Ұлттық Банкі Басқармасының




Скачать 290.49 Kb.
НазваниеҰлттық Банкі Басқармасының
страница1/3
Дата конвертации11.02.2016
Размер290.49 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish825168_9373.doc
  1   2   3
Жоба




Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының


Алматы қаласы

2012 жылғы «___» ____________

№ ___

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша есептілікті беру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 174 қаулысына өзгерістер енгізу туралы



қ а у л ы с ы


«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы»
1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша есептілікті беру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 174 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7739 тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2012 жылғы 25 тамызда № 286-287 (27105-27106) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша есептілікті беру қағидаларында:

1 және 2 тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) акционер – қарыз алушының (тең қарыз алушының) жай акцияларының он және одан көп пайызы мөлшеріндегі акциялардың меншік иесі болып табылатын тұлға;

2) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органының банктік қарыз беру операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар агроөнеркәсіп кешені саласында ұлттық басқарушы холдингінің ипотекалық ұйымдары және еншілес ұйымдары;

3) басшы – Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және (немесе) құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаны басқаруды жүзеге асыратын немесе дара кәсіпкер болып табылатын жеке тұлға;

4) бенефициар – кепілдік немесе кепілгерлік шартына сәйкес пайда алушы (оның пайдасына шарт жасалады) болып табылатын тұлға;

5) кепіл беруші – кепіл шартына сәйкес мүлкі немесе ондағы үлесі кепіл заты болып табылатын тұлға;

6) кепілдік беруші – басқа тұлғаның (борышкердің) кредиторы алдында осы тұлғаның міндеттемесінің орындалуына толығымен немесе ішінара борышкермен бірлесе жауап беруге міндеттенетін тұлға;

7) «Кредиттік тіркелім» ААШЖ – «Кредиттік тіркелім» автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйе;

8) кредиттік тіркелім – жоғарыда көрсетілген ұйымдардың кредиттік қызметіне байланысты тәуекелдердің мониторингі мақсатында, сондай-ақ ақша-кредиттік статистиканы және сыртқы сектордың статистикасын қалыптастыру мақсатында қалыптастырылатын, банк, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым Қағидалардың талаптарына сәйкес уәкілетті органға ұсынған ақпаратты қамтитын электрондық деректер базасы;

9) қарыз алушы – қарыз (кредит) алу шартына қол қоятын, қарызды (кредитті) алған және өзіне алған ақшаны қайтаруға және алған қарызды (кредитті), оның ішінде сыйақыны және кредит бойынша басқа да төлемдерді толық өтеуге міндеттеме қабылдайтын тұлға;

10) принципал – кепілдік немесе кепілгерлік шартына сәйкес міндеттемеде негізгі борышкер болып табылатын тұлға;

11) тең қарыз алушы – қарыз алушымен бірге қарыз (кредит) алу шартына қол қоятын және қарыз (кредит) алу шарты бойынша алған ақшаны қайтаруға және алған қарызды (кредитті), оның ішінде сыйақыны және қарыз (кредит) шарты бойынша басқа да төлемдерді толық өтеу бойынша міндеттемелерді орындауға бірлесе жауапты ретінде болатын тұлға;

12) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті;

13) үлестес қатысушы – заңды тұлғаның жарғылық капиталының он және одан көп пайызын иеленген тұлға;

14) шартты міндеттеме – болашақта белгісіз бір немесе бірнеше оқиға басталған (басталмаған) кезде ғана танылуы мүмкін, банк, Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым клиент үшін үшінші тұлғалардың пайдасына қабылдайтын, және клиенттің шарт талаптарынан туындайтын тәуекелдерін көтеретін міндеттеме.

Кредиттік тарих субъектісі болып осы тармақтың 4), 5), 6) , 9), 10) және 11) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар танылады.

2. Есептілік уәкілетті органға электрондық форматта есепті кезеңнен кейінгі айдың жиырмасыншы күнінен кешіктірмей, мынадай кезеңділікпен беріледі:

банктер, ипотекалық ұйымдар, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы – ай сайын;

қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органының банктік қарыз беру операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар агроөнеркәсіп кешені саласында ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымдары – тоқсан сайын.

2013 жылғы 1 шілдеден бастап есептілік уәкілетті органға электрондық форматта есепті кезеңнен кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей, мынадай кезеңділікпен беріледі:

банктер, ипотекалық ұйымдар, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы – ай сайын;

қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органының банктік қарыз беру операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар агроөнеркәсіп кешені саласында ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымдары – тоқсан сайын.»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша есептілік уәкілетті органға электрондық түрде Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша беріледі.»

2-қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;

2. Осы қаулы 2012 жылғы 30 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.


Ұлттық Банк

Төрағасы Г. Марченко





Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасы

қаулысының қосымшасы


«Екінші деңгейдегі банктердің, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша есептілікті беру қағидаларына 2-қосымша


Форма


«Кредиттік тіркелім» ААШЖ көрсеткіштерінің тізбесі




Көрсеткіштердің атауы

1

Кредиттік тарих субъектісі туралы ақпаратта кредиттік тарих субъектісі туралы сәйкестендіру мәліметтері қамтылған:

1.1.

Заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер бойынша:

1.1.1.

Кредиттік тарих субъектісінің түрі (рөлі);

1.1.2.

Заңды тұлғаның және (немесе) дара кәсіпкердің толық атауы:

1.1.3.

Ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны;

1.1.4.

Резиденттік мәртебесі;

1.1.5.

Субъектінің құжаттары:

1.1.5.1.

сәйкестендіру құжаттарының түрі;

1.1.5.2.

құжаттың нөмірі;

1.1.5.3.

құжатты беру күні;

1.1.5.4.

құжатты қолдану мерзімінің аяқталу күні;

1.1.6.

почталық мекенжайы және (немесе) орналасу орны:

1.1.6.1.

мекенжайының (тіркелуінің (нақты)) типі;

1.1.6.2.

облысы;

1.1.6.3.

ауданы;

1.1.6.4.

Қаласы (елді жері);

1.1.6.5.

мекенжайы (қала (елді жері), көше (ықшам ауданы), үйдің нөмірі (пәтердің);

1.1.6.6.

байланыс түрі;

1.1.6.7.

телефон нөмірі;

1.1.7.

Кредиттік тарих субъектісінің елі;

1.1.8.

Оффшорлық аймақ;

1.1.9.

Экономикалық қызмет түрі;

1.1.10

Экономика секторы;

1.1.11.

Банкпен, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынаспен байланыста болуының белгісі;

1.1.12.

Заңды тұлғаның басшысы:

1.1.12.1.

тегі, аты (бар болса әкесінің аты);

1.1.12.2.

сәйкестендіру құжаттарының түрі;

1.1.12.3.

құжаттың нөмірі;

1.1.13.

Заңды тұлғаның акционері (үлестік қатысушысы):

1.1.13.1.

акционердің (үлестік қатысушысының) атауы:

1.1.13.2.

акционердің (үлестік қатысушысының) үлесі;

1.1.14.

Заңды тұлғаның шешімдері шартқа немесе басқаға байланысты оффшорлық аймақта тіркелген басқа да тұлғамен айқындалады;

1.1.15.

Жеке кәсіпкерлік субъектісінің коды;

1.2.

Жеке тұлғалар бойынша:

1.2.1.

Кредиттік тарих субъектісінің түрі (рөлі);

1.2.2.

Тегі, аты (бар болса әкесінің аты);

1.2.3.

Туылған күні;

1.2.4.

Жынысы;

1.2.5.

Субъектінің құжаттары:

1.2.5.1.

сәйкестендіру құжаттарының түрі;

1.2.5.2.

құжаттың нөмірі;

1.2.5.3.

құжатты беру күні;

1.2.5.4.

құжатты қолдану мерзімінің аяқталу күні;

1.2.6.

почталық мекенжайы және (немесе) орналасу орны:

1.2.6.1.

мекенжай (тіркеу (нақты)) типі;

1.2.6.2.

облысы;

1.2.6.3.

ауданы;

1.2.6.4.

Қаласы (елді жері);

1.2.6.5.

мекенжайы (қаласы (елді жері), көшесі (ықшам ауданы), үйдің (пәтердің) нөмірі);

1.2.6.6.

байланыс түрі;

1.2.6.7.

телефон нөмірі;

1.2.7.

Резиденттік мәртебесі;

1.2.8.

Кредиттік тарих субъектісінің елі;

1.2.9.

Оффшорлық аумақ;

1.2.10.

Банкпен, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынаспен байланыста болуының белгісі;

1.2.11.

Әлеуметтік мәртебесі;

1.2.12.

Білімі деңгейі;

1.2.13.

Отбасылық жағдайы;

1.2.14.

Отбасы мүшелерінің саны;

1.2.15.

Қарыз алушының 15 жасқа дейінгі асырауындағылардың саны;

2

Шарт туралы ақпарат:

2.1.

Кредиттік тарих субъектісі туралы мәліметтер және кредитормен келісімді қатынастар туралы мәліметтер:

2.1.1.

Қарыздың, шартты міндеттемелердің түрі;

2.1.2.

Шарттың нөмірі;

2.1.3.

Шарттың күні;

2.1.4.

Қосымша келісімнің нөмірі;

2.1.5.

Қосымша келісімнің күні;

2.1.6.

Кредиттік желі шартының нөмірі (кредиттік желіге қатысының белгісі);

2.1.7.

Кредиттік желі шартының күні (кредиттік желіге қатысының белгісі);

2.1.8.

Басталысымен банктік кепілді немесе кепілдемені берген банктің міндеттемесі аяқталатын жағдайлар (оқиғалар);

2.1.9.

Банктік кепілді (кепілдемені) шығару нөмірі;

2.1.10.

Банктік кепілді (кепілдемені) шығару күні;

2.1.11.

Берудің нақты күні;

2.1.12.

Шарт талаптары бойынша өтеу күні;

2.1.13.

Шарт бойынша валюта түрі;

2.1.14.

Шарт валютасындағы қарыз (шартты міндеттеме) сомасы;

2.1.15.

Шарт бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі (пайызбен);

2.1.15.1.

өзгермелі мөлшерлеменің белгіленген мөлшерлемесі (белгіленген спрэды);

2.1.15.2.

өзгермелі индекс;

2.1.16.

Сыйақы мөлшерлемесінің түрі;

2.1.17.

Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі;

2.1.18.

Шарт бойынша айыппұл мөлшерлемесі;

2.1.19.

Шарт бойынша өсімпұл мөлшерлемесі;

2.1.20.

Төлем кезеңдігінің графигі:

2.1.20.1.

негізгі борыш бойынша;

2.1.20.2.

сыйақы бойынша;

2.1.21.

Өтеу әдісі;

2.1.22.

Кредиттеу мақсаты;

2.1.23.

Кредиттеу объектісі;

2.1.24.

Кредит өнімінің атауы;

2.1.25.

Ұсынылатын кредит өнімі бойынша Қағидалардың атауы

2.1.26.

Ұсынылатын кредит өнімі бойынша Қағидаларды бекіту күні

2.1.27.

Ұсынылатын кредит өнімі бойынша Қағидаларды бекіту нөмірі

2.1.28.

Қарызды берген банктің, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қаржыландыру көзі;

2.1.29.

Қарыз алушыда валюталық түсімнің болуы және (немесе) қарыз алушыда хеджирлеу құралдары болуы;

2.1.30.

Теңге қарыздары бойынша валюталық тәуекел;

2.1.31.

Қарызды, шартты міндеттемені (оның ішінде кредит желіні) беру туралы шешім қабылдаған банктің, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның уәкілетті органы:

2.1.31.1.

банктің, «Қазақстанның Даму Банк
  1   2   3

Похожие:

Ұлттық Банкі Басқармасының iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын
Ұлттық Банкі Басқармасының iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының
Р Ұлттық Банкi Басқармасының 2006. 24. 01. №2 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр ред.қара)
Ұлттық Банкі Басқармасының iconҰлттық Банкі Басқармасының
Орта мерзімді кезеңге арналған саясаттың стратегиялық бағыттарын айқындау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі саясатының болжамдылығын...
Ұлттық Банкі Басқармасының iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы...
Ұлттық Банкі Басқармасының iconСақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің қаржылық есебінің тізбесі, нысандары мен ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 ж. 25 шілдедегі №241 қаулысы
...
Ұлттық Банкі Басқармасының iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару жөніндегі
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді...
Ұлттық Банкі Басқармасының iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы
Республикасының Заңына сәйкес, екінші деңгейдегі банктердің тазартылған алтынмен және құйма күміспен экспорттық операциялары бойынша...
Ұлттық Банкі Басқармасының iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі б а с қ армасыны ң Қ аулы сы
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту...
Ұлттық Банкі Басқармасының iconМемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін беру қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 18 сәуірдегі №53 Қаулысы
Ұлттық Банкі Басқармасының iconҚазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Азақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі №65 Қаулысы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница