Есеп және талдау басқармасының Ережесі




Скачать 71.54 Kb.
НазваниеЕсеп және талдау басқармасының Ережесі
Дата конвертации11.02.2016
Размер71.54 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.astananalog.kz/uploads/files/Polozheniya_UU_i_A_na_kaz._yaz.doc

Астана қ. бойынша Салық департаменті


Есеп және талдау басқармасының

Ережесі.


1. Жалпы ережелер.


1. Есеп және талдау басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) Астана қаласы бойынша Салық департаментінің (бұдан әрі - Департамент) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңнамалық актілерді, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Басқарма өз қызметін ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің құрылымдық бөлімшелері және ведомстволарымен, Астана қ. бойынша салық департаментінің басқармаларымен, аудандық салық басқармаларымен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара байланыста жүзеге асырады.

4. Департаментпен дайындалған және басшымен немесе оның орынбасарларымен бекітілген аудандық салық басқармалары орындауға міндетті шешімдердің орындалуы.

5. Басқарма екі бөлімнен тұрады: талдау мен болжау бөлімі, төлемдерді өңдеу, дербес шоттарды есепке алу және бақылау бөлімі.


II. Басқарманың негізгі міндеттері мен функциялары


6. Басқарманың негізгі міндеттері:


  • салық заңнамасындағы өзгерістердің салықтар мен басқа да міндетті бюджеттік төлемдерге әсер етуіне талдау жасау;

  • салықтар мен басқа да бюджеттік міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың түсімі, есепке алынуы, қайтарылуы бойынша есепке алу мен есеп тапсыруды сапалы, уақтылы және дұрыс жүргізу мақсатында өнімді басқару;

  • дербес шоттар мен есепке алу формалары бойынша салық төлеушілердің құқығын қорғау мақсатында әдістемелік сүйемелдеу мен салық органдарының қызметін реттеу;

  • салықтар мен басқа да бюджеттік міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша салық төлеушілерге арналған электронды қызметтердің енгізілуі мен кеңейтілуі;

  • қызметтер сапасын арттыру мақсатында төлемдерді қабылдау уақытын қысқартып, ықшамдау салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің, салықтық емес түсімдердің бюджетке түсуіне Комитет құзіреттілігінде талдау жасау;

  • салықтар мен басқа да міндетті бюджеттік төлемдер түсіуі жылдық жопспарының сапалы орындалуына ай сайын талдау мен бақылау жасау.


7. Басқарманың негізгі функциялары


  • бекітілген міндеттер шеңберінде Департамент жұмысының бағыты бойынша уәкілетті органға ақпарат беру;

  • басқарма құзіреттілігіне кіретін мәселелер бойынша басқа мемлекеттік органдармен қарым-қатынаста болу;

  • салықтар мен басқа міндетті бюджеттік төлемдердің сала бойынша салық органдары тарапында түсу мониторингін жасау

  • аудандық басқармалар саласында республикалық және жергілікті бюджеттің кірістік бөлігінің түсімдеріне ай сайынғы жоспар жасау

  • салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің артық/кем орындалуы, өсуі/кемуі себептерін анықтау мақсатындағы ҚР ҚМ СК кұзіреттілігіне кіретін кірістер ерекшелігі саласында УАП-1 формасы бойынша орындалудың факторлық талдауын жүргізу

  • болжамнан қомақты мөлшердегі ауытқулар себебін көрсетуімен салықтық басқармалар шеңберінде табыс түрлерінен бюджетке түскен мемлекеттік кірістің ағымдағы түсуіне талдау жасау;

  • салалық шеңберде ЭІЖТ белгісі бойынша есептелген, төленген, артық төленген сомалар, бересі туралы есеп құрастырып тапсырады;

  • жергілікті мелекеттік басқару органдарының сұраныстары бойынша ақпарат береді;

  • жергілікті мелекеттік басқару органдары мен фискалды органдардың сұраныстары бойынша ақпарат береді;

  • мемлекеттік бюджеттің кірістік бөлігінің орындалуы туралы берілген есептердің негізінде басшылық үшін Басқарма құзіреттілігі шеңберінде талдау материалдары мен баяндамалар дайындау;

  • өз құзіреттілігі шеңберінде Министрлікпен және басқа да мемлекеттік органдармен жасалып жатқан нормативтік құқықтық актілер жобаларының дайындығына ат салысу;

  • СБ бөлімшелері бойынша кіріс түсімі болжамының жобасын жасау;

  • Астана қ. бюджетінің жобасын жасауға қатысу;

  • қазынашылық органдардан бюджетке түсім түсу, соның ішінде мәліметтерден ауытқу табылған кезде қазынашылық органдармен қызметтік өтеу жасау, бюджеттік топтастыру кодтары шеңберінде жинақтық ақпар жасау туралы ҚР БСАЖ-ға жеткізілетін жинақтық ақпарат импортын күнделікті бақылау;

  • ЗТМО-дан міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар түсу импортын күнделікті бақылау,

  • Астана қ. бойынша 1-Н кеңейтілген статистикалық есебінің жасалуын, бюджеттен қайтарылған жән қайтаруға жататтын ҚҚС сомалары, артық төленген сомалар, тізімделген және сатылған мүлік сомалары бойынша ҚР БСАЖ-да аудандық деңгейде қалыптастырылған мәліметтерді бақылауды қамтамасыз етеді;

  • ҚР БСАЖ-інің анықталмаған төлемдер базасына енгізілген міндетті зенетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша аудандық салық басқармаларының уақтылы өңдеу жүргізуін бақылау;

  • бюджеттік түсімдерді есепке алуды әрі ҚР БСАЖ-ға импортталған түсімдермен және қазынашылық формаларымен элекронды төлемдік құжаттарды салыстырып тексеруді жүргізеді;

  • Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық Комитетімен бюджеттік түсімдер, есепке алынатын сомалар мен қайтарымдар бойынша салыстырып тексеруді жүзеге асырады;

  • есепке алу формаларының өзектілігі мен салық төлеушілердің дербес шоттарын жүргізу бойынша бақылау жүргізу;

  • Астана қ. бойынша Салық департаменті құрылымдық бөлімшелерінің БСАЖ-ындағы операциялық күннің уақтылы жабылу мониторингі;

  • аудандық салық басқармаларындағы қате есепке алынған, анықталмаған салықтар және басқа да міндетті бюджеттік төлемдер бойынша есепке алуды бақылау; аудандық салық басқармаларындағы артық төленген салық сомалары мен басқа да міндетті бюджеттік төлемдер бойынша есепке алынған сомалар мен қайтарымдарды есепке алуды бақылау;

  • Басқарма құзіреттілігі шеңберіндегі сұрақтар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу(семинарлар, кеңестер, Форумдарға қатысу, бұқаралық ақпарат құралдарына шығу);

  • Салықтар мен түсімдердің бюджетке түсуін талдау сұрақтары бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен өзара жұмыс жүргізу;

  • салық салуға қатысты Астана қ. мәслихатының отырысы қарауына құжаттар жобасын дайындау;

  • Басқарма құзіреттілігі шеңберінде ақпараттық жүйелер бойынша жұмыс топтарына қатысады;

  • Департамент басшылығының тапсырмасы бойынша басқа да міндеттер мен функциялар.


III. Басқарманың құқықтары мен міндеттері


8. Басқарма құқықтары:


Басқарма өзіне жүктелген негізгі міндеттер мен функцияларды орындау барысында мынанадай құқықтарға ие болады:

  • өз құзіреттілігі шегінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, салық міндеттілгінің пайда болуы, орындалуы дәне жойылуы бойынша комментарийлер беру;

  • Салық кодексінде белгіленген тәртіпте салықтық бақылау жүрзізу;

  • салық төлеушіден уәкілетті органмен белгіленген тәртіпте ҚР Үкіметімен бектітілген тізім бойынша электронды құжат түріндегі ақпарат алу;

  • департамент жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша аудандық салық басқармаларының жетекшілік ететін қызсметкерлерімен орындалуға міндетті өкімдер беру;

  • аудандық салық басқармалары, басқа облыстардың салық органдары мен мемлекеттік органдардан Басқарма міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға қажетті құжаттарды, анықтамаларды, есептемелерді, қортындыларды және басқа да материалдарды сұрату;

  • орталық және жергілікті атқарушы органдармен белгіленген тәртіпте хат алмасу жүргізу;

  • қызметкерлер біліктілігі деңгейін міндетті түрде арттыру бойынша ұсыныс жасау;

  • өз құзіреттілігі шеңберінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, комментарий беру.


9. Басқарма міндеттері:


Басқарма қызметкерлерінің міндеттері:

  • салық төлеушінің құқықтарын сақтау;

  • мемлекет мүддесін қорғау;

  • Салық Кодексінің ережелерімен сәйкес салық құпиясын сақтау;

  • уәкілетті органдармен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;

  • басқармаға жүктелген барлық міндеттер мен функцияларды атқару;

  • лауазымдық нұсқаулық пен еңбек тәртібінің талаптарына бағыну;

  • өз құзіреттілігінің шеңберінде қалалық салық департаментінің құрылымдық бөлімшелері мен аудандық салық басқармаларына әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету;

  • басқармаға жүктелген міндеттер мен функцияларға қатысты шараларға қатысу;

  • салық департаменті басшылығы мен ҚР Қаржы Министрлігі Салық комтетінің тапсырмаларын уақтылы орындау;

  • салық төлеушілердің салықтық міндеттерін орындауы мен міндетті зейнетақы жарналарының уақтылы ұсталып, жинақтаушы зейнетақы қорларына аударылуларын бақылау.


IV. Басқарма жұмысын ұйымдастыру

9. Басқарманы Депратамент Бастығы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Басқарма бастығы басқарады.

10. Бастық басқарма жұмысын ұйымдастырып, басқарады, басқармаға жүктелген міндеттер мен онымен жүзеге асырылатын фукциялардың орындалуы үшін жауапты болады.

11. Басқарма бастығы басқарма жұмысына басшылық етуді жүзеге асырады:

  • басқарма жұмыскерлерінің қызметтік міндеттері мен уәкілеттіктерін белгілейді;

  • басшылық тапсырмаларының белгіленген мерзімде әрі сапалы орындалуын ұйымдастырады;

  • басқарма қызметіне қатысты барлық шұғыл мәселелерді шешеді;

  • басқарма дайындаған барлық құжаттарды қарап рұқсаттайды;

  • салық төлеушілердің өтініштері мен шағымдарын өз уақытында қарастыру бойынша шара қолданады;

  • Департамент басшылығының қарастыруындағы басқарма құзіреттілігіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныс жасайды;

  • департамент басшылығымен өткізілетін барлық шұғыл кеңестерге қатысады;

  • Басқармадағы еңбек тәртібі мен атқарушы тәртіпті қамтамасыз етеді және Басқарма қызметін ҚР заңнамасына сәйкес жүзеге асырады;

  • басқарма қызметкерлерін марапаттау мен тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс дайындап, оны басшылық алдына тартады.

12. Басқарма бастығы жұмыста болмаған жағдайда оның міндеттері мен құқықтары, сондай-ақ жауапкершілігі басқарама бастығы ретінде тағайындалатын бөлім бастығына жүктеледі.

13. Басқарма қызметкерлері Депратамент Бастығымен қызметке тағайындалып немесе қызметтен босатылып, өз қызметтік міндеттерін біліктілік талаптарына сәйкес жүзеге асырады.



Похожие:

Есеп және талдау басқармасының Ережесі iconБарлығы – 87 сағат Орал
Пәннің оқу әдістемелік кешені 050508 Есеп және аудит мамандығының мббс және 04. 07. 2007ж. БҚму-ң ОӘК-ң шешімімен бекітілген және...
Есеп және талдау басқармасының Ережесі iconАлматы қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасының
Ағымдағы ахуалды талдау және қызметтiң тиiстi салаларының (аяларының) даму үрдiстерi
Есеп және талдау басқармасының Ережесі iconЖамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының
...
Есеп және талдау басқармасының Ережесі icon“Астана жаңа қала” салық басқармасының салық төлеушілермен жұмыс істеу бөлімінің ережесі
Астана – жаңа қала” салық басқармасының салық төлеушілермен жұмыс істеу бөлімінің ережесі
Есеп және талдау басқармасының Ережесі iconКелісілді
«Есеп және аудит» мамандығының студенттеріне арналған өндірістік-шаруашылық қызметінің «Экономикалық талдау»
Есеп және талдау басқармасының Ережесі iconСыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесінің қызметін қалыптастыру және ұйымдастыру ережесі
Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау...
Есеп және талдау басқармасының Ережесі iconАгент банкті таңдау жөнінде конкурс өткізу ережесі мен агент банкке қойылатын талаптарды бекіту туралы
Азақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
Есеп және талдау басқармасының Ережесі iconҚазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімі туралы ереже
Бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы» мемлекеттік мекемесінің...
Есеп және талдау басқармасының Ережесі iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер бойынша есеп айырысудың нормативтік мәні мен әдістемесі туралы...
Есеп және талдау басқармасының Ережесі iconБухалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылык жүргізуші ұйымдардың жане олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқарушы үшін, экономикалык
Бухгалтерлік есеп мәліметтері басқару жүйесінің негізі болып табылады. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» заңының...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница