Скачать 181 Kb.
|
"Әкетiлетiн және әкелiнетiн заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру" мемлекеттiк қызмет көрсету стандартын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 24 қыркүйектегi № 976 Қаулысы "Егемен Қазақстан" 20 жылғы 1 қазандағы № 398-401 (26244); "Казахстанская правда" от 02.10.2010 г., № 260-261 (26321-26322) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабына және «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған «Әкетiлетiн және әкелiнетiн заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты бекiтiлсiн. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 24 қыркүйектегi № 976 қаулысымен бекiтiлген «Әкетiлетiн және әкелiнетiн заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты 1. Жалпы ережелер 1. Мемлекеттiк қызмет көрсетудi мекенжайлары және жұмыс кестелерi осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарының мәдениет басқармалары (бұдан әрi - Басқарма) көрсетедi. 2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттiк қызмет көрсету «Қазақстан Республикасынан әкетiлетiн және оған әкелiнетiн мәдени құндылықтарға сараптама жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 1 маусымдағы № 447 қаулысының негiзiнде көрсетiледi. 4. Мемлекеттiк қызмет көрсету туралы ақпарат электрондық Үкiмет порталында: www.e.gov.kz, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарының (бұдан әрi - жергiлiктi атқарушы органдар) осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген интернет-ресурстарында орналастырылған. 5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi әкетiлетiн заттың мәдени құндылығының болуы туралы және уақытша әкетiлген мәдени құндылықтың түпнұсқалылығы туралы қорытынды (бұдан әрi - қорытынды) беру болып табылады. Қорытынды жазбаша түрде қағаз тасығышта ресiмделедi. 6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi - тұтынушы) көрсетiледi. 7. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң мерзiмдерi: 1) мемлекеттiк қызмет көрсетудiң мерзiмi; а) тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап - бес жұмыс күнi; 2) өтiнiш берушi өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiн күтудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты 15 минуттан аспайды; 3) өтiнiш берушi өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi көрсетудi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты - 10 минут; 4) қорытындыны алған кезде күту уақыты - 10 минуттан аспайды. 8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi. 9. Мемлекеттiк қызмет көрсету осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген басқармалардың жұмыс кестесiне сәйкес күн сайын көрсетiледi. Қабылдау алдын-ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады. 10. Мемлекеттiк қызмет көрсету басқарманың ғимаратында жүзеге асырылады. Үй-жай режимi: ғимаратқа кiру бөлек кiреберiсi бар рұқсаттама бюросы беретiн бiр реттiк рұқсат қағазы бойынша жүзеге асырылады. Бiр реттiк рұқсат қағазы қызметтi көрсететiн тұлғаның тiкелей телефон арқылы берiлген өтiнiмi бойынша ресiмделедi. Құқықтық тәртiптi қолдау үшiн ғимаратта тәулiктiк күзет бекетi, өртке қарсы дабыл қаққыш және басқа да қауiпсiздiк шаралары болады. Кiреберiс мүмкiндiктерi шектеулi адамдарға арналған пандустармен жабдықталған. 2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi 11. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тұтынушы (не сенiмхат бойынша өкiл) Басқармаға мынадай құжаттарды ұсынады: 1) осы стандартқа 3 және 4-қосымшаларға сәйкес өтiнiш; 2) жеке тұлға үшiн - тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды расталған көшiрмесi; заңды тұлға үшiн - заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiгiнiң нотариалды расталған көшiрмесi; 3) қабылдаушы тараптың мәдени құндылықтардың болу мақсаттары мен талаптары туралы шартының көшiрмесi; 4) әрбiр мәдени құндылықтың немесе оны құрамдас бөлiктерiнiң мөлшерi 10x15 сантиметр фотосуретi; 5) мәдени құндылықтарға меншiк құқығын растайтын құжаттар; 6) заңды тұлғалар үшiн - уақытша әкету кезеңiне мәдени құндылықтардың сақталуы үшiн белгiлi бiр тұлғаға жауапкершiлiк жүктеу туралы ұйым басшының бұйрығы; 7) сараптауға жататын мәдени құндылықтар ретiнде қаралатын заттар. 12. Өтiнiштiң үлгiсi Үкiмет порталында: www.e.gov.kz, жергiлiктi атқарушы органдардың осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген интернет-ресурстарында орналастырылған. 13. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттар және заттар мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген Басқармаларға тапсырылады. 14. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн Басқармаға ұсынылған құжаттар және заттар осы стандарттың 11-тармағына сәйкес өтiнiште көрсетiлген тiзiмдеме бойынша қабылданады. Өтiнiштiң көшiрмесi құжаттар мен заттардың қабылданған күнi туралы белгi қойылып тұтынушыға тапсырылады. Құжаттамалық қамтамасыз ету қызметi қабылданған құжаттарды бақылау белгiлерiн көрсетiп, тиiсiнше ресiмдеу үшiн тiркеу мөртабанында нөмiрiн, күнiн және парақ санын, заттарды көрсете отырып тiркейдi. Тiркелген, тиiсiнше ресiмделген құжаттар және заттар басқарма басшысына берiледi, кейiннен олар басқарманың орындаушысына берiледi. Орындаушы құжаттарды және заттарды сараптамаға жiберудi жүзеге асырады. Сараптама қорытындылары бойынша екi данада Қорытынды ресiмделедi, оның әрқайсысы сараптама комиссиясы төрағасының қолымен расталады және басқарманың мөрiмен бекiтiледi. Тұтынушы Қазақстан Республикасының аумағынан әкетiлген мәдени құндылықтарды Қазақстан Республикасының аумағына оларды қайта әкелген күннен бастап он күнтiзбелiк күн iшiнде қайтадан сараптамадан өткiзуге ұсынады. Қайта сараптаманың нәтижесiнде мәдени құндылықтар сақталуының жай-күйiнде өзгерiстер анықталған жағдайда сараптама комиссиясы зақымдалған мәдени кұндылықтардың қалпына келтiрiлуiн қамтамасыз етуге бағытталған шараларды белгiлейдi. 15. Басқарманың құжаттамалық қамтамсыз ету қызметiнiң тiркеу (кiрiс нөмiрi, күнi) мөртабаны бар тұтынушы өтiнiшiнiң көшiрмесi құжаттар мен заттардың тапсырылғанын растау болып табылады. 16. Қорытынды және сараптамадан өткен мәдени құндылық ретiнде қаралатын заттар тұтынушыға (не сенiмхат бойынша өкiлге) жеке өзi келгенде осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген мекенжайларда берiледi. Қорытындыны және заттарды беру берiлген Қорытындылар журналына тiркеледi. 17. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту үшiн осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттар пакетiн толық ұсынбау негiз болып табылады. Қорытынды беруден бас тартылған жағдайда, Қорытынды беру үшiн белгiленген мерзiмде тұтынушыға жазбаша түрде дәлелдi жауап берiледi. 3. Жұмыс қағидаттары 18. Басқарманың қызметi адамның конституциялық құқықтарын, қызметтiк борышты атқару кезiнде заңдылықты сақтауға негiзделедi және сыпайылық мемлекеттiк қызмет көрсету жөнiндегi толық ақпарат беру, оның қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады. 4. Жұмыс нәтижелерi 19. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандарттың 5-қосымшасына сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi. 20. Басқарманың жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәнi жыл сайын осы мемлекеттiк қызмет көрсету стандартын әзiрлеуге жауапты мемлекеттiк органның бұйрығымен бекiтiледi. 5. Шағымдану тәртiбi 21. Уәкiлеттi лауазымды адамдардың әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген мекенжайлар бойынша басқарманың құжаттамалық қамтамасыз ету қызметi түсiндiредi. 22. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, шағым осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген мекенжайлар бойынша жергiлiктi атқарушы орган басшылығының атына беруге болады. 23. Дұрыс қызмет көрсетiлмеген жағдайда, шағым осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында мекенжайлары және жұмыс кестелерi көрсетiлген басқарманың не жергiлiктi атқарушы органның құжаттамалық қамтамасыз ету қызметi арқылы жазбаша түрде поштамен немесе қолма-қол берiледi. 24. Шағым еркiн нысанда әкетiлетiн және әкелiнетiн заттың мәдени құндылығының болуы туралы Қорытындыны беруге басқарманың құжаттамалық қамтамасыз ету қызметiнiң белгiсi бар өтiнiштiң көшiрмесiмен қоса берiледi. 25. Шағымды басқарманың не жергiлiктi атқарушы органның құжаттамалық қамтамасыз ету қызметi тiркейдi. Шағым берген тұлғаға шағымның тiркелгенi, оған жауап алатын мерзiмi мен орны туралы белгiсi бар оның көшiрмесi берiледi. Шағымның қаралу барысы туралы ақпаратты осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетiлген телефондар арқылы алуға болады. Шағымды қарау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен және мерзiмде жүзеге асырылады. 26. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет туралы қосымша ақпаратты осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген жергiлiктi атқарушы органдардың интернет-ресурстарынан алуға болады. «Әкетiлетiн және әкелiнетiн заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттiк қызмет көрсету стандартына 1-қосымша Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары мәдениет басқармаларының мекенжайлары мен кестелерi
«Әкетiлетiн және әкелiнетiн заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттiк қызмет көрсету стандартына 2-қосымша Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарының мекенжайлары
«Әкетiлетiн және әкелiнетiн заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттiк қызмет көрсету стандартына 3-қосымша Жеке тұлғаға арналған үлгi Әкетiлетiн және әкелiнетiн заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беруге өтiнiш Өтiнiш берушiнiң А.Т.Ә. _________________________________________ Туған күнi (күнi, айы, жылы): ___________________________________ Азаматтығы: _____________________________________________________ Тiркелген орны: _________________________________________________ Iс жүзiнде тұратын жерi: ________________________________________ Байланыс телефоны: ______________________________________________ Ұсынылған затқа меншiк құқығы туындауының негiзi: _______________ _________________________________________________________________ Заттың сипаттамасы: _____________________________________________ _________________________________________________________________ Затты әкету мақсаты: ____________________________________________ Затты тасымалдау шарттары: ______________________________________ Заттың Қазақстан Республикасының аумағынан тыс болу мерзiмi: ____ _________________________________________________________________ Құжаттар мен заттардың тiзiмдемесi (осы стандарттың 11-тармағына сәйкес): 1. ______________________________________________________________ 2. ______________________________________________________________ 3. ______________________________________________________________ 4. ______________________________________________________________ 5. ______________________________________________________________ 6. ______________________________________________________________ 7. ________________________________________________________ Өтiнiш берушiнiң қолы: __________________________________________ Өтiнiш берiлген күн: ____________________________________________ «Әкетiлетiн және әкелiнетiн заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттiк қызмет көрсету стандартына 4-қосымша Заңды тұлғаға арналған үлгi Әкетiлетiн және әкелiнетiн заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беруге өтiнiш Заңды тұлғаның атауы: __________________________________________ Заңды тұлғаның деректемелерi (мекенжайы, байланыс телефондары, СТН, БИК): __________________________________________________________ Астаналық филиал (мекенжайы, байланыс телефондары, есептiк тiркеу туралы куәлiгiнiң нөмiрi және берiлген күнi) ___________________ Ұсынылған затқа меншiк құқығының туындау негiзi: _______________ ________________________________________________________________ Заттың сипаттамасы: ____________________________________________ Затты әкету мақсаты: ___________________________________________ Затты тасымалдау шарттары: _____________________________________ Заттың Қазақстан Республикасының аумағынан тыс болу мерзiмi: ___ ________________________________________________________________ Құжаттар мен заттардың тiзiмдемесi (осы стандарттың 11-тармағына сәйкес): 1. _____________________________________________________________ 2. _____________________________________________________________ 3. _____________________________________________________________ 4. _____________________________________________________________ 5. _____________________________________________________________ 6. _____________________________________________________________ 7. _____________________________________________________________ Қолы ___________________________________________________________ (бiрiншi басшы немесе оны ауыстыратын адам) М.О. Өтiнiш берiлген күн: ___________________________________________ «Әкетiлетiн және әкелiнетiн заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттiк қызмет көрсету стандартына 5-қосымша Кесте. Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiшiнiң мәнi
|