Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН




НазваниеҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
страница5/7
Дата конвертации11.02.2016
Размер1.12 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.afn.kz/attachments/70/68/publish68-989660816..doc
1   2   3   4   5   6   7
8-тарау. Ішкі аудитті және ішкі бақылауды ұйымдастыруға қойылатын талаптар


64. Қорда (Ұйымда) ішкі бақылау жүйесі:

1) Қордың (Ұйымның) активтерін басқарудың тиімділігі мен өтімділігін тексеру және ықтимал шығындарды анықтау арқылы Қор (Ұйым) қызметінің операциялық және қаржы тиімділігін қамтамасыз ету;

2) Қордың (Ұйымның) қаржы есептілігінің дұрыс және сапалы құрылуын тексеру арқылы қаржы және басқару мәліметтерінің сенімділігін, толықтығын және уақтылы жасалуын қамтамасыз ету;

3) Қордың (Ұйымның) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, Қордың (Ұйымның) ішкі саясаты мен рәсімдерін анықтайтын құжаттарды сақтауын тексеру арқылы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау үшін құрылады.

65. Ішкі бақылау жүйесі өзара байланысқан бес элементтен тұрады:

1) басқарушылық бақылау;

2) тәуекелді анықтау және бағалау;

3) өкілеттіктерді бақылауды және бөлуді жүзеге асыру;

4) ақпарат және өзара іс-әрекет;

5) мониторинг жүргізу және кемшіліктерді түзету.

66. Ішкі бақылау жүйесінің қызмет істеуі мынадай үш кезеңнің үздіксіз кезекпен пайда болу принципі бойынша туындауы тиіс:

1) ішкі бақылау жүйесін (тиімділікті бағалау нәтижелерін ескере отырып) Қордың (Ұйымның) ішкі құжаттарына рәсімдерді қосу жолымен құру;

2) жұмыста Қордың (Ұйымның) ішкі құжаттарымен анықталған ішкі бақылау жүйесінің рәсімдерін пайдалану;

3) ішкі бақылау жүйесінің тиімділігіне бағалау жүргізу.

67. Ішкі бақылау жүйесіне:

1) Қордың (Ұйымның) директорлар кеңесіне және басқармаға қаржылық қызметтің жоспарлы көрсеткіштерін қоса Қордың (Ұйымның) қаржылық қызметінің ағымдағы нәтижелері туралы есептерді беру арқылы қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуін тексеру;

2) бөлімше жетекшісінің жоспарлық көрсеткіштерден ауытқушылық бар-жоқтығына жүргізген мониторинг және осындай ауытқушылықтардың себептерін айқындауды қамтитын бөлімше қызметінің нәтижелерін тұрақты бақылауы;

3) Қордың (Ұйымның) басқарушы қызметкерлерінің Қор (Ұйым) бөлімшелері жетекшілерінің бөлімшелердің жоспарлық көрсеткіштерден ауытқу және жоспарлық көрсеткіштердің орындалмау себептерінен тұратын қызметінің нәтижелері туралы стандартты есептерін тексеруі;

4) Қордың (Ұйымның) барлық операцияларын екі деңгейлі бақылау;

5) Қордың (Ұйымның) материалдық активтеріне қол жетімділікті шектеу;

6) белгіленген лимиттердің сақталуын және анықталған сәйкессіздіктерді жою жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын тексеру;

7) міндетті рұқсат етуді талап ететін операциялар тізбесінің талаптарын белгілеу;

8) операцияларды жасау талаптарын және Қордың (Ұйымның) қызметіне байланысты тәуекелдерді басқару модельдерін қолдану нәтижелерін тексеру;

9) Қордың (Ұйымның) жүргізілген операцияларының есебінде және есептілігінде уақтылы, дұрыс, толық және нақты көрсетілуін тексеру;

10) Қордың (Ұйымның) қызметтерін қылмыстық мақсатта, заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстау) және лаңкестікті қаржыландыру мақсатында пайдаланудың алдын алу кіреді.

68. Ішкі аудит қызметі директорлар кеңесінің ішкі бақылау жүйесінің бірдей болуын және қызмет істеуін ішкі бақылау жүйесінің жағдайын объективті бағалау мен оларды жетілдіру бойынша ұсынымдарды беру жолымен қамтамасыз ету бойынша функцияларды жүзеге асыру кезінде туындайтын міндеттерді шешу мақсатында құрылады.

Ішкі бақылау жүйесі мен Қордың (Ұйымның) барлық аспектілері бойынша тәуекелдерді бақылау бірдейлігі мен тиімділігін бағалау, Қордың (Ұйымның) ішкі ережелер мен рәсімдерді сақтауын, ішкі және сыртқы аудиторлардың ұсынымдарын, ықпал ету шаралары және уәкілетті органның қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруға қатысты белгіленген талаптарының орындалуын бақылау, Қордың (Ұйымның) бөлімшелері мен жұмысшыларының өздеріне жүктелген міндеттер мен тапсырмаларды орындау барысы туралы уақтылы және дұрыс ақпарат беруін, сондай-ақ жұмысты жақсарту жөніндегі пәрменді және тиімді ұсынымдар беруін қамтамасыз ету ішкі аудиттің мақсаты болып табылады.

69. Ішкі аудит қызметінің басшысы мен қызметкерлері Қордың (Ұйымның) директорлар кенесімен тағайындалады және тексерілетін Қор (Ұйым) бөлімшесінің, сондай-ақ олардың филиалдары мен өкілдіктерінің қызметіне байланысты барлық қажетті, оның ішінде коммерциялық және (немесе) өзге де Қазақстан Республикасы заңдарымен қорғалатын құпияны құрайтын құжаттарға қол жеткізе алады.

70. Ішкі аудит қызметінің басшысы мен қызметкерлері мынадай талаптарға сәйкес келеді:

жоғары білімі бар;

Қордың (Ұйымның) қызметін реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасынан білімі бар;

қаржы қызметтерін көрсету немесе реттеу саласында бір жылдан артық еңбек өтілі (тәжірибесі) бар, сондай-ақ экономикалық қызмет саласында жасалынған қылмысы үшін, сонымен бірге сыбайлас жемқорлығы үшін заңмен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе кешірілмеген сотталғандығы жоқ.

71. Ішкі аудит қызметі лицензияланатын қызмет түрлерін жүзеге асыруға тартылған бөлімшелердің қызметін жарты жылда кем дегенде бір рет мерзімділікпен тексеруді жүзеге асырады.

Қордың (Ұйымның) инвестициялық комитеті, Қордың (Ұйымның) филиалдары мен өкілдіктерінің, сондай-ақ қызметтің лицензияланатын түрлерін жүзеге асыруға тартылған бөлімшелердің қызметтерін жылына кем дегенде бір рет мерзімділікпен тексеруді ішкі аудит қызметі жүзеге асырады.

Тексерулер жоспары Қордың (Ұйымның) директорлар кеңесімен бекітіледі.

72. Ішкі аудит қызметінің негізгі функциялары:

1) Қордың (Ұйымның) бөлімшелерін, филиалдарын және өкілдіктерін, сонымен қатар инвестициялық комитетін тексеру;

2) директорлар кеңесіне, Қордың (Ұйымның) басқармасына бар кемшіліктер жөніндегі тұжырымдарды тексеру нәтижелері бойынша есептерді және Қордың (Ұйымның) қызметін жақсарту жөніндегі ұсынымдарды дайындау);

3) анықталған тәуекелдер деңгейін төмендетуді немесе бөлімше басшыларының және (немесе) басқару органдарының Қор (Ұйым) үшін анықталған тәуекелдердің жарамдылығы туралы шешімді қабылдауын құжаттауды қамтамасыз ететін Қор (Ұйым) бөлімшелерінің тексеру нәтижелері бойынша Қордың (Ұйымның) бөлімшелері мен органдары қабылдаған шаралардың тиімділігіне бақылау жасауды жүзеге асыру;

4) Қордың (Ұйымның) ішкі және сыртқы аудиттерге ұшыратуы қажет операцияларындағы тәуекелдің саласын анықтау;

5) Қордың (Ұйымның) ішкі бақылауының Қор (Ұйым) басшылығына және сыртқы пайдаланушыларға берілетін қаржы мәліметінің дұрыстығын және дәлдігін қамтамасыз ету аясындағы рәсімдерін бағалау;

6) Қордың (Ұйымның) ішкі құжаттарымен көзделген өзге функциялар болып табылады.

73. Ішкі аудит қызметі жүргізетін тексерулер барысында мынадай мәселелер қаралуы тиіс:

1) ішкі бақылаудың процесстері мен рәсімдерін тексеру, олардың тиімділігін бағалау;

2) тәуекелдерді бағалау методологиясы мен тәуекелдерді басқару рәсімдерін (операцияларды жасаудың әдістерін, бағдарламаларын, ережелерін, тәртіптерін және рәсімдерін) қолдануының және тиімділігінің толықтығын тексеру;

3) деректер базасының тұтастығына және оларды рұқсатсыз қол жеткізуден қорғауға, күтпеген жағдайларда іс-қимыл жоспарларының болуына бақылау жасаумен қатар, автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуінің тиімділігін тексеру;

4) бухгалтерлік есеп пен есептіліктің шынайылығын, толықтығын, әділдігін және уақтылығын, сондай-ақ ақпарат пен есептілікті жинаудың және берудің сенімділігін және уақтылығын тексеру;

5) Қордың (Ұйымның) Қор (Ұйым) қызметінің лицензияланатын түрінің шеңберінде кез келген мәліметтер мен ақпараттарды беру шынайылығын, толықтығын, әділдігін және уақтылығын тексеру;

6) Қор (Ұйым) мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету үшін қолданылатын тәсілдерді (әдістерді) тексеру;

7) Қор (Ұйым) қызметінің лицензияланатын түрінің шеңберінде жасалатын операциялардың барлық түрлерінің мақсатқа лайықтылығын және тиімділігін бағалау;

8) Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтау мақсатында құрылған жүйелерді тексеру;

9) Қордың (Ұйымның) қызметкерлерін басқару қызметінің жұмысын бағалау;

10) күнделікті балансты өңдеудің дұрыстығы;

11) есеп саясатының қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес келуі;

12) Қордың (Ұйымның) зейнетақы және (немесе) меншікті активтерімен заңсыз айла-әрекет жасау фактілерінің болуы;

13) Қордың (Ұйымның) меншікті және зейнетақы активтерінің есебінің дұрыстығы;

14) өзге мәселелер.

74. Ішкі аудит жүргізу барысында пайдаланылуға міндетті бағалай жүйесі бағалаудың мынадай нұсқаларын қамтиды:

1) «Маңызды жағдай»:

ішкі аудит қорытындысы бойынша ішкі рәсімдердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнама талаптарының өрескел бұзушылықтары анықталды;

процесс тұтастығына зиян келтіруі мүмкін жоғары тәуекелді жою жөнінде жедел және тиімді түзету шарасы талап етіледі;

бөлімшелерді қайта құрылымдау талап етілуі мүмкін;

2) «Тәуекелдің орнын жеткіліксіз түрде толтыру»:

ішкі аудит қорытындысы бойынша ішкі рәсімдердің, сондай-ақ қолданыстағы заңнама талаптарының бұзушылықтары анықталды;

анықталған бұзушылықтарды ішкі аудит қызметі белгілеген түзету іс-шараларын міндетті орындау арқылы жоюға болады;

3) «Жалпы бақылауда»:

нәтижелер әдеттегі іскерлік операциялар барысында жойылуы мүмкін шамалы кемшіліктерді көрсетеді;

кейбір кейінгі түзету іс-шаралары ұсынылады;

4) «Барлық аспектілер бойынша жақсы»:

тәуекел мен орнын толтыру арасындағы дұрыс тепе-теңдік;

нәтижелер тек шамалы кемшіліктерді немесе олардың толық жоқтығын көрсетеді;

шамалы түзету іс-шаралары талап етіледі немесе мүлдем талап етілмейді.

75. Директорлар кеңесі мен Қор (Ұйым) басқармасы ішкі аудит қызметінің есептерін талдайды және ішкі аудит қызметінің Қордың (Ұйымның) кейінгі қызметінде анықталған бұзушылықтарға жол бермеу жөніндегі шараларды қабылдайды.

Нұсқаулықтың осы тармағының бірінші абзацында көрсетілген шаралар Қордың (Ұйымның) директорлар кеңесі және басқармасының шешімі (қаулысы) түрінде рәсімделеді.

76. Қор (Ұйым) басқармасы ішкі аудит қызметінің ұсынымдарды орындауына жедел бақылау жасауды жүзеге асырады және Қордың (Ұйымның) директорлар кеңесінің алдында осындай бақылау нәтижелері туралы есеп береді.

77. Қордың (Ұйымның) ішкі аудит қызметінің есептері уәкілетті органға оның сұратуы бойынша беріледі.


9-тарау. Ақпараттық алмасу жүйесін ұйымдастыруға қойылатын талаптар


78. Қордың (Ұйымның) директорлар кеңесі өз функцияларын жүзеге асыру үшін:

1) Қордың (Ұйымның) зейнетақы және (немесе) меншікті активтермен инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын бөлімшелерінен:

тоқсан сайынғы негізде - Қордың (Ұйымның) инвестициялық қызметтін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын ақпараттың талдау нәтижесі туралы жиынтық есеп;

жарты жыл ішінде бір реттен кем емес – қабылданған инвестициялық шешімдер туралы есеп алады;

2) тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын Қордың (Ұйымның) бөлімшелерінен:

белгіленген лимиттерді және шығындардың жол берілетін барынша жоғары мөлшерін сақтау (пайдалану) туралы ақпаратты – осы Нұқсаулыққа 3-қосымшаға сәйкес тоқсан сайынғы негізде;

осы Нұқсаулыққа 2-қосымшаға сәйкес стресс-тентинг және бэк-тестинг қорытындыларын - әр екі ай сайын;

3) Қордың (Ұйымның) бухгалтерлік есепті жүзеге асыратын бөлімшелерінен - өткен есепті кезеңнің осы кезеңмен және жоспарланған қызметтің көрсеткіштерімен салыстырып, Қордың (Ұйымның) ағымдағы қаржылық-шаруашылық қорытындылары туралы есепті – тоқсан сайынғы негізде алады;

4) ішкі аудит қызметінен - Қордың (Ұйымның) қызметін жақсарту бойынша бар кемшіліктер мен ұсынымдар туралы тұжырымы бар тексерулер нәтижелері бойынша есептер – есептерді дайындау шамасына қарай;

5) Қордың (Ұйымның) басқармасынан - Қордың (Ұйымның) қызметін жақсарту бойынша ішкі аудит қызметінің ұсынымдарын орындауына бақылау жүргізуді жүзеге асыру қорытындылары туралы есепті тоқсан сайынғы негізде алады.

Директорлар кеңесіне берілетін ақпарат директорлар кеңесінің отырыс тізіміне қосылады немесе директорлар кеңесінің мүшелеріне Қордың (Ұйымның) бірінші басшысының немесе оның орын алмастыратын тұлғаның қолымен және Қордың (Ұйымның) мөрімен куәландырылған ілеспе хатпен жіберіледі.

79. Қордың (Ұйымның) басқармасы өз функцияларын жүзеге асыру үшін:

1) Қордың (Ұйымның) аналитикалық қызметтерді жүзеге асыратын бөлімшелерінен - Қордың (Ұйымның) меншікті активтерінің есебінен Қордың (Ұйымның) инвестициялық қызметін жүзеге асыру кезінде пайдаланатын ақпараттың талдау қорытындысы туралы жиынтық есепті – тоқсан сайынғы негізде;

2) Қордың (Ұйымның) тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшелерінен - Қордың (Ұйымның) меншікті активтерінің есебінен Қордың (Ұйымның) инвестициялық қызметін жүзеге асыру кезінде белгіленген лимитерді және шығындардың жол берілетін барынша жоғары мөлшерін сақтау (пайдалану) туралы ақпаратты – осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес тоқсан сайынғы негізде;

3) Қордың (Ұйымның) бухгалтерлік есепті жүзеге асыратын бөлімшелерінен - өткен есепті кезеңнің осы кезеңмен және жоспарланған қызметтің көрсеткіштерімен салыстырып, Қордың (Ұйымның) ағымдағы қаржылық-шаруашылық қорытындылары туралы есепті – тоқсан сайынғы негізде;

4) Қордың (Ұйымның) кірістерін (шығыстарын) - аумақтық және қызметтік бөлімшелеріне қызмет тұрлері бойынша динамиканы қоса, қаржы көрсеткішінің жоспарлы қосымшасымен Қордың (Ұйымның) кірістері (шығыстары) туралы ай сайынғы есептерін – тоқсан сайынғы негізде;

5) ішкі аудит қызметінен - Қордың (Ұйымның) қызметтін жақсарту бойынша бар кемшіліктер мен ұсынымдар туралы тұжырымы бар тексерулер нәтижелері бойынша есептерді – есептерді дайындау шегі бойынша;

6) зейнетақы және (немесе) меншікті активтермен инвестициялық басқаруды және тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардан - қарсы әріптестердің қызметі туралы жағымсыз ақпаратты табу туралы есепті - қарсы әріптестердің қызметі туралы жағымсыз ақпаратты табу шегі бойынша алады;

7) Қордың (Ұйымның) ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесінен тоқсанда бір рет мынадай ақпараттарды алады:

аппараттық-бағдарламалық техникалық кешендердің жағдайы;

есепті кезең ішінде анықталған техникалық проблемалар;

Қордың (Ұйымның) ішкі рәсімдеріне анықталған сәйкессіздіктер;

проблемелер мен сәйкессіздіктердің қайталап туындауын жою және болдырмау үшін қабылданған шаралар;

8) Қордың (Ұйымның) инвестициялық қызметті және тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшелерінен – инвестициялаудың белгіленген лимиттерін бөлімшелермен не қызметкерлермен бұзуы туралы ақпарат;

9) Қордың (Ұйымның) барлық бөлімшелерінен:

бөлімшелердің не қызметкерлердің белгіленген Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын және Қордың (Ұйымның) ішкі құжаттарын бұзуы туралы ақпараттты – ақпараттың туындау шегі бойынша;

анықталған бұзушылықтарды жою бойынша бұзушылықтарды өз бетімен анықтау және қолданған шаларар туралы есептер;

10) Қордың (Ұйымның) зейнетақы және (немесе) меншікті активтерімен инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын бөлімшеден – қабылданған инвестициялық шешімдер туралы есепті – жылында кем дегенде бір рет алады;

80. Қордың (Ұйымның) инвестициялық комитеті өз функцияларын жүзеге асыру үшін:

1) зейнетақы және (немесе) меншікті активтермен инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын бөлімшеден:

туындайтын геосаясаттық жағдайдан, инвестициялау валютасы мен экономика секторынан тәуелді инвестициялау нарығын тарту деңгейі бойынша мароэкономикалық талдауды – тоқсанда кем дегенде бір рет;

эмитенттерді және олардың шығарған (берілген) қаржы құралдарын, этитенттің қаржы жағдайын, оның активтері құнының одан әрі өсу әлеуетін талдауды, қабылданған міндеттемелер, осы эмитентті қаржы құралдарына инвестициялаумен байланысты тәуекелдер бойынша жауап беру мүмкіндігін қосқанда – тоқсанда кем дегенде бір рет;

портфельдің құрылымы, кірістіліктің өзгеру динамикасы, шығындылық позицияларын талдау және портфельдің құрылымын оңтайландыру бойынша ұсынымдар туралы мәліметтерді қамтитын инвестициялық портфельдің талдауын - тоқсанда кем дегенде бір рет;

салымшының жынысы, жасы, саны және салымшылардың санаттары бойынша бөлу арқылы зейнетақы төлемдерінің сомасы туралы ақпаратты қамтитын салымшылар құрылымының талдауын, оның ішінде - тоқсанда кем дегенде бір рет;

зейнетақы жарналары мен төлемдерінің, сондай-ақ Қор міндеттемелерінің құрылымы оларды іске асыру мерзімдері бойынша болжам жасалынған талдауды - тоқсанда кем дегенде бір рет;

өтімді активтерді жұмылдыру мүмкіндігінің өзгеруін, оның ішінде міндеттемелерді шетел валютасында өтеу үшін қажетті өтімді активтерді шетел валютасында қалыптастыру мүмкіндігінің мониторингін ескере отырып, қолма-қол ақшалардың гэп-позициялары бойынша лимиттерді шолу оның ішінде гэп-талдауды – күн сайынғы негізде;

қарсы әріптестердің қызметі туралы жағымсыз ақпаратты анықтау туралы есепті - қарсы әріптестердің қызметі туралы жағымсыз ақпаратты анықтау шегі бойынша;

эмитенттің қаржылық жағдайының мониторингі, сондай-ақ эмитенттің қаржылық жағдайының құнына немесе олардың өз міндеттемелерін орындау мүмкіндігіне әсер ететін ақпараттың пайда болуы туралы есептерді - тоқсанда кем дегенде бір рет;

2) аналитикалық функцияларды жүзеге асыратын бөлімшелерден – ұсынымдарды, және де тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшелерден – қаржы құралдарымен жасалынған операциялар бойынша мынадай лимиттерді орнату/қайта қарау бойынша қорытындыларды:

инвестициялық портфель бойынша (Қордың (Ұйымның) зейнетақы активтерінің немесе меншікті активтерінің есебінен) шығындардың жиынтық жол берілетін барынша жоғары мөлшері шегінде анықталатын шығындардың жол берілетін барынша жоғары мөлшері (ел, валюта, экономика секторы, қаржы құралының түрлері бойынша) – тоқсанда кем дегенде бір рет;

бір эмитентті қаржы құралдарына инвестициялау көлемі бойынша, сондай-ақ осы эмитенттің қаржы құралдары түрлері бойынша лимиттерді, осы эмитентті қаржы құралдарына инвестициялаумен байланысты тәуекелдерді көрсетіп және бұл тәуекелдердің уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген пруденциалды нормативтердің мағынасына ықпалын, директорлар кеңесімен бекітілген қаржы құралдарымен операцияларды жасауға бөлінген лимиттер шегінде, сондай-ақ, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген лимиттерді - тоқсанда кем дегенде бір рет;

«stop – loss» және «take - profit» лимиттері - айына кем дегенде бір рет;

өтімді активтерді жұмылдыру мүмкіндігін ескере отырып, жоғары өтімді активтер бойынша гэп-позицияларға лиммиттер - аптасына кем дегенде бір рет;

3) Қордың (Ұйымның) тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшелерінен:

белгіленген лимиттерді және шығындардың жол берілетін барынша жоғары мөлшерлерін сақтау (орындау) туралы ақпаратты – осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес апта сайынғы негізде;

зейнетақы активтері және (немесе) меншікті активтер бойынша инвестициялық портфельдің өтімділігін жоғалту тәуекелі бойынша кредиттік, пайыздық, валюталық, қор тәуекелдері туралы қорытынды – ай сайынғы негізде;

осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес стресс-тестинг және бэк-тестинг нәтижелері – әрбір екі ай сайын;

қарсы әріптестердің қызметтері туралы жағымсыз ақпараттың табылуы туралы есеп – қарсы әріптестердің қызметтері туралы жағымсыз ақпараттың табылу шамасы бойынша.

4) қаржы құралдарымен мәмілелерді жасауды жүзеге асыратын бөлімшелерден – инвестициялық шешімдерді орындау туралы ақпаратты – апта сайынғы негізде.

81. Ішкі аудит қызметі Қордық (Ұйымның) барлық бөлімшелерінен, филиалдарынан, өкілдіктерінен, инвестициялық комитетінен және қызметкерлерінен өз қызметтерін ішкі аудит қызметінің сұратуларында көрсетілген мерзімде жүзеге асыруға қажетті кез келген құжат және ақпарат алады.

82. Қордың (Ұйымның) тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшелері өз функцияларын іске асыру үшін Қордың (Ұйымның) барлық бөлімшелерінен және қызметкерлерінен өз қызметтерін тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшелердің сұратуларында көрсетілген мерзімде іске асыруға қажетті құжаттар мен ақпаратты алады, сондай-ақ тұрақты негізде:

1) инвестиция портфелі құрылымын талдауға жауапты бөлімшеден:

белгіленген лимиттерді және шығындардың жол берілетін барынша жоғары мөлшерін сақтау (қолдану) туралы ақпаратты – осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес күн сайынғы негізде;

портфель құрылымы туралы ақпаратты – күн сайынғы негізде алады;

2) Қордың (Ұйымның) зейнетақы және (немесе) меншікті активтерді инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын бөлімшесінен:

Қордың (Ұйымның) инвестициялық қызметті жұзеге асыруы кезінде пайдаланылатын ақпараттың талдау қорытындылары туралы жиынтық есеп - тоқсанда кем дегенде бір рет;

инвестициялық портфельдің зейнетақы және (немесе) меншікті активтер бойынша кредиттік, пайыздық, валюталық және қаржы тәуекелдеріне ұшырауы туралы қорытындыны дайындауға қажетті мәліметтер;

3) Қордың (Ұйымның) зейнетақы және (немесе) меншікті активтердің есебінен сатып алынған қаржы құралдарын есептеуге жауапты бөлімшелерінен:

тоқсан сайынғы қаржы есептілігін;

зейнетақы және (немесе) меншікті активтердің есебінен инвестициялық қызметтің нәтижесінде алынған кірістер мен шығындарды ай сайынғы есептеу.

83. Қордың (Ұйымның) бөлімшелері арасындағы ақпараттық алмасу Қордың (Ұйымның) ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

84. Қор және Қордың өз зейнетақы және (немесе) меншікті активтерін инвестициялық басқаруға берген Ұйым екеуі арасындағы ақпарат алмасуы зейнетақы және (немесе) меншікті активтерді инвестициялық басқару жөніндегі шартқа сәйкес жүзеге асырылады.


1   2   3   4   5   6   7

Похожие:

Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 маусымдағы Заңының 56-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Республикасындағы кредиттік бюро және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы” Қазақстан Республикасының Заңын іс жүзіне асыру мақсатында...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Республикасының Заңының 89-бабының 1-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар рыногын одан әрі дамыту мақсатында...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы рыногын
«Почта туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және қаржы секторын тиімді дамыту мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру үшін құрылады
Республикасының қаржылық тұрақтылығы және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңес туралы
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН icon«Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрған банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға қаржы агенттігі мәртебесін беру» мемлекеттік қызметтерінің регламенті
Мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница