Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі №176 Қаулысы




Скачать 60.04 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі №176 Қаулысы
Дата конвертации11.02.2016
Размер60.04 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish807133_9092.doc
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 13.09.2012 14:02:50


Рейтингілік агенттіктерді және банктер мәмілелерін жүзеге асыра алатын облигацияларға арналған ең төменгі талап етілетін рейтингіні, сондай-ақ банктер брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асырған кезде мемлекеттік бағалы қағаздарымен мәмілелер жасай алатын елдердің ең төменгі талап етілетін рейтингісін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 176 Қаулысы

 

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі - банктер) мынадай бағалы қағаздармен:

«ВВВ-»-тен төмен емес (Standard & Poor's және Fitch рейтингілік агенттіктердің жіктеуі бойынша) немесе «Ваа3»-тен төмен емес (Moody's Investors Service рейтингілік агенттіктің жіктеуі бойынша) рейтингісі бар шетел эмитенттерінің облицияларымен;

«ВВ-»-тен төмен емес (Standard & Poor's және Fitch рейтингілік агенттіктердің жіктеуі бойынша) немесе «Ва3»-тен төмен емес (Moody's Investors Service рейтингілік агенттіктің жіктеуі бойынша), не жоғарыда көрсетілген рейтингілік агенттіктердің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар Қазақстан Республикасы эмитенттерінің облигацияларымен сатып алу-сату мәмілелерін жасайды деп белгіленсін. Осы абзацтың мақсаттары үшін жарғылық капиталына қатысу үлестерінің елу пайызынан астамы Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Ұлттық Банкке не ұлттық басқарушы холдингіне тиесілі ұйым болып табылатын Қазақстан Республикасы эмитенттерінің облигациялары Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингісін иеленетін Қазақстан Республикасы эмитенттерінің облигациялары деп танылады.

Шетел эмитенттері және Қазақстан Республикасының эмитенттері облигацияларының рейтингісі қаулының осы тармағында айқындалған деңгейден төмендесе, банктер көрсетілген төмендеу болған айдан кейінгі күнтізбелік алты ай ішінде осы тармақта белгіленгеннен төмен рейтингісі бар өздеріне тиесілі бағалы қағаздарды иеліктен шығаруы қажет.

2. Банктер «ВВВ-»-тен төмен емес (Standard & Poor's және Fitch рейтингілік агенттіктердің жіктеуі бойынша) немесе «Ваа3»-тен төмен емес (Moody's Investors Service рейтингілік агенттіктің жіктеуі бойынша) шетел валютасындағы ұзақ мерзімді тәуелсіз рейтингісі бар елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыра алады деп белгіленсін.

Мемлекеттік бағалы қағаздарымен банктер брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыра алатын елдердің шетел валютасындағы ұзақ мерзімді тәуелсіз рейтингісі қаулының осы тармағында айқындалған деңгейден төмендесе, банктер көрсетілген төмендеу болған айдан кейінгі күнтізбелік үш ай ішінде осы тармақта белгіленген рейтингіден төмен рейтингісі бар елдердің өздеріне тиесілі бағалы қағаздарын иеліктен шығаруы қажет.

3. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қайта құрылымдауды жүзеге асыратын (жүзеге асырған), қайта құрылымдау шеңберінде сатып алынған, осы қаулының 1-тармағының талаптарына сәйкес келетін рейтингілік бағалары жоқ облигациялары бар банктер қайта құрылымдау аяқталған жылдан кейінгі бес жылға дейінгі мерзімде көрсетілген облигацияларды иеліктен шығаруы қажет деп белгіленсін.

4. Қолында осы қаулының 1-тармағының талаптарына сәйкес келетін рейтингілік бағалары жоқ қайта құрылымдалатын облигациялары және (немесе) қайта құрылымдауды жүргізу туралы сот шешімі бар Қазақстан Республикасы эмитентінің өзге де міндеттемелері бар банктер қайта құрылымдау тоқтатылған айдан кейінгі он екі ай ішінде көрсетілген облигацияларды иеліктен шығаруы қажет деп белгіленсін.

5. Банктің осы қаулы қолданысқа енгізілетін күні осы қаулының 1 және 2-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін рейтингілік бағалары жоқ бағалы қағаздары болған кезде, банк 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде осы қаулының 1 және 2-тармақтарында белгіленгеннен төмен рейтингісі бар өздеріне тиесілі бағалы қағаздарды иеліктен шығаруы қажет.

6. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.

7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.

 

 

Ұлттық Банк Төрағасы

Г. Марченко

 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкі Басқармасының

2012 жылғы 28 сәуірдегі

176 қаулысына

қосымша

 

 

Қазақстан Республикасының күші жойылды деп танылатын нормативтік құқықтық актілерінің

тізбесі

 

1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Рейтинг агенттіктері мен банктер мәмілелерін жүзеге асыра алатын облигацияларға арналған ең төменгі талап етілетін рейтингін, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер брокерлік және/немесе дилерлік қызметті жүзеге асырған кезде мемлекеттік бағалы қағаздарымен мәмілелер жасай алатын елдердің ең төменгі талап етілетін рейтингін белгілеу туралы» 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 128 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4717 тіркелген).

2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Рейтинг агенттіктері мен банктер мәмілелерін жүзеге асыра алатын облигацияларға арналған барынша төмен рейтингті белгілеу туралы» 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 128 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 26 ақпандағы № 19 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5174 тіркелген).

3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Рейтинг агенттіктері мен банктер мәмілелерін жүзеге асыра алатын облигацияларға арналған ең төменгі талап етілетін рейтингін, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер брокерлік және/немесе дилерлік қызметті жүзеге асырған кезде мемлекеттік бағалы қағаздарымен мәмілелер жасай алатын елдердің ең төменгі талап етілетін рейтингін белгілеу туралы» 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 128 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 30 қарашадағы № 239 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5975 тіркелген).

4. Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Рейтинг агенттіктері мен банктер мәмілелерін жүзеге асыра алатын облигацияларға арналған ең төменгі талап етілетін рейтингін, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асырған кезде мемлекеттік бағалы қағаздарымен мәмілелер жасай алатын елдердің ең төменгі талап етілетін рейтингін белгілеу туралы» 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 128 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 185 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6769 тіркелген).

 

 

Похожие:

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі №176 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №88 Қаулысы
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі №176 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы №32 Қаулысы
Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі №176 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №98 Қаулысы
Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі №176 Қаулысы iconМемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін беру қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 18 сәуірдегі №53 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі №176 Қаулысы iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №90 Қаулысы
«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі №176 Қаулысы iconБағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық құралдарға және өзге жабдықтарға қойылатын талаптарды бекіту жөнінд
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі №165 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі №176 Қаулысы iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы
Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі №176 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұлттық валютаның банкноталары мен монеталарын сату және сатып алу ережесін бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 12 желтоқсандағы n 163 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде...
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі №176 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығындағы қызметті лицензиялау Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №87 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі №176 Қаулысы iconҚазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Азақстан Республикасының Ұлттық банкі Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірдегі n 179 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница