Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН




НазваниеҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
страница3/7
Дата конвертации11.02.2016
Размер1.12 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.afn.kz/attachments/70/68/publish68-989660816..doc
1   2   3   4   5   6   7
4-тарау. Инвестициялық декларацияға және Қордың (Ұйымның) меншікті активтерін инвестициялау саясатына қойылатын талаптар


26. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды қамтамасыз ету мақсатында мыналар кіретін, бірақ олармен шектелмейтін инвестициялық декларация әзірленеді:

1) меншікті активтерді инвестициялаудың мақсаттары мен стратегиясы;

2) инвестициялау объектілерінің сипаттамасы мен тізбесі;

3) қаржы құралдарының түрлері және ашық валюталық позиция үлесі бойынша меншікті активтерді инвестициялау лимиттері;

4) инвестициялық қызметке қатысты белгіленген талаптар мен шектеулер;

5) хеджирлеу құралдарының тізбесін және сипаттамасын көрсетумен зейнетақы активтерін хеджирлеу және әртараптандыру талаптары;

6) инвестициялық қызметке байланысты негізгі тәуекелдер туралы ақпарат;

7) комиссиялық сыйақыны өндіріп алу саясаты.

27. Қордың (Ұйымның) директорлар кеңесі инвестициялық декларацияны және оған барлық өзгерістер мен толықтыруларды:

1) Қор зейнетақы активтерін дербес басқарған жағдайда – Қордың инвестициялық комитетімен;

2) Қор мен Ұйымның арасында зейнетақы активтерін инвестициялық басқару туралы шарт болған жағдайда – Ұйымның инвестициялық комитетімен келісілгеннен кейін бекітеді.

Инвестициялық декларация және оған барлық өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында он бес мың данадан кем емес таралыммен таралатын мерзімді баспа басылымдарында жарияланады және (немесе) Интернет желісінде Қордың сайтында орналастырылады.

28. Қордың (Ұйымның) меншікті активтерін инвестициялық басқаруды қамтамасыз ету мақсатында мыналар кіретін, бірақ олармен шектелмейтін Қордың (Ұйымның) меншікті активтерін инвестициялау саясаты әзірленеді:

1) меншікті активтерді инвестициялаудың мақсаттары мен стратегиясы;

2) инвестициялау объектілерінің сипаттамасы мен тізбесі;

3) қаржы құралдарының түрлері және ашық валюталық позиция үлесі бойынша меншікті активтерді инвестициялау лимиттері;

4) инвестициялық қызметке қатысты белгіленген талаптар мен шектеулер;

5) хеджирлеу құралдарының тізбесін және сипаттамасын көрсетумен меншікті активтерді хеджирлеу және әртараптандыру талаптары;

6) инвестициялық қызметке байланысты негізгі тәуекелдер туралы ақпарат;

7) меншікті активтер есебінен инвестициялық портфель бойынша шығындардың жиынтық жол берілетін барынша жоғары мөлшері.

29. Қордың директорлар кеңесі Қордың меншікті активтерін инвестициялау саясатын және оған барлық өзгерістер мен толықтыруларды:

1) Қордың басқармасымен;

2) Қор меншікті активтерін дербес басқарған жағдайда – Қордың инвестициялық комитетімен немесе Қор мен Ұйымның арасында Қордың меншікті активтерін инвестициялық басқару туралы шарт болған жағдайда – Ұйымның инвестициялық комитетімен келісілгеннен кейін бекітеді.

30. Ұйымның директорлар кеңесі Ұйымның меншікті активтерді инвестициялау саясатын және оған барлық өзгерістер мен толықтыруларды Ұйымның басқармасымен және инвестициялық комитетімен келісілгеннен кейін бекітеді.


5-тарау. Қордың (Ұйымның) зейнетақы активтерін және меншікті активтерді инвестициялық басқару жөніндегі қызметті ұйымдастыруға қойылатын талаптар


31. Қордың (Ұйымның) зейнетақы активтерін және (немесе) меншікті активтерін тиімді инвестициялық басқаруды қамтамасыз ету мақсатында Қордың (Ұйымның) зейнетақы және (немесе) меншікті активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын Қордың (Ұйымның) жауапты бөлімшелері:

1) тоқсанда кем дегенде бір рет:

қалыптасып отырған геосаясат жағдайларына, инвестициялау валютасына және экономика секторына қарай инвестициялау нарықтарының тартымдылық дәрежесі бойынша макроэкономикалық талдау;

эмитенттің қаржылық жай-күйін талдауды қоса алғанда, эмитенттерді және олар шығарған (берген) қаржы құралдарына, оның активтері құнының одан әрі өсу потенциалына, қабылданған міндеттемелер бойынша жауап беру қабілетіне, осы эмитенттің қаржы құралдарына инвестициялауға және осы тәуекелдердің уәкілетті орган Қор (Ұйым) үшін белгілеген пруденциалдық нормативтерге және өзге де нормалар мен лимиттерге әсер етуіне байланысты тәуекелдерге талдау;

инвестициялық портфельге талдау, оған портфельдің құрылымы, кірістіліктің өзгеру динамикасы туралы мәліметтер, шығынды позицияларды және портфельдің құрылымын оңтайландыру жөніндегі ұсынымдарды талдау кіреді;

2) тоқсанда кем дегенде бір рет:

салымшыларды санаттар бойынша бөлумен салымшылардың жынысы, жасы, зейнетақы төлемдерінің саны және сомасы туралы ақпарат кіретін салымшылар құрылымына талдау;

зейнетақы жарналары мен төлемдеріне, сондай-ақ Қордың міндеттемелерді іске асыру мерзімдері бойынша олардың құрылымына болжам талдау.

Ұйым оған Қордың (Ұйымның) зейнетақы және (немесе) меншікті активтері инвестициялық басқаруға табысталған жағдайда осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген көрсеткіштерге талдау жасауды Қор ұсынатын мәліметтер негізінде жүзеге асырады;

3) жыл сайынғы негізде:

гэп-талдау жүргізеді, оған өтімді активтерді жұмылдыру қабілетінің өзгеруін ескерумен қолма-қол ақшаның гэп-позициялары бойынша лимиттерге шолу жасау, оның ішінде шетел валютасындағы міндеттемелерді өтеу үшін қажет шетел валютасындағы өтімді активтерді қалыптастыра алу қабілетіне мониторинг кіреді.

32. Қордың (Ұйымның) жауапты бөлімшелері осы Нұсқаулықтың 31-тармағында көрсетілген аналитикалық зерттеулер негізінде осындай ұсынымдарды беруге негіздеме болған факторлардың толық тізбесі бар ұсынымдарды әзірлейді.

33. Ұсынымдар:

1) корпоративтік стратегияны, инвестициялық декларацияны және меншікті активтерді инвестициялау саясатын әзірлеу, сондай-ақ көрсетілген құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

2) инвестициялау лимиттерін белгілеу мен қайта қарау;

3) шығындардың жол берілетін барынша жоғары мөлшерін белгілеу мен қайта қарау;

4) Қордың (Ұйымның) зейнетақы және (немесе) меншікті активтері есебінен мәмілелер жасау туралы инвестициялық шешімдерді қабылдау кезінде беріледі.

34. Ұсынымда мынадай мәліметтер болады:

1) ұсынымның нөмірі және берілген күні;

2) Қордың (Ұйымның) ұсынымды дайындаған жауапты бөлімшесі туралы мәліметтер;

3) ұсыным беру үшін пайдаланылған ақпарат дереккөздерінің тізбесі (сипаттамасы);

4) ұсыным беру үшін пайдаланылған ақпаратты талдау нәтижелері және ұсынылатын шешімдер нұсқалары;

5) ұсыным берген тұлғалардың атқаратын лауазымдарын көрсетумен қойған қолдары;

6) Қордың (Ұйымның) ішкі құжаттарында белгіленген өзге де ақпарат.

35. Қордың (Ұйымның) зейнетақы және (немесе) меншікті активтері есебінен мәмілелер жасау туралы инвестициялық шешімдерді қабылдау кезінде берілетін ұсынымда осы Нұсқаулықтың 34-тармағында көрсетілген мәліметтерге қосымша:

1) мыналар туралы ақпаратты қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, ұсыным беру үшін пайдаланылған ақпаратты талдау нәтижелері:

жасалатын мәміленің зейнетақы және (немесе) меншікті активтер бойынша кірістердің болжанатын өзгерісіне әсері;

осы қаржы құралын сатып алумен байланысты тәуекелдер;

жасалатын мәміленің уәкілетті орган белгілеген пруденциалдық нормативтер мәнінің өзгерісіне әсері;

2) ұсынылатын инвестициялық шешімнің нұсқалары;

3) қаржы құралының түрін, көлемін, бағалар диапазонын, кірістілік деңгейін және басқа сипаттамаларын (талаптарын) көрсетумен осы құралдың сипаттамасы;

4) инвестициялық декларацияға (Қордың (Ұйымның) меншікті активтерін инвестициялау саясатына) сәйкес мәміле жасауға ұсынылатын қорытындының мақсаты болады.

36. Ұсынымдар оларды дайындауға негіздеме болған барлық құжаттармен бірге сақталады.

37. Қордың (Ұйымның) тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшесі:

1) қаржы құралдарымен операциялар бойынша, оның ішінде қаржы құралдары нарығында («stop-loss») бағалардың күрт ауытқуымен байланысты шамадан тыс шығындарды болдырмау жөніндегі оперативті рәсімдерді, сондай-ақ тиісті кірістілікті қаржы құралдары бойынша бағалардың критикалық деңгейлерін белгілейді, ол деңгейлерге жеткеннен кейін қаржы құралының нарықтық құнының («take-profit») төмендеу ықтималдығы жоғарылайды. «stop-loss» және «take-profit» лимиттері белсенді нарық жұмыс істейтін қаржы құралдары үшін, сондай-ақ тізбесін Қордың (Ұйымның) инвестициялық комитеті белгілейтін өзге де құралдары үшін белгіленеді;

2) зейнетақы және (немесе) меншікті активтерді инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын бөлімшемен бірлесіп, қаржы құралдары нарығының ауқымы мен динамикасына және қаржы құралының өтімділігіне сәйкес лимиттерді және шығындардың жол берілетін барынша жоғары мөлшерін қайта қарауға бастамашы болады;

3) зейнетақы және (немесе) меншікті активтерді инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын бөлімше ұсынатын ақпарат негізінде зейнетақы активтері және (немесе) меншікті активтер бойынша инвестициялық портфельдің кредиттік, пайыздық, валюталық және қаржыландыру тәуекелдеріне ұшырағыштығы туралы қорытынды дайындайды және осы қорытындыны инвестициялық комитетке ұсынады.

38. Қордың (Ұйымның) тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшесінің осы Нұсқаулықтың 37-тармағының 3) тармақшасына сәйкес дайындалған қорытындысында мыналар туралы ақпаратты қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, мынадай мәліметтер болады:

жасалатын мәміленің директорлар кеңесі және инвестициялық комитет белгілеген лимиттердің сақталуына әсері;

жасалатын мәміленің уәкілетті орган белгілеген пруденциалдық нормативтер мәнінің ықтимал өзгерісіне әсері;

осы қаржы құралын сатып алумен байланысты тәуекелдер.

39. Қордың директорлар кеңесі аналитикалық функцияларды жүзеге асыратын бөлімшенің ұсынымдары және тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшенің қорытындысы негізінде:

1) Қордың (Ұйымның) зейнетақы және (немесе) меншікті активтерін инвестициялаудың басым бағыттарын белгілейді;

2) зейнетақы және (немесе) меншікті активтер есебінен инвестициялаудың мынадай лимиттерін белгілейді және жылына кем дегенде бір рет қайта қарайды:

қаржы құралдарының түрлері бойынша инвестициялау лимиттері;

белгілі бір мемлекеттің резиденті болып табылатын («елге лимит») эмитенттердің қаржы құралдарына инвестициялау лимиттері;

ашық валюталық позициялар бойынша лимиттер және валюталық нетто-позиция лимиті;

негізгі қызмет түрі экономиканың белгілі бір секторымен байланысты эмитенттердің қаржы құралдарына инвестициялау лимиттері;

инвестициялық портфель бойынша шығындардың жиынтық жол берілетін барынша жоғары мөлшері;

қаржы құралдары үшін «stop-loss» лимиттері;

қаржы құралдары үшін «take-profit» лимиттері.

40. Ұйымның директорлар кеңесі аналитикалық функцияларды жүзеге асыратын бөлімшенің ұсынымдары және тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшенің қорытындысы негізінде Ұйымның меншікті активтерін инвестициялаудың басым бағыттарын белгілейді, осы Нұсқаулықтың 39-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген Ұйымның меншікті активтері есебінен инвестициялау лимиттерін белгілейді және жылына кем дегенде бір рет қайта қарайды.

41. Қордың (Ұйымның) инвестициялық комитеті аналитикалық функцияларды жүзеге асыратын бөлімшенің ұсынымдары және тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшенің қорытындысы негізінде инвестициялық шешімдер қабылдайды, тоқсанда кем дегенде бір рет:

1) Қордың (Қордың зейнетақы және (немесе) меншікті активтеріне қатысты) немесе Ұйымның (Ұйымның меншікті активтеріне қатысты) директорлар кеңесі бекіткен лимиттер шегінде қаржы құралдарымен операциялар бойынша мынадай лимиттерді:

қаржы құралдары номинирленген валюталар бойынша инвестициялау лимиттерін;

бір эмитенттің қаржы құралдарына инвестициялау мөлшері бойынша, сондай-ақ осы эмитенттің қаржы құралдарының түрлері бойынша лимиттерді;

шығындардың жол берілетін барынша жоғары мөлшерін (елі, валютасы, экономика секторы, қаржы құралдарының түрлері және эмитент бойынша);

өтімді активтерді жұмылдыру мүмкіндігін ескерумен жоғары өтімді активтер бойынша гэп-позицияларға лимиттерді;

2) «stop-loss» және «take-profit» лимиттері белгіленетін қаржы құралдарының тізбесін белгілейді және қайта қарайды.

42. Зейнетақы активтері және (немесе) меншікті активтер есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфель бойынша шығындардың жол берілетін барынша жоғары мөлшерін (елі, валютасы, экономика секторы, қаржы құралының түрлері, жеке қаржы құралы бойынша және эмитент бойынша):

1) зейнетақы және (немесе) меншікті активтерді дербес басқаруды жүзеге асыратын Қор бойынша шығындардың жиынтық жол берілетін барынша жоғары мөлшері аясында Қордың тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшесі белгілейді және Қордың инвестициялық комитеті бекітеді;

2) Қордың зейнетақы және (немесе) меншікті активтерін Ұйымға инвестициялық басқаруға табыстаған Қор бойынша шығындардың жиынтық жол берілетін барынша жоғары мөлшері аясында Ұйымның тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшесі белгілейді және Ұйымның инвестициялық комитеті бекітеді.

43. Зейнетақы активтері есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфель бойынша шығындардың жиынтық жол берілетін барынша жоғары мөлшері мынадай формула бойынша анықталады:


ШЖБЖМжиын ЗАбойынша <= ЗАболжам.*(К2болжам.-120%*(К2болжам. жүйе бойынша-30%)), мұнда:


ШЖБЖМжиын ЗАбойынша – есептеу күнінде зейнетақы активтері бойынша шығындардың жиынтық жол берілетін барынша жоғары мөлшері;

ЗАболжам – келесі есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша зейнетақы активтері мөлшерінің болжам мәні;

К2 болжам.- келесі есепті кезеңнің соңындағы 60 ай ішінде Қордың К2 мөлшерінің болжам мәні;

К2 болжам. жүйе бойынша – келесі есепті кезеңнің соңындағы 60 ай ішінде бүкіл жинақтаушы зейнетақы жүйесі бойынша К2 орташа мөлшерленген мөлшерінің болжам мәні;

К2 болжам. жүйе бойынша-30% - К2 болжам мәні, бұл кезде Қордың нақты өтеуі басталады.

44. Қордың (Ұйымның) меншікті активтері есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфель бойынша шығындардың жиынтық жол берілетін барынша жоғары мөлшері мынадай формула бойынша анықталады:


ШЖБЖМжиын МА <= 80%* (МКболжам.- МКнорматив.), мұнда:


ШЖБЖМжиын МА - Қордың (Ұйымның) меншікті активтері есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфель бойынша шығындардың жиынтық жол берілетін барынша жоғары мөлшері;

МКболжам – келесі есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша Қордың (Ұйымның) меншікті капиталы мөлшерінің болжам мәні;

МКболжам = ӨАболжам – Мболжам ;

ӨАболжам – өтімді активтер мөлшерінің болжам мәні;

Мболжам – міндеттемелер мөлшерінің болжам мәні;

МКнорматив =ВПА * 0.04 мұнда:

МЗА – соңғы есепті күндегі тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген зейнетақы активтері;

МКнорматив – меншікті капитал жеткіліктілігі жөніндегі барынша төмен талап орындалатын меншікті капиталдың есептелетін мөлшері.

45. Қордың (Ұйымның) зейнетақы активтері немесе меншікті активтері есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфель бойынша жиынтық шығындар зейнетақы және (немесе) меншікті активтер бойынша шығындардың жиынтық жол берілетін барынша жоғары мөлшерінен аспауы тиіс.

Қор (Ұйым) нақты шығындар шығындардың жиынтық жол берілетін барынша жоғары мөлшерінің мәнінен немесе елі, валютасы, экономика секторы, қаржы құралының түрлері эмитент бойынша бөлігінде асқан жағдайда жағдайға талдау жүргізеді және жасалған талдау нәтижелеріне байланысты тиісті түзету шараларын жүзеге асырады не шығындардың жол берілетін барынша жоғары мөлшерінің мәнін қайта қарайды.


1   2   3   4   5   6   7

Похожие:

Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 маусымдағы Заңының 56-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Республикасындағы кредиттік бюро және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы” Қазақстан Республикасының Заңын іс жүзіне асыру мақсатында...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Республикасының Заңының 89-бабының 1-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар рыногын одан әрі дамыту мақсатында...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы рыногын
«Почта туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және қаржы секторын тиімді дамыту мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру үшін құрылады
Республикасының қаржылық тұрақтылығы және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңес туралы
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН icon«Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрған банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға қаржы агенттігі мәртебесін беру» мемлекеттік қызметтерінің регламенті
Мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница