«Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерін, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты




Название«Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерін, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты
страница5/9
Дата конвертации11.02.2016
Размер0.77 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://kz.government.kz/docs/1169kz.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қыркүйектегі №1169 қаулысымен бекітілген


«Тауарларды кедендік тазарту және шығару» мемлекеттік қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер


1. «Тауарларды кедендік тазарту және шығару» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) тізбесі осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген аумақтық бөлімшелері (бұдан әрi – кеден органдары) көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 271, 277-баптарына, «Кеден органдары лауазымды адамдарының тауарларға кедендік тазартуды жасау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 қазандағы № 1058 қаулысына сәйкес көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі және оны алу үшін қажетті құжаттар туралы ақпарат Комитеттің e.customs.kz интернет-ресурсында орналастырылады және 8 (7172) 79-46-67, 79-46-66, 79-45-11 телефоны бойынша алуға болады.

5. Тауарларға арналған декларацияға (декларацияда) (бұдан әрі – ТД), тауарларға арналған декларация ретінде пайдаланылатын коммерциялық, көліктік (тасымалдау) құжаттарға (құжаттарда), сондай-ақ кеден органының ақпараттық жүйелеріне тиісті мәліметтерде тиісті белгілерді енгізу (қою) жолымен Кеден одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес тауарларды шығару туралы шешім не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет декларанттар немесе кеден өкілдері болып табылатын жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызметті көрсетудің мерзімдері:

1) тауарларды шығаруды кеден органы, егер Кодексте өзгеше белгіленбесе, ТД-ны тіркеген күннен кейінгі күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей аяқтауы тиіс;

тізбесін Кеден одағының комиссиясы анықтайтын кедендік әкету баждары қолданылмайтын, экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларды және уақытша әкету кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларды шығаруды кеден органы ТД тіркеген кезден бастап 4 (төрт) сағаттан кешіктірмей, ал ТД тіркелген жағдайда кеден органының жұмыс уақыты аяқталғанға дейін 4 (төрт) сағаттан аспайтын уақыт қалғанда – осы кеден органының жұмыс уақыты басталған кезден бастап 4 (төрт) сағаттан кешіктірмей аяқтауы тиіс;

2) тауарларды алдын ала декларациялауды қолдану кезінде кеден органы тауарларды шығаруды ТД тіркеген кеден органына тауарларды көрсеткен күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей аяқтауы тиіс;

3) тауарларды шығару мерзімдері кеден органы басшысының (бастықтың), ол уәкілеттік берген кеден органы басшысы (бастық), орынбасарының не оларды алмастыратын адамдардың жазбаша рұқсатымен кедендік бақылаудың нысандарын жүргізу немесе аяқтау үшін қажетті уақытқа ұзартылуы мүмкін және, егер Кодексте өзгеше белгіленбесе, ТД тіркелген күннен кейінгі күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен асыруға болмайды;

4) кедендік рәсімге бірінші кезекте орналастырылған тауарларды және уәкілетті экономикалық оператор декларанты болып әрекет ететін және оларға қатысты арнайы оңайлатуларды қолдану көзделген тауарларды шығаруды кеден органы ТД бергенге дейін тәртіппен жүзеге асырады.

8. Мемлекеттік қызмет ақылы көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсеткені үшін тауарларды кедендік декларациялау үшін ТД-ның негізгі парағы үшін 60 еуро және ТД-ның әрбір қосымша парағы үшін 25 еуро көлемінде кедендік алымдар алынады.

Тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алымдар ТД-ны бергенге дейін немесе сонымен бір мезгілде төленеді.

Тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алымдарды төлеуші бюджетке ұлттық валютамен қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз әдіспен:

1) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы (банкінің төлем тапсырмасы төленудің растамасы болып табылады);

2) кеден органдарының ғимараттарында орнатылған екінші деңгейдегі банктердің электрондық терминалдары арқылы төлем карточкаларын пайдалана отырып (аталған электрондық терминал беретін чек төлеудің растамасы болып табылады);

3) тікелей кеден органының ғимараттарында (үй-жайларында) орналасқан екінші деңгейдегі банктердің кассалары арқылы (аталған кассалардың түбіртектері төлеудің растамасы болып табылады) төлейді.

9. Кеден органдарының жұмыс кестесі: «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңымен белгіленген демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.

Мемлекеттік қызметті алуға арналған өтінішті қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін орнында қажетті құжаттардың тізбесі және оларды толтыру үлгілері бар стенділер, мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпарат болады.


2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі


11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы тауарларды кедендік тазарту мен шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасауға уәкілетті кеден органына ТД және кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын Кодекстің 281 және 282-баптарымен белгіленген құжаттарды ұсынуы, ал электр беру желілері бойынша және құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды кедендік декларациялау кезінде осы тармақтың бірінші бөлігінде белігіленген құжаттарға қосымша Кодекстің 447-бабының 6-тармағымен және Кодекстің 448-бабының 3-тармағымен белгіленген құжаттарды ұсынуы қажет.

12. Тауарларды кедендік декларациялауды мемлекеттік қызметті алушы жүргізеді.

13. Мемлекеттік қызметті алу мақсатында мемлекеттік қызметті алушы мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген тауарларды кедендік тазартуға және шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасауға уәкілетті кеден органына жүгінуі қажет.

14. Құжаттар тізімдемесінің екі данасында лауазымды тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетіле отырып, күні мен уақытын қою ТД-ны және құжаттарды беруді растау болып табылады.

ТД-ны, оның электронды көшірмесін және қажетті құжаттарды беру күні мен уақытын кеден органының уәкілетті лауазымды тұлғасы ТД-ны тіркеу журналында белгілейді.

ТД-ны тіркеуден бас тартуға негіздеме болмаған жағдайда, лауазымды тұлға ТД-ны берген сәттен бастап 2 (екі) сағаттан аспайтын мерзім ішінде ТД-ға белгіленген тәртіппен қалыптастырылған тіркеу нөмірін береді.

ТД-ға реттік нөмір ТД-ны тіркеу журналы бойынша беріледі.

ТД-ны тіркегеннен кейін лауазымды тұлға қол қоюмен және жеке нөмірлік мөрін қоюмен куәландырылатын тізімдеменің 2 (екі) данасында ТД-ның тіркеу нөмірін және оны тіркеген уақытын көрсетеді, сондай-ақ ТД-ның тиісті бағанында тіркеу нөмірін көрсетеді.

Тізімдеменің бір данасы тиісті белгілерді қойғаннан кейін декларантқа немесе кеден өкіліне қайтарылады, екінші – ТД-ға және құжаттарға қоса тіркеледі.

Тіркеу нөмірі берілген сәттен бастап ТД заңды мәні бар фактілер туралы куәландыратын құжат болып табылады.

15. Тауарларды шығару, шығаруды тоқтата тұру не шығарудан бас тарту туралы шешімді уәкілетті лауазымды тұлға мөртаңба қою және ТД-ның «С» және «D» бағандарына тиісті жазбаларды енгізу жолымен, сондай-ақ кеден органының ақпараттық жүйелеріне тиісті мәліметтерді енгізу жолымен қабылдайды.

Көрсетілген белгілер кеден органының уәкілетті лауазымды тұлғасының қол қолымен және жеке нөмірлі мөрінің бедерімен куәландырылады.

Тауарларды шығару туралы шешім қабылданғаннан кейін кеден органының уәкілетті лауазымды тұлғасы тізімдемеге сәйкес ТД-ға қоса берілген құжаттардың жиынтығын қалыптастырады және мемлекеттік қызметті алушыға ТД-ның белгіленген даналарын және қоса берілген құжаттарды береді.

16. Кодекстің 296-бабының 1-тармағымен белгіленген тауарларды шығарудың шарттары сақталмаған кезде, сондай-ақ Кодекстің 291-бабының 7-тармағында және Кодекстің 302-бабының 2, 3-тармақтарында көрсетілген жағдайларда кеден органы тауарларды шығару мерзімінің өтуінен кешіктірмей мұндай бас тарту үшін негіздеме болған барлық себептерді және оларды жою жөніндегі ұсынымдарды көрсете отырып, тауарларды шығарудан бас тартады.

Тауарларды шығарудан бас тартуды ресімдеу тәртібі «ТД-ны тіркеу, тіркеуден бас тарту және тауарларды шығарудан бас тартуды ресімдеу тәртібі туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 262 шешімімен айқындалған.

3. Жұмыс қағидаттары


17. Комитеттің қызметі мына қағидаттарға негізделеді:

1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;

2) қызметтік борышын орындау кезінде заңдылықты сақтау;

3) әдептілік;

4) мемлекеттік қызмет рәсімі туралы түпкілікті ақпарат ұсыну;

5) ақпараттың қорғалуы және құпиялылығы;

6) тұтынушы ұсынған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.


4. Жұмыс нәтижелері


18. Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Жұмыс бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндері Комитеттің бұйрығымен бекітіледі.


5. Шағымдану тәртібі


20. Комитеттің лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану және шағымды дайындауға жәрдемдесудің тәртібі туралы ақпаратты осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген телефондар бойынша алуға болады.

21. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда шағым Комитет төрағасының не оны алмастыратын тұлғаның атына беріледі және 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10 мекенжайы бойынша жазбаша түрде пошта арқылы немесе қолма-қол беріледі, байланыс телефоны: 8 (7172) 79-46-67, 79-46-66, 79-45-11.

Комитеттің лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің не оны алмастыратын тұлғаның атына беріледі және 010000, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11, 101-кабинет мекенжайы бойынша жазбаша түрде пошта арқылы немесе қолма-қол беріледі, байланыс телефоны: 8 (7172) 71-73-48.

22. Дөрекі қызмет көрсетілген жағдайда шағым Комитетке жазбаша түрде немесе қолма-қол 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10, мекенжайы бойынша беріледі, байланыс телефоны: 8 (7172) 79-46-67, 79-46-66, 79-45-11.

Азаматтарды қабылдау Комитет басшылығының азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. Азаматтарды қабылдау кестесі Комитеттің e.customs.kz интернет-ресурсында жарияланған.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызмет алушы заңнамамен белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

24. Шағым және дұрыс қызмет көрсетілмегендігіне шағымдану жазылған өзге де құжаттар не мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеу жазбаша түрде еркін нысанда беріледі.

25. Қабылданған шағым Комитеттің ақпаратты есепке алу журналында тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген мерзімде қаралады. Мемлекеттік қызметті алушыға өтінішті/шағымды қабылдаған тұлғаның аты-жөнін, күнін және уақытын көрсете отырып, шағымның екінші данасына мөр қойылады.

Мемлекеттік қызметті алушыға шағымды қарау нәтижелері туралы жазбаша түрде пошта не электрондық пошта бойынша хабарланады.

26. Комитеттің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10, e.customs.kz веб-сайты, «СЭҚ-қа қатысушыға» бөлімі.

«Тауарларды кедендік тазарту және шығару» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша

Мемлекеттік қызметті көрсететін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті аумақтық бөлімшелерінің тізбесі

р/с№

Атауы

Мекенжайы

Телефон нөмірлері

Жұмыс кестесі

1

2

3

4

5




Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті

1

«Алматы - кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекеті


Алматы қ, Сүйінбай д, 2

8 (727)259-70-00


Жұмыс күндері: дүйсенбі - жұма

Жұмыс уақыты: сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін

Демалыс күндері: сенбі - жексенбі *

2

«Жетісу» кеден бекеті

Алматы қ, Ахметов к, 51

8 (727)388-8-52

Жұмыс күндер: дүйсенбі - жексенбі

Жұмыс уақыты: тәулік бойы

үзіліс: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін

3

«Энергетикалық» кеден бекеті

Алматы қ, Красногвардейский тракт, 617 А

8 (727)290-21-85

Жұмыс күндері: дүйсенбі - жұма

Жұмыс уақыты: сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін

Демалыс күндері: сенбі - жексенбі *

4

«Иновациялық технологиялар паркі Арнайы экономикалық аймағы» кеден бекеті

Алматы қ, Медеу ауданы, Ибрагимов к, 9

8 (727) 227 59 84

Жұмыс күндері: дүйсенбі - жұма

Жұмыс уақыты: сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін

Демалыс күндері: сенбі - жексенбі *


5

«Алатау-Кедендік ресімдеу орталығы кеден бекеті


Алматы облысы,

Іле ауданы,

Байсерке ауылы, Сұлтан Бейбарыс к, 1


8 (727)312-12-11

Жұмыс күндері: дүйсенбі - жұма

Жұмыс уақыты: сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін

Демалыс күндері: сенбі - жексенбі *


6

«Іле» кеден бекеті


Алматы облысы, Іле ауданы,

Первомайский кенті, Промбаза 1

«STORE-HOUSE» СВХ

8 (727)232-35-60

Жұмыс күндері: дүйсенбі - жұма

Жұмыс уақыты: сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін

Демалыс күндері: сенбі - жексенбі *





Маңғыстау облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті

7

«Морпорт» кеден бекеті


Өмірзақ ауылы,

«Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» РМК

8(729)244-53-63

Жұмыс күндері: дүйсенбі - жұма

Жұмыс уақыты: сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін

Демалыс күндері: сенбі - жексенбі *

8

«Энергетикалық» кеден бекеті


Өмірзақ ауылы,

«Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» РМК

8(729)244-54-00

Жұмыс күндері: дүйсенбі - жұма

Жұмыс уақыты: сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін

Демалыс күндері: сенбі - жексенбі *

9

«Ақтау кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекеті


31 «А» ш/а, №5 ғимарат

8(729)240-36-95

Жұмыс күндері: дүйсенбі - жұма

Жұмыс уақыты: сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін

Демалыс күндері: сенбі - жексенбі *

10

«Әуежай-Ақтау» кеден бекеті


Халықаралық әуежай, Ақшүкір кенті

8(729)260-96-46

Жұмыс күндер: дүйсенбі - жұма

Жұмыс уақыты: тәулік бойы

үзіліс: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін

11

«Қара Шекпен» кеден бекеті


Түпқараған аудан,

Баутино кенті,

Мұнайшы к, 2

8-72938 24-8-38

Жұмыс күндері: дүйсенбі - жұма

Жұмыс уақыты: сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін

Демалыс күндері: сенбі - жексенбі *

12

«Бейнеу» кеден бекеті


Бейнеу ауданы,

Бейнеу ауылы,

Бейбарыс к.

8(729)325-07-32

Жұмыс күндері: дүйсенбі - жұма

Жұмыс уақыты: сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін

Демалыс күндері: сенбі - жексенбі *

13

«Тәжен» кеден бекеті


Бейнеу ауданы,

Оазис станциясы

8(7293)23-80-30

Жұмыс күндері: дүйсенбі - жұма

Жұмыс уақыты: сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін

Демалыс күндері: сенбі - жексенбі *

14

«Темір-Баба» кеден бекеті


Қарақия ауданы,

Темір Баба

8(729)37-42-0-50

Жұмыс күндері: дүйсенбі - жұма

Жұмыс уақыты: сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін

Демалыс күндері: сенбі - жексенбі *




Батыс Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті

15

«Ақсай» кеден бекеті


БҚО, Бөрлі ауданы,

Ақсай қ,

2-ықшам ауданы, 7/1

8(711)333-10-03

Жұмыс күндері: дүйсенбі - жұма

Жұмыс уақыты: сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін

Демалыс күндері: сенбі - жексенбі *

16

«Орал – кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекеті


Орал қ,

Пойменная к, 2/2

8(711)253-84-80

Жұмыс күндері: дүйсенбі - жұма

Жұмыс уақыты: сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін

Демалыс күндері: сенбі - жексенбі *

17

«Энергетикалық» кеден бекеті


Орал қ,

Пойменная к, 2/2

8(711)253-84-31

Жұмыс күндері: дүйсенбі - жұма

Жұмыс уақыты: сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін

Демалыс күндері: сенбі - жексенбі *

18

«Әуежай – Орал» кеден бекеті


БҚО, Теректі ауданы,

«Орал» Халықаралық әуежайы» ЖШС аймағында

8(711)293-96-98

Жұмыс күндер: дүйсенбі - жексенбі

Жұмыс уақыты: тәулік бойы

үзіліс: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін





Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті

19

«Өскемен-кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекеті


ШҚО,

Өскемен қ,

Буров к, 10/1


8(723)224-55-80


Жұмыс күндері: дүйсенбі - жұма

Жұмыс уақыты: сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін

Демалыс күндері: сенбі - жексенбі *

20

«Әуежай- Өскемен» кеден бекеті


ШҚО, Өскемен қ,

Бажов к, 566


8(723)277-92-59


Жұмыс күндер: дүйсенбі - жексенбі

Жұмыс уақыты: тәулік бойы

үзіліс: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін

21

«Майқапшағай» кеден бекеті



ШҚО, Зайсан қ, Жангелдин к, 100


8(723)402-15-58


Жұмыс күндері: дүйсенбі - жұма

Жұмыс уақыты: сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін

Демалыс күндері: сенбі - жексенбі *

22

«Бақты» кеден бекеті



ШҚО, Үржар ауданы, Бақты ауылы


8(722)395-03-99


Жұмыс күндері: дүйсенбі - жұма

Жұмыс уақыты: сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін

Демалыс күндері: сенбі - жексенбі *

23

«Зырян» кеден бекеті



ШҚО, Зырян қ,

Пролетар к, 67


8(723)356-16-58


Жұмыс күндері: дүйсенбі - жұма

Жұмыс уақыты: сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін

Демалыс күндері: сенбі - жексенбі *

24

«Лениногорск» кеден бекеті



ШҚО, Риддер қ,

Жеңіс к, 2


8(723)364-41-13


Жұмыс күндері: дүйсенбі - жұма

Жұмыс уақыты: сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін

Демалыс күндері: сенбі - жексенбі *

25

«Семей» кеден бекеті



ШҚО, Семей қ, Интернациональная к, 38


8(722)256-69-29


Жұмыс күндері: дүйсенбі - жұма

Жұмыс уақыты: сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін

Демалыс күндері: сенбі - жексенбі *

26

«Оба» кеден бекеті



ШҚО, Шемонаиха қ, .

М. Горького к, 97


8(723)329-13-31


Жұмыс күндері: дүйсенбі - жұма

Жұмыс уақыты: сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін

Демалыс күндері: сенбі - жексенбі *

27

«Жезкент» кеден бекеті



ШҚО, Бородулиха ауданы, Жезкент ауылы, Жезкент ТБК.


8(70)224-01-98


Жұмыс күндері: дүйсенбі - жұма

Жұмыс уақыты: сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін

Демалыс күндері: сенбі - жексенбі *




Қарағанды облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті

28

«Энергетикалық» кеден бекеті



Қарағанды қ,

Әлиханов к, 14-А


8(721)2-41-25-49 8(721)2-49-20-62


Жұмыс күндері: дүйсенбі - жұма

Жұмыс уақыты: сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін

Демалыс күндері: сенбі - жексенбі *

29

«Теміртау» кеден бекеті



Қарағанды облысы, Теміртау қ,

Республика д,1


8(721)396-17-56


Жұмыс күндері: дүйсенбі - жұма

Жұмыс уақыты: сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін

Демалыс күндері: сенбі - жексенбі *

30

«Жәйрем- Атасу» кеден бекеті


Қарағанды облысы,

Қаражал қ,

Жайрем кенті,

Мамыраев к-сі, 12


8-71040-3-00-13


Жұмыс күндері: дүйсенбі - жұма

Жұмыс уақыты: сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін

Демалыс күндері: сенбі - жексенбі *

31

«Балқаш» кеден бекеті



Қарағанды облысы, Балқаш қ,

Мира к, 12


8(710)36-4-87-19


Жұмыс күндері: дүйсенбі - жұма

Жұмыс уақыты: сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін

Демалыс күндері: сенбі - жексенбі *

1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

«Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерін, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты iconАвторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы
Осы Заң санаткерлiк меншiк саласында ғылым, әдебиет және өнер туындыларын (авторлық құқық), қойылымдарды, орындаушылықты, фонограммаларды,...
«Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерін, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты iconДәріс тезистері. Заң пәндерінің жүйесіндегі құқық негіздері пәні. «Құқық негіздері» оқу курсының құрылымы. «Құқық негіздері» оқу курсының қайнар көздері
Азақстан Республикасы заңнамасының негіздерін анықтайтын жүйелік курс болып табылады. Құқық негіздерінің зерттеу объектілерінің жүйесіне...
«Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерін, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты iconТест сұРАҚтары маркетинг обьектілеріне не жатады? A тек тауарлар; b тауар мен қызмет көрсету
Маркетингтің қай қағидасы коммерциялық әрекеттерді және ынталандыру шараларын қолданады?
«Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерін, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Экономика, басқару және құқық» факультеті «Маркетинг және құқық» кафедрасы «бекітемін»
«Кедендік әкімшіліктендіру», «Кедендік бақылаудың техникалық құралдары», «Кедендік инфрақұрылым және қойма шаруашылығы» пәндерінің...
«Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерін, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты iconЕң алдымен Қазақстан ғылымының әлеуметін арттыру. Бұл бағыт бойынша венчурлік қаржыландыру, зияткерлік меншікті қорғау
Бүгінде өнеркәсіптік меншік күқықтарын қорғауды өзекті мәселелер қатарына жатқызуға болады. Әсіресе, дәстүрлі білімдер, өнертабыстар,...
«Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерін, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметтерді жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғаны аккредиттеу» мемлекеттік қызметтер стандарты
Мемлекеттік қызметтерді 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
«Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерін, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты iconРедакцияланған күні: 13. 03. 2014
«Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін...
«Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерін, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Мемлекеттік қызмет көрсету туралы»
Осы Заң мемлекеттік қызмет көрсету саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді
«Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерін, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Жұмыссыз азаматарға анықтама беру» Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
Берілген стандарт: «Жұмыссыз азаматарға анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін белгілейді
«Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерін, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
Республикасының ақпараттық кеңістігін статистикалық есепке қою мен талдаудың анықтығы мен уақытында жүзеге асырылуы үшін уәкілетті...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница