«Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерін, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты




Название«Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерін, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты
страница8/9
Дата конвертации11.02.2016
Размер0.77 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://kz.government.kz/docs/1169kz.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9


Ескерту* - 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 273-бабының 2-тармағына сәйкес декларанттың не кеден өкілінің дәлелді сұрау салуы бойынша тауарларды кедендік рәсіммен орналастыруға байланысты жекелеген кедендік операциялар кеден органдарының тұрған жерінен тыс және жұмыс уақытынан тыс жасалуы мүмкін.


«Тауарларды кедендік тазарту және шығару» мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымша


Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

Ақтөбе облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті

98

«Ақтөбе – кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекеті


Ақтөбе қ,

41 разъезд


8 (7132) 964212


Жұмыс күндері: дүйсенбі - жұма

Жұмыс уақыты: сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін

Демалыс күндері: сенбі - жексенбі *

99

«Әуежай – Ақтөбе» кеден бекеті


Ақтөбе қ,

«Ақтөбе Халықаралық әуежайы» АҚ

8 (7132) 227000


Жұмыс күндер: дүйсенбі - жексенбі

Жұмыс уақыты: тәулік бойы


100

«Энергетикалық» кеден бекеті



Ақтөбе қ,

41 разъезд


8 (7132) 964210


Жұмыс күндері: дүйсенбі - жұма

Жұмыс уақыты: сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін

Демалыс күндері: сенбі - жексенбі *

101

«Мұғалжар» кеден бекеті


Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы,

Қандыағаш қ, Интернациональная к, 7.

8(71333)3-53-72


Жұмыс күндері: дүйсенбі - жұма

Жұмыс уақыты: сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін

Демалыс күндері: сенбі - жексенбі *

102

«Ембі» кеден бекеті



Ақтөбе облысы,

Мұғалжар ауданы, Ембі қ, Геологтар к, 7


8(713)34 22783


Жұмыс күндері: дүйсенбі - жұма

Жұмыс уақыты: сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін

Демалыс күндері: сенбі - жексенбі *

103

«Әйтеке би» кеден бекеті



Әйтеке би ауданы, Комсомол ауылы, Жүргенов к, 29


8 (71339) 22529


Жұмыс күндері: дүйсенбі - жұма

Жұмыс уақыты: сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін

Демалыс күндері: сенбі - жексенбі *

104

«Хромтау» кеден бекеті



Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Хромтау қ., Абай даңғ., 13


8 (71336) 21451


Жұмыс күндері: дүйсенбі - жұма

Жұмыс уақыты: сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін

Демалыс күндері: сенбі - жексенбі *

105

«Шұбар-құдық» кеден бекеті



Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Асау барақ к, 6


8-(713-46)-22-5-53


Жұмыс күндері: дүйсенбі - жұма

Жұмыс уақыты: сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін

Демалыс күндері: сенбі - жексенбі *




Алматы облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті

106

«Қалжат» кеден бекеті


Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Қалжат ауылы

8(727)784-70-01


Жұмыс күндері: дүйсенбі - жұма

Жұмыс уақыты: сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс: 12.00 - 14.00 сағатқа дейін

Демалыс күндері: сенбі - жексенбі *

107

«Талдықорған» кеден бекеті


Алматы облысы,

Талдықорған қ,

Восточная промзона

8(728)226-25-45

Жұмыс күндері: дүйсенбі - жұма

Жұмыс уақыты: сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін

Демалыс күндері: сенбі - жексенбі *

108

«Алтынкөл» кеден бекеті


Алматы облысы, Панфилов ауданы, Пенджим ауылы

8(775)691-42-39

Жұмыс күндері: дүйсенбі - жұма

Жұмыс уақыты: сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін

Демалыс күндері: сенбі - жексенбі *

109

«Қорғас» кедені


Алматы облысы, Панфилов ауданы,

Хоргос ауылы

8(728)313-32-43

Жұмыс күндері: дүйсенбі - жексенбі

Жұмыс уақыты: 08.30 - 18.30 сағатқа дейін, үзіліс: 11.30 - 13.30 сағатқа дейін

110

«Арнайы экономикалық аймақ «Қорғас-Шығыс Кіреберіс» кеден бекеті

Алматы облысы, Панфилов ауданы,

ӨБП-1, ШМЫХО «Қорғас»


8(728)313-36-65 8(728)313-3310

Жұмыс күндері: дүйсенбі - жексенбі

Жұмыс уақыты: 09.00 - 17.00 сағатқа дейін, үзіліс: 13.00 - 14.00 сағатқа дейін


Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылғы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесі)










2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)










3. Қолжетімділік

3.1. Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)










3.2. Электрондық форматта ақпарат алуға болатын қызметтер %-ы (үлесі)










4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)










5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)











Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қыркүйектегі №1169 қаулысымен бекітілген

«Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды қағазсыз кедендік декларациялауды жүзеге асыру (кедендік рәсім – экспорт)» мемлекеттік қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер

1. «Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды қағазсыз кедендік декларациялауды жүзеге асыру (кедендік рәсім – экспорт)» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) заңды мекенжайлары e.customs.kz интернет-ресурсының «Кеден органдарының құрылымы және анықтамалықтары» бөлімінің «Нормативтік-анықтамалық ақпарат» кіші бөлімінің «Кеден органдары» анықтамалығында көрсетілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – кеден органдары) көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.

3. Мемлекеттік қызмет 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 67, 277, 278 және 281-баптарына сәйкес көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі және оны алу үшін қажетті құжаттар туралы ақпарат Комитеттің e.customs.kz интернет-ресурсында орналастырылады немесе 8 (7172) 79-45-48 телефон бойынша алуға болады.

5. Кеден органының уәкілетті лауазымды тұлғасының декларанттың немесе кеден өкілінің электрондық мекенжайына авторландырылған хабарлама (хабардар ету) құрамында растайтын ақпаратты жолдай отырып, Кеден одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасымен белгіленген тәртіпте мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес тауарды шығару туралы шешім қабылдауы не қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет тауарларды декларациялаушы жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызметті көрсетудің мерзімдері:

1) электрондық құжат түрінде тауарларға арналған кедендік декларацияларды беру – 10 минут;

2) электрондық құжат түрінде тауарларға арналған кедендік декларацияларды қабылдау – 20 минут;

3) электрондық құжат түрінде тауарларға арналған кедендік декларацияларды өңдеу – 120 минут;

4) электронды декларацияның өтуі туралы хабарламаны алған кезде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;

5) электронды декларацияны тіркеген күннен кейінгі 1 жұмыс күнінен кешіктірмей тауарларды шығару;

6) тізбесін Кеден одағының комиссиясы анықтайтын кедендік әкету баждары қолданылмайтын, экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларды және уақытша әкету кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларды шығаруды кеден органы электронды декларацияны тіркеген кезден бастап 4 сағаттан кешіктірмей, ал егер, электронды декларация тіркелген жағдайда кеден органының жұмыс уақыты аяқталғанға дейін 4 сағаттан аспайтын уақыт қалғанда – осы кеден органының жұмыс уақыты басталған кезден бастап 4 сағаттан кешіктірмей аяқтауы тиіс;

7) тауарларды шығару мерзімдері кедендік бақылаудың нысандарын жүргізу немесе аяқтау үшін қажетті уақытқа ұзартылуы мүмкін және электронды декларация тіркелген күннен кейінгі күннен бастап 10 жұмыс күнінен асыруға болмайды.

8. Мемлекеттік қызмет ақылы көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсеткені үшін тауарларды кедендік декларациялау үшін ТД-ның негізгі парағы үшін 60 еуро және ТД-ның әрбір қосымша парағы үшін 25 еуро көлемінде кедендік алымдар алынады.

Тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алымдар ТД-ны бергенге дейін немесе сонымен бір мезгілде төленеді.

Тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алымдарды төлеуші бюджетке қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы (банкінің төлем тапсырмасы төлеудің растамасы болып табылады) ұлттық валютамен қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз әдіспен төлейді.

9. Кеден органдарының жұмыс режимі: демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін. Қызмет көрсетуді алу үшін алдын ала жазылу талап етілмейді. Жедел қызмет көрсету режимі көзделмеген.

10. Интернетке шыға алатын компьютерлік техникамен жабдықталған қызмет көрсетуді алушының жұмыс орыны қызмет көрсетуді ұсыну орны болып табылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

11. Мемлекеттік қызметті алу үшін «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңына сәйкес берілетін электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) құралының болуы қажет.

12. Мемлекеттік қызметті алу мақсатында декларант немесе кеден өкілі кедендік декларацияда көрсетуге жататын мәліметтерді электронды нысанда мәлімдейді, сондай-ақ «Web-декларант» Электронды декларациялау кешені (бұдан әрі – «Web-декларант» ЭДК) арқылы кеден органына мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес тауарларды кедендік тазартуға және шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау үшін қажетті құжаттардан мәліметтерді ұсынады.

13. Электронды декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын электронды құжаттарды мемлекеттік қызметті алушы кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген форматта формалданған түрде не құжаттың формалданған түрі көзделмегенде қағаз тасығыштардан құжаттарды сканерлеу жолымен алынған олардың электрондық бейнелері түрінде ұсынуы мүмкін.

14. Мемлекеттік қызметті алушы электронды декларациямен қатар оларды ұсыну таңдалған кедендік режимге сәйкес тауарларды кедендік ресімдеу кезінде көзделген құжаттардың тізімдемесін электронды нысанда береді.

15. Кеден органының ақпараттық жүйесін қолдана отырып автоматты режимде мемлекеттік қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығы тексеріледі және электронды декларацияның Кеден одағының кеден заңнамасымен айқындалған деректердің құрылымы мен форматына сәйкестігіне форматтық-логикалық бақылау (бұдан әрі – ФЛБ) жүргізіледі.

16. ФЛБ сәтті өткен, сондай-ақ тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алымдардың қажетті сомасы болған жағдайда, электронды декларация кеден органының деректер базасында автоматты түрде тіркеледі және оған тіркеу нөмірі беріледі. Электронды декларацияға тіркеу нөмірі берілген сәттен бастап ол заңды мәні бар фактілер туралы куәландыру құжаты болады.

17. Мемлекеттік қызметті алушыға ФЛБ аяқталғаннан кейін 15 минуттан кешіктірмей кедендік декларацияның тіркеу нөмірі бар авторландырылған хабарлама не егер, ФЛБ өту кезінде қателер анықталған жағдайда қателердің тізбесі жолданады. Қателер анықталған жағдайда, электронды декларация оны мемлекеттік қызметті алушы жойғанға және кеден органына аталған электронды декларацияны қайта жолдағанға дейін берілмеген болып саналады. Қателерді жою кедендік декларацияны беру мерзімін бұзуға әкеп соқпауға тиіс.

18. Электронды декларацияны тексеру кеден органының ақпараттық жүйесін қолдана отырып жүргізіледі және оны қабылдаған сәттен бастап екі сағат жұмыс уақытының ішінде аяқталуға тиіс.

19. Кеден органының уәкілетті лауазымды тұлғасы электронды декларацияны тексеру нәтижесі бойынша тауарларды кедендік бақылау нысандары туралы, сондай-ақ электронды декларацияға қоса берілген құжаттардың тізімдемесінде көрсетілген электронды құжаттарды (бұдан әрі – құжаттар тізімдемесі) ұсыну қажеттілігі туралы шешім қабылдайды. Тізімдемеде көрсетілген электронды құжаттарды ұсыну қажеттілігі туралы қабылданған шешім мемлекеттік қызметті алушыға авторландырылған хабарлама арқылы жеткізіледі.

20. Тауарларды электронды нысанда декларациялаушы мемлекеттік қызметті алушы бірнеше рет қолданылатын (оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізбестен) кедендік ресімдеу үшін қажетті электронды құжаттарды (бұдан әрі - электронды ұзақ мерзімді құжаттар), соның ішінде оларды электронды мұрағатқа қосу үшін бірінші электронды декларацияны бергенге дейін бір рет электронды нысанда ұсына алады. Электронды мұрағатқа жеке нөмірі беріледі, ол туралы мемлекеттік қызметті алушыға авторландырылған хабарлама арқылы хабарланады. Декларациялау кезінде электронды мұрағатқа орналастырылған электронды ұзақ мерзімді құжаттар кеден органына қайтадан ұсынылмайды. Мемлекеттік қызметті алушы берілген декларацияға жататын электронды ұзақ мерзімді құжаттар сақталатын электронды мұрағаттың нөмірін құжаттардың тізімдемесінде көрсетеді.

21. Егер кеден органы тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижесінде электронды нысанда декларацияланған тауарларды кедендік тексеріп қарауды (қарауды) жүргізу туралы шешім қабылдаса, кеден органының уәкілетті лауазымды тұлғасы Кодекстің 204, 205-баптарына сәйкес бұл шешім туралы авторландырылған хабарлама арқылы мемлекеттік қызметті алушыға электронды нысанда хабардар етеді. Кедендік тексеріп қараудың немесе кедендік қараудың нәтижелері электрондық түрде қалыптастырылатын, кеден органының уәкілетті лауазымды тұлғасының ЭЦҚ-мен қол қойылатын және тауарларды декларациялаушы тұлғаға жолданатын кедендік тексеріп қарау немесе кедендік қарау актісімен ресімделеді.

22. Егер кедендік тексеріп қарау немесе кедендік қарау нәтижесінде электронды декларацияда мәлімделген мәліметтер мен кедендік бақылаудың көрсетілген нысандарын қолдану нәтижесінде алынған мәліметтер сәйкес келмеуі анықталса, кеден органы аталған декларацияны қағаз тасығышта басып шығарады, ал мемлекеттік қызметті алушыға аталған ақпараттар көрсетілген авторландырылған хабарлама және қағаз тасығыштардағы құжаттарды ұсыну туралы талап жолданады. Одан әрі тауарларды кедендік ресімдеу кедендік декларацияны және қағаз тасығыштардағы құжаттарды пайдалана отырып жалпы белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

23. Кеден органының уәкілетті лауазымды тұлғасы кедендік бақылаудың нәтижелерін формалдандыратын «Кедендік бақылау» деген тиісті бағандарда шығару туралы (шарты түрде шығару), әкетуге рұқсат, шығарудан бас тарту туралы, электронды декларацияға өзгерістер енгізу туралы, электронды декларацияны кері қайтару туралы және басқа да ұқсас белгілерді қояды, сондай-ақ кедендік бақылаудың нәтижелері және қойылған кедендік сәйкестендіру құралдары туралы куәландыратын басқа да мәліметтерді электронды декларацияға енгізеді.

24. Көрсетілген белгілер кеден органының ЭЦҚ-сын қою жолымен куәландырылады. Мемлекеттік қызметті алушыға, егер әкету кедендік баждарын төлеу бойынша жеңілдіктер белгіленбесе, әкету кедендік бажының қажетті сомасы төлеу болған кезде авторландырылған хабарлама және шығару туралы белгісі бар электронды декларация жолданады.

25. Электронды нысандағы кедендік декларацияны, кеден органына берілетін басқа да құжаттарды сақтау, оларға өзгерістер енгізу мүмкіндігін болдырмайтын тәсілмен кеден органының ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылады.

26. Кодекстің 296-бабының 1-тармағында және Кодекстің 302-бабының 2, 3-тармақтарында белгіленген тауарларды шығарудың шарттары сақталмаған кезде, кеден органы тауарларды шығару мерзімінің өтуінен кешіктірмей декларанттың немесе кеден өкілінің электрондық мекенжайына мұндай бас тарту үшін негіздеме болған барлық себептерді және оларды жою жөніндегі ұсынымдарды көрсете отырып, авторландырылған хабарлама құрамында ақпаратты жолдай отырып тауарларды шығарудан бас тартады.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

«Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерін, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты iconАвторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы
Осы Заң санаткерлiк меншiк саласында ғылым, әдебиет және өнер туындыларын (авторлық құқық), қойылымдарды, орындаушылықты, фонограммаларды,...
«Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерін, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты iconДәріс тезистері. Заң пәндерінің жүйесіндегі құқық негіздері пәні. «Құқық негіздері» оқу курсының құрылымы. «Құқық негіздері» оқу курсының қайнар көздері
Азақстан Республикасы заңнамасының негіздерін анықтайтын жүйелік курс болып табылады. Құқық негіздерінің зерттеу объектілерінің жүйесіне...
«Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерін, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты iconТест сұРАҚтары маркетинг обьектілеріне не жатады? A тек тауарлар; b тауар мен қызмет көрсету
Маркетингтің қай қағидасы коммерциялық әрекеттерді және ынталандыру шараларын қолданады?
«Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерін, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Экономика, басқару және құқық» факультеті «Маркетинг және құқық» кафедрасы «бекітемін»
«Кедендік әкімшіліктендіру», «Кедендік бақылаудың техникалық құралдары», «Кедендік инфрақұрылым және қойма шаруашылығы» пәндерінің...
«Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерін, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты iconЕң алдымен Қазақстан ғылымының әлеуметін арттыру. Бұл бағыт бойынша венчурлік қаржыландыру, зияткерлік меншікті қорғау
Бүгінде өнеркәсіптік меншік күқықтарын қорғауды өзекті мәселелер қатарына жатқызуға болады. Әсіресе, дәстүрлі білімдер, өнертабыстар,...
«Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерін, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметтерді жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғаны аккредиттеу» мемлекеттік қызметтер стандарты
Мемлекеттік қызметтерді 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
«Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерін, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты iconРедакцияланған күні: 13. 03. 2014
«Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін...
«Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерін, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Мемлекеттік қызмет көрсету туралы»
Осы Заң мемлекеттік қызмет көрсету саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді
«Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерін, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Жұмыссыз азаматарға анықтама беру» Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
Берілген стандарт: «Жұмыссыз азаматарға анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін белгілейді
«Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерін, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
Республикасының ақпараттық кеңістігін статистикалық есепке қою мен талдаудың анықтығы мен уақытында жүзеге асырылуы үшін уәкілетті...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница