Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсiп кешенi саласындағы инновациялық жобаларды iрiктеудi ұйымдастыру қағидасын бекiту туралы




Скачать 266.25 Kb.
НазваниеШығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсiп кешенi саласындағы инновациялық жобаларды iрiктеудi ұйымдастыру қағидасын бекiту туралы
страница1/3
Дата конвертации11.02.2016
Размер266.25 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.agro.vko.gov.kz/kz/files/zakon_09.doc
  1   2   3
Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсiп кешенi саласындағы инновациялық жобаларды iрiктеудi ұйымдастыру қағидасын бекiту туралы

Шығыс Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2012 жылғы 27 сәуiрдегi N 98 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2012 жылғы 24 мамырда N 2574 тiркелдi


"Дидар" 2012 жылғы 01 маусымдағы № 63; "Рудный Алтай" от 02 июня 2012 года № 63




      РҚАО ескертпесi.
      Мәтiнде авторлық орфография және пунктуация сақталған

      «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңының 7-бабы 2-тармағының 10-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне уәкiлеттi мемлекеттiк органдар мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тексерiлетiн субъектiлерге қойылатын талаптарды белгiлейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау құзыреттерiн қайта қарау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 5 шiлдедегi Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2011 жылғы 14 қыркүйектегi № 128-ө өкiмiне сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсiп кешенi саласындағы инновациялық жобаларды iрiктеудi ұйымдастыру қағидаcы бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
 

      Облыс әкiмi                                Б. Сапарбаев

Шығыс Қазақстан облысы
әкiмдiгiнiң 2012 жылғы 27 сәуiрдегi
№ 98 қаулысымен бекiтiлдi

Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсiп кешенi саласындағы
инновациялық жобаларды iрiктеудi ұйымдастыру
қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсiп кешенi саласындағы инновациялық жобаларды iрiктеудi ұйымдастырудың осы қағидасы (бұдан әрi – Қағида) «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңының 7-бабы 2-тармағының 10-1) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсiп кешенi (бұдан әрi – АӨК) саласындағы инновациялық жобаларды, оларды жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен енгiзу және тарату үшiн iрiктеудi ұйымдастырудың тәртiбiн белгiлейдi.
      2. Осы Қағидада мынадай негiзгi ұғымдар қолданылады:
      1) агропроөнеркәсiптiк кешен – ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы өнiмдерiн өндiрудi, дайындауды, сақтауды, тасымалдауды, қайта өңдеудi және сатуды, сондай-ақ тамақ өнеркәсiбiн, оларды қазiргi заманғы техникамен, технологиялық жабдықпен, ақшамен, ақпараттық және басқа да ресурстармен қамтамасыз ететiн iлеспе өндiрiстер мен қызмет салаларын, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қауiпсiздiктi, ғылыми қамтамасыз ету мен кадрлар даярлауды қамтитын экономика салаларының жиынтығы;
      2) агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерi - агроөнеркәсiптiк кешенде қызметiн жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
      3) бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi – заңнамада белгiленген тәртiппен облыстың АӨК инновациялық тәжiрибенi тарату және енгiзу бойынша бюджеттiк бағдарламаға әкiмшiлiк ету жөнiндегi функциялар жүктелген Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы;
      4) инновация – экономикалық тиiмдiлiктi арттыру мақсатында, экологиялық қауiпсiздiктi ескере отырып, жаңа немесе жетiлдiрiлген өндiрiстер, тауарлар, жұмыстар мен қызметтер технологиялары, техникалық, өндiрiстiк, әкiмшiлiк, коммерциялық сипаттағы ұйымдастырушылық шешiмдер, сондай-ақ өзге де қоғамдық пайдасы бар нәтиже түрiнде iс жүзiне асырылған жеке және (немесе) заңды тұлғалар қызметiнiң нәтижесi;
      5) инновациялық жоба – технологиялар трансфертiне, жаңа немесе жетiлдiрiлген өндiрiстер, тауарлар, жұмыстар және қызметтер технологияларын жасауға бағытталған, белгiлi бiр уақыт мерзiмi iшiнде iске асырылатын iс-шаралар кешенi;
      6) инновациялық қызмет субъектiлерi – экономиканың басым секторларында инновациялық жобаларды iске асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар.

2. Инновациялық жобаларды iрiктеу шарттары

      3. Инновациялық жобаларды iрiктеу өтiнiм берген инновациялық қызмет субъектiлерi арасында жүзеге асырылады және агроөнеркәсiптiк кешеннiң мынадай салалық бағыттары бойынша жүргiзiледi:
      1) өсiмдiк шаруашылығы және егiншiлiк (оның iшiнде өсiмдiктердi қорғау және өсiмдiктер карантинi);
      2) мал шаруашылығы және ветеринария;
      3) ауыл шаруашылығын механикаландыру;
      4) ауылшаруашылық өнiмiн қайта өңдеу;
      5) табиғи ресурстар: су, балық, орман шаруашылықтары.
      4. Облыстың АӨК инновациялық жобаны енгiзу бойынша iс-шаралар мыналарды қамтиды:
      1) ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарының (бұдан әрi – ҒЗТКЖ) нәтижелерiн өндiрiске енгiзудi, оның iшiнде ғылыми шығыс материалдарын сатып алуды ғылыми-әдiстемелiк сүйемелдеу жөнiнде кеңес беру қызметтерi;
      2) зертханалық, оның iшiнде енгiзу нәтижелерi бойынша талдаулар жүргiзу;
      3) облыстың АӨК субъектiлерiнiң өндiрiстiк немесе ғылыми, тәжiрибелiк және өзге де аграрлық сала ұйымдары базасында инновациялық жобаларды енгiзу бойынша ғылыми-практикалық семинар-кеңестер (егiстiк күндерi) өткiзу;
      4) ҒЗКТЖ тәжiрибесiн және алынған нәтижелерiн тарату (тұсау кесер, мақалалар жариялау, брошюралар, буклеттер әзiрлеу және шығару, бейнематериалдар дайындау);
      5) облыстың базалық шаруашылықтарында инновациялық жобалардың және озық технологиялардың ғылыми әзiрленiмдерiн енгiзу.
      5. Облыстың АӨК-сiне инновациялық жобаны енгiзу жөнiндегi iс-шараларды жергiлiктi бюджеттен қаржыландыру:
      1) облыс шаруашылықтарында облыс жағдайына қолдануға болатын қолданбалы сипаттағы ғылыми жетiстiктердi (әзiрленiмдердi) енгiзуге және таратуға;
      2) облыстың табиғи-климаттық, әлеуметтiк-экономикалық және өзге де жағдайларына қолдануға болатын инновациялық агротехнологияларды енгiзуге және таратуға берiледi.
      6. Облыстың АӨК саласындағы қолданбалы сипаттағы ғылыми жетiстiктердi (әзiрленiмдердi) енгiзуде және таратуда мынадай жұмыс түрлерi қамтылуы мүмкiн:
      1) ауыл шаруашылығын жүргiзудiң технологиялық әдiстерiн енгiзу және тарату, ауылшаруашылық өнiмiн өндiру үдерiстерiн жетiлдiру;
      2) облыстың АӨК жаңа машиналарды және механизмдердi енгiзу және пайдалану, инженерлiк нысандардың немесе техникалық жүйенiң конструкцияларын көбейту (конструкторлық жұмыстар);
      3) ғылыми және инновациялық технологиялардың тәжiрибелiк үлгiлерiн (жаңадан жасалған қағидаттық өзгешелiктерi бар бiрегей моделдердi) енгiзу және тарату;
      4) селекциялық жетiстiктердi енгiзу және тарату.
      7. Инновациялық жобаны енгiзу жөнiндегi iс-шараларды жергiлiктi бюджеттен қаржыландыруды игеру мерзiмi мен сомасы нақты инновациялық жобаның өзгешелiктерiне сәйкес белгiленедi, бiрақ игеру мерзiмi 24 (жиырма төрт) айдан аспауы тиiс.

3. Инновациялық жобаларды iрiктеу тәртiбi

      8. Инновациялық жобаларды iрiктеудi бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi конкурстық негiзде жүргiзедi.
      9. Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi:
      құрамына облыстың мүдделi жергiлiктi атқарушы органдарының өкiлдерiн, тәуелсiз сарапшыларын, агрөнеркәсiп кешенi саласында қызмет атқаратын мамандар және жетекшi ғалымдарды енгiзе отырып, инновациялық жобаларды iрiктеу жөнiндегi конкурстық комиссияны (бұдан әрi – Комиссия) құрады. Комиссияның жұмыс органы облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы болып табылады;
      республикалық маңызы бар мерзiмдiк басылымда және өзiнiң интернет-ресурсында мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде, конкурс өткiзуге дейiн 15 (он бес) күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей конкурс өтетiнi туралы хабарландыруды жариялайды.
      10. Алдағы конкурс туралы хабарландыруда мынадай мәлiметтер болуы тиiс:
      1) конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қабылдау мерзiмi (конкурс өтетiнi туралы соңғы хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 (он бес) күнтiзбелiк күн) және орны;
      2) толтыру үшiн қажеттi бланкiлердiң нысандарын алу орны және тәсiлi;
      3) конкурсқа қатысуға берiлетiн өтiнiмге қосымша құжаттардың тiзбесi, оларды ресiмдеу талаптары.
      Хабарландыруда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтiн қосымша ақпараттар болуы мүмкiн.
      11. Конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген тұлға (бұдан әрi - Өтiнiм берушi) өтiнiмдi бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсiне осы Қағидада белгiленген мерзiмде және осы Қағидаға 1 қосымшаға сәйкес нысанда бередi.
      12. Өтiнiм берушi өтiнiмге, оның ажыратылмайтын бөлiгi ретiнде мынадай құжаттарды қоса бередi:
      1) осы Қағидаға 2 қосымшаға сәйкес нысанда инновациялық жобаны енгiзу жөнiндегi iс-шаралар жоспарын;
      2) осы Қағидаға 3 қосымшаға сәйкес нысанда инновациялық жобаны енгiзу жөнiндегi iс-шаралар жоспарына түсiндiрме жазбаны;
      3) осы Қағидаға 4 қосымшаға сәйкес нысанда инновациялық жобаны енгiзу жөнiндегi iс-шаралардың шығыстар сметасын;
      4) аграрлық сипатттағы инновациялық технологияларды енгiзу және тарату жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру үшiн берiлген ғылыми-техникалық және материалдық-өндiрiстiк база құжаттарының немесе салыстыру үшiн түпнұсқасы берiлмеген жағдайда нотариалды куәландырылған жалға беру туралы шарттың көшiрмелерiн;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзiмi кейiнге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, салық төлеушiнiң салықтық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударылымдар бойынша берешегiнiң жоқтығы туралы, өтiнiм берiлген күннiң алдындағы бiр айдан ерте емес берiлген, бiрiншi басшының немесе қол қою құқығы бар тұлғаның қолы қойылған және салық органының мөрi басылған, салық органының белгiленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасын;
      6) аграрлық сипаттағы ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық салалардағы жұмыстарды атқаруға өтiнiм берушiнiң бiлiктiлiгiн растайтын құжаттың (салыстыру үшiн түпнұсқасы берiлмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшiрмесi;
      7) заңды тұлғалар үшiн қосымша:
      құрылтайлық құжаттардың салыстыру үшiн түпнұсқасы берiлмеген жағдайда нотариалды куәландырылған көшiрмелерi (жарғы, мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк, құрылтайлық шарт);
      соңғы екi жылдағы қаржы есебiнiң көшiрмесi;
      8) жеке тұлғалар үшiн қосымша:
      жеке куәлiгiнiң, әлеуметтiк дербес код беру туралы куәлiктiң, Қазақстан Республикасының салық төлеушiсi куәлiгiнiң салыстыру үшiн түпнұсқасы берiлмеген жағдайда нотариалды куәландырылған көшiрмелерi.
      13. Өтiнiм және қоса берiлетiн барлық құжаттар нөмiрленген, қоса берiлген құжатттардың тiзбесiн көрсете отырып бiр папкаға жинақталған, осы Қағиданың және оған қосымшалардың талаптарына сәйкес ресiмделген болуы тиiс.
      14. Өтiнiм берушi берiлген құжаттардың, бастапқы мәлiметтердiң, есептеулердiң, негiздемелердiң толықтығын, дұрыстығын қамтамасыз етедi.
      15. Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi өтiнiмдер түскен күннен бастап тiркеу жүргiзедi, олардың толықтығын және ресiмделу сапасын тексередi.
      Берiлген өтiнiмдер осы Қағиданың 10, 11, 12 тармақтарының талаптарына сәйкес келген жағдайда оларды Комиссияның қарауына енгiзедi.
      Қажеттi құжаттар толық берiлмеген және олар сапасыз ресiмделген жағдайда бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi өтiнiмдi алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде өтiнiмдi қабылдаудан себебiн көрсете отырып, жазбаша түрде бас тартады.
      Мұндай жағдайда өтiнiм берушi, құжаттарды қабылдау мерзiмi өткенге дейiн кемшiлiктердi жойып, конкурсқа қатысуға қайтадан өтiнiм беруге құқылы.
      16. Комиссияның отырысы өтiнiмдердi қабылдау аяқталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнiнен кешiктiрмей белгiленуi тиiс.
      17. Комиссия өтiнiмдердiң инновациялық жобаларды iрiктеудiң мынадай критерийлерiне сәйкестiгiн тексередi:
      1) жобаның инновациялық бағыттылығы, жобаны iске асырудың техникалық мүмкiндiгi және оның облыстың АӨК енгiзуге және пайдалануға дайындығының деңгейi;
      2) маңыздылығы және облыстың АӨК дамытудың басым бағыттарына сәйкестiгi;
      3) инновациялық жобаның қаражатын игерудiң және инновациялық жобаның облыстың АӨК-iндегi мұнан кейiнгi болашағының нақты тұжырымдалған пайымдауының болуы;
      4) инновациялық жобаны енгiзуден болатын технологиялық тәуекелдердi облыстың АӨК нақты субъектiсiнiң жағдайында енгiзу үдерiстерiн ғалымдардың жеке сүйемелдеуi арқылы мейлiнше азайту;
      5) инновациялық жобаны енгiзуге қажеттi жабдықтың, инфрақұрылымның, бiлiктi кадрлардың, жұмыс тәжiрибесiнiң және ресурстардың болуы;
      6) инновациялық жобаның бәсекеге қабiлеттiлiгi;
      7) инновациялық жобаның экономикалық мақсатқа лайықтылығы.
      18. Комиссия өтiнiмдердi қарау қорытындылары бойынша отырыс өткен күннен кейiн 3 (үш) жұмыс күнiнен кешiктiрмей кешендi қорытындыны ресiмдейдi және инновациялық жобаны қаржыландыру немесе оны қаржыландырудан бас тарту туралы шешiм шығарады.
      19. Комиссияның шешiмi егер отырысқа оның құрамының кемiнде 2/3 қатысса заңды деп есептеледi және комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданады. Дауыстар тең түскен жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешушi болып табылады.
      20. Комиссияның инновациялық жобаны қаржыландыру туралы немесе оны қаржыландырудан бас тарту туралы шешiмi Комиссия отырысының хаттамасымен ресiмделедi және комиссия төрағасының және мүшелерiнiң қолдары қойылады.
      21. Өтiнiм қабылданбаған жағдайда берiлген құжаттар өтiнiм берушiнiң тiкелей өзiне қайтарылады немесе оның заңды мекен жайына жiберiледi.
      22. Конкурстың қорытындылары бойынша Комиссияның оң шешiмi негiзiнде хаттамаға қол қойылған күннен бастап 7 (жетi) жұмыс күнi iшiнде бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi конкурстың жеңiмпазымен осы Қағидаға 5 қосымшаға сәйкес үлгiде Инновациялық жобаны енгiзу жөнiнде шарт (бұдан әрi - Шарт) жасасады және Шартта көзделген тәртiппен қаржыландыруды жүзеге асырады.

Шығыс Қазақстан облысының
агроөнеркәсiп кешенi саласындағы
инновациялық жобаларды iрiктеудi
ұйымдастыру қағидасына 1 қосымша

Өтiнiм нысаны

1.

Тiркеу нөмiрi және күнi(бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң қызметкерлерi толтырады)




2.

Инновациялық жобаның атауы




3.

Өңiрдiң агроөнеркәсiптiк кешенiнде инновациялық тәжiрибенi енгiзу және тарату саласы (кiшi саласы)




4.

Инновациялық жобаны енгiзу жөнiндегi iс-шаралардың қысқаша сипаттамасы (жобаның негiзгi мақсаттарын және мәнiн, жоба нәтижелерiнiң нақты қолданылуын, осыған ұқсас жобаларды iске асыруға қатысу тәжiрибесiн көрсету)




5.

Жобаның ұзақтығы(айлар бойынша)




6.

Жобаның басталу және аяқталу күнi




7.

Сұратылған қаражат сомасы (теңге)




8.

Өтiнiм берушiнiң атауы, мекенжайы, телефоны/факсы, электрондық поштасының мекенжайы)




9.

Өтiнiм берушiнiң байланысатын тұлғасының Т.А.Ж., мекенжайы, телефоны, электрондық поштасы




10.

Инновациялық жобаның жетекшiсi (аты, тегi және лауазымы, телефоны/факсы, электрондық поштасы көрсетiледi)




11.

Инновациялық жобаны енгiзу жөнiндегi iс-шараларды iске асыруға қатысатын агроөнеркәсiп кешенi субъектiлерiнiң атауы, мекенжайы, телефоны/факсы, электрондық поштасының мекенжайы




Шығыс Қазақстан облысының
агроөнеркәсiп кешенi саласындағы
инновациялық жобаларды iрiктеудi
ұйымдастыру қағидасына 2 қосымша

Инновациялық жобаны енгiзу жөнiндегi
  1   2   3

Похожие:

Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсiп кешенi саласындағы инновациялық жобаларды iрiктеудi ұйымдастыру қағидасын бекiту туралы iconШығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 2 қазандағы №264 қаулысы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 22 қазанда 3071 нөмірімен тіркелді
«Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіп кешені саласындағы инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы»...
Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсiп кешенi саласындағы инновациялық жобаларды iрiктеудi ұйымдастыру қағидасын бекiту туралы iconШығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіп кешені саласындағы инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидасына

Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсiп кешенi саласындағы инновациялық жобаларды iрiктеудi ұйымдастыру қағидасын бекiту туралы iconШығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіп кешені саласындағы инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидасына

Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсiп кешенi саласындағы инновациялық жобаларды iрiктеудi ұйымдастыру қағидасын бекiту туралы iconАқтөбе облысының агроөнеркәсіп кешені саласындағы инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру Қағидалары
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7-бабы 2-тармағының 10-1 тармақшасына,Қазақстан...
Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсiп кешенi саласындағы инновациялық жобаларды iрiктеудi ұйымдастыру қағидасын бекiту туралы iconБатыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының...
Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсiп кешенi саласындағы инновациялық жобаларды iрiктеудi ұйымдастыру қағидасын бекiту туралы iconАқтөбе облысының агроөнеркәсіп кешені саласындағы инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру Қағидаларын бекіту туралы
Жарияланған: "Ақтөбе" 2012. 09. 25 №121-122; "Актюбинский вестник" 25. 09. 2012, №121-122
Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсiп кешенi саласындағы инновациялық жобаларды iрiктеудi ұйымдастыру қағидасын бекiту туралы iconШығыс Қазақстан облысының әкімдігі Шығыс Қазақстан облысының аумақтарын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы әң желтоқсандағы №26/315-iv шешімімен бекітілген
Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсiп кешенi саласындағы инновациялық жобаларды iрiктеудi ұйымдастыру қағидасын бекiту туралы iconШығыс Қазақстан облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 11 наурыздағы №27/336-iv, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде...
Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсiп кешенi саласындағы инновациялық жобаларды iрiктеудi ұйымдастыру қағидасын бекiту туралы iconШығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 11 наурыздағы №27/336-iv, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде...
Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсiп кешенi саласындағы инновациялық жобаларды iрiктеудi ұйымдастыру қағидасын бекiту туралы icon1. Мыналар: 1 осы қаулыға 1 қосымшаға сәйкес басым ауыл шаруашылығы дақылдарының 2012 жылға арналған тізбесі
«Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница