Клиринг ұйымдарындағы тәуекелдерді басқару жүйесіне, клиринг ұйымдарындағы мониторинг, бақылау және тәуекелдерді басқару шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарды бекіту туралы




Скачать 354.31 Kb.
НазваниеКлиринг ұйымдарындағы тәуекелдерді басқару жүйесіне, клиринг ұйымдарындағы мониторинг, бақылау және тәуекелдерді басқару шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарды бекіту туралы
страница1/3
Дата конвертации11.02.2016
Размер354.31 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish709268_9168.doc
  1   2   3
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 20.09.2012 10:48:35


Клиринг ұйымдарындағы тәуекелдерді басқару жүйесіне, клиринг ұйымдарындағы мониторинг, бақылау және тәуекелдерді басқару шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 59 Қаулысы

(2012.04.07. берілген өзгерістермен)

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Клиринг ұйымдарындағы тәуекелдерді басқару жүйесіне, клиринг ұйымдарындағы мониторинг, бақылау және тәуекелдерді басқару шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ұлттық Банк Төрағасы

Г. Марченко

 

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2012 жылғы 24 ақпандағы

59 қаулысымен

бекітілді

 

 

Клиринг ұйымдарындағы тәуекелдерді басқару жүйесіне, клиринг ұйымдарындағы мониторинг,

бақылау және тәуекелдерді басқару шарттары мен тәртібіне қойылатын

талаптары

 

1. Жалпы ережелер

 

Осы Клиринг ұйымдарындағы тәуекелдерді басқару жүйесіне, клиринг ұйымдарындағы мониторинг, бақылау және тәуекелдерді басқару шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және тәуекелдерді басқару жүйесін қалыптастыруға, клиринг ұйымында мониторингінің, тәуекелдерді бақылау және басқару шарттары мен талаптарын белгілеуге қойылатын талаптарды айқындайды.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.04.07. № 205 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Осы Талаптардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) есеп айырысу ұйымы - қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп айрысуларды (төлемдерді) ұйымдастыруды жүзеге асыратын ұйым;

2) клиринг - қаржы құралдарымен мәмілелер жасау нәтижесінде сауда-саттыққа клирингтік қатысушылардың талаптары және (немесе) міндеттемелері туралы ақпаратты анықтау, тексеру және беру процесі;

3) клирингтік жүйе - клиринг қызметін жүзеге асыруға арналған клиринг ұйымының бағдарламалық-техникалық кешені;

4) стресс-тестинг - клиринг ұйымының қызметіне ықпал ететін клиринг ұйымының қаржылық жағдайына ерекше болатын, бірақ ықтимал оқиғалардың әлеуетті ықпал етуді өлшеу әдістемелері;

5) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті.

2. Клиринг ұйымының Директорлар кеңесі тәуекелдерді басқару жүйесінің осы қаулы талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз етеді және клиринг ұйымы органдарының, бөлімшелерінің және қызметкерлерінің оларға тәуекелдерді басқару саласы бойынша жүктелген міндеттерді орындауы бойынша талаптар тудырады.

3. Клиринг ұйымындағы тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптар былайша бөлінеді:

1) тәуекелдерді басқару жүйесінің болуына қойылатын базалық талаптар;

2) ұйымдық құрылымына қойылатын талаптар;

3) мониторингке, бақылауға және тәуекелдерді басқару тәртібіне қойылатын талаптар;

4) меншікті активтер есебінен қаржы құралдарымен мәмілелерді жүзеге асыру бойынша қызметін ұйымдастыруға қойылатын талаптар;

5) ішкі бақылау жүйесінің болуына қойылатын талаптар.

4. Клиринг ұйымы жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей уәкілетті органға осы Талаптардың қосымшасына сәйкес тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптардың орындалуын бағалау бойынша есепті береді, ол мыналарды қамтиды:

1) тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптардың толық тізбесін;

2) тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкес келудің (сәйкес келмеудің) дербес бағалануын;

3) тәуекелдерді басқару жүйесінде кемшіліктер анықталған жағдайда, түзетілуі тиіс кемшіліктерді, оларды жою жөніндегі іс-шараларды, жауапты адамдарды және іс-шаралар орындалуының нақты мерзімдерін көрсетіп, кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын.

5. Клиринг ұйымының тәуекелдерді басқару жөніндегі саясатпен көзделген тәртіпте клиринг ұйымы тәуекелдердің негізгі түрлері бойынша (кредиттік, жүйелік, операциялық, нарықтық) тоқсан сайын стресс-тестинг жүргізеді.

6. Стресс-тестинг нәтижелері тәуекелдерді басқару жөніндегі клиринг ұйымының саясатында белгіленген тәртіппен ресімделеді және есепті тоқсаннан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде, тоқсанына кемінде бір рет уәкілетті органға беріледі.

7. Операциялық тәуекел бойынша стресс-тестинг нәтижелері уәкілетті органға есептік жарты жылдықтан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылады.

 

 

2. Тәуекелдерді басқару жүйесінің болуына қойылатын базалық талаптар

 

8. Клиринг ұйымында тәуекелдерді басқару жүйесінің болуы клиринг ұйымы қызметінің корпоративті басқару талаптарына, бағалы қағаздар нарығында қызметтің кәсіби түрін жүзеге асыру шеңберінде операциялар жүргізу тәжірибесінің болуын, клиринг жүйесінің жұмыс істеуін көздейді.

9. Клиринг ұйымының тәуекелдерді басқару жүйесі өз қызметінде мынадай бағыттарды қамтиды:

1) қаржы құралдарымен сауда-саттықтың нәтижелері бойынша клирингті ұйымдастыру, өткізу және басқару;

2) сауда-саттық, қор биржасы, орталық депозитарий және (немесе) өзге есеп айырысушы ұйым клиринг қатысушыларының ұсынатын ақпаратын жинау, енгізу, сақтау және тарату;

3) клиринг процесінің үздіксіз, үзіліссіздігін қамтамасыз ету мақсатында клиринг жүйесіне тұрақты мониторинг жүргізу;

4) клиринг процесінде пайдаланылып отыратын клиринг ұйымын бағдарламалық-техникалық қамтамасыз ету аудиті;

5) клирингтік қызмет көрсетуге қабылданған биржалық мәмілелер бойынша клирингті жүзеге асыру;

6) қор (тауар) биржасының сауда жүйесінде жасалған сауда-саттық және мәмілелер, сондай-ақ клиринг бойынша ақпарат жинау, талдау және сақтау;

7) клиринг ұйымының меншікті активтерін қаржы құралдарына инвестициялау;

8) клиринг ұйымын басқаруда ұйымдық-функционалдық құрылым құру және оны жетілдіре түсу;

9) ішкі рәсімдер мен құжаттарды әзірлеу және бекіту;

10) клиринг ұйымының мүдделі органдарына шешімдер қабылдау үшін ақпаратты ұсыну, және клиринг ұйымының органдары мен бөлімшелері арасында ақпарат алмасу;

11) клиринг ұйымының тәуекелдерді басқару саласы бойынша Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасымен және ішкі саясатымен белгілеген талаптарын клиринг ұйымының сақтау мониторингі;

12) сауда-саттыққа клиринг қатысушыларының қаржылық жай-күйі, сондай-ақ олардың клиринг ұйымының ішкі құжаттар талаптарына сәйкестігі мониторингі;

13) сауда-саттыққа клирингтік қатысушылармен жұмысты ұйымдастыру тәртібін анықтау, оның ішінде дауларды қарау және шешу рәсімдерін, сондай-ақ сауда-саттыққа клирингтік қатысушыларының өз міндеттемелерін орындамаған жағдайында тиісті шаралар қолдануды анықтау;

14) арнайы клирингтік (кепілді және (немесе) резервтік) қорларды құру және пайдалану.

10. Тәуекелдерді басқару жүйесі мынадай ішкі құжаттардың болуымен ғана шектелмей мыналарды көздейді:

1) клиринг ұйымының тәуекелдерді басқару жөніндегі саясаты;

2) клиринг ұйымының меншікті активтерді инвестициялау тәртібі;

3) ішкі бақылауды және ішкі аудитті жүзеге асыру рәсімдері;

4) клиринг ұйымында орын алған және әлеуетті мүдделер қақтығысын басқару рәсімдері;

5) клиринг ұйымының басшы және өзге қызметкерлерінің инсайдерлік ақпаратты және бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты пайдалануын болдырмауға бағытталған рәсімдер;

6) қор (тауар) биржасының сауда жүйесінде қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер бойынша клирингті жүзеге асыру тәртібі;

7) сауда-саттыққа клирингтік қатысушылары ретінде олардың қызметінің тәртібін регламенттейтін бағалы қағаздар рыногы туралы Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына және клиринг ұйымының ішкі құжаттарына сәйкестігі мәніне сауда-саттыққа клирингтік қатысушылардың мониторингі және оны бақылаудың тәртібі мен талаптары;

8) арнайы клирингтік (резервтік және (немесе) кепілдемелік) қорларды қалыптастыру, сондай-ақ оны пайдаланудың тәртібі мен талаптары;

9) сауда-саттыққа клирингтік қатысушыларға қойылатын талаптар;

10) клиринг ұйымының ақпараттық саясаты;

11) техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық.

11. Клиринг ұйымының тәуекелдерді басқару жөніндегі саясаты мыналарды айқындайды:

1) клиринг ұйымының директорлар кеңесінің, басқармасының, жауапты бөлімшесінің тәуекелдерді басқару жөніндегі және басқа бөлімшелердің тәуекелдерді басқару саласы бойынша өкілеттіліктері мен функционалдық міндеттері, сондай-ақ осы органдар мен бөлімшелердің арасындағы ақпарат алмасу тәртібі;

2) клиринг ұйымының қызметіне және оның клиринг жүйесінің жұмыс істеуіне байланысты тәуекелдер көрсеткіштерінің сандық мәнін анықтау тәртібін қосқандағы тәуекелдерді сәйкестендіру және бағалау жөніндегі рәсімдер, сондай-ақ тәуекелдер көрсеткіштерінің барынша жоғары қол жетімді мәнін анықтау бойынша рәсімдер;

3) клиринг ұйымының қызметіне және оның клиринг жүйесінің жұмыс істеуі барысында туындайтын тәуекелдерді басқару жөніндегі шаралар;

4) осы тармақтың 2) тармақшасымен белгіленген рәсімдер тиімділігі, клиринг ұйымының тәуекелдер көрсеткіштерінің мәнін және тәуекелдерді басқару жөніндегі шараларды бағалау бірдейлігі мониторингінің механизмі;

5) осы тармақтың 2) тармақшасымен белгіленген және осы тармақтың 3) тармақшасымен белгіленген рәсімдерге сәйкес келмеген жағдайда қабылданатын шаралар тиімділігі мониторингінің механизмі;

6) тәуекелдер мониторингі, бағалау және бақылау рәсімдері, оның ішінде:

клиринг ұйымының жауапты бөлімшесі клиринг ұйымының басқа бөлімшелерімен бірлесе отырып, тәуекелдерді басқару бойынша тәуекел мониторингіне сай қабылдайтын шаралары;

тәуекелдердің туындау жиілігін бағалау, осы тәуекелдер ықпал еткен іс-қимылдарға кейін қатар қойылған және тәуекелдердің барынша жоғары қол жетімді мәндерін белгілеуді қоса алғандағы, клиринг ұйымының тәуекелдерді басқару бойынша жауапты бөлімшесі жүзеге асырған тәуекелдерге баға беру;

клиринг ұйымының тәуекелдер көрсеткіштері мәнін өзгерту, сондай-ақ сауда-саттыққа клирингтік қатысушылардың және осы көрсеткіштердің барынша жоғары қол жетімді мәнін, сол сияқты тәуекел көрсеткіштері мәнінің тәуекелдердің барынша жоғары қол жетімді мәнімен сәйкес келмеген жағдайында тәуекелдерді барынша төмендету мақсатында қабылданатын шараларды қоса алғандағы, клиринг ұйымының тәуекелдерді басқару бойынша жауапты бөлімшесі жүргізіп отырған тәуекелдер мониторингі;

директорлар кеңесіне қор биржасының сауда жүйесіндегі клиринг қатысушыларымен жасалған мәмілелер бойынша клиринг ұйымының жауапкершілігін өзіне алуға қабілетті кез-келген маңызды жағдайлар туралы дереу есеп беруді ұсыну механизмі.

12. Клиринг ұйымының меншікті активтерін инвестициялаудың тәртібі меншікті активтер есебінен қаржы құралдарымен мәмілелерді жүзеге асырудың талаптары мен тәртібін, меншікті активтер есебінен қаржы құралдарымен мәмілелерді жүзеге асыру процесінде қолданылатын құжаттардың типтік нысандарын белгілейді және мыналар бойынша рәсімдерді сипаттауды қамтиды:

1) клиринг ұйымының меншікті активтерін инвестициялау саясатын әзірлеу;

2) мыналарды көздейтін клиринг ұйымының меншікті активтеріне қатысты инвестициялық шешімдерді қабылдау үшін ұсынымдар дайындау:

ұсынымдар беруге уәкілетті тұлғалар лауазымдарының тізбесін;

инвестициялық портфельдің жай-күйін талдауды жүзеге асыру тәртібін;

инвестициялауды жүзеге асыру болжанатын қаржы құралдары айналымының және кірістілігінің болуын талдауды жүзеге асыру тәртібін;

инвестициялауды жүзеге асыру болжанатын қаржы құралдарымен байланысты тәуекелдерді талдауды жүзеге асыру тәртібін;

ұсынымдарды беруге маңызды факторларды талдауды жүзеге асыру тәртібін;

3) клиринг ұйымының меншікті активтеріне қатысты инвестициялық комитет жұмысының сипаттамасы, отырыстарды өткізудің және рәсімдеудің кезеңділігі болатын инвестициялық шешімдерді қабылдау;

4) инвестициялық шешімдерді дайындау, қабылдау және орындау барысында клиринг ұйымының органдары мен бөлімшелері өзара әрекеттесу;

5) көмегі арқылы мәмілелер жасау болжанатын (осындай бар болса) делдалмен (брокермен) өзара іс-әрекет жасау процестерінің сипаттамасы бар меншікті активтер есебінен қаржы құралдарымен мәмілелерді жасасу және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру, мәмілелерді жасасуға бақылау, активтердің құрамына және қозғалысына салыстырып тексеруді жүзеге асыру, жасалған мәмілелердің ішкі есепке алуын және құжат айналымын жүргізу, сондай-ақ меншікті активтер есебінен қаржы құралдарымен мәмілелерді жасасуға бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың тізбесі;

6) клиринг ұйымының басқармасы меншікті активтер есебінен жасалған қаржы құралдарымен операциялар жөніндегі қызметтің нәтижесі туралы есептілікті дайындау.

13. Клиринг ұйымының меншікті активтер есебінен қаржы құралдарымен мәмілелерді жасасуды қамтамасыз ету мақсатында, қор биржасы мыналар кіретін, бірақ олармен шектелмейтін меншікті активтерін инвестициялау саясатын әзірлейді:

1) меншікті активтерді инвестициялаудың мақсаттары мен стратегиясы;

2) инвестициялау объектілерінің сипаттамасы мен тізбесі;

3) қаржы құралдарының түрлері бойынша меншікті активтерді инвестициялау лимиттері;

4) меншікті активтер есебінен жасалатын қаржы құралдарымен мәмілелерге қатысты белгіленген талаптар мен шектеулер;

5) хеджирлеу құралдарының тізбесін және сипаттамасын көрсете отырып, меншікті активтерін хеджирлеу және әртараптандыру талаптары;

6) меншікті активтерді инвестициялаумен байланысты негізгі тәуекелдер туралы ақпарат.

14. Клиринг ұйымының меншікті активтерін инвестициялаудың саясатын және оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды қор биржасының директорлар кеңесі бекітеді.

15. Ішкі аудитті және ішкі бақылауды жүзеге асыру рәсімдері:

1) ішкі аудит қызметінің құрамын, оның функцияларын, міндеттері мен өкілеттіктерін;

2) ішкі аудитті және ішкі бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлерге қойылатын талаптарды;

3) ішкі аудит пен ішкі бақылаудың мәнін және объектін;

4) ішкі аудит қызметінің тексеру жүргізу ауқымын және жиілігін;

5) ішкі аудитті жүргізу кезінде тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін бағалау жүйесін міндетті түрде пайдалануын;

6) ішкі аудитті жүргізу жоспарын жасауға қойылатын талаптарды;

7) ішкі аудит қызметінің клиринг ұйымының директорлар кеңесіне тексеру нәтижелері туралы есептерді ұсыну мерзімдерін және нысанын белгілейді.

16. Клиринг ұйымы қызметін жүзеге асыру барысында оның органдарымен және (немесе) бөлімшелері арасында туындайтын клиринг ұйымында орын алған және әлеуетті мүдделер қақтығысын басқару рәсіміне мыналар кіреді:

1) мыналарды қамтамасыз етуге бағытталған клиринг ұйымының органдары шешім қабылдау рәсімдері:

клиринг ұйымы органдарының мүшелері қабылдайтын шешімдердің тәуелсіздігін;

клиринг ұйымы органдарының мүшелері қабылдайтын шешімдерге мүдделі болмауын;

клиринг ұйымы органдары мүшелерінің және қызметкерлерінің клиринг ұйымы органдарының отырыстарын жүргізу барысында алынған ақпаратты тұлғалардың көпшілік тобының арасында осы ақпаратты ресми жариялағанға дейін оны өзінің жеке мақсатында не үшінші тұлғалардың мүддесінде қолдануларын шектеу;

2) клиринг ұйымы органдарының отырыстарын жүргізу қорытындысы бойынша хаттамаларды міндетті жасау мен сақтау бойынша талаптар;

3) клиринг ұйымының бөлімшелері арасында, клиринг ұйымының органдары мен бөлімшелері арасында, клиринг ұйымының бөлімшелері арасында орын алған және әлеуетті мүдделер қақтығысын сипаттау;

4) орын алған мүдделер қақтығысын реттеу мақсатында клиринг ұйымы жүргізетін іс-шаралар, сондай-ақ әлеуетті мүдделер қақтығысын реттеуге бағытталған алдын алу шаралары.

17. Инсайдерлік және өзге конфиденциалдық ақпаратты клиринг ұйымының басшылары мен өзге қызметкерлері қолдануларын болдырмауға бағытталған рәсімдер мыналарға бағытталған шараларды қамтиды:

1) инсайдерлік және өзге конфиденциалдық ақпаратты өзінің мүддесі немесе үшінші тұлғалардың мүддесінде қолданумен мәмілелер жасасуды болдырмауға;

2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, инсайдерлік және оған негізделген ақпаратты үшінші тұлғаларға беруді және тұлғалардың көпшілік тобы арасында оны таратуды болдырмауға;

3) клиринг ұйымы қызметкерлерінің инсайдерлік ақпаратқа негізделген қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер туралы ұсынымдарды үшінші тұлғалар беру мүмкіндігін шектеуге;

4) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының
  1   2   3

Похожие:

Клиринг ұйымдарындағы тәуекелдерді басқару жүйесіне, клиринг ұйымдарындағы мониторинг, бақылау және тәуекелдерді басқару шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарды бекіту туралы iconСақтандыру тобының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №99 Қаулысы
Клиринг ұйымдарындағы тәуекелдерді басқару жүйесіне, клиринг ұйымдарындағы мониторинг, бақылау және тәуекелдерді басқару шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарды бекіту туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы рыногын
Жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуына қойылатын талаптарды белгілеу туралы
Клиринг ұйымдарындағы тәуекелдерді басқару жүйесіне, клиринг ұйымдарындағы мониторинг, бақылау және тәуекелдерді басқару шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарды бекіту туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы рыногын
Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары үшін тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуына қойылатын талаптарды белгілеу туралы
Клиринг ұйымдарындағы тәуекелдерді басқару жүйесіне, клиринг ұйымдарындағы мониторинг, бақылау және тәуекелдерді басқару шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарды бекіту туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Н тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуына қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі...
Клиринг ұйымдарындағы тәуекелдерді басқару жүйесіне, клиринг ұйымдарындағы мониторинг, бақылау және тәуекелдерді басқару шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарды бекіту туралы icon«Қазтеміртранс» Акционерлік қоғамының тәуекелдерді басқару саясаты астана, 2009
«Қазтемітранс» Акционерлік қоғамының тәуекелдерді басқарудың осы Саясаты (бұдан әрі Саясат) «Қазтеміртранс» Акционерлік қоғамының...
Клиринг ұйымдарындағы тәуекелдерді басқару жүйесіне, клиринг ұйымдарындағы мониторинг, бақылау және тәуекелдерді басқару шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарды бекіту туралы iconЕкінші деңгейдегі банктерде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын
Азақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
Клиринг ұйымдарындағы тәуекелдерді басқару жүйесіне, клиринг ұйымдарындағы мониторинг, бақылау және тәуекелдерді басқару шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарды бекіту туралы icon1 Клиринг және есеп айырысудың мәні мен қызметі Клиринг
Клиринг жалпы өзара талаптар мен міндеттемелерді есепке алу деген ұғымды білдіреді. Ал биржалық клиринг ол биржалық саудаға қатысушылар...
Клиринг ұйымдарындағы тәуекелдерді басқару жүйесіне, клиринг ұйымдарындағы мониторинг, бақылау және тәуекелдерді басқару шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарды бекіту туралы iconБанк холдингтеріндегі тәуекелдерді басқару жүйесін және ішкі бақылауды ұйымдастыру жөніндегі Әдістемелік ұсынымдар
Банк холдингтерінде барабар тәуекелдерді басқару жүйесін және ішкі бақылауды қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы...
Клиринг ұйымдарындағы тәуекелдерді басқару жүйесіне, клиринг ұйымдарындағы мониторинг, бақылау және тәуекелдерді басқару шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарды бекіту туралы iconЖинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №76 Қаулысы
Клиринг ұйымдарындағы тәуекелдерді басқару жүйесіне, клиринг ұйымдарындағы мониторинг, бақылау және тәуекелдерді басқару шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарды бекіту туралы iconБірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы №240 Қаулысы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница