Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі




Скачать 52.09 Kb.
НазваниеҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Дата конвертации11.02.2016
Размер52.09 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://icd.kaznu.kz/Content/upload_files/riw1xi6lf9tbrsv0vy_634843647131860158.doc
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

______________________________________________________________________


БҰҰ «ACADEMIC IMPACT» БАСТАМАСЫНЫҢ АЯСЫНДА

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БҰҰ-ҒА КІРГЕНІНЕ 20 ЖЫЛ ТОЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ


«THE CHANGING NATURE OF CONFLICT IN THE XXI CENTURY»

«ХХІ ғасырдағы жанжалдардың табиғатының өзгеруі»

АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ


АҚПАРАТТЫҚ ХАТ


Құрметті әріптестер!


Сізді БҰҰ-ның «Academic Impact» бастамасы аясында Қазақстанның БҰҰ-на мүше болғанына 20 жыл толуына байланысты ұйымдастырылып отырған «THE CHANGING NATURE OF CONFLICT IN THE XXI CENTURY» атты халықаралық конференцияға қатысуға шақырамыз. Конференция Алматы қаласында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың негізінде 2012 жылдың 17-18 қазан күндері өткізіледі.


ХХІ ғасырдың басындағы оқиғалар мен олардың даму динамикасы «қауіпсіздік» ұғымының концептуалдануына әсер етті. Бұрын аталмыш ұғым әскери тұрғыдан ғана, дәлірек айтқанда, жаппай қырып-жою қаруының қолданылуымен жаңа дүниежүзілік соғыстың шығу мүмкіндігі ретінде тұжырымдалған болса, ХХІ ғасырда қауіпсіздікке төнген қатерлердің жаңа, әскери емес және дәстүрлі емес түрлерінің өзектілігі барған сайын үлкен мәнге ие болып келеді.


Конференцияның мақсаты: әлемдік қауіпсіздікке төніп тұрған дәстүрлі емес қатерлерді анықтап, соған байланысты ХХІ ғасырда туындаған жанжалдардың себептерін көрсету, оларға дүниежүзілік қауымдастықтың назарын аударту, қауіпсіздікке төнген дәстүрлі емес қатерлердің алдын алу жөнінде ғылыми негізделген кеңестер ұсыну, сондай-ақ, Қазақстанның «Green Bridge» бастамасына қолдау білдіру.


Қатысушылардың құрамы Президент Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің және дипломатиялық корпусының, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, халықаралық ұйымдардың өкілдері, Еуразиялық университеттер ассоциациясына мүше жоғары оқу орындарының жетекшілері, ұлттық ғылым академияларының жетекшілері мен өкілдері, ТМД және алыс шетел елдерінің жетекші ғалымдары мен мамандары.


Конференция келесі бағыттар бойынша жұмыс жасайды:


Пленарлық мәжіліс

Секциялар:

  1. Қазіргі әлемдегі қауіпсіздікке төніп тұрған дәстүрлі емес қатерлер және оларды болдырмаудың жолдары

  • дүниежүзінде қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстанның ғаламдық бастамалары

  • дүниежүзілік қаржылық дағдарыс

  • ақпараттық қауіпсіздік

  • энергетикалық экология және энергетикалық қауіпсіздік




  1. Халықаралық қатынастардың қазіргі жүйесіндегі БҰҰ-ның алдын алу дипломатиясы




  • БҰҰ - қауіпсіздікті қамтамасыз ететін фактор

  • мәдениеттер мен діндердің диалогы

  • жанжалдарды реттеу

  • тұрақты аймақтар

  • адам құқықтары

  • заңсыз миграция мен адам саудасы

  • есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымы




  1. БҰҰ-ның «Academic Impact» бастамасы


Жұмыс нысаны және конференцияға қатысудың шарттары


Конференцияға қатысу туралы өтініштер 2012 ж. 1 қазанына дейін sylkina.sv@mail.ru немесе sofikazgu@mail.ru электронды мекенжайына жіберілуі тиіс. Жіберілетін файлдардың аттары материалдың формасымен қатар автордың тегін де қамтуы тиіс. Өтініш пен тиісті материалдардың алынғаны жөніндегі хабар Сіз көрсеткен электронды мекенжайға жіберіледі. Егер, 3 күннің ішінде хатыңыздың алынғандығын растайтын жауап келмесе, материалдарыңызды бізге тағы бір мәрте жіберіңіз.

Жол, тамақтану, қонақүйде тұру, іс-сапарға қатысты шығындар жіберуші мекеме есебінен өтеледі.


Конференция мен оның тақырыптарын, жарияланатын баяндамалардың тезистерін рәсімдеудің ережелері туралы ақпаратты, сондай-ақ, тағы басқа ағымдағы және жедел ақпаратты www.icd.kaznu.kz сайтынан таба аласыз.


Материалдарды рәсімдеудің талаптары


Жарияланатын баяндамалардың электронды нұсқадағы тезистері 2012 жылдың 1 қазанына дейін Ұйымдастыру комитетіне берілуі тиіс. Тезистерді жіберу кезінде келесі талаптарды (баяндама тезистерін рәсімдеудің үлгісін) сақтау қажет:

  1. Көлемі 3 бетке дейінгі (А4 форматындағы) мәтіндер Word 2003/XP редактор форматында жазылып берілуі тиіс.

  2. Беттің параметрлері: барлық жақтары 2 см;

  3. Times New Roman шрифті, өлшемі 12, бір аралық интервалмен;

  4. Баяндаманың аты үлкен әріптермен қалың шрифтімен 14 өлшеммен беттің ортасына қарай жазылады; бір жолдан кейін автордың тегі мен аты-жөні кіші әріптермен қалың шрифтімен беріледі; келесі жолда жұмыс орны (қысқартусыз), қала мен елдің аты жазылады; келесі жолға автордың электронды мекенжайы курсивпен кіші әріппен беріледі; бір жолдан кейін негізгі мәтін орналастырылады; тағы бір жолдан кейін әдебиеттер тізімі беріледі.

  5. Суреттерге қосымша қолы кіші әріппен 10 шрифтпен (ортасына таман) жазылады.

Сізді аталмыш конференцияға қатысуға шақырамыз. Осы ақпаратты өзгелерге де таратсаңыз, Сізге үлкен ризашылығымызды білдіреміз.


Байланыс туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы, 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, тел. +7 727 3773330 (ішкі нөм.1334)

Конференцияға қатысты барлық мәселелер бойынша Сылкина Светлана Михайловнаға хабарласуыңызды өтінеміз. Телефоны: 8701350027, электронды поштасы: sylkina.sv@mail.ru. Сонымен қатар, Бөрібаева Сафура Болатовнаға да хабарласуға болады. Телефоны: 87017881485, электронды поштасы: sofikazgu@mail.ru.



  1. Қосымша


«THE CHANGING NATURE OF CONFLICT IN THE XXI CENTURY»

атты халықаралық конференцияға қатысу жөніндегі

Өтініш


Автордың тегі, аты-жөні




Жұмыс орны (толық)




Ғылыми дәрежесі




Ғылыми атағы




Қызметі




Оқу орны, мамандығы, курсы (докторанттар мен магистранттар үшін)




Пошталық индексі мен мекенжайы




Телефон /факс




Е-mail




Қатысу формасы (көрсету керек)

  • баяндама оқу және мақала жариялау

  • тек мақала жариялау

  • мақала жарияламаса да, ауызша баяндама оқу

Берілген тізімге сәйкес конференцияның бағыты




Баяндаманың аты




Баяндама оқуға қажетті қосымша техникалық құралдар




Қонайүйдің қажеттілігі (келу / кету уақыты)
















Похожие:

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2015 ж. 29 қазанында...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылдың 17 маусымындағы №261 бұйрығымен бекітілген магистратура мен докторантураға...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconДиссертациямен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Орталық ғылыми кітапханасында танысуға болады
Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconДиссертациямен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Орталық ғылыми кітапханасында танысуға болады
Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Алқасының 2003 ж. 23 маусымдағы (№8 хаттама)...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 11 наурыздағы №148 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының
Республикасы Білімжәне ғылым министрлігі Білім және ғылымсаласындағы бақылау комитеті ұсынатын ғылыми баспалар тізбесі
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница