Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы №717 қаулысы




НазваниеҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы №717 қаулысы
страница6/8
Дата конвертации11.02.2016
Размер0.9 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://kz.government.kz/docs/kauly_717.doc
1   2   3   4   5   6   7   8
§ 3. Вахта радиооператоры


218. Штат кестесінде радиостанция бастығының лауазымы көзделген кемелерде оған сондай-ақ вахта радиооператорының функциялары жүктеледі.

219. Вахта радиооператоры жағалаулардағы және кемелердегі радиостанциялармен радиобайланысын, сондай-ақ апат дабылының сигналдарын, жүзу ауданына қарай радиобайланыс ережелеріне сәйкес мерзімділігін және қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асырады.

220. Вахта радиооператоры:

1) вахтаға кірісіп, радиостанция аппаратурасының қолданысқа даярлығын тексереді, сондай-ақ вахта бойынша барлық өкімдермен танысады;

2) тұрақты және уақтылы радио алмасуды жүзеге асырады; радиотелеграф журналын жүргізеді, оны өз қолымен куәландырады және капитанға қол қоюға ұсынады;

3) радиоалмасу уақытында дабыл, апат, мерзімділік және қауіпсіздік сигналдарын қабылдаған жағдайда алмасуды тоқтатады, алынған сигналдар туралы капитанға, вахта бастығына хабарлайды және капитанның нұсқауларына сәйкес іс-әрекет жасайды;

4) дабыл, апат, мерзімділік және қауіпсіздік сигналдарын кеме капитанының өкімі бойынша ғана береді;

5) радиобайланыс ережелерімен белгіленген үнсіздік минуттарында алмасу бойынша жұмысты тоқтатады және эфирге бақылау жүргізеді;

6) эфирде тәртіп, шақыру, шақыруға жауап беру және алмасу ережелерін сақтайды, жеке және кодталмайтын сөйлесулерді жібермейді, бақылау және жағалау радиостанцияларының эфирде тәртіп сақтауға қатысты талаптарын дереу және сөзсіз орындайды;

7) тәулігіне кемінде екі рет дәл уақыт радиосигалдары бойынша радиорубкада сағатты тексереді;

8) метеомәліметтерді, ауа райы болжамдарын, ауа райының және теңіз жағдайының факсимильдік карталарын, дауылды және мұздануды ескертулерін, радиостанциялардан аудандарға навигациялық хабарларды және капитан көрсеткен мерзімдерде, сондай-ақ жол және арналар басқармаларынан жол ақпаратын ұдайы және уақытында қабылдайды; алынған мәліметтерді вахта бастығына қолын қойдырып уақтылы беріп отырады;

9) жүзудің қиын жағдайларында капитанның нұсқауы бойынша тұрақты радио вахтаны атқарады;

10) кемеден тек капитанның қолы бар радиограммалар мен телеграммаларды береді (жолаушылар кемесіндегі жолаушылардың радиограммалары ерекшелік құрайды);

11) радиотелеграфтық хабарлар мен радиотелеграфтық сөйлесулердің құпиялығын сақтайды. Мұндай хабарларды бақылауды кемеде капитан ғана жүзеге асырады;

12) неғұрлым қуатты радиостанцияда жұмыс істеген кезде немесе байланыстың өтуіне қатысты жақсы жағдайды сезіне отырып, байланыспен басқа кемелерге жәрдем көрсетеді. Мұндай жағдайда, сондай-ақ қызмет көрсететін радиостанциямен тікелей радиобайланыс орнату мүмкін болмаған кезде кеме бұл туралы кеме иесіне және қызмет көрсететін радиостанцияның диспетчеріне хабарлайды;

13) радиотелефондық сөйлесулер жүргізетін адамдардан радиобайланыс ережелерін орындауды және оларды бұзған жағдайда тиісті ескертулер жасайды немесе сөйлесулерді тоқтатады және болған жағдай туралы капитанға хабарлайды.

221. Радиостанция бастығы радио хабарын таратқыштың немесе қабылдағыштың істен шығуы туралы капитанға дереу хабарлайды және түзету шараларын қабылдайды.

222. Радиостанция бастығына рубкаға бөтен адамдарды және қызметтік қажеттіліксіз экипаж мүшелерін жіберуіне тыйым салынады. Радиорубкада капитанның ғана болуына рұқсат етіледі.

223. Радиостанция бастығы кемеден кетерінде радиорубканың, агрегат және аккумулятор бөлмелерінің кілттерін вахта бастығына тапсырады.

224. Радиостанция бастығы капитан белгілеген сағаттарда кеме радиоторабы бойынша хабар жүргізеді. Радиохабарлар 7:00 сағаттан ерте басталмауға және 23:00 сағаттан кешікпей аяқталуға тиіс.

225. Кемеге жаңадан тағайындалған радиостанция бастығы өзінің алдындағыдан техникалық құралдар мен материалдық-техникалық жабдықтарды, сондай-ақ техникалық және өзге құжаттаманы қабылдайды. Қабылдау-тапсыру туралы капитан бекітетін акт екі данада жасалады. Бір данасы кемеде сақталады, екіншісі кеме иесінің байланыс және радионавигация торабына жіберіледі. Қабылдау-тапсыру радиотелеграф журналында тіркеледі.


§ 4. Вахтада рульдеуді басқаратын адам


226. Вахтада рульдеуді басқаратын адам тікелей вахта бастығына бағынады.

227. Вахтада рульдеуді басқаратын адамның вахтаны қабылдауы және тапсыруы кезекші бастықтың рұқсатымен жүргізіледі.

228. Вахтаға кірісе отырып, кезекші рульдеуді басқаратын адам сигналдық оттардың қолданылуын, ал күндізгі уақытта - осы жағдайда қажетті, көтерілген тулар мен белгілердің болуын тексереді, вахта бойынша өзіне қатысты барлық өкімдермен танысады.

229. Вахтада рульдеуді басқаратын адам кеме зәкірде немесе шынжыр арқанмен байлаулы тұрған кезде вахта бастығы көрсеткен орында болады, қоршаған ортаға бақылау жүргізеді, зәкір шынжырының қалпын және тартылуын, шынжыр арқандарды, кранецтерді, басқыштарды, траптарды, зәкірлік оттарды және белгілерді, болат арқандарда егеуқұйрыққа қарсы қалқаншалардың болуын, сондай-ақ арқандар мен құбыршектердің борт сыртына салбырамауын қадағалайды. Жағдайдың барлық өзгерістері туралы дереу вахта бастығына хабарлайды.

230. Вахтада рульдеуді басқаратын адам жүріс вахтасында вахтаны рульдеуді қабылдай отырып, ауысушыдан бағытты қабылдайды, кеменің рульдеуге қалай бағынатынын анықтайды және қабылданған бағыт туралы (бағдарлар немесе бағыткөрсеткіш бойынша) вахта бастығына мәлімдейді.

231. Вахтада рульдеуді басқаратын адам басқару постында болғанда кемені берілген бағытта қатаң ұстайды, бағыт көрсеткіштердің және меңгерік құрылғысының жұмысын қадағалайды, олардың жұмысындағы жарамсыздықтар туралы дереу кезекші бастыққа хабарлайды.

232. Вахтада рульдеуді басқаратын адам алдын ала оларды қайталай отырып, тек капитанның, вахта бастығының немесе лоцманның командаларын (соңғының командалары - капитанның немесе вахта бастығының рұқсаты бойынша) орындайды.

233. Бағдарлаудың көзбен өлшеу әдісін пайдаланып жүзген кезде вахтада рульдеуді басқаратын адам навигациялық жабдықтардың жүзбелі және жағалаудағы белгілеріне, сигналдық діңгектердегі тереңдіктердің көрсеткіштеріне, қозғалыстағы және тоқтап тұрған кемелердегі сигналдарға тұрақты бақылау жүргізеді және қауіп төндіретіндердің барлығы туралы вахта бастығына хабарлайды.

234. Кеме тұрақ орнынан кетер алдында вахтада рульдеуді басқаратын адам рульдеуді борттан бортқа ауыстырып қою жолымен рульдеу құрылғысының қолданылу жарамдылығына көз жеткізеді және бұл туралы вахта бастығына мәлімдейді.

235. Тоқтап тұрған уақытта кемеде немесе оның маңында өрт пайда болған, сондай-ақ басқа да төтенше жағдайлар туындаған кезде вахтада рульдеуді басқаратын адам дереу вахта бастығына хабарлайды және оның нұсқауы бойынша іс-қимыл жасайды.


§ 5. Вахта матросы


236. Постқа кіріскен кезде вахта матросы траптың жарамды жай-күйіне, сақтандырғыш тордың (егер ол талап етілсе), тұтқалардың және арқанымен бекітілген құтқарғыш дөңгелектің бар екендігіне көз жеткізеді.

237. Трап жанындағы вахта матросы трап маңынан ешқайда кетпей және вахта бастығының рұқсатынсыз кемеге бөтен адамдарды жібермей, кемеге келушілерді бақылауды жүзеге асырады, вахта матросы вахта бастығының отыратын орнын біледі.

238. Вахта матросы:

1) вахтаға кірісердің алдында ауысатын матростан ашық орындардағы және палубалардағы мүлікті, құрал-саймандар мен жабдықтарды қабылдайды, сондай-ақ орындалатын жұмыс тапсырмалары туралы мәліметтер алады;

2) вахтаны атқару кезінде қабылданған мүліктің, құрал-саймандардың және жабдықтардың сақталуын, жолаушылардың кеме ережелерін сақтауын қадағалайды; тапсырылған жұмыс тапсырмаларын орындайды және оған бекітілген учаскелердің тазалығын сақтайды.


§ 6. Жер снарядының (түбін тазартқыш снарядтың) вахта бастығы


239. Жер снарядының вахта бастығы осы Жарғының «Вахта бастығы» параграфында айтылған өкілеттіктерді пайдаланады және функцияларды орындайды.

240. Жер снарядының вахта бастығы сондай-ақ:

1) вахтаға кірісер алдында жер снарядының сүйретпе болат арқанының сенімділігін, жүк көтергіш құрылғылардың және жедел жүк шығырлардың жарамдылығын тексереді; олардың міндеттері, тетіктердің жұмыс режимі, зәкірлерді ауыстырып қоюмен және шаландалардың ауысымымен байланысты алдағы өндірістік операциялар туралы, жұмыстарды орындаған кезде еңбек қауіпсіздігінің ережелерін сақтау жөніндегі шаралар туралы кезекшілікке кірісетіндермен нұсқама өткізеді;

2) вахтаны атқарған кезде әзірленетін қайраңда навигациялық белгілердің жарамды қолданылуын, кеме жолының габариттік мөлшерлерін қадағалайды; көлік флотын қауіпсіз өткізу шараларын қабылдайды, кемелермен жүзу ережелерінде көзделген дыбыс және жарық сигналдарымен уақтылы алмасып тұрады;

3) кезекті жұмыс орнына тіркеп сүйреудің алдында жер снарядтары керуені кемелерін бекітуге қатысады.


§ 7. Жер снарядының (түбін тазартқыш снарядтың) шығыр жұмысшысы (арнайы құрылғылардың операторы)


241. Жер снарядының (түбін тазартқыш снарядтың) шығыр жұмысшысы (арнайы құрылғылардың операторы) жер снаряды жұмысының технологиялық процесін басқару жөніндегі вахта бастығының нұсқауларын орындайды.

242. Жер снарядының (түбін тазартқыш снарядтың) вахта шығыр жұмысшысы (арнайы құрылғылардың операторы):

1) вахтаға кіріскен кезде жедел шығырлардың және жұмыс арқандарының жай-күйін тексереді;

2) жер снарядына қызмет көрсетумен байланысты шағын кемемен зәкірлерді ауыстырып қою жөніндегі өндірістік жұмыстарға және басқа да жұмыстарға қатысады;

3) шаландаларды арқандап байлауға қатысады;

4) вахта бастығының нұсқауы бойынша слесарлық-жөндеу жұмыстарын орындайды.


§ 8. Жер снарядының (түбін тазартқыш снарядтың) вахта матросы


243. Вахтаға кіріскен кезде кезекші матрос (түбін тазартқыш снарядтың) сым арқан қоршаудың жай-күйін, құтқарушы және өртке қарсы құралдардың, сорушы ұшы тазартуға арналған құрал мен жүк асып қоятын арқандардың болуын тексереді.

244. Вахта уақытында кезекші матрос:

1) шағын кемемен зәкірлерді ауыстырып қою жөніндегі барлық өндірістік операцияларды және басқа да белгіленген жұмыстарды орындайды;

2) рубкада, брезент жаппалы және басты палубаларда тазалық пен тәртіп сақтайды;

3) вахта бастығының нұсқауы бойынша палубалық көмекші тетіктерді басқарады, топырақ жолдарын тазартуды жүргізеді, шлюпканы түсіруге және көтеруге қатысады, жер снарядының жұмысына дейін және одан кейін тереңдікті өлшейді;

4) арқандап байлау және такелаж жұмыстарын, ұсақ ағымдағы жөндеуді және сырлауды орындайды;

5) палубаларды, қондырманың сыртқы қабырғаларын жиыстырады және жуады;

6) рефулер мен шөміш шынжырын дайындау, құрастыру және жөндеу жөніндегі жұмыстарға қатысады;

7) жұмыс қақпақтарын қояды және оларда оттар жағады.


§ 9. Вахта механигі


245. Вахта механигі машина вахтасының бүкіл құрамының бастығы болып табылады және тікелей вахта бастығына бағынады.

246. Вахта механигі вахтаға кіріскен кезде:

1) механикалық қондырғының жұмыс істейтін техникалық құралдарының (соның ішінде машина меңгерігінің) жай-күйін өзі тексереді;

2) машина журналын қарап шығады және ондағы жазбалардың өз бақылауларына сәйкестігін тексереді;

3) вахтаны тапсыратын вахта механигі басты қозғалтқыштарды басқару тәсілі, барлық техникалық құралдар жұмысының жай-күйі мен режимдері, олардың жұмысындағы байқалған жарамсыздықтар туралы, техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнінде жүргізілетін жұмыстар туралы мәліметтер алады, сондай-ақ түскен барлық ескертулермен және өкімдермен танысады;

4) машина командасының адамдарынан вахтаға кіріскендері туралы мәлімдемелер қабылдайды, вахтаны қабылдау туралы машина журналында жазба жүргізеді және вахтаға кіріскендігі туралы кезекші бастыққа хабарлайды.

247. Вахта механигі:

1) кемедегі техникалық құралдардың белгіленген жұмыс режимін, оларды техникалық пайдалану ережелерін, оларға қызмет көрсету жөніндегі механиктің нұсқаулықтары мен нұсқауларын сақтауды қамтамасыз етеді, машина бөлмелерінде экипаж мүшелерінің жұмысы кезінде еңбек қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігі ережелерінің орындалуын бақылайды;

2) техникалық құралдардың барлық анықталған жарамсыздықтары туралы механикке хабарлайды және оларды жою шараларын қабылдайды;

3) кеменің өміршеңдігі үшін күрес құралдарының қолданысқа тұрақты даярлығын қамтамасыз етеді;

4) тұтынушыларға электр энергиясын, су және бу беруді қамтамасыз етеді;

5) вахта уақытында отынның, майлайтын, сүртетін және басқа да материалдардың дұрыс жұмсалуын қадағалайды;

6) машина бөлімшелерінде қоспа сулардың жиналуына жол бермейді және оларды қоспа суларды жинайтын цистернаға уақытында ағызып құяды; ластанған судың және машина бөлмелері қоқыстарының борт сыртына тасталмауын қадағалайды;

7) вахта бастығының өкімі бойынша балласт пен отынды қабылдауды, ағызып шығаруды және ауыстырып құюды, сондай-ақ бөліктерден суды ағызып шығаруды жүргізеді;

8) машина бөлмелерінде тазалық пен тәртіп сақтауды қамтамасыз етеді.

248. Техникалық көмек (консультациялар) көрсету қажет болған кезде вахта механигі машина бөлімшесіне механикті шақырады.

249. Техникалық қызмет көрсетуді орындағаннан кейін механик басты қозғалтқыштарды сынақ ретінде іске қосулар мен айналдыруларды вахта бастығының рұқсатымен механиктің бірінші көмекшісінің қатысуы арқылы жүргізеді.

250. Басты қозғалтқышты тоқтату, мінбеден алдын ала белгіленген тетіктердің жұмыс режимін өзгерту немесе жауапты тағайындаудың техникалық құралдарын ажырату қажет болған жағдайда вахта механигі бұл туралы вахта бастығына және механикке хабарлайды.

251. Авария қатері немесе адамдардың өмірі үшін қауіптілік кезінде вахта механигі басты қозғалтқышты немесе кез келген басқа тетікті тоқтатады және бұл туралы дереу вахта бастығына және механикке хабарлайды.

252. Өрт байқалған немесе кеме корпусының ішіне борт сыртындағы су құйылған жағдайда вахта механигі бұл туралы дереу кезекші бастыққа хабарлайды және бұл үшін барлық мүмкіндікті және нәтижелі шараларды пайдалана отырып, өрт сөндіруді немесе сумен күресті ұйымдастырады.

253. Электромеханиктердің вахтаны атқаруы көзделмеген кемеде кезекші механик электр жабдықтарын басқаруды қамтамасыз етеді. Кемедегі электр жабдықтарының жарамсыздығы пайда болған кезде вахта механигі машина бөлімшесіне электромеханикті шақырады.

254. Жүріс вахтасында вахта механигі:

1) басты қозғалтқыштарды басқару постында болады және оларды жұмыспен қамтамасыз етеді;

басқару постында өзі үшін кезекші мотористі (машинисті) қалдыра отырып, машина бөлмелерінде жұмыс істеп тұрған техникалық құралдарға тексеру жүргізеді;

2) өзгеруіне жол бермей, басты қозғалтқыштардың мінбеден тағайындалған жұмыс режимін қатаң сақтайды;

3) мінбеден түсірілетін командалар мен өкімдерді орындайды. Егер командаларды (өкімдерді) орындау авария қауіп-қатерімен немесе адамдардың өмірі үшін қауіптілікпен байланысты болса, бұл туралы дереу вахта бастығы мен механикке хабарлайды, ал мінбеден қайталап бұйрық берілген кезде машина журналында тиісті жазба жүргізе отырып, соңғы команданы (өкімді) орындайды;

4) басты қозғалтқыштарды мінбеден басқарған және машина бөлімшесін шұғыл тастап шығу қажет болған кезде дереу кез келген сәтте басқару постына келуге және басты қозғалтқыштарды басқаруды қабылдауға дайын;

5) вахта бойы кемінде бір рет рульдеу құрылғысының жұмысын тексереді.

255. Тұрақтағы вахтадағы вахта механигі:

1) кемеден кетпейді және техникалық құралдар жұмысының белгіленген режимін қамтамасыз етеді; машина бөлімшесін тастап шыға отырып, кезекші мотористке (машинистке) өзінің болатын орны туралы хабарлайды;

2) өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктер үшін электр энергиясын, су және бу беруді қамтамасыз етеді. Электр энергиясы мен буды жағалаудан (басқа кемеден) алған кезде қажетті іске қосуларды қамтамасыз етеді;

3) машина бөлмелерінде вахтаны сенімді атқаруды қамтамасыз етеді және вахтаны ауыстыру кезінде қатысады.


1   2   3   4   5   6   7   8

Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы №717 қаулысы icon"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы №556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы №717 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы №160 қаулысы
Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы №717 қаулысы iconОңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы
Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы №717 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 ақпандағы №175 қаулысы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 16 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы №717 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1718 қаулысы
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 7-бабының 14-7 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы №717 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі №979 қаулысы
«Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы №717 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы №1222 қаулысы
Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 23, 24-баптарына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы №717 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 23 шілде 2015 жылғы №578 Қаулысы
Республикасы Үкіметінің «Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру тәртібін бекіту туралы» 19 қаңтар...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы №717 қаулысы icon4. негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер
Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы №717 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі №301 Қаулысы
Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница