Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН




НазваниеҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
страница2/7
Дата конвертации11.02.2016
Размер1.12 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.afn.kz/attachments/70/68/publish68-989660816..doc
1   2   3   4   5   6   7

2-тарау. Тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуына қойылатын

негізгі талаптар

7. Қорда (Ұйымда) тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуы Қор (Ұйым) қызметінің корпоративтік басқару, лицензияланатын қызмет түрі аясында операциялар жүргізу практикасының, активтер мен міндеттемелерді басқару практикасының болуы, ақпараттық жүйелердің және басқару ақпараты жүйелерінің жұмыс істеуі жөніндегі талаптарға сәйкес келуін көздейді.

8. Қордың тәуекелдерді басқару жүйелері оның қызметінің мынадай бағыттарын қамтиды:

1) зейнетақы қызметтерін көрсету нарығының негізгі көрсеткіштеріне тұрақты түрде талдау жүргізу және макро және микроэкономикалық факторлардың әсер етуін ескере отырып олардың өзгерістерін болжау;

2) зейнетақы активтері бойынша инвестициялық декларацияны және меншікті активтерді инвестициялау саясатын әзірлеу және бекіту;

3) салымшылармен (алушылармен) жұмыс істеуді ұйымдастыру тәртібін белгілеу және:

есепке алудың шынайылығын және жеке зейнетақы шоттарын ашудың және салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына қаражаттың, төлемдер мен жинақталған зейнетақы қаражаты аударымдарының келіп түсуінің уақтылы болуын қамтамасыз ететін рәсімдер;

салымшылардың (алушылардың) шағымдары мен өтініштерінің мәні бойынша белгіленген мерзімде қаралуына кепілдік беретін рәсімдер;

салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражаты аударымдарының және төлемдерінің уақтылы жүзеге асырылуына кепілдік беретін рәсімдер;

зейнетақы активтерін есепке алудың Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру және бухгалтерлік есеп туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз ететін рәсімдер;

комиссиялық сыйақының дұрыс есептелуін тексеруді жүзеге асыру тәртібі;

Қордың және салымшылармен (алушылармен) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар жасасу үшін тартылатын жеке тұлғалардың арасында шарттар болған кезде – олардың қызметіне бақылау жасау жөніндегі рәсімдер кіретін олардың жинақталған зейнетақы қаражатын есепке алу;

4) Қорды басқарудың ұйымдастыру-функционалдық құрылымын құру;

5) ішкі рәсімдер мен құжаттарды әзірлеу және бекіту;

6) Қордың мүдделі органдарына және құрылымдық бөлімшелеріне шешімдер қабылдау үшін қажетті ақпаратты ұсыну, сондай-ақ Ұйыммен ақпарат алмасу тәртібі;

7) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы және зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында және меншікті активтерді инвестициялау саясатында белгіленген талаптардың сақталуына мониторинг жасау.

9. Ұйымның тәуекелдерді басқару жүйелері оның қызметінің мынадай бағыттарын қамтиды:

1) зейнетақы қызметтерін көрсету нарығын және бағалы қағаздар нарығын қосқандағы қаржы нарығы көрсеткіштерінің болжам мәндерін ескергендегі инвестициялық мүмкіндіктерге тұрақты түрде талдау жүргізу және осы талдау негізінде инвестициялық шешімдер қабылдауға ұсынымдар дайындау;

2) Ұйымның меншікті активтерді инвестициялау саясатын әзірлеу және бекіту, зейнетақы активтері жөніндегі инвестициялық декларацияны әзірлеуге қатысу;

3) инвестициялау лимиттерін, шығындардың жол берілетін барынша жоғары мөлшерін, «stop-loss», «take-profit» және гэп-позиция лимиттерін белгілеу;

4) инвестициялық басқаруға қабылданған активтерге қатысты инвестициялық шешімдер қабылдау;

5) меншікті активтерге қатысты инвестициялық шешімдер қабылдау;

6) инвестициялау барысында Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы және зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында, зейнетақы активтері жөніндегі инвестициялық декларацияда және меншікті активтерді инвестициялау саясатында белгіленген талаптардың сақталуына мониторинг жасау;

7) инвестициялық басқаруға қабылданған активтері есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельдің ықтимал шығындарға ұшырағыштығына стресс-тестинг жүргізуді жүзеге асыру;

8) меншікті активтер есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельердің ықтимал шығындарға ұшырағыштығына стресс-тестинг жүргізуді жүзеге асыру;

9) Ұйымды басқарудың ұйымдастыру-функционалдық құрылымын құру;

10) ішкі рәсімдер мен құжаттарды әзірлеу және бекіту;

11) Ұйымның мүдделі органдарына және құрылымдық бөлімшелеріне шешімдер қабылдау үшін қажетті ақпаратты ұсыну, сондай-ақ Қормен ақпарат алмасу тәртібі.

10. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы негізінде зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыратын Қордың тәуекелдерді басқару жүйесі оның қызметінің осы Нұсқаулықтың 8-тармағында және 9-тармағының 3) – 8) тармақшаларында аталған бағыттарын қамтиды.

Қордың меншікті активтерін инвестициялауға қатысты дербес шешім қабылдайтын Қордың тәуекелдерді басқару жүйесі оның қызметінің осы Нұсқаулықтың 8-тармағында және 9-тармағының 1), 3), 5), 8) тармақшаларында аталған бағыттарын қамтиды.


3-тарау. Қордың (Ұйымның) ішкі құжаттарына қойылатын

талаптар


11. Қордың (Ұйымның) ішкі құжаттарына:

1) Қорды (Ұйымды) басқарудың ұйымдастыру-функционалдық құрылымы туралы ереже;

2) ұзақ мерзімді кезеңге стратегиялық жоспарлау және қысқа мерзімді және орта мерзімді кезеңдерге жылдық бюджетті/қаржылық жоспарды жасау тәртібі;

3) Қордың (Ұйымның) корпоративтік стратегиясы;

4) Қордың (Ұйымның) есепке алу саясаты;

5) Қордың зейнетақы ережелері;

6) Қордың (Ұйымның) ішкі инвестициялау ережелері;

7) Қордың (Ұйымның) меншікті активтерді инвестициялау саясаты;

8) Қордың (Ұйымның) тәуекелдерді басқару саясаты;

9) контрсеріктестерге талдау және мониторинг жасауды жүзеге асыру рәсімдері;

10) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ережелері;

11) қаржылық қызметті көрсету үшін комиссиялық сыйақыны есептеу және өндіріп алу ережелері;

12) ішкі аудитті және ішкі бақылауды жүзеге асыру рәсімдері;

13) ішкі есепке алу жүйелерінің журналдарын жүргізу ережелері;

14) қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулық;

15) Қордың (Ұйымның) Директорлар кеңесі белгілеген өзге құжаттар кіреді.

12. Қордың (Ұйымның) басқармасы бекітетін осы қаулының 11-тармағының 1) және 14) тармақшаларында көзделген ішкі құжаттарды қоспағанда, осы қаулының 11-тармағында көрсетілген Қордың (Ұйымның) ішкі құжаттары жеке құжат ретінде жасалады не Қордың (Ұйымның) басқа ішкі құжаттарының құрамына кіргізіледі және Қорда (Ұйымда) тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын Қордың (Ұйымның) бөлімшесімен келісілгеннен кейін Қордың (Ұйымның) Директорлар кеңесімен бекітіледі.

13. Қорды (Ұйымды) басқарудың ұйымдастыру-функционалдық құрылымы туралы ереже:

1) органдардың олардың функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін құрылымын;

2) органдардың, филиалдар мен өкілдіктердің, құрылымдық бөлімшелердің, қызметкерлердің арасындағы өзара іс-әрекет жасау тәртібінің сипаттамасын;

3) органдардың, филиалдар мен өкілдіктердің, құрылымдық бөлімшелердің функцияларының, міндеттері мен өкілеттіктерінің сипаттамасы кіретін ережелерді, сондай-ақ Қордың және (немесе) Ұйымның жоғарғы органына және басқару органына есептілікті және ақпаратты ұсыну нысандары мен мерзімдерін. Қордың (Ұйымның) жоғарғы органына және басқару органына ұсынылатын ақпарат тізбесі Қордың (Ұйымның) органдарына олардың функционалдық міндеттерін тиісінше орындауы үшін жеткілікті ақпарат көлемін ұсыну қажеттілігі ескеріліп жасалады;

4) қызметкерлердің қызметтік нұсқаулықтарын;

5) Қордың (Ұйымның) ұйымдастыру құрылымында қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруға екі және одан да көп лицензияға ие, әрбір қызмет түрі бойынша жекелеген бөлімшелердің болуын және бөлімшелердің бірінің қызметкерлеріне басқа бөлімше қызметкерлерінің міндеттерін орындауды жүктеуге жол бермеуді;

6) тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшенің және ішкі аудит қызметінің қызметкерлеріне Қордың (Ұйымның) басқа бөлімшелерінің функцияларын жүктеуге жол бермеуді;

7) құрылымдық бөлімшелердің және қызметкерлердің есепті кезең ішіндегі қызметінің тиімділігін бағалау тәртібі, оның ішінде оларға жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалмағаны (сапалы немесе уақтылы орындалмағаны) үшін шаралар қолдануды белгілейді.

14. Ұзақ мерзімді кезеңге стратегиялық жоспарлау және қысқа мерзімді және орта мерзімді кезеңдерге жылдық бюджетті (қаржылық жоспарды) жасау тәртібі, сондай-ақ Қордың (Ұйымның) корпоративтік стратегиясы Қордың (Ұйымның) қызметіне әсер ететін объективті макро және микроэкономикалық факторларды ескеру мақсатында жасалады және қайта қаралады.

Корпоративтік стратегия Қордың (Ұйымның) қызметінің қысқа мерзімді (бір жылға дейін), орта мерзімді (бір жылдан үш жылға дейін) және ұзақ мерзімді (үш жыл және одан көп) мақсаттарын, маркетинг жоспарларын белгілейді.

15. Қордың (Ұйымның) есепке алу саясаты Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасының, бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына қайшы келмейтін талаптарына сәйкес жасалады.

16. Қордың зейнетақы ережелері Қордың және салымшылардың (алушылардың) арасында туындайтын құқықтық қатынастар ерекшеліктерін белгілейді және оған:

1) Ззейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңның 29-бабының 1-тармағында көрсетілген мәліметтер;

2) салымшылармен (алушылармен) жұмыс жасауды ұйымдастыру және олардың жинақталған зейнетақы қаражатын есепке алу тәртібі, мыналар бойынша рәсімдерді қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей:

есепке алудың шынайылығын және салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына қаражаттың, төлемдер мен жинақталған зейнетақы қаражаты аударымдарының келіп түсуінің уақтылы болуын қамтамасыз ету;

салымшылардың (алушылардың) шағымдары мен өтініштерін қарау мерзімдерін және оларды қарау нәтижелері бойынша салымшыға (алушыға) жіберілген Қордың жауабының мазмұнына қойылатын талаптарды көрсетумен салымшылардың (алушылардың) шағымдары мен өтініштерін қарау;

салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражаты аударымдарының және төлемдерінің уақтылы жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;

зейнетақы активтерін есепке алудың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз ету;

зейнетақы активтерін есепке алудың және зейнетақы активтерін инвестициялаудың уақтылы болуының Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасының талаптарына сәйкес келуінің мониторингін қамтамасыз ету;

комиссиялық сыйақының дұрыс есептелуін тексеруді жүзеге асыру;

Қордың салымшылармен (алушылармен) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу үшін тартатын жеке тұлғалардың қызметіне бақылау жасау;

Қордың және салымшылармен (алушылармен) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар жасасу үшін тартылатын жеке тұлғалардың арасында шарттар болған кезде – олардың қызметіне бақылау жасау жөніндегі рәсімдер;

3) осы Нұсқаулықтың 4-тарауының талаптарына сәйкес әзірленетін және бекітілетін инвестициялық декларация;

4) Қор зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметі барысында пайдаланатын құжаттардың типтік нысандары кіреді.

17. Қордың (Ұйымның) ішкі инвестициялау ережелері зейнетақы және (немесе) меншікті активтерді инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру талаптары мен тәртібін, зейнетақы және (немесе) меншікті активтерді басқарушының құқықтары мен міндеттерін, зейнетақы және (немесе) меншікті активтерді инвестициялық басқару жөніндегі қызмет барысында пайдаланылатын құжаттардың типтік нысандарын белгілейді және оған мыналар бойынша рәсімдердің сипаттамасы кіреді:

1) инвестициялық декларацияны әзірлеу;

2) Қордың (Ұйымның) меншікті активтерді инвестициялау саясатын әзірлеу;

3) мыналарды көздейтін Қордың (Ұйымның) зейнетақы және (немесе) меншікті активтеріне қатысты инвестициялық шешімдер қабылдау үшін ұсынымдар дайындау:

ұсынымдар беруге өкілетті тұлғалар лауазымдарының тізбесін;

зейнетақы немесе меншікті активтер есебінен инвестициялық портфельдің жай-күйін талдауды жүзеге асыру тәртібін;

инвестициялауды жүзеге асыру болжанатын қаржы құралдары айналымының және кірістілігінің болуын, талаптарын талдауды жүзеге асыру тәртібін;

инвестициялауды жүзеге асыру болжанатын қаржы құралдарымен байланысты тәуекелдерді талдауды жүзеге асыру тәртібін;

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы
қорларына арналған пруденциалдық нормативтердiң нормативтiк маңызы,
олардың есебiнiң әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы» 2009 жылғы 5 тамыздағы № 180 (Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5789 тiркелген) (бұдан әрi - № 180 қаулы), «Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердiң нормативтiк мәндерi, оларды есептеу әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы» 2009 жылғы 5 тамыздағы № 181 (Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5793 тiркелген) (бұдан әрi - № 181 қаулы), «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 5 тамыздағы № 189 (Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5794 тiркелген) (бұдан әрi - № 189 қаулы), «Бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызмет түрлерiн қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердi есептеу ережесiн бекiту туралы» 2009 жылғы 26 қыркүйектегі № 215 (Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5810 тiркелген) (бұдан әрi - № 215 қаулы) қаулыларымен белгiленген әртараптандыру нормаларының сақталуын талдауды жүзеге асыру тәртiбiн;

ұсынымдар беру үшін маңызды факторларды талдауды жүзеге асыру тәртібін;

4) инвестициялық шешімдерді қабылдауға уәкілетті инвестициялық комитет жұмысының сипаттамасы, отырыстарды өткізудің және рәсімдеудің кезеңділігі болатын Қордың (Ұйымның) зейнетақы және (немесе) меншікті активтеріне қатысты инвестициялық шешімдерді қабылдау;

5) инвестициялық шешімдерді дайындау, қабылдау және орындау барысында Қордың (Ұйымның) органдары мен құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-әрекет жасауы, Қор зейнетақы және (немесе) меншікті активтерін Ұйымға инвестициялық басқаруға табыстаған жағдайда – инвестициялық шешімдерді дайындау, қабылдау және орындау барысында Ұйымның және Қордың құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-әрекет жасау рәсімдері;

6) зейнетақы және (немесе) меншікті активтердің қатысуымен көмегі арқылы мәміле жасау болжанатын делдалмен (брокермен) өзара іс-әрекет жасау (мұндай бар болған кезде) процестерінің сипаттамасы бар зейнетақы және (немесе) меншікті активтердің қатысуымен мәмілелер жасау, зейнетақы және (немесе) меншікті активтердің қатысуымен мәмілелердің жасалуын бақылау, активтердің құрамы мен қозғалысын салыстырып тексеруді, ішкі есепке алуды және жасалған мәмілелердің құжат айналымын жүргізуді жүзеге асыру, сондай-ақ зейнетақы және (немесе) меншікті активтердің қатысуымен мәмілелердің жасалуын бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар тізбесі;

7) уәкілетті органның, Қордың (Ұйымның) тиісті органдарының, зейнетақы және (немесе) меншікті активтерін инвестициялық басқаруға (Ұйым үшін) табыстаған Ұйымдардың алдында зейнетақы және (немесе) меншікті активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызмет нәтижелері туралы есеп беруді дайындау.

18. Қордың (Ұйымның) меншікті активтерді инвестициялау саясаты осы Нұсқаулықтың 4-тарауының талаптарына сәйкес әзірленеді және бекітіледі.

19. Қордың (Ұйымның) тәуекелдерді басқару саясаты мыналарды белгілейді:

1) Қордың (Ұйымның) директорлар кеңесінің, басқармасының мүшелерінің және жауапты қызметкерлерінің тәуекелдерді басқару жөніндегі өкілеттіктері мен функционалдық міндеттерін;

2) білімінің және жұмыс стажының болуы жөніндегі талаптарды қоса алғанда, бірақ олармен шектелместен, Қордың (Ұйымның) басшы қызметкерлеріне, сондай-ақ тәуекелдерді басқаруды және қаржы нарығындағы лицензияланатын қызмет түрлерін жүзеге асыратын бөлімшелер қызметкерлеріне қойылатын біліктілік талаптарын;

3) Қордың (Ұйымның) ағымдағы қаржылық жай-күйі мен қызметі және кредиттік, валюталық, ел (трансферт), бедел тәуекелдерін, өтімділікті жоғалту тәуекелін және өзге де белгіленген тәуекелдерді сәйкестендіретін және өлшейтін, тәуекелдерге ұшырау дәрежесін, олардың белгіленген лимиттер шегінде сақталуын анықтайтын басқару есептілігінің белгілі бір нысандары түрінде қабылданған тәуекелдер туралы ақпарат форматын;

4) Қордың (Ұйымның) ұйымдастыру құрылымының құрамында Қордың (Ұйымның) қызметінің өзге түрлерін жүзеге асыруға қатыспайтын тәуекелдерді басқару жөніндегі жеке бөлімшенің болуын;

5) лицензияланатын қызмет түріне тән тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, мониторинг және бақылау жасау рәсімдерін, оның ішінде:

болжанатын тәуекел (VAR-модель) бойынша қаржы құралдарын бағалаудың халықаралық практикасын пайдаланумен тәуекелдерді бағалау әдістемесін;

туынды қаржы құралдарымен жасалатын операцияларға тән тәуекелдерді қоса алғанда, тәуекелдерді өлшеу тәртібін, пайдаланылатын тәуекелді өлшеу модельдерінің сипаттамасын;

қаржы құралының құнына әсер ететін тәуекелдерді ескерумен оның құнын белгілеу рәсімдерін;

6) бақылау жасауды жүзеге асыруға жауапты тұлғалар лауазымдарының тізбесін көрсетумен зейнетақы және (немесе) меншікті активтерге қатысты белгіленген инвестициялау лимиттерінің орындалуына бақылау жасауды жүзеге асыру тәртібін;

7) бақылау жасауды жүзеге асыруға жауапты тұлғалар лауазымдарының тізбесін көрсетумен шығындардың жол берілетін барынша жоғары мөлшерлерінің сақталуына бақылау жасауды жүзеге асыру тәртібін;

8) бақылау жасауды жүзеге асыруға жауапты тұлғалар лауазымдарының тізбесін көрсетумен «stop-loss», «take-profit» лимиттерін белгілеу және орындауға бақылау жасау ережелерін;

9) орта және ұзақ мерзімді перспективада инвестициялық рентабельдіктің тұрақты көрсеткіштерін қолдау мақсатында инвестициялық портфельді құрылымдау рәсімдерін;

10) қаржы құралдарын сатып алудан (сатудан) болатын шамадан тыс шығыстардың алдын алу және көрсетілген тәртіптің орындалуына бақылау жасауды жүзеге асыру тәртібін;

11) зейнетақы және (немесе) меншікті активтерін инвестициялаумен байланысты тәуекелдер үдеген жағдайда, инвестициялық декларацияға өзгерістер енгізуге бастамашы болу және инвестициялау лимиттерін, шығындардың жол берілетін барынша жоғары мөлшерін, «stop-loss» және «take-profit» лимиттерін қайта қарау тәртібін;

12) лицензияланатын қызмет түрлері аясында жүзеге асырылатын барлық операцияларды бақылаудың екі деңгейін: операцияны орындайтын қызметкер – бірінші деңгей, операцияны орындайтын қызметкерге бақылау жасайтын тікелей басшы – екінші деңгей;

13) зейнетақы және (немесе) меншікті активтер есебінен мәмілелерді жасау және зейнетақы және (немесе) меншікті активтерін есепке алу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын бөлімшелердің мәмілелерді жасау және жасалған мәмілелерді есепке алуда көрсету жөніндегі функционалдық міндеттерді бөлуге негізделген қызметіне бақылау жасау жүйесін. Бақылау жасау жүйесі:

тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшенің жасалуы жоспарланып отырған мәмілелер параметрлерінің инвестициялау лимиттеріне сәйкес келуін бақылау жөніндегі функциясын белгілеуді;

құқықтық қамтамасыз ету функциясын жүзеге асыратын бөлімшенің жасалатын мәмілелер бойынша шарттардың жобаларына құқықтық сараптама жүргізу жөніндегі функциясын белгілеуді;

зейнетақы және (немесе) меншікті активтер есебінен сатып алынған қаржы құралдарын есепке алуды жүзеге асыратын бөлімшенің орындалған мәмілелер параметрлерінің инвестициялық шешімдердің талаптарына сәйкес келуін бақылау жөніндегі функциясын белгілеуді;

зейнетақы және (немесе) меншікті активтер есебінен мәмілелер жасауды жүзеге асыратын бөлімшенің тек қана инвестициялық шешімде көрсетілген параметрлерге сәйкес мәмілелер жасау жөніндегі функциясын белгілеуді;

ішкі аудит қызметінің Қор (Ұйым) бөлімшелерінің оларға бақылау жүйесі аясында жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауына бақылау жасау жөніндегі функциясын белгілеуді;

бақылау жүйесіне қатысушылардың арасындағы сөз байласу мүмкіндігін шектейтін шаралардың болуын көздейді;

14) инвестициялық шешімдерді орындауға байланысты транзакциялық шығыстарға талдау жасауды қосқанда, тұрақты түрде мониторинг жасау және қабылданған инвестициялық шешімдердің тиімділігін анықтау рәсімдерін;

15) мыналарды белгілейтін Қордың (Ұйымның) операциялық (ағымдағы) қызметін және бухгалтерлік есепті жүзеге асыру тәртібін:

Қордың (Ұйымның) операциялық (ағымдағы) қызметін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін бөлімшелерді, олардың функцияларын, міндеттері мен өкілеттіктерін;

операцияларды жүргізудің техникалық тәртібін;

Қордың (Ұйымның) операцияларын бухгалтерлік есепке алу жүйесін;

Қордың (Ұйымның) құжат айналымы және іс қағаздарын жүргізу жүйесін;

Қордың (Ұйымның) операциялық (ағымдағы) қызметін жүзеге асыру тәртібін бұзу тәуекелдерін болдырмау рәсімдерін:

дұрыс жүргізбеу және қаржы құралдарымен жасалған операцияларды есепке алуда дұрыс көрсетпеу мүмкіндігін шектеуді;

операциялар жүргізудің қауіпсіздігін, атап айтқанда кірістермен операциялар жүргізу және меншікті капиталдың және кірістердің мөлшеріне теңбе-тең емес тәуекелді қабылдау кезінде асыра пайдалану жағдайларын анықтауды және болдырмауды қамтамасыз етуді;

электронды өңдеу жүйесінің үзіліссіз жұмыс істеуін және деректерді электронды өңдеу жүйесін бақылауды жүзеге асыратын және деректерді өңдеу мәселелеріне жауапты тұлғаларда жұмыс профиліне сәйкес келетін біліктілігі мен тәжірибесінің болуын қамтамасыз етуді;

компьютерлік және телекоммуникация жүйелеріне рұқсатсыз кіруді болдырмауға бағытталған және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесінде автоматтандырылған жүйеге кіру және шығу кезінде рұқсат деңгейін тексеру жүйесінің болуын болжайтын және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесінің маңызды кілттерді, оның ішінде деректердің ақпараттық базаларына электронды кілттерді бақылау жөніндегі жауапкершілігін белгілеуді;

жоспарлы, оның ішінде форс-мажор жағдайлары кезінде мыналарды көздейтін деректер базаларының ақпараттық жүйесінің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың орындалуына бағытталған:

ақпараттық деректер базаларының техникалық кешендеріне арналған, өрт қауіпсіздігі және сейсмикалық тұрақтылық талаптарына жауап беретін оқшау үй-жайлардың, автономды электр қоректенудің, резервті компьютерлердің және желілік коммуникациялардың, жүйелік маңызды программалық файлдардың және деректер файлдарының резервті көшірмелерін тұрақты түрде қалыптастырудың болуын;

форс-мажор жағдайлары пайда болған жағдайда өкілеттіктер беруді және жауапкершілікті;

форс-мажор жағдайлары басталған кезде жүйе жұмысында төтенше іркіліс болған жағдайда компьютерлік орталыққа арналған ережелер мен басшылықты көздейтін іс-әрекеттерді анықтауды;

жабдықтарды тұрақты түрде инспекциялау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесінің жұмыс туралы есептерді тексеруінің көмегімен іркілістерді болдырмауды;

деректерді электронды өңдеу жүйесін жоспарлау, әзірлеу және оның жұмыс істеу тәртібін белгілеуді.

20. Қордың (Ұйымның) контрсеріктестерге талдау және мониторинг жасауды жүзеге асыру рәсімдері нақты қауіптерді сәйкестендіру мақсатында әрбір контрсеріктес туралы маңызды ақпарат алу үшін Қордың (Ұйымның) контрсеріктестерге олармен іскер қарым-қатынастарды орнатқанға дейін (шарт жасасқанға дейін) және одан әрі өзара іс-әрекет жасау барысында кешенді түрде тексеру жүргізуіне бағытталған шаралар кешенін белгілейді.

Қордың (Ұйымның) өз контрсеріктестерін кешенді түрде тексеруіне мынадай шараларды жүзеге асыру кіреді:

1) болжанатын іскер қарым-қатынастардың мақсаттары мен сипатын белгілеу;

2) әлеуетті немесе нақты контрсеріктес болып табылатын тұлғаны сәйкестендіру үшін қажет мәліметтерді тіркеу;

3) контрсеріктестің қаржылық жай-күйіне тұрақты негізде мониторинг жүргізу және оның Қордың (Ұйымның) алдындағы міндеттемелер бойынша жауап беру қабілетін анықтау.

21. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ережелеріне бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық, қызметтік құпияны, жинақталған зейнетақы қаражаты құпиясын құрайтын мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету және оларды Қордың (Ұйымның), олардың қызметкерлерінің немесе үшінші тұлғалардың жеке мүдделерінде пайдалануына жол бермеу жөніндегі рәсімдер кіреді.

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ережелері:

1) қызметтік және коммерциялық құпияға, сондай-ақ жинақталған зейнетақы қаражаты құпиясына жататын, Бағалы қағаздар рыногы туралы, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы, «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңдармен қорғалатын ақпарат тізбесін;

2) Нұсқаулықтың осы тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат бар құжаттарды жасау, ресімдеу, тіркеу, есепке алу және сақтау тәртібін;

3) осы ақпаратқа рұқсаты бар тұлғалардың лауазымдарын көрсетумен Нұсқаулықтың осы тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпаратқа рұқсат беру тәртібін;

4) мыналарды көздейтін, Нұсқаулықтың осы тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпараттың жылыстауын және ақпараттық деректердің бұрмалануын болдырмау механизмдерін:

шектеулі рұқсаты бар ақпараттық деректер тізбесін;

рұқсат алу тәртібін;

ақпараттық деректерге рұқсатты, ақпараттық деректерге рұқсаты бар тұлғалар лауазымдарының тізбесін бақылау тәртібін;

5) ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесінің автоматтандырылған деректер базасын басқару терминалдарын пайдаланушыларға мониторинг жасауды және оларды сәйкестендіруді жүзеге асыруы және пайдаланушының жеке басын бірегейлендіруге мүмкіндік беретін жүйемен қамтамасыз етуі арқылы автоматтандырылған деректер базасын басқару терминалдарын рұқсатсыз пайдалануды болдырмау жөніндегі іс-шараларды белгілейді.

22. Қордың (Ұйымның) қаржылық қызметті көрсеткені үшін комиссиялық сыйақыны есептеу және өндіріп алу ережелері:

1) Қордың (Ұйымның) комиссиялық сыйақысының шекті шамасын;

2) комиссиялық сыйақысы шамасын өзгерту тәртібін және жиілігін;

3) салымшылар (алушылар) үшін комиссиялық сыйақысы шамасының өзгеруі жөніндегі ақпарат жарияланатын мерзімді баспа басылымдары туралы мәліметтерді;

4) комиссиялық сыйақыны өндіріп алу тәртібін;

5) Қордың (Ұйымның) алатын комиссиялық сыйақыларына шектеулер енгізу талаптарын белгілейді.

23. Ішкі аудитті және ішкі бақылауды жүзеге асыру рәсімдері:

1) ішкі аудит қызметінің құрамын, оның функцияларын, міндеттері мен өкілеттіктерін;

2) ішкі аудитті және ішкі бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлерге қойылатын талаптарды;

3) ішкі аудит пен ішкі бақылаудың мәнін және объектін;

4) ішкі аудит қызметінің тексеру жүргізу ауқымын және жиілігін;

5) ішкі аудитті жүргізу кезінде міндетті түрде пайдаланылатын бағалау жүйесін;

6) ішкі аудитті жүргізу жоспарын жасауға қойылатын талаптарды;

7) ішкі аудит қызметінің тексеру нәтижелері туралы есепті Қордың (Ұйымның) директорлар кеңесі мен басқармасына ұсыну мерзімдерін және нысанын белгілейді.

24. Ішкі есепке алу жүйелерінің журналдарын жүргізу ережелерінде:

1) журналдар саны және атауы;

2) журналдарды толтыру тәртібі мен кезеңділігі;

3) журналдардың уақтылы және дәл толтырылуына бақылау жасауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың тізбесі болады.

25. Қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулыққа:

1) өрт қауіпсіздігі бойынша негізгі талаптар;

2) форс-мажор жағдайлары басталған жағдайда Қор (Ұйым) қызметкерлері іс-әрекеттерінің сипаттамасы;

3) Қор (Ұйым) қызметкерлерінің программалық-техникалық кешендерді және өзге де жабдықтарды пайдалану тәртібі;

4) Қордың (Ұйымның) үй-жайларын оларды жабу алдында қарау жүйелілігі кіреді.


1   2   3   4   5   6   7

Похожие:

Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 маусымдағы Заңының 56-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Республикасындағы кредиттік бюро және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы” Қазақстан Республикасының Заңын іс жүзіне асыру мақсатында...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Республикасының Заңының 89-бабының 1-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар рыногын одан әрі дамыту мақсатында...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы рыногын
«Почта туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және қаржы секторын тиімді дамыту мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру үшін құрылады
Республикасының қаржылық тұрақтылығы және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңес туралы
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН icon«Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрған банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға қаржы агенттігі мәртебесін беру» мемлекеттік қызметтерінің регламенті
Мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница