жазаның әрекет ету мерзімі, осы Ереженің 4.2 тармағының 4) тармақшасымен қарастырылған жағдайдан басқа, оны қолданған күннен бастап алты айдан аспауы тиіс. Егер лауазымды тұлға осы мерзім ішінде жаңа тәртіптік жазаға ұшырамаса, оның тәртіптік жазасы болды деп саналмайды.


6. Қорытынды ережелер


6.1. Осы Ереже Қоғамның Директорлар кеңесі шешімімен бекітілген кезінен бастап күшіне енеді.

6.2. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қоғамның Директорлар кеңесінің бөлек шешімімен шешілуі мүмкін.


_________________________________________________


Похожие:

«Астана-Теплотранзит» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілді icon«Астана-Теплотранзит» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен келісілді
Басқарма «Астана-Теплотранзит» АҚ-ның (бұдан әрі – Қоғам) атқарушы органы болып табылады және Қоғамның ағымдағы қызметіне басшылықты...
«Астана-Теплотранзит» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілді icon«Казпо ш та» а қ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілді
«Қазпошта» АҚ директорлар кеңесінің МҮшелерімен біліктілікті жоғарлату және сыртқы сарапшыларды тарту жөніндегі саясат
«Астана-Теплотранзит» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілді icon«kegoc» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілді 2009 жылғы 20 қазандағы №
Ереже Қоғамның Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитетінің дәрежесін, құзыретін, құрамын, жұмыс істеу және қызмет ету тәртібін,...
«Астана-Теплотранзит» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілді icon«бекітілді» «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің 2008 жылғы «12»
«Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің 2008 жылғы «12» қыркүйектегі №10/08 хаттамасының шешімімен, 2009 жылғы «5» ақпандағы №02/09,...
«Астана-Теплотранзит» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілді icon«ҚазМұнайГаз» Ұк ақ Директорлар кеңесінің 2010 жылғы 21 маусымдағы шешімімен бекітілді №9/2010 хаттама
Басшылықтың үндеуі
«Астана-Теплотранзит» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілді icon«kegoc» АҚ-тың 2009 жылғы 20 қазандағы Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілді
«электр желілерін басқару жөніндегі қазақстан компаниясы» акционерлік қОҒамы kazakhstan
«Астана-Теплотранзит» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілді icon«Астанаэнергосервис» АҚ жалғыз акционердің шешімімен бекітілген «Астана-Теплотранзит»
«Астана-Теплотранзит» акционерлік қоғамының осы Жарғысы (бұдан әрі Қоғам) оның атауын, орналасқан жерін, оның органдарының қалыптасу...
«Астана-Теплотранзит» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілді iconДиректорлар кеңесінің шешімімен
Жалпы ережелер
«Астана-Теплотранзит» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілді icon«сенім-банк» АҚ Директорлар кеңесінің 2010 жылғы 22 қарашадағы №92 Шешімімен Бекітілген

«Астана-Теплотранзит» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілді icon«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында «Самұрық-Қазына» АҚ-на тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу қағидасы
АҚ директорлар кеңесінің сыртқы отырысының 2011 жылғы 5 наурыздағы №62 шешімімен енгізілген толықтырулармен және «Самұрық-Қазына»...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница